ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы
|
Факультеттің Ғылыми
кеңес мәжілісінде
Бекітілді
№__ хаттама « ____»_____2012 ж.
Факультет деканы______А.Р. Масалимова
|
СИЛЛАБУС
Әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау
3 курс 5В012300- Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану мамандығы,
қазақ бөлімі, көктемгі семестр, 3 кредит
Дәрісшінің аты жөні: п.ғ.д., профессор Таубаева Шәркүл Таубаевна
Телефоны: (жұмыс, үй, ұялы байланыс): 377-33-30/1345, 2-46-72-90, 87772060728.
каб: философия және саясаттану факультетінің ғимараты, 3- бөлме.
Семинар жүргізуші оқытушының аты жөні: п.ғ.д., профессор Таубаева Шаркүл Таубаевна.
Пререквизиттер: Педагогика, Білім беру философиясы
Постреквизеттер: Педагогикалық эксперимент: теория және практикасы, Білім беру сапасының менеджмент жүйесі
Курстың_мақсаты'>Курстың мақсаты: Құзыреттілік нәтижелеріне бағытталған 12-жылдық білім беруге көшуге даярлық барысында болашақ педагогтарға жаңаша ойлау мен іс – әрекеттік дағдыларын қалыптастыру үшін оқытудың жаңа әдістерін игерту, өз әрекетін кәсіби жетілдірудің басты ресурсы ретінде жобалау әрекетіне үйрете отырып, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан даярлау, білім алушыларда педагогикалық жобалау әрекетіне, қарым-қатынас мәдениетіне қызығушылығын дамыту.
Курстың міндеттері:
студенттерді білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің мәнін тануға бағдарлау;
білім беру аймағындағы жобалау әрекетінің тұғырларын, ұстанымдарын, кезеңдерін үйрету;
білім беру үдерісінің мақсаттары мен мазмұнын жобалауда орындалатын талаптарды орындауға үйрету;
педагогикалық үдеріс барысында практикалық міндеттерді шешуде жобалау әрекетінің әдістерін қолдануды меңгеру мен біліктілікті қалыптастыру;
оқушылардың жобалау әрекеті логикасын үйрету;
негізгі білім беру бағдарламалары, олардың құрылымы, типтері, жалпы орта білім берудің стандарттарын жасау негіздерімен таныстыру;
білім беру аймағындағы жобалау әрекеті аясында түрлі құжаттарды жасауға және талдауға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |