Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 21 сағат СӨЖ 45 сағат Рейтинг 2 Емтихан 2 Барлығы 70 сағат



бет8/11
Дата23.02.2016
өлшемі1.14 Mb.
#4661
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тексеру сұрақтары:

Аэдтер шығармашылығы.

Гомер. Гомер мәселесі.

«Илиада» және «Одиссея».



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
19 дәріс. Тақырыбы: ТҮРКІМЕН ӘДЕБИЕТІ

Қарастырылатын сұрақтар:

Түркімен халқы жайлы қысқаша мәлімет. Ауыз әдебиеті, оның түрлері. Батырлық эпос – «Көрұғылы» / «Гер-оғлы»/. Бұл эпостың басқа түркі тектес халықтардағы нұсқаларынан айырмашылығы. Романтикалық жырлар – «Ғариб пен Сәнем», «Асыл мен Керім», «Таһир мен Зухра» т.б. жырлардың ауыз әдебиетіндегі орны.



Дәріс мақсаты: Студенттерге түркімен әдебиетінің қалыптасу, даму белестері туралы мағлұмат беру.

Дәріс мазмұны:

Т. әдебиеті эпостық шығармалар мен ертегілерге бай. 16 ғ-да бірнеше шығармалардан (12 жыр) құрастырылған «Китаб Дәдәм Қорқуд» («Қорқыт ата кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ бұл әдеби мұрада ертедегі сол халықтардың әдет-ғұрпы мен діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) және Кавказ, Азия елдерінің эпостық дәстүрлері бейнеленген. Оның сюжеттік элементтері «Кероглы» («Көрұғлы», 16 ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (16 ғ.), Мырза Бархудар Түркмен (17 ғ.) т.б. ертедегі Т. ақындары шығармаларын парсы тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. 18 ғ-дың 2-жартысынан 20 ғ-дың басына дейін саяси әлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты патриотизм сарыны мен азаматтық әуенде жазылған шығармалар пайда болды. Мақтымқұлы (18 ғ.) мен Дурды – Шаһирдің, Мақтымқұлы – Сеиди (1775-1836) мен Зелилидің (1795-1850) жазбаша айтыстары, Мискинклычтың (1847-1906) өлеңдер циклі Т. әдебиетінің жетіліп келе жатқандығын көрсетті. Мақтымқұлы әдебиеттегі жаңа бағыттың негізін қалады. Ол Т. әдебиетінде тұңғыш рет өлеңнің «гошпа» (төрттаған) түрін жазып, аруз өлшемін қолданды. 19 ғ-да түрікмен лирикасының белгілі өкілі Молланепес (1810-62) шығыс сюжеті негізінде «Таһир мен Зуһра» дастанын жазды. Кемине (Мәмедәлі, 1770-1840), Байрам Шаһир (1871-1948), Көрмолла (1872-1934), Молламұрат (1879-1930), Дурды Клыч (1886-1950) әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.

Совет дәуіріндегі Т. әдебиетінің алғашқы үлгілері Кермолланың («Большевик», 1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, «Байлар», 1924, «Кедейлер», 1924), Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Әдет құрбандығы» (1932), Аман-Дурды Аламышевтың (1904-43) «Сона» (1932) т.б. шығармалары әйелдер теңдігіне арналды. 1925 ж. Якуб Насырлының (1899-1958) «25 жылдан соң» повесі шықты. 20 жылдардың 2-жартысында Б. Кербабаев пен Ағахан Дурдыев (1904-47) жаңа тақырыпта прозалық шығармалар жазды. Т. әдебиетінде тұңғыш рет Ата Қаушутовтың (1903-53) «Қанды орман» (1929), Б. Кербабаевтың «Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов (1912-74), Ч. Аширов (1910 ж.т.), Алты Қарлиев (1909 ж.т.), Таушан Эсенова (1915 ж.т.) колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің (1905 ж.т.) «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. тарихи романдары жарияланды. Қысқа әңгіме жанры қалыптасып, Н. Сарыхановтың (1906-44) новеллалары басылды.

1934 ж. Жазушылар одағы құрылды. Т. әдебиетінің творчеств. әдісі соц. Реализм болды. 1928 жылдан «Совет әдебиеті» журналы шығып, Т. совет әдебиетінің дамып қалыптасуына ықпалын тигізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ш. Кекіловтің «Иван ағай» (1942), Б. Сейтақовтың (1914 ж.т.) «Қуғындағы қыз», Я. Насырлының «Ерлік» (1942), Б. Кербабаевтың «Құрбан-Дурды» (1943) поэмалары т.б. жарияланды. 50 жылдары Т. әдебиетіне Ата Атажанов (1922 ж.т.), Мамед Сеидов (1925 ж.т.), Аллаберды Хайдов (1929 ж.т.), Шахер Боржақов (1929 ж.т.) т.б. жас әдебиетшілер келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы» (1951 ж. қойылды), «Күміс портсигар», Қ. Сейтлиевтің «Жақан» пьесаларында жаңа еңбек, интеллигенттер өмірі көрсетілді. Б. Кербабаев «Алып адым» эпопеясының 2-3 кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915 ж.т.). «Қара керуен» (1971), А. Атажановтың «Кремни» (1971), Б. Сейтақовтың «Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары, Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) т.б. повестері мен әңгімелері басылды.

Түркімен әдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны» (1952) повесі, «Алып адым» (1-2-кітап, 1962-63) романы, Мақтымқұлының «Таңдамалы өлеңдері» (1947, 1959, 1960), «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен әңгімелері» (1969) атты жинақтар т.б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.

Тексеру сұрақтары:

Түркімен халқы жайлы қысқаша мәлімет. Ауыз әдебиеті, оның түрлері.

Батырлық эпос – «Көрұғылы» / «Гер-оғлы»/. Бұл эпостың басқа түркі тектес халықтардағы нұсқаларынан айырмашылығы.

Романтикалық жырлар – «Ғариб пен Сәнем», «Асыл мен Керім», «Таһир мен Зухра» т.б. жырлардың ауыз әдебиетіндегі орны.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
20 Дәріс. Аристофанға дейінгі көне грек комедиясының дамуы.

Қарастырылатын сұрақтар: Ежелгі грек комедиясы. Комостар әні. Комедия бастулары. Дионис құдайға арналған мейрамдар. Алғашқы комикалық агон. Эпихарм, Софрон, Кратин, Евполид – алғашқы комедиографтар. Тарихи кезең. Комедия бастаулары. Көне грек комедиясы пайда болып, дамыған аймақтар.

Дәріс мақсаты: Студенттерді көне грек комедиясы дамуынан хабардар ету.

Дәріс мазмұны:

Ежелгі грек комедиясы б.э.д. ҮІ ғасырда пайда болды. Оның пайда болуына төрт түрлі элемент себепкер болды:

Пародиялық немесе карикатуралық мағынадағы шулы да көңілді қойылымдар;

Ауылдық тұрғындардың Дионис мейрамдарында қалаларға барып, қала тұрғындарын келемеждеп айтатын әндері.

Құрамында оргиастикалық элементтері мен құрбандық рәсімі бар Дионис құдайға бағышталған мистериялар

Дионис мейрамдарында айтылатын табиғаттың гүлденуні ықпалы бар Олимп құдайларына арналып айтылатын әндер.

Осы төрт элементтің бірігуінен көңілді де шулы меркелік шерулер – карнавалдық қойылымдар туындады. Мұндай шерулер көңілді әндерге, әзілгі, тіпті кейде дөрекі қылықтарға да толы болды. Оған қатысушылар әртүрлі жан-жануарлардың кейпіне еніп, солардың табиғи мінез-құлықтарын бейнеледі. Жалпы «комедия» сөзінің төркіні бірнешеу: 1. комос – мерекелік көңілді тобыр, 2. соме – деревня немесе ауыл және оде - ән деген сөздердің бірігуінен шыққан деп те саналады.

КОМЕДИЯНЫҢ ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ.

Мұндай түрлі-түсті киінген, өздерін еркін ұстайтын ауыл тұрғындарының бұл мерекелік ойындары жүре-бара біртіндеп әлеуметтік – саяси мағынаға ие бола бастады. Енді бұл мерекелерді тек ойын деп қана түсінбей, оларды ауыл тұрғындарының байыған қала кәсіпкерлеріне қарсы көрсеткен саяси қарс үні деген көзқарас қалыптасты. Себебі байыған қала шонжарлары мен кәсіпкерлері елді қайта-қайта жаңа жаулап алушылық соғыстарға итермелей бастады. Екіншіден, олар қалалық экономикалық күштерді одан әрі қарай дамытып, қала мен даланың арасындағы экономикалық теңсіздікті күшейтті. Осының салдарынан ауылдардың өндіргіш күштерінің ел экономикасына деген ықпалы күрт азайды. Сол себепті қала мен ауыл секторларының арасындағы саяси антагонизм одан әрі өрши түсті. Осындай қоғамдық-саяси катаклизмдер әдебиет пен мәдениет салаларына өз әсерін тигізбей қоймады. Мысалы, ежелгі аттикалық комедия біртіндеп демократия мен софистерге қарсы бағытталған өткір драмалық шығармаға айналды.

Сөйтіп, классикалық комедия қарсыласқан екі саяси күштердің ықпалының астында дамыды. Олардың бірі – еркін және ұсақ жер иелері (шаруалар мен консервативтік аритократия), екіншісі – қалалық әскери және сауда-өндірістік демократия. Бұл екінші күш грек-парсы соғысынан кейін Ү ғасырдың ортасында пайда болған еді.


КОМЕДИЯНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰРБАНДЫҚ РӘСІМІНЕ ЖӘНЕ ТРАГЕДИЯҒА ҚАТЫНАСЫ.
Ежелгі грек комедиясына Дионис құдайға деген табынушылықтың (культ) көптеген элементтері карикатуралық және пародиялық түрде енді. Олар – хор, агон (екі жартылай хордың айтысы) енді екі – жаңа дәстүр мен ескі дәстүрдің айтысы ретінде енді, парабаса (хордың көрермендерге қарай қозғалып, оның ақын атынан көрермендерге қарата айтатын сөзі), өте бай безендірілген және түрлі-түсті бетперделер (маскалар), алтарь жанындағы күлдіргіш пен оның жанындағы жиналған тобыр – бұл абыз бен халықтың көшірмесі.

Аристотельдің айтуынша, трагедияда көрермендерге әсер ететін басты күштер – қорқыныш, кейіпкерлерге деген аяушылық сезім, сондай-ақ көрермендердің күнделікті тұрмыстан бір сәт арылып, өмірдің қатал да әділ заңдарына тікелей куә болып, жан-дүниесі бір серпілген көңіл-күйі. Ал комедия болса, көрерменді жалған мұқтаждық көріп жүрген кейіпкерлерге деген күлкімен жұбатады. Дегенмен де, бұл екі жанрдың – трагедия мен комедия – екеуі де, негізінен, Дионис құдайға табынушылықтан пайда болған. Трагедия мен комедия өздерінің діни-рәсімдік мағыналарын өте ерте жоғалта бастады да, көп ұзамай құлиеленуші полистің ең өміршең идеяларын бейнелейтін көркем қойылымдарға айналды. Сөйтіп олардың құрамындағы діни рәсімдердің тек жұрнағы ғана қалды. Ауылдық мекендерде пайда болған комедия алғашында қалалық мәдениетке қарсы антагонизм жағдайында дамыды.


ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯДА КОМЕДИЯ ПАЙДА БОЛЫП, ДАМЫҒАН АЙМАҚТАР

  1. МЕГАРЫ. Тарихта Мегары аймағының комедияға қатыстьылығы туралы анық емес мәліметтер бар. Бұл аймақта б.э.д. ҮІ ғасырдың басында-ақ алғашқы комедиялар пайда болған. Олардың құрылымы онша күрделі болмаған, бірнеше күлкілі қойылымдардан тұрған. Бірақ бұл мегарлық комедиялар туралы деректер әлі де толық дәлелденбеген, олар толыққанды зерттеуді талап етеді.

  2. СИЦИЛИЯ. Ежелгі Грекияның бір бөлігі – Сицилияда мим деп аталатын қойылымдар пайда болған. Мимнің мәні – халықтың күнделікті тұрмысын күлкілі түрде бейнелеу. Бұл қойылымдар әртүрлі күлкілі қимылдар мен іс-әрекеттерге толы еді. Жалпы сицилиялық комедиялардың негізінде сол мимдер жатыр деген ғылыми болжам бар. Бір айқын нәрсе – осы халық арасында туындап, дамыған мим кейінгі әдеби мимнің өмірге келуіне ықпал етті. әдеби мимнің тарихта аттары қалған өкілдері – б.э.д. Ү ғасырда өмір сүрген Софрон мен Ксенарх. Олар өткір прозалық әрі күлкілі диалогтық қойылымдар жазған. Мысалы, Софронның «Балықшы», «Шалдар», «Киім тігушілер», «Айды аулаған әйелдер», «Сиқыршы әйелдер» атты қойылымдарының үзінділері бізге жеткен. Сицилиялық комедияның бізге белгілі тағы бір өкілі – Эпихарм.

  3. АТТИКА. Ежелгі Грекияның Аттика атты аймағында грек комедиясы өз дамуының шырқау шыңына жетті деуге болады. Мұнда комедия трагедияның ықпалынсыз бөлек жанр ретінде өз алдына жеке даму жолына түсті. Осы Аттика аймағында алғаш рет Дионисий мейрамдары кезінде комедия жарысы өткізіле бастады. Мұндай оң өзгерістер комедия жанрын күшейтіп, оның жеке әдеби жанр ретіндегі дамуын жеделдете түсті. Мемлекет тарапынан трагиктерге берілетіні секілді, комедиографтарға да қаржаттай немесе заттай көмек көрсетіле бастады. Аристофанға дейінгі тарихта белгілі комедиографтар – Хионид, Магнет, Кратет, Ферекрат. Хионид пен Магнет туралы мәліметтер мүлде жоқтың қасы. Кратет пен Ферекрат комедияларынан тек аз үзінділер ғана жеткен. Бірақ осы үзінділердің өздері-ақ Кратет пен Ферекрат шығармаларының негізі, идеясы, құрылымы, мазмұны мен сюжеті туралы бірқатар мағлұмат береді.

Тексеру сұрақтары:

Ежелгі грек комедиясы. Комостар әні. Комедия бастулары.

Дионис құдайға арналған мейрамдар. Алғашқы комикалық агон.

Эпихарм, Софрон, Кратин, Евполид – алғашқы комедиографтар.

Тарихи кезең. Комедия бастаулары.

Көне грек комедиясы пайда болып, дамыған аймақтар.



Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

20 дәріс сабақ. Тақырыбы: ҚАРАҚАЛПАҚ ӘДЕБИЕП



Қарастырылатын сұрақтар: Қарақалпақ халқының қалыптасу тарихы. Қарақалпақ халқының фольклоры. "Қырық қыз" эпосы. Қысқаша сюжеті. Гүләйім, Арыслан, Жұрынтаз бейнелері. Эпостың көркемдік маңызы.

XVIII ғасырдағы жазба әдебиеті. Жиен жырау Тағайұлы шығармашылығы. "Күйзелген халық" дастаны. Дастанда қарақалпақ халқының ауыр тұрмысының бейнеленуі.



Дәріс мақсаты: Студенттерді қарақалпақ әдебиеті дамуынан хабардар ету.

Дәріс мазмұны:

Қарақалпақ – ауыз әдебиетіне бай халық. оның «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», «Шадьяр» т.б. батырлық және лиро-эпостық жырлары ертеден мәлім. Жазба әдебиеті 18ғ-дан басталады. Ол кезде әдебиет әлеміне Жиен жырау Тоғайұлы (18ғ)ғ Күнқожа Ибраимұлы (1799-1880), әжінияз Қасыбайұлы (1824-78), Бердақ Қорғабайұлы (1827-1900), Омар Өтеш (1828-1902), Омар Сүйірбабатұлы (1879-1922), Құлмұрат (1838-1917), Сыдық Шамр (1857-1917) сияқты ақындар шығып, өздерінің тамаша өлеңдері мен жыр-дастандарын ел ішіне кең таратты. Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен Бердақтың «Ақимақ патша» атты дастаны-қарақалпақ әдебиетіне елеулі із қалдырған аса маңызды шығармалары. әжінияздың «Боз отауы», Бердақтың «Ерназар би», «Айдос би» деген шығармалары19ғ-ды тарихи шындыққа құрылды. Қарақалпақ әдебиетінде кеңес үкімітінің алғашқы кезеңдерінен бастап, басқа да жанрлар дамыды. Жаңадан проза, драматургия жанрлары тып, әдеби сын, әдебиеттану ғылымы дамыды. А.Мусаев (1880-1936), С.Мәжитов(1869-1938), А.Өтепов (1904-34), А.Дабылов (1898-1970), С.Нұрымбетов (1900-71) сияқты ақын-жыраулар сол кездегі жаңа заман кеңес өкіметін, оның көсемдерін мадақтаған өлеңдер жазды. А.Бегімов (1907-58), Ж.Аймырзаев (1910ж.т.), М.Дәрібаев (1909-42), Ә.Шамұратов (1912-53), Б.Қайыпназаров (1916ж.т.) т.б. елеулі еңбек етті. Бұлардан кейін келіп қосылған Х.Сейтов (1917ж.т.), Х.Тұрынбетов (1926-68), Т.Жұмамұратов (1915ж.т.), И.Юсупов (1929ж.т.)т.б. ақындар өздерімен бірге қарақалпақ поэзиясына сыршылдық лирика, сатира, юмор, мысал т.б. жанрларды аса келді.

Қарақалпақ әдебиетінде 20жылд-ң 2 жартысынан көріне бастады. М.Дәрібаевтың «Мыңдардың бірі», Ә.Шамұратовтың «Ескі мектепте» атты көлемді прозалық шығармалары 30 жылдары жарық көрді. 50 жылдары жазылған А.Бегімовтың «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың «Амудария жағасында» (1958), Т.Қайырбеговтың (1929ж.т.)»Қарақалпақ қызы» (1-2кітап,1953-65) романдары қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді.

Қарақалпақ әдебиетінде драматургия 20 жылдардың ортасында пайда болды. Қарақалпақ драматургтары С.Мажитовтың «Ерназар – Алакөз», «Бағдагүл», «Тазагүл», Қ.Әуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз» пьесалары – сол кездегі үздік туындылар. Кейінгі жылдарда жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгүл - абат», «Раушан», «Бердақ», А.Бегімбаевтың «Боз отау», «Ашық Ғаріп», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», Н.Дәуқараевтың (1905-53) «Алпамыс» С.Хожаниязовтың «Сүлейменге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика таетрларының репетуралрын байыта түсті. әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да дами түсті. Қарақалпақтың тұңғыш ғалымы Қ.Дәуқараев, Өзбекстан ҒА-ның корр.мүшесі проф.И.Сағитов,М.Нұмұхамедов, филол.ғыл. докторлары Қ.Айымбетов, Н.Жапақов, С.Ахметов т.б. бұл салада жемісті еңбек етіп келеді.

Қарақалпақ, қазақ әдебиеті ежелден туыстас. Екі ел әдебиетінің озық туындылары қос халыққа ортақ. Қарақалпақ дастаны «Қырық қыз» (1959), қазіргі қарақалпақ ақындарының шығармаларынан құрастырылған «Қарақалпақ жырлары» (1962) қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.

Тексеру сұрақтары:

Қарақалпақ халқының қалыптасу тарихы. Қарақалпақ халқының фольклоры. "

Қырық қыз" эпосы. Қысқаша сюжеті. Гүләйім, Арыслан, Жұрынтаз бейнелері.

Эпостың көркемдік маңызы.

XVIII ғасырдағы жазба әдебиеті.

Жиен жырау Тағайұлы шығармашылығы. "Күйзелген халық" дастаны.

Дастанда қарақалпақ халқының ауыр тұрмысының бейнеленуі.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
21 Дәріс. Көне грек комедиясы. Аристофан.

Қарастырылатын сұрақтар:

Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары. “Ахарндықтар”, “Салт аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Әйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, “Халық жиналысындағы әйелдер”, “Байлық” және т.б. комедиялардың мазмұндық, сюжеттік, идеялық ерекшеліктері. Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті өкілі.



Дәріс мақсаты: Студенттерді Аристофан шығармашылығынан хабардар ету.

Дәріс мазмұны:

Аристофан шамамен б.э.д. 445 жылы ауқатты Афины азаматының шаңырағында дүниеге келген. Оның өмір жолы туралы мәліметтер өте аз. Оның тарихты белгілі алғашқы комедиясы б.э.д. 427 жылы лақап атпен қойылған. Одан кейін де Аристофан лақап атпен бірнеше комедиясын жариялаған. Б.э.д. 425 жылы Аристофанның «Ахарндықтар» комедиясы Дионисий мейрамында бірінші жүлдені жеңіп алады. Осы кезден бастап Аристофан өзінің шығармаларын өз атынан, лақап атсыз сахнаға шығара бастаған. өзінің 20 жасқа жаңа толғанына қарамастан, Аристофан сол кездегі ең танымал комедиографтардың қатарына ілігеді.

«Ахарндықтар» - Аристофанның алғащқы комедияларының бізге белгілісі. Комедияның құрылымы күрделі емес. Оның басты кейіпкері – ежелгі Аттиканың Ахарн атты бір өлкесінің тұрғындарын бейнелейтін хор. Комедияның басты идеясы – Афины азаматтарын бейбітшілікке үндеу. «Ахарндықтар» да Афины сахнасында лақап атпен қойылған. Бір жыл өткен соң Аристофан алғаш рет өз атынан «Аттылар» атты комедиясын қояды. Бұл шығарманың басты тақырыбы – Афины радикалдық демократиясының көсемі Клеон патшаның ызғарлы саясатын қатал сынға алу болатын. Сол кездегі көрермендердің айтуынша, театр актерлерінің бірінің де Клеон ролін ойнауға жүрегі дауаламаған екен. Ал суретшілер оның күлкілі бетпердесін жасаудан бас тартқан. Сол себепті Аристофан бетпердені өзі жасап алып, Клеонның ролін өзі ойнаған. Комедия сюжеті көшеде, Демос атты шалдың үйінің алдында өтеді. Демостың көп құлдары оның бәріне жеккөрінішіті болып жүрген көмекшісі Клеоннан зәбір көріп жүреді. Бір күні екі құл Клеонның мойнына тағып жүрген тұмарын ұрлап алады. Сол тұмардан олар Клеонның болашағы туралы жазылған жазуды оқиды. Онда егер Клеоннан да қатал, одан да жексұрын біреу табылмайынша, ол Демосқа өз әмірін жүргізе беретіндігі туралы жазылған болып шығады. Осыны оқып алған екі құл жүгіріп базарға барады да, іздеп-іздеп ақыры адамдардың ішіндегі ең қатыгезі болып саналатын Қасапшыны тауып алады. Ақыр аяғында Клеон мен Қасапшы арасында соғыс басталады. Соғыс Қасапшының жеңісімен аяқталады. Ол Демосты қайнаған суы бар қазанға салып жіберіп, біраз пісіріп алады. Демос қазаннан жап-жас көрікті жігіт болып шығады. Комедия осымен аяқталады.

Б.э.д. 423 жылы Аристофан ¦лы Дионисий мейрамында өзінің “Бұлттар” комедиясын қоюды ұйғарады. Автордың өз ойынша бұл комедия – оның шығармаларының ең биік шыңы. Алайда “Бұлттар” ¦лы Дионисий мейрамындағы қойылымдар жарысында тек 3-ші жүлдеге ғана әрең ілігеді. Бұл комедиясында Аристофан өз заманындағы жас ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру жүйесін қатал сынға ала отырып, софистердің білім мен тәрбие қағидаларын полистік идеологияның іргесін ыдыратуға бағытталған деп айыптайды.

Б.э.д. 421 жылы Клеон мен оның қарсыласы спартандық Прасид кескілескен ұрыста қаза табады. Афины мен Спарта полистерінің арасында ұзаққа созылған соғыс аяқталады. Аристофан да өзгелер секілді мағынасыз соғыстың біткеніне шабыттанып, өз отанының болашағынан зор үміт күтеді. Оның “Бейбітшілік” атты комедиясында осындай ақын армандарынан туындаған.

Тексеру сұрақтары:

Аристофан – комедияның атасы. Өмір жолы. Шығармалары.

“Ахарндықтар”, “Салт аттылар”, “Бұлттар”, “Құстар”, “Лисистрата”, “Әйелдер мейрамда”, “Құрбақалар”, “Халық жиналысындағы әйелдер”, “Байлық” және т.б.

Комедиялардың мазмұндық, сюжеттік, идеялық ерекшеліктері.

Аристофан – ежелгі грек комедиясының көрнекті өкілі.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

23 Дәріс. Шекспир шығармашылығы.



Қарастырылатын сұрақтар: Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир. Өмір және шығармашылық жолы. Драматургиясы.

Дәріс мақсаты: Студенттерді ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспирдің өмір және шығармашылық жолымен, драматургиясымен таныс ету.

Дәріс мазмұны:

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 апрельде Эвон өзені бойындағы Старфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген.Болашақ драматургтың әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді.

Жас ақын осы туған қаласындағы «Грамматикалық мектепте» оқиды.Бұл мектеп негізінен латын тілін,қала берді көне грек тілін оқытушы еді.Бірақ әкесінің кедейленуіне байланысты мектепті бітіре алмай,16-ға толар-толмас жасында жұмыс істеуге мәжбүр болады.Сөйтіп,ол бірде ет сатушының шәкірті болса,енді бірде ауылдық мектепте репетитор қызметін атқарады.

Шекспирді жергілікті ірі помещик Томаса Люси қорығындағы бұғыларды жасырын түрде ауладың және сатиралық балладаңа іліктірдің деген сылтаумен жазалауға бұйырады.Осы кезде туған қаласы Стратфордты тастап Лондонға кетеді.

Лондонға келгеннен кейін Шекспир өзі жақсы көретін театрды төңіректейді.Әуелде театрға келушілердің атын бағушының міндетін атқарса,соңынын бірте-бірте актерлікпен,одан әрі дрматургиямен шұғылданады.

Лондонға келген алғашқы күндерінен-ақ Шекспир студенттермен тығыз байланыста болады.Оның пьесалары алғаш рет осы қаладағы студент-жастардың күшімен қойылып,соңынан театр сахнасына ауысып отырады.Ол өзі жзаған пьесаларының театрда орындалуына басшылық етеді,сонымен қатар өзі де актер болып ойнайды.

1612 жылдар шамасында Шекспир Лондоннан туған қаласы Стратфордқа оралады да,1616 жылы 23 апрельде қайтыс болып,осы қалаға жерленеді.

Шекспир жайлы бізге келіп жеткен мәліметтер тым аз.Оның шығармаларынан бізге белгілі «Венера мен Адонис» 1593 және «Лукреций» 1595 атты екі поэмасы мен «Асауға тұсау»,»Оттело»,»Ромео мен Джульетта» сияқты 36 пьесасы және 154 сонеті бар.

Жалпы алғанда,Шекспирді біз дүние жүзінің ұлы драматургтарының бірі ретінде танимыз.Оның «Оттелосы»,»Король Лирі»,»Гамлеті»,»Дауыл», «Қысқы ертегі» пьесалары мен еңбектері Шекспирдің үлкен ақын әрі жазушы екенін танытады.

Шекспир пьесалары республиканың көптеген театрларында күні бүгінге дейін үздіксіз қойылып келеді.»Оттело»,»Асауға тұсау»,»Ромео мен Джульетта»,»Гамлет»,»Ричард 111» трагедиясы және соннттері қазақ тіліне аударылып басылды.



Тексеру сұрақтары:

Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы әрі ақыны Уильям Шекспир.

Өмір және шығармашылық жолы. Драматургиясы.

Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.
25 Дәріс. Сервантес шығармашылығы.

Қарастырылатын сұрақтар: Мигель де Сервантес Сааведра. Өмір және шығармашылық жолы. Шығармалары.

Дәріс мақсаты: Студенттерге Мигель де Сервантес Сааведраның өмір және шығармашылық жолы, шығармалары туралы мәлімет беру.

Дәріс мазмұны:

Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 9 октябрьде Мадрид қаласына жақын жердегі Алькала-де-Энарес деген бір шағын қалада дүниеге келеді.Оның әкесі дәрігерлікпен күн көрген,әбден кедейленіп біткен бір идальго еді.Мигелдің жас шағынан білім алуына кедейлік кесірін тигізеді.Сөйтсе де оның балалық шағынан әдебиет пен театрға құштарлығы мектепте алған мардымсыз білімін өздігінен дамытуға жетеледі.Ол тіпті кішкене кезінен-ақ ақын,драматург,жазушы болуды армандады.Мигельді Мадрид қаласында оқытқан,адамгершілігі мол ұстазы оның бұл дарының дами түсуіне барынша көмектеседі.Осы кезде жоқшылықтың ащы зардабы Сервантесті еріксіз қызмет іздеуге мәжбүр етті.Әйтсе де ол Испанияда қызметке орналаса алмады.Сондықтан 1569 жылы кардинал Аквавиваның нөкеріндегі жай қызметші болып Италияға,Римге кетеді.Адамгершілігін қорлаған бұл қызметке де көне алмай,папа,Испания королы Филипп 11 және Венеция республикасы түріктерге қарсы жариялаған соғыста соғысып жатқан армияға өз еркімен кіріп,4 жыл соғысқа қатысады.Ол өзінің қахармандығы арқасында полкте жақсы атаққа ие болса,жалынды рухы мен жайдары мінезі үшін достары арасында да зор құрметке бөленеді.Мигель осы соғыста кеудесінен ауыр жараланып,соның салдарынан сол қолы істен шығады.Ол кейінгі кезде «Оң қолымның даңқын асыру үшін сол қолымды құрбан еттім» ,-деп әзіл айтатын.

Соғыс басылған соң,1575 жылы Сервантес туған еліне қайтпақ болады.Испанияда,Римде және Неапольде болады.Итальян гуманистерінің маңдай алды шығармаларымен танысу арқылы көптеген әдеби жоспарлар құрумен,қайткенде де соны іске асыру ниетімен өз еліне,Мадридке қайтады.Жолда Сервантес отырған кемені маврдың теңіз қарақшылары қолына түсіріп,Алжирға алып кетеді.Сөйтіп,Сервантес 5 жыл тұтқында жүреді.Өлімге басын байлап,қашуға қаншама рет әрекет жасаса да,ештеңе шықпайды.Ең ақырында 1580 жылы көп құн төлеп босанады да,Испанияға жетеді.Отаны оны көңілсіз қарсы алып,ерлігімен даңқы шыққан мүгедек жауынгерді көшеде қалдырады.Ал Мигельдің әке-шешесі де бұл кезде жартылай қайыршылықта өмір сүретін.

Осы кезде Сервантес әдебиетпен қатты шұғылданады.Бірақ шығармалары ескі әдеби үлгімен жазылғандықтан ылғи сәтсіздікке ұшырайды.Оның өзіне тән дарындылығы шарықтап өспейді,өлеңдері де елеусіз қалады.Ал «Галатея» 1585 атты қойшы өмірінен жазған романы да сәтсіздікке ұшырайды.20-дан астам драма жазса да,олар сахнаға бір-ақ рет қойылудан ары бармайды.Сөйтіп,Сервантес қайыршылыққа тап болады.1587 жылы ол Мадридтен кетіп,астық және салық жинаушы болып істей жүріп,Испанияның шалғай түкпірінднгі шаруалар мен байлардың және дворяндардың салт-сана,әдет-ғұрпымен танысады.1597 жылы Сервантес қазынаның көп ақшасынан айрылып,сол үшін 1604 жылға дейін дүркін-дүркін түрмеге түсіп,бұрынғыдан жаман қайыршыланады.Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы бір төмендейді.Ол осы жылдарда 1605 өзінің «Дон Кихотының» бірінші бөлімін жазып шығады.Бұл шығарма оқушы жұртшылыққа ұнайды.Сонымен бірге бұл еңбек дүние жүзі ұлттарының тіліне аударылып,кітап болып шыға бастайды.Сөйтіп,Сервантес данышпандығы бірден білініп,күллі оқушы жұртшылықты өзіне керемет баурап алады.Ол «Дон Кихоттың» екінші бөлімін жазудан басқа 1615,көптеген құнды новеллалар,»Парнасқа саяхат» 1614 деген сықақ поэма,оннан астам күлдіргі шығармалар жазып,ең соңында фантастикалы жаңа романын жазып жүргенде аяқтай алмай,1616 жылы 23 апрельде Мадрид қаласында қайтыс болады.

1605 жылы Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып алған бір кітап шықты.Бұл кітап сол кезде бүкіл ел құмартып оқыған серілер жөніндегі романдарға жазылған өткір әрі қызық сықақ еді.Бұл кітапты жазуда Сервнтес өз алдына «Қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты бездіру» ісін міндет етіп қойды. Ол мақсатына автор жетті де «Дон Кихоттан» кейін серілер жөнінде жазылған романдар сәннен шығып қалды да оның орнына сол романдарға жазылған осы сықақ өмір сүріп қала берді.

Сервантес өзінің «Дон Кихотында» өмрір шындығымен санаса алмайтын адамның бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі – ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір – жапа шеккендерді және тепкіде жүргендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық – зомбылықты, езушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдік пен бостандық орнауын арман етеді.

Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиярлық, қаһармандық, ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігі жағынан оны еріксіз құрметтейсіз.

Сервантестің «Дон Кихоты» қазақшаға аударылып, 1952 жылы жеке кітап болып шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет