Семинар сабағының жоспары:
1. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері және бағыттары.
2.Қазақстан Республикасы және халықаралық ұйымдар.
3.Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастығы.
4. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен және Орталық Азия республикаларымен өзара қарым-қатынасы.
5. Қазақстан Республикасының АҚШ және Еуропалық Одақпен қарым-қатынасы.
6. Қазақстан Республикасының араб елдерімен және түркітілдес мемлекеттердің халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастығы.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның халықаралық ұйымдардағы орны мен рөлін анықтау, Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы интеграциялық үдерістерін нақтылау, қазіргі әлемнің сыртқы қауіптері мен сын-қатерлерін қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бастамаларын, Қазақстанның өңірлік қақтығыстар мен қауіп-қатерлерді шешудегі рөлі мен бастамаларын, Қазақстанның қазіргі әлемде халықаралық ұйымдардағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуын ашатын дереккөздер және материалдармен танысып, өзіндік ойңызыды баяндаңыз.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасы қандай халықаралық ұйымдарға мүше болды?
2. ЕҚЫҰ - на қашан төрағалық етті?
3. ҚР қазіргі әлемнің қандай сыртқы қауіптері мен сын-қатерлеріне төтеп бере алу мүмкіндігі туралы айтасыз?
4. ҚР сыртқы саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері және бағыттарын атаңыз?
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» БОЙЫНША ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАРДЫҢ ҚЫСҚАША СӨЗДІГІ (ГЛОССАРИЙ)
Палеолит – ерте тас дәуірі.
Мезолит – орта тас дәуірі.
Неолит – жаңа тас дәуірі.
Энеолит – мыстытас дәуірі.
Азамат соғысы – мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.
Достарыңызбен бөлісу: |