Семинар сабақтарны өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚАУ


- тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикаылқ іс-әрекеттерін реттеу



бет7/8
Дата27.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#161134
1   2   3   4   5   6   7   8

14- тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикаылқ іс-әрекеттерін реттеу
14.1 Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық және экономикалық проблемалар, олардың Қазақстандағы ерекшеліктері

14.2 Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың мазмұны

14.3 Қазақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың, табиғатты ұтымды пайдалану және ресурстарды үнемдеудің құқықтық негізі

14.4 ҚОҚ дағы шетелдік реттеу тәжірибесі

1-сұрақ. Қазіргі уақытта Жер қойнауынан жыл сайын 10 млрд. тонна руда, отын, құрылыс материалдары, оның ішінде 4 млрд тон-на мұнай мен табиғи газ, 2 млрд тонна көмір шығарылады. Егістік-

терге 92 млн тонна минералдық тыңайтқыштар мен 2 млн тонна улы химикатгар шашылады. Атмосфераға 200 млн тоннадан астам көміртек тотығы, 146 млн тонна күкірт диоксиді, 53 млн тонна азот оксиді, 250 млн тонна шаң-тозаң тасталады. Су қоймаларына 32 млрд кубометр тазартылмаған сулар тасталады. Дүниежүзілік мұхитқа жыл сайын 10 млн тоннаға дейін мұнай түседі, Жыл сайын 6-7 млн гектар егістік егін шаруашылығы үшін жарамсыз болып қалады. Қоршаған ортадағы көптеген өзгерістер қайталанбайтын болды, сондықтан адамзаттың іс-әрекетін нақтылау қажеттілігі айқын.

Қазақстанның экологиялық проблемалары соңғы 20-30 жыл ішінде едәуір шиеленісті. Республика аумағында бағыты тар, негізінен ресурс тұтынатын, шаруашылық кешендер жұмыс істеген ұзақ уақыт ішінде бүгінгі таңдағы, тым жағымсыз, ал бірқатар аудандарда айтарлықтай тұрақсыз экологиялық жағдай қалыптасты. Табиғатты пайдаланушының жеткіліксіз ойластырылған стратегиясының, шаруашылықтың қарқынды дамуының, антропогендік жүктемелерді ғылыми реттеу қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығару салдарынан табиғи ортаның кауіпті азуы әлі де жалғасуда.

Су көздерінің экологиялық жай-күйіне көңіл аударайық.

Ең жағымсыз жағдай Ертіс өзенінің бассейнінде қалыптасты. Жекелеген учаскелердің ластану деңгейі жол берілетін шекті шоғырлануынан (ЖШШ алты валенттік хром бойынша 5-7 есеге, органикалық қоспалар бойынша - 1,3-3,5 есеге, мұнай өнімдері бойынша 20-30 есеге асады. Зиянды заттар Балқашқа да молы-нан тасталады: «Балқашмыс» ӨБ жылына мыс, қорғасын, сынап тастайды. Мұнымен бірге, өзен салалары Балқашқа органикалық заттарды көптеп әкеледі.



Қосымша ақпарат, Қазақстанның су ресурстарының 45%-ы Ресейден, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Қыргызстаннан және Қытайдан ағып келетін өзендерден құралады және тек 55%-ы ғана республика аумағында: 19%-ы - Қытайдан, 15%-ы - Өзбекстаннан, 8%-ы — Ресейден және 3%-ы — Қырғызстаннан қалыптасады. Қазақстанның суға ңажеттілігі 34-40 текше километрді құрайды.

Сондай-ақ Каспий теңізінің жайы да ерекше толғандырады. Оның деңгейінің көтерілуіне байланысты бес мұнай-газ кен орны,

коммуникациялар, елді мекендер мен өнеркәсіп нысандары су басқан аймақта қалды. Каспий теңізінің ластану нәтижесінде суда жүзетін құстардың, итбалықтың жаппай қырылу жағдайлары орын алды.

Арал теңізі - экологиялық апат аймағы. Өзен тармақтарының көп жылдан бері қысқаруы оның деңгейінің 15 метрге төмендеуіне және су құрамында зиянды заттардың моолаюына әкеп соқтырды. Жыл сайын Қазақстанның аумағына және одан тысқары теңіз түбінен 150 мың тоннадай шаң-тозаң мен тұз көшіріледі. Теңіз бассейнінде биологиялық ортаның азуының қайталанбайтын процестері күшеюде.

Қазақстанның жайылымдары - республканың ұлттық байлығы. Олар 182 млн га ауданда орналасқан және сонымен бірге республика аумағының 67%-ын және бүкіл ауыл шаруашылығы жайылымдарының 81%-ын ала отырып, республиканың негізгі экологиялық ортасы болып табылады.

Жердегі барлық тіршілік континенттерді жабатын жұқа, берік емес қабатқа байланысты. Осы бағалы қабат өте ұзақ уақыт бойы қалыптасады, алайда бүлінуі де тым жылдам болуы ықтимал.

«Әлемдік қорғаушы» институтының деректері бойынша жыл сайын континенттер топырақтың сыртқы құнарлы қабатының 24 млрд тоннасын (АҚШ-тың бүкіл жыртылатын жерінде соншама) жоғалтады және жағдай одан әрі нашарлауда. Африкада 1 млрд га-дан астамы, Азияда да 1,4 млрд га аздап немесе тұтастай шөлейттенген, ал Солтүстік Америкадда қуаң жерлер 74%-ды құрайды; ЕО-ның 15 елі де шөлейттенуден зардап шегуде.

Шөлейттену неден пайда болады және оны не шиеленістіреді? Адам қызметінің мына төрт түрі оған тікелей себепкер болады:



  • топырақты тым аздыртуға әкеп соқтыратын жерді шамадан тыс пайдалану;

  • малды топырақты бүлінуден қорғайтын өсімдік жабынын шамадан тыс құртатындай жаю;

  • жер бетіндегі топырақты ұстап тұратын ағаштарды жойып ормансыздандыру;

  • суармалы жерлерді тұздандыруға әкеп соқтыратын суландырудың қате әдістері.

Өзіміз көргендей, шөлейттену - әлемді шөлдердің басуы емес, бұл биологиялық және экономикалық өнімділікті жоғалтумен қоса қуаң жерлердің азуы.

Негізінен шөлейттену жер ресурстарын ұқыпсыз пайдаланудан (481,1 млн. га) және техногендік факторлардан (6 млн га) пайда болады.

Қазақстанда БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі бағдарламасының қолдауымен 1996 жылдан бері Шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық бағдарламасын дайындау жүргізіледі.

Жерлердің одан әрі азуының алдын-алу; егістіктердің құнарлығын қалпына келтіру; орман көлемін кеңейту; ерекше қорғалатын аумақтар желісін құру; жер қойнауын ұтымды пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу; жерлердің техногендік бүлінуінің алдын алу және оларды қайтадан өңдеу сияқты іс-қимылдар қарастырылған.

Адам өміріне көп зиян тигізетін проблемаларды қысқаша атап өтелік:

1. Улы өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, құрғату, қайта өңдеу


және көму мәселелері. Барлығы 2 млрд тонна жиналды, жыл сайынғы өсім 73 млн тоннаны құрайды.

2. Шиеліністі радиациялық жағдай.

Қазақстан - шикізат өндіру, ядролық оқ-дәрі жасау және сынау, ядролық ракеталарды сынау және жою, қалдықтарды көму ядролық-стратегиялық бағдарламалар толық мөлшерде жүзеге асырылған Жер бетіндегі жеке дара орын. Мұның барлығы радио-нуклидтермен, радиоизотоптарымен, уран кәсіпорындарының, зымыран-ғарыштық кешендердің өнеркәсіптік қалдықтарымен ластануына байланысты.

Қазақстан аумағындағы әскери полигондардың көлемі 20 млн гектарды құрады; жалпы қуаты 50 мегатоннаға жуық 500 әуе және жер асты жарылыстары жүргізілді.

Қоршаған ортадағы орын алған өзгерістер халықтың денсаулығына өте әсер етеді. Адамдардың үшінші ұрпағының өзі топырақ, су, өсімдіктер, мал еті арқылы зиянды ықпалға ұшырайды. ;
2-сұрақ. Мемлекеттік реттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады:

• Технологиялық стандарттарға негізделген әкімшілік-құқықтық әдістер.

Бірінші кезекте мемлекеттің табиғи ортаның түрлі элементтерін қорғау талаптарының орындалуын ынталандыруына негізделген экономикалық әдістер.

Әкімшілік-құқықтық әдістер тастауға жол берілетін нормаларды белгілеуді; шикізаттың немесе өнімнің белгіленген түрін қолдануға тыйым салуды; түрлі салаларға арналған сараланған экономикалық стандартгар жүйесін белгілеуді қарастырады.

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері мыналар болып табылады:

1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру;

2) табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу;

3)табиғи ресурстарды қорғау және ұдайы өндіру үшін төлем төлеу;

4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

5) экологиялық сақтандыру;

6) қоршаған ортаны қорғау қорларын құру.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру барлық деңгейдегі бюджеттерде жеке жол болып бөлінеді.

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы өндіруді қамтамасыз ету үшін жауапты уәкілетті мемлекеттік органдардың мына функцияларын қарастырайық: ,

• табиғи ресурстарды баскару;

• қоршаған ортаны қорғауды және жақсартуды жоспарлау;

• экологиялық нормалау;

• қоршаған ортаға әсерді бағалау;



  • экологиялық сараптама;

  • экологиялық лицензиялау;

  • экологиялық аудиттеу;

  • экологиялық мониторинг;

  • экологиялық бақылау;

  • экологиялық тәрбие және білім беру.

Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдау мақсатында, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.

Экологиялық нормалау - ПДК қорғау саласында нормативтер белгілеу.

Экологиялық аудиттеу - кәсіпорындардың табиғатты ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің жай-күйін тексеру.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік, ведомстволық, өндірістік және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

Қоршаған ортаны қорғау үшін жауап беретін мемлекеттік органдар:


  • ұйымдарға және меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан басқа да нысандарға (қызметтік куәліктерін көрсетіп) кедергісіз кіруге, танысу үшін құжаттаманы,талдаулардың нәтижелерін және бақылауды жүзеге асыруға
    қажетті өзге де материалдарды сұратуға және тегін алуға;

  • қоршаған ортаны қорғау мен сауықтандыру жөніндегі жоспарлар мен іс -шаралардың орындалуын тексеруге;

  • мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу жөнінде ұсыныс
    енгізуге және оның қорытындыларының орындалуын тексеруге;

- республика аумағына экологиялық қауіпті жүктерді (бұйымдарды), қалдықтарды және қоршаған орта сапасының және экологиялық талаптардың нормативтері бұзылып жүзеге асырылатын шикізат ресурстарын экелуге, сондай-ақ транзиттеуге тыйым салу жөнінде ұйғарымнама шығаруға;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға және осының нәтижесінде кінәлі тұлғаларға осы зиянды ерікті түрде өтеуге талап қоюға немесе сотқа талап табыс етуге;

- экологиялық сараптама жөнінде қорытынды жасауға тиісті қаржы-кредиттік ұйымдарға экологиялық талаптар бұзылып немесе экологиялық сараптаманың жағымды қорытындысыз жүзеге асырылып жатқан шаруашылық немесе өзге кызмет нысандарын салуды және пайдалануды қаржыландыруды тоқтату туралы ұйғарымнама табыс етуге құқылы.
3-сұрақ. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар - атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады.

Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын, стандартгары мен ережелерін айқындайды. Заңда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.

Қоршаған ортаның сапа нормативтерінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) қоршаған ортадағы зиянды заттардың шекті жол берілетін шоғырлану нормативтері;

2) шудың, тербелудің, магниттік өріс пен өзге де зиянды физикалық әсерлердің шекті жол берілетін деңгейлерінің нормативтері;


  1. радиациялық әсердің шекті жол берілетін деңгейінің нормативтері;

  2. қоршаған ортаға шығарылатын және тасталатын ластайтын заттардың шекті жол берілетін нормативтері;

  3. ауыл және орман шаруашығында агрохимикаттарды қолданудың шекті жол берілетін нормалары; қорғау, санитарлық-қорғаныс және өзге де қорғаныс аймақтарының нормативтері.

4-сұрақ. Табиғатты пайдалануды экономикалық реттеуде дамыған индустриалды елдердің тәжірибесін қарастырайық.

АҚШ-та қазіргі уақытта экономикалық реттеудің нарықтық әдістерінің негізінде «баббл-қағидат» әдісі («құты қағидаты») аталатын әдіс алынады. Бақылау әрбір жеке құбырға, пешке емес, қоршаған ортаны ластайтын көптеген қондырғылары бар бүкіл кәсіпорынға орнатылады. Қандай да бір немесе өзге заттардың тасталуының мөлшері анықталады. Кәсіпорын ластанудың тапсырылған деңгейі аспауға тиіс орасан зор күмбездің («құтының») астында деп қарастырылады. Кәсіпорын осы деңгейдің шектерінде жекелеген құбырлардан шығатын зиянды заттардың мөлшерін өзі белгілейді және жалпы нормативке жетуге болатын түрлі тәсілдерді өзі таңдай алады: отынның бұдан да таза түріне көше алады, технолгияның бір түрін басқаға ауыстыра алады, өндіріс бейінін өзгерте алады, оның мөлшерін қысқартып, ең қауіпті цех-тар мен учаскелерді жаба алады.

«Баббл-қағидасының» артықшылығы, эсіресе, ол тастаудың жалпы лимиті (немесе нормативі) заң жүзінде белгіленген өңірдің барлық кәсіпорындарына таралғанда көрінеді. Егер бір кәсіпорындар қалдықтарды залалсыздандырудың тиімді әрі қымбат емес тәсілдерін тауып, сонымен бірге қалдықтарды тастаудың өмірлік нормативтен төмен болуын қамтамасыз ете алса, онда басқалар олардан орта деңгейден тыс тастау құқығын (алайда өмірлік норматив шеңберінде) сатып ала алады.

Батыс Европада, сондай-ақ АҚШ-та Қалдықтар биржалары құрылған. Бұл қалдықтар шығарушылар мен оларды ықтимал тұтынушылар арасындағы делдалдық ұйымдар, сондай-ақ олар қалдықтардың қайсысы өндірістік қажетке жарамды екенін қадағалап отырады. Қалдықтар биржалары өнеркәсіпшілерді


қоқыс тастайтын жерге әкелгенді пайдалануға немесе өңдеуге,
сонымен бірге бастапқы шикізаттың орнына пайдалануға тартуға тырысады. Екінші жағынан, биржалар кәсіпорындарды олардың өздерінің қалдықтарын өздеріне өңдеуге мүдделі етуге тырысады.
Сыртқы экономикалық іс – әрекетті мемлекеттік реттеу
14.2.1 Мемлекеттің сыртқы саясатының мәні , мазмұны, негізгі әдістемелік принциптері мен құралдары

14.2.2 Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің негізгі бағыттары

14.2.3 Мемлекеттің интеграциялық халықаралық экономикалық байланыстарын дамыту жөніндегі қызметі

14.2.4 Қазақстанның сыртқы саудасының БСҰ на кірер алдындағы міндеттері
1-сұрақ. Қазақстан егемен мемлекет ретінде өзінің даму бағытын дербес таңдайды, басымдықтарын өзі белгілейді.

Қазақстан сыртқы экономикалық байланыстар мен сыртқы нарыққа шығу жоспарларын өз алдына жасайды.

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, сон-дай-ақ шетелдермен валюта-кредит және қаржылық қатынастар бағыттарының нысандары мен әдістерінің жиынтығымен сипатталады. СЭҚ субъектілеріне арнайы мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдар, кәсіпорындар, өндіріс пен қызмет көрсету салалары, биржалар, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қызмет көрсететін және оның дамуына жәрдем көрсететін ұйымдар (банктер, сауда-өнеркәсіптік палаталар және т.б.) жатады.

1991 жылы тәуелсіздік жарияланғаннан бастап Қазақстан ез экономикасын түбегейлі реформалауға кірісті. Осы кезең - бұрынғы одақтас республикалардың арасында қалыптасқан және Қазақстанның алыс шетелдермен екі жақты экономикалық тікелей байланыстарының айтарлықтай кеңейген өзара қарым-қатынастарының жаңа сипатына байланысты жаңа сыртқы экономикалық сектор пайда болған уақыт.

Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту стратегиясы халықаралық еңбекті бөлу жүйесінде Қазақстанның жағдайын жақсартуға, өнім сату рыноктарын кеңейтуге, тұрақгы экономикалық және әлеуметтік өркендеуге қол жеткізуге бағытталды.

Мемлекет бұл үшін экспортты әлеуетті дамыту, импортгы ұтымды ету, отандық кәсіпорындар өнімінің әлемдік нарықтағы бәсекелестігін арттыру, өндірісті технологиялық жаңарту үшін шетел инвестицияларын тарту, еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар қарастырды.

Сыртқы саясатты қалыптастырудың бастапқы алғышарттары қандай?

Біріншіден, Қазақстан өтпелі кезең барысында экономиканы дамыту және ақша жүйесі саласында тұрақтандыру іс-шараларын жүргізуге, дағдарыс процестерін кідірте тұруға қажетті валюталық қаржысыз қалды.

Екіншіден, экономикалық саясат саласы бұрынғы КСРО-ның
орталық органдарының құзіретінде болуынан республика үкіметі
мен Ұлттық банктің сыртқы экономикалық кызметте қажетті
тәжірибесі болмады. Алайда, реформалар бағыты бойынша дәйекті әрі әрдайым өзгермей ілгерілеу, ашық экономика саясатын жүргізу, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Оңды жетістіктер қатарына мыналар жатады:



  • 1995 жылы ҚР «Сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру туралы Заңының қабылдануына байланысты сыртқы экономикалық қызмет субъектілері санының едәуір артуы. Заңға сәйкес стратегиялық маңызды ресурстардың экспорты мен импортын қоспағанда барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге сыртқы экономикалық қызметті дербес жүргізуге құқық берілді;

  • мемлекеттік сыртқы сауда компанияларын монополиясыздандыру;

  • заңнамада тыйым салынбаған өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау мен квоталаудың алып тасталуы;

  • есебі жүргізілетін сипаттағы келісімшарттарды тіркеу жүйесін енгізу;

  • импортқа мемлекеттік тапсырыс жүйесінен мемлекеттік көтерме сатып алуға көшу.

Осы шаралардың барлығы сыртқы сауданың дамуына әсер етті, алғашқы рет сауда балансының жағымды балансына қол жеткізуге ықпал етті. Мысалы, ол 1995 жылы 1232,3 млн долларды, 1996 жылы - 1969,1 млн долларды құрады.

Сонымен бірге реформалау барысындағы келеңсіздіктер мен қателіктер нәтижесінде туындаған және сыртқы саясатты әзірлеуге әсер еткен мына кейбір жағымсыз үрдістер де байқалды:



  • біріншіден, тэуелсіздіктің алғашқы жылдары заңнамада толық қамтылмауынан құнды шикізаттар экспортқа әлемдіктен төмен бағалармен кетті, мұның өзі бюджетке валюталық қаржының келіп түспеуіне әкеп соқтырды;

екіншіден, мемлекет тарапынан ірі экспорттаушы кәсіпорындардың сыртқы сауда операцияларын жүргізу барысын тиісінше бақылаудың болмауынан шетел фирмаларының жеткізілетін өнім үшін төлемеуінің артуы на ықпал етті, мұның өзі де экономикадағы дағдарыс құбылыстарын одан әрі күшейтті;

• үшіншіден, республикаға сапасыз тауарлардың жаппай әкелінуі көптеген отандық кәсіпорындардың банкроттануына әкеп соқтырды.

Осы жағдайларда мемлекетке сыртқы экономикалық қызметті (СЭҚ) реттеу құралдарын белсенді пайдалану қажет.

Квоталау, лщензиялау, валюталъщ реттеу, сондай-ақ салықтар, баждар және т.б. СЭҚ-ті реттеу құралдары болып табылады.

Әкімшілік реттеу құралдары, әсіресе ел экономикалық тұрақсыз, тапшылық және дағдарыс жағдайда болғанда ерекше тиімді. Олар экономиканы қорғау уақытша (импортқа квота) не оны жұмылдыру арқылы қалпына келтіру және ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында уақытша қолданылады.

Экономиканы тұрақтандыру кезеңінде экономикалық реттеу құралдары маңызды орын алады.

Тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен, ақпаратпен халықаралық алмасу саласындағы кәсіпкерлік қызмет түріндегі сыртқы сауда субъектілердің сыртқы экономикалық байланыстарының аса маңызды нысандарының бірі болып табылады. Оған зияткерлік қызмет нәтижелерімен алмасу, оның ішінде оларға ерекше құқықтар да кіреді.

Экономикалық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

1. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мен оньщ жүзеге асырылуын бақылау жүйесінің бірлігі.

2. Елдің кеден аумағыньщ біртұтастығы.

3. Экономикалық реттеу шараларының басымдығы.

4. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың теңдігі және мемлекеттің олардың құқықтары мен занды мүдделерін қорғауы.
2-сұрақ. Елдің сыртқы экономикалық қызметінің дамуы көбінесе ол жүзеге асырылатын жағдайларды ырықтандырылуына байланысты. Қазіргі уақытта ол сыртқы саудадағы және сыртқы экономикалық қызметтің басқа да түрлеріне мемлекеттік монополияның едәуір әлсіреуімен сипатталады.

Меншік нысандары және шаруашылық қызметінің түрлері әр түрлі кәсіпорындар мен үйымдарда сыртқы нарыққа тікелей шыға алады.

Сыртқы сауда қызметіне ықпал ету импорттық және экспорттық кеден баждары, еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында экспорттық және импорттық мөлшерлік шектеулер-ді белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Мөлшерлік шектеулер белгіленгенде квота белу мен лицензия беру негізінен конкурс немесе аукцион өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың практикалық қызметінің негізгі басымдықтарын (бағдарларын) атап өтейік.



Импорт саласында: импорт тарифін жетілдіру - оны барынша егжей-тегжейлі нақтылау, мөлшерлемелерді құрылымдық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес саралау; техникалық кедергілерді бұдан да кең қолдануын, қорғаныс (өтемақылық және демпингке қарсы баждарды), сондай-ақ әріптестердің заңсыз іс-әрекетіне жауап іс-шараны пайдалану).

Экспорт саласында: дәстүрлі емес отандық өнімді халықаралық ережелер шеңберінде сыртқы нарықтарға жылжытуды экономикалық ынталандыру және қаржылық қолдауды күшейту; еліміздің экспорттық әлеуетін ең алдымен өңдеуші салалар есебінен, алдағы жылдары іске асыруды қамтамасыз ететін құрылымдық саясатты қамтамасыз ететін құралдардың көмегімен кеңейту.

Капитол қозғалысы саласында: Қазақстанда шетел инвестицияларын және шетелде отандық капитал салымдарын жүзеге асыруды тәртіптейтін заңнаманы реттеу және оның республикалық және аймақтық деңгейлерде тиісінше орындалуына кепілдівсті қамтамасыз ету; импорттық және бартерлік операцияларды тиімді кедендік-банктік бақылауды осы арналар бойынша елімізден капиталдың кемуін қысқарту мақсатында жүзеге асыру. Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытындылар жасауға болады:

1. Ішкі жағдайға біршама тэуелді емес сыртқы экономикалық саясат дағдарыс жағдайынан тыс және экономиканың барлық саласында тұрақты өсу байқалатын елдерде ғана жүргізілуі мүмкін екенін біржолата мойындау қажет.

2. Бүгінгі күні республикамызда қалыптасқан ішкі шаруашылық және әлеуметтік жағдайда сыртқы экономикалық саясаттың басты қағидаты - отандық өндірушілерді тиімді қорғауды, сондай-ақ тауарлардың, төлемдердің, кірістердің толыққанды қозғалысын, еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тарифтік саясаттың оралымдылығы болуы тиіс.

3-сұрақ. 2000 жылы құрылған ЕуроАзЭҚ - Еуропалық-Азиялық экономикалық қауымдастық мысалында интеграциялық ынтымақтастықтың бағыттарын қарастырайық.

Естеріңізге сала кетсек, ЕуроАзЭҚ-на Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тэжікстан және Өзбекстан, бақылаушылар ретінде - Армения, Молдова және Украина кіреді

Еуразиялық экономикалық қауымдастығы құрылымында мемлекетаралық банк құрылған, ол оған кіретін елдер іске асыратын жобаларды тиімді инвестициялауға мүмкіндік береді.

Толықтай, Қауымдастық шеңберіндегі интеграциялық процестердің дамуының қарқыны айтарлықтай жоғары. Соңғы уақытта бірқатар көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Мысалы, 2000-2004 жыл-дары ЖІӨ-нің өсуі Беларусьте 6,5%-ды, Қазақстанда - 10,3%-ды, Қырғызстанда - 4,8%-ды, Ресейде - 6,2%-ды, Тэжікстанда - 9,7%-ды құрады.

Жер-жерде өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының өнді-рісі өсті. 2004 жылы ЕуроАзЭҚ шеңберінде тауар айналымының мөлшері 2003 жылға қарағанда 40%-ға артты және 28 млрд долларға жетті.

Түрлі құжаттарды келісу жөнінде көп жұмыс жасалды. Кеден одағын және біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыруға бағытталған он халықаралық-құқықтық құжат: Агроөнеркәсіптік саясат тұжырымдамасы, Көлік дәліздерін қалыптастыру және дамыту жөніндегі келісілген саясат жүргізу жөніндегі келісім, ЕуроАзЭҚ мүше мемлекеттердің кеден аумағында өндірілетін және оған әкелінетін акцизделетін тауарлардың негізгі тізбесі мен ең төменгі мөлшерлемелері қабылданды.

Сонымен қатар басымды бағыттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын талдау 2004 жылға жоспарланған 42-тармақтың бүгінгі күнге тек жартысынан сәл көбірегі ғана орындалғанын көрсетеді, ал олар біртұгас экономикалық кеңіс-тікті қалыптастырумен, экономиканың және инфрақұрылымның нақты секторын қалыптастырумен байланысты. Үш мемлекеттің-Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің жалпы кеден тарифінің негізгі тізбесі белгіленген мерзімде қалыптастырылмады, бұл өз кезегінде қауымдастықтың Кеден одағын құруды кідіртті.

Осы уақытқа дейін мемлекетаралық нысаналы бағдарламаларды қаржыландыру тетігі құрылған жоқ. Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімнің жобасын келісу баяу жүруде. Қауымдастыққа қатысатын елдердің үлттық тасымалдаушыларына ең қысқа бағдарлар бойынша және барынша төмен көлік шығындарымен жүк жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Көлік одағын құру тақырыбы тиісінше дамымауда. Тауарларды Батыс Еуропа мен Оңтүстік Шығыс Азия арасында тасымалдағанда (айналым шамамен 300 млрд доллар-ды құрайды) олардың тек бір ғана пайызы ЕураАзЭҚ елдерінің аумағы арқылы тасымалданады.

Сонымен, нарықтық қайта құрулардың түрлі қарқындары, жекелеген мемлекеттердің менталитеті интеграциялық одақтардың мемлекеттері шешуге тиіс мемлекетаралық проблемалардың ба-рын айғақтайды.

4-сұрақ. Қазақстан БСҰ-на кіруге белсенді дайындалу үстінде екені белгілі. Келіссөз процесінде тауарлық нарықтарды қорғау деңгейі жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізу, қызмет көрсету саласында міндеттемелер қабылдау және жүйелі мэселелерді шешу қажет. Бұл ретте ауыл шаруашылығы басымды қорғалатын сала болып қала береді.

Жүйелі талаптар саласында анықталған шегінулерге жол беруге тура келеді: дизель отынын экспорттауға жыл сайын тыйым салудан бас тарту; экспорттық-импорттық және теміржол көлігімен ішкі тасымалдар тарифтерін кезегінен теңестіру және т.б.

Қазақстанның БСҰ-на қосылуы - тұтас алғанда еліміздің әлемдік экономикаға бұдан да терең тартылуына, біздің тауарларымыз бен қызметтеріміз үшін шетел рыноктарының ашылуына және қазақстандық тауарлардың ұлттық бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал ететін құбылыс. Алайда БСҰ-на тең құқықтық катысушы мәртебесін алудан күтілетін пайдаға қисынсыз тоқмейілсу жөнсіз. Отандық сыртқы сауданы реттейтін құралдарды жетілдіру қажет. Шетелдік бәсекенің күшеюі, сұраныстың импорттық тауарларға қайта бағдарлануы, бюджетке салық түсімдерінің қысқаруы, жұмыссыздықтың өсуі және инвестициялық мүмкіндіктердің тарылуы нәтижесінде отандық кәсіпорындардың шаруашылық белсенділігінің нашарлауы, олардьщ әбден жұтау қаупі сақталуда. Мысалы, БСҰ кірер алдында ҚҚС бойынша импортты кемсітуге тыйым салынатын болады. Бүкіл тоқыма өніміне, дайын киімге мөлшерлемені 5%-ға төмендету бюджеттің шығынын өсіреді. Бұл жерде импорттық баждың мелшерлемесін көтеру өтемақылық шара болуы мүмкін.

Кеден баждары ел көлемінде импортталатын тауарлардың бағаларын кетереді, мұның өзі мемлекетке ішкі нарықты қорғауға, әкелінетін тауарлардың бәсекелестігін шектеуге, импорттың мөлшерін және оның құрылымын реттеуге мүмкіндік береді. Ке-ден баждарын көтеру елімізде бағалардың өсуіне, тұтынудың және сыртқы сауда айналымының қысқаруына әкеп соқтырады.

Осыған байланысты Қазақстанның БСҰ-на кіретін өтпелі кезеңдегі сыртқы сауда саясаты өндірістік қуаттарды қайта жаңғыртуға және әлемдік нарық талаптарының деңгейіне шығу үшін, әсіресе өндеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпорындар салаларында отандық ендірушілерді барынша қорғауға бағытталуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет