4-семинар тапсырмасы
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, оның зерттелуі мен өзіндік ерекшеліктері
Жаттығу. Берілген мәтінге кешенді фонетикалық талдау жасау, анализдеу
Куз аспаны куңгірт, бұлыңгыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір куздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солқан қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айрылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайган селеу мен бозғыл көде, жусан — бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып, елбек қагады. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. Салкын түннің қалың шыңы жургіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып, шашасына дейін суландырған. (М.Ә.)
1. Дауысты дыбыстар жүйесі, дамуы
Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а,о,е,ы,і,о,ө,ұ,ү.
Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы
Достарыңызбен бөлісу: |