Семинар тапсырмасы Ғалымдардың «әдіснама» ұғымына берген анықтамалары мен тұжырымдамаларын кесте арқылы көрсетіңіз



Дата09.05.2024
өлшемі20.79 Kb.
#500772
түріСеминар
2 семинар


2- семинар тапсырмасы



  1. Ғалымдардың «әдіснама» ұғымына берген анықтамалары мен тұжырымдамаларын кесте арқылы көрсетіңіз.

Әдіснама — әдістер туралы ілім, әдістер теориясы, зерттеліп отырған объекті жөніндегі мәліметтерді және жаңалықтарды бірізге келтіру тәсілдерінің жүйесі. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Ғылыми әдістің негізгі мақсаты — объективтік ақиқатты aшy. Зерттеудің нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Әдіснаманың ақиқаттығы оның негізінде жатқан теорияның ақиқаттығына байланысты. 





Ғалымдар

Анықтамалары мен тұжырымдамасы

1

В.С. Аванесов

Педагогикалық өлшемдерді әдіснамалық негіздеу мәселесі В.С. Аванесовтің пікірінше, пәнаралық болып саналады: философиялық, әлеуметтік, педагогикалық және логикалық, математикалық, статистикалық т.б.

2

Э.Г. Юдин

Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық.

3

И.Я.Лернер

Әдіснама – педагогикалық құбылыстарды, әлеуметтену заңдылықтарын, оқу-үйретім және тәрбие заңдылықтарын тану жөніндегі ғылым 

4

Г.Гегель

Әдіс – мазмұнның сырттай формасы емес, оның жаны және түсінімі

5

В.В.Краевский 

В.В.Краевский педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды.

6

М.А. Данилов

Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық қызметті көрсететін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздемелері туралы, білімді алу тәсілдері мен әдістері, қағидалары туралы білім жүйесі болып табылады


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет