Семинардың бағдарламасы тақырыбы: «Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті»



бет4/4
Дата13.06.2016
өлшемі498.5 Kb.
#133557
түріСеминар
1   2   3   4

Психологтың ата-аналармен жұмысы


Мектеп психологының ата-аналармен жұмысы бірнеше бағытты құрайды:

  • Балаға отбасының демеу көрсетуіне жағдай жасау (отбасы жағдайына кіріспеу принципін ұстана отырып, әріптестік жағдайы);

  • Балалардың маңызды мәселелері жайында ағарту және кеңес беру (ата-аналар жиналысы, кездесулер);

  • Ата-ана сұранысы бойынша бала-ата-ана қарым-қатынасы сұрақтары бойынша кеңес беру;

  • Ата-анаға психологиялық қолдау көрсету.

Осы бағыттардың кез келгені мектеп психологының және ата-ананың өзара бірлескен әрекетін қажет етеді.

Ата-анамен жұмыс қажеттілігі дамудағы әлеуметтік жағдайды қалыптастырудағы олардың рөлімен анықталады. Баланың жақын ересекпен араласуы, дамудың негізгі шарты бола отырып, оның жеке тұлғасының ішкі құрылысын өзгертетін сыртқы әлеуметтік құрылысын береді

Психологтың отбасымен жұмысы отбасының жүйелі дамуын түсінуді талап етеді (отбасы балада симптом пайда болуына қалай әсер етеді) және жеке реакцияларды бағалауды да талап етеді (отбасының әр бір мүшесінің алдында және баланың алдында қандай мәселелер туындайды). Әңгіменің басында отбасыда және өзара қарым-қатынаста не жақсы жүріп жатқанын анықтап алған маңызды. Бұл жағымды бағытталуға және босаңсуға, отбасында жақсы және мықты не бар екенін, неге сүйенуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді.

Әрбір жағдайда әртүрлі контексте талқыланады. Бірінші әңгіменің мақсаты - отбасының өзара әсерін түсіну, оның мықты және әлсіз жақтарын талқылау бола алады. Міне мысалға қоюға болатын сұрақтар: мәселе қай уақытта туындайды, қандай жағдайда, және қай уақытта туындамайды; туындап тұрған мәселелерге ата-ананың, балалардың, ұстаздардың қандай қатысы бар; ата-ана баладан не күтеді, өз балаларының болашақтарын олар қалай көреді. Ата-аналарға бала дамуын зерттеу сауалнамасын ұсынуға болады.

Ата-аналарға ұсынуға болатын сауалнаманың бір түрі.


  • Зерттеу күні

  • Баланың аты, тегі

  • Туған күні

  • Тұрмыстық жағдай: отбасының алатын жалпы көлемі, бөлме саны. Жеке, жалпы аз тұрғынды немесе көптұрғынды пәтер. Баланың жеке бөлмесі бар ма, онымен бірге бөлмеде тағы біреу тұра ма, адам саны

  • Материалдық жағдай: төмен, орташа, жоғары

  • Ата-анасы туралы мәлімет, олардың жасы, білімі, зерттеу кезіндегі мамандығы, отбасы құрамы (бірге тұратын)

  • Отбасы толық, айырылысқан (айырылысу кезінде бала неше жаста болды), айырылысу себебі, өгей әке мен өгей шешенің болу/болмауы

  • Отбасындағы қарым-қатынас

  • Отбасы мүшелерінің ішімдік пайдалануы

  • Ата-ансының денсаулық жағдайы, ұзақ мерзімді және психикалық аурумен ауру/ауырмаулары, ата – анасының мінезіндегі жарқын көріністері

  • Туыстарының арасында қиын оқыған, ауыр мінезді, психикалық аурулармен ауратын адамдардың болу/болмауы

  • Отбасындағы нешінші бала

  • Жүктілік кезінің өтуі, қиыншылықтардың болуы

  • Туу кезінде болған қиыншылықтар, туу кезінде алғагн жарақаттар, туа біткен кемшіліктер

  • Нәрестелік және ерте балалық шақ кезіндегі дамудағы ерекшеліктер: моторлы даму, сөйлеу, бір жасқа дейінгі күрделі аурулар, бір жастан кейінгі аурулар, операциялар, дәрігерде тіркеуде тұрды ма

  • Тәрбиелеудегі ерекшеліктер: ясли, балабақша, үйдегі тәрбие

  • Мектеп, мектепте қиындықтардың болуы, қосымша дайындық

  • Бала тәрбиесімен көбінде кім айналысады, бала кімнің ойымен санасады, тәрбиелеу принциптері, отбасында қабылданған жазалау түрлері

  • Бала бос уақытын қалай өткізеді

  • Бала дене дамуының жағдайы, жыныстық даму

  • Көңіл-күйі: көбінде қандай көңіл-күйде болады, көңіл-күйдің тұрақтылығы

  • Әрекеті, әрекетінің жеке ерекшеліктері, шаршауы, жиі айтатын шағымдары.

Сауалнамадан басқа ата-аналарға ұсынылатын әдістемелер: «Менің баламның өмір тарихы» атты шығарма, бала жұмысымен салыстырмалы алынатын бағалау-өзіндік бағалау әдістемесі РЕП және т.с.с.

Балаға ұсынылатын әдістемелер: отбасы суреті және оның модификациясы, Рене-Жиляның әдістемесінің бейімделген нұсқасы, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесінің әр түрлі нұсқалары, бағалау-өзіндік бағалау әдістемесінің модификациясы, Б.Шелбидің «Ертегі» тесті және т.с.с. Баламен проективті интервьюдің жобалап берілген сұрақтары:



  • Сен кіммен тұрасың?

  • Кімді ойнағың келеді?

  • Ең бірінші кімді күтесің?

  • Өз басындағы қиыншылықтармен кіммен бөлісесің?

  • Жазалаудан қорқасың ба?

  • Сен өз балаңды осылай тәрбиелейсің бе?

А. В. Потапова, С. К. Нартова-Бочавер

Психологтың ата-аналармен жұмысының формалары


Бала өмірін жақсарту мақсатында ата-ана рөлін мектеп өмірінде күшейту ерекше маңызды. Бұл жұмыс формасы тек қана отбасымен тығыз байланыс ұстау ғана емес, ал ата-ананың кез келген уақытта сабаққа қатысуы, бірге қыдыруға, саяхатқа шығуы, әр түрлі ойындарда, мерекелерде, туған күндерде бірге болуы.

Алайда барлық ата-ана бірдей бала өмірінде белсенді рөл атқаруға дайын болмайды. Осындай қиын кездерде мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынаста делдал болатын, ата-ананы бала мен педагогтарға жақындастыратын психологтың атқаратын рөлі зор. Жиі психологтардың өзіне ата-анамен жағымды қарым-қатынас орнату қажет болып жатады, өйткені оларды педагогикалық және психологиялық дайындығы өте төмен болуы мүмкін.

Әдетте психологтың ата-анамен жұмысы баланы мектепке немесе басқа бір мекемеге қабылдар кездегі әңгімелесуден басталады. Осы әңгіме барысында ата-ананың баланың мектепке келуі туралы, оның тәрбиесіндегі мектептің атқаратын рөлі туралы көзқарастары және талап-тілектері анықталады, психологпен жағымды әріптестік қарым-қатынас орнатылады. Баланың мектепке келуіне дейінгі отбасымен қарым-қатынас орнату формалары да бар. Мәселен оларды мектепке шақыру, таныстыру, мектептің жабдықталуын көрсету және т.с.с. Мұндай демонстрация ата-анаға өзін қажетті сезінуге, өзін маңыздырақ сезінуге және барлық үрдістің бір мүшесі ретінде сезінуге көп көмегін тигізеді. Оларға тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, жақын уақыттағы сабақ кестесін, факультатив сабақтардың кестесін жазбаша түрде ұсынуға болады.

Дұрысы ең алдымен алғашқы диагностиканы жүргізіп, медициналық картамен танысқан жөн.

Бала туралы және отбасы туралы негізгі мәліметтерді сауалнама жүзінде алу мағызды. Бұл мәліметтерге жатады: баланың туған күні, айы, жылы және қазіргі уақыттағы нақты жасы, ата-анасы туралы мәлімет (шешесі мен әкесінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және орны, ұлты, білімі және мамандығы, оқу және жұмыс орны). Дәл осындай ақпаратты бала тәрбиесінде елеулі орын алған немесе алатын адамдар туралы алған жөн. Бұл ақпараттар отбасында қалыптасқан тәрбиелеу жүйесін, оның мәдени ерекшеліктерін, баланы тексеру кезінде анықталған дамуындағы белгілі бір тежеулер мен ахауларға әкелген жағдайларды түсінуге көмектеседі. Мысалы, алты жасар бала сөздерді дұрыс айта алмайды, оның грамматикалық сөйлеуі нашар. Ата-анамен сөйлесу кезінде, олардың ұзақ уақыт айталық Өзбекстанда тұрып келгендері және бала осы уақытқа дейін өзбекше сөйлегені анықталады. Сәйкесінше бұл оның интеллектуалдық дамуына еш қатысы жоқ. Бұл жиі оралмандарға және балалары ата-әженің қолында тәрбиеленген балаларға қатысты.

Психологқа отбасының әлеуметтік мінездемесі қажет, онда болады:



  1. Отбасы құрамы: толық, толық емес, ыдырап бара жатқан, тұрақты;

  2. Тұрмыстық жағдайы: жеке пәтер, коммуналды үйдегі бөлме, туыстарымен және с.с

  3. Айлық орта табыс: ортадан жоғары деңгей, орта деңгей, ортадан төмен деңгей;

  4. Ата-ана арасындағы қарым-қатынас сипаты: толық түсіністік, басымдылық (әкенің, ананың, басқа туыстарының), қақтығыстар, ұрыстар, келіспеушілік, елемеушілік, жақтырмау, т.с.с.;

  5. Баланың тәрбиесімен жиі айналысады: анасы, әкесі, әжесі, ағасы, әпкесі;

  6. Егер отбасы толық емес немесе айырылысқан болса, онда бұл жағдай балаға қалай әсер етті: ол ата-анасының екеуімен де көрісіп тұрады, әжесімен тұрады, әкесін немесе шешесін көрмейді, т.с.с;

  7. Отбасы құрамында қанда да бір өзгерістер болды ма, не себепті, балаға ол қалай әсер етті.

Психологтың бұл мәліметтерді толық ала алмауы да мүмкін, себебі бұл ақпараттар отбасының ішкі өміріне қатысты, және ата-аналар оны талқыламаулары да мүмкін. Егер қатты қажеттілік етпесе, ішіндег кейбір сұрақтарды қоймай-ақ қоюға болады. Алайда дамуда жағымсыз тенденциялар анықталған кезде, ата-аналармен жағымды ашық атмосфераны орнатқан жөн, мәселен отбасы жағдайы баланың психикалық жағдайын түсінуге аса мағызды септігін тигізеді. Баланың қорқынышы мен невротикалық жағдайы оның жақында бастан кешкен жағдайына тікелей байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда олармен коррекция жүргізу оңайырақ. Ал мүмкін оның бұл жағдайының ұзақ тарихы бар және ол көптеген себептерге байланысты шығар, бұл жағдайда коррекция өте күрделі өтеді және мүмкін басқа мамандардың да көмегі қажет болып қалуы мүмкін.

Әртүрлі жағдайда психолог өз өкілдігін және мүмкіндіктерін анық елестетуге тиіс. Егер зерттеу барысында және ата-анамен сөлйесу барысында алынған ақпарат соншалықты анық болса, және коррекциялық жұмыстың нақты стратегиясын құруға мүмкіндік берсе, психолог коррекциялық жұмысты жүзеге асыруға кіріседі, ал егер анық болмаса – ол.

Мысалы, бала жиі жерлеу, өлген адамдар туралы және т.с.с. әңгімелер айтады, алайда барлығы үнемі жақсы аяқталады, кейіпкерлер тірілтетін суларды тауып жатады. Ата-анамен әңгіме барысында бала тәрбиесімен айналысқан әженің қайтыс болуы анықталады. Ол бұл жағдайды өте қиын қабылдап, жиі әжесін еске түсірген. Бірақ бала әрекетінде айтарлықтай өзгерістер білінбейді: бала дұрыс тамақтанады, басқа балалармен ойнайды, өзін басыңқы сезінбейді, тым қозбалы күйде ұстмайды. Бұл жағдайда психолог келесі шешімді жасайды: бала қиын жағдайды өз бетінше бастан өткеріп келеді және оны аман-есен өткереді де.

Басқа жағдайда зерттеу барысында бала жиі өлген адамдар туралы айтады, оқиғаның барлығы үнемі өліммен аяқталады. Әңгімелесу кезінде отбасында ешкім өлмегені, алайда баланың үнемі басыңқы күйде болатыны, тіпті кейде кішкентай қақтығыс барысында, ал кейде тіпті еш себепсіз осындай күйге түсетіні аныұталады. Отбасында айырылысу болған, бұл өз кезегінде балаға үлкен әсерін тигізген. Мұндай жағдайда балаға психологиялық көмек туралы және оны жүзеге асырудың нақты жолдары туралы әңгіме қозғауға болады.

Баланың психологиялық дамуын бағалау үшін оның денсаулығы туралы, жатырішілік дамуы, тіпті тұқымқуалауы туралы ақпараттар да өте маңызды. Әңгіме барысында психолог бала туу кезіндегі ата-ананың екеуінің де жасын, нешінші жүктіліктен туған бала екендігін, жүктілік немесе босану кезінде қандай да бір патологияның болу-болмауын, болса қандай, туғаннан кейінгі баланын денсаулық жағдайын анықтайды. Бұл мәліметтер баланың дамуындағы және әрекетіндегі ерекшеліктерді түсінуге септігін тигізеді.

Ата-анамен әңгімелесу кезінде алынған көптеген мәліметтер баламен қандай да бір қиындық кезінде көп септігін тигізеді.

Баланың даму тарихымен танысқаннан кейін оның отбасын тереңірек зерттеу керек.

Отбасымен жұмыс. Отбасындағы тұлғааралық қатынас диагностикасы:


  • Тәрбиелеудегі қателіктерді диагностикалау әдістемесі (Э.Г.Эй-демиллер, В.В.Юстицкий);

  • «Отбасының кинетикалық суреті» әдістемесі (Р.Берне, С.Кауфман);

  • «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі (Сакс және Леви нұсқасы);

  • Референтометрия;

  • Рене-Жиль тесті;

  • Ата-ана қатынасының тест-сауалнамасы (А.Я.Варга, В.В.Столин);

  • «Ата-ананың нұсқаулығы мен реакциясының өлшемі» сауалнамасы (PARY);

  • «Үй – ағаш – адам» тесті;

  • Некеге қанағаттанушылық тест-сауалнамасы (НҚС);

  • «Біз қандай ата-анамыз?» әуесқойлық тесті;

  • «Сіз өз балаңызға кімсіз: ата-анасыз, әлде жолдассыз?» әуесқойлық тесті




  1. Практикалық бөлім: «Психолог және ата-ана»

І Бейне-ролик «Бала мен ата-ана арасындағы идеалды қарым-қатынастың интерактивті картасы»
ІІ Пікірталас:

1 жағдаят: «11 сынып оқушысы өз қатарластарының көзінше беделін түсіріп алмас үшін ҰБТ қатысқысы келеді. Сынып жетекші және мұғалімдер баланың деңгейін көріп отыр: бала ҰБТ тапсыра алмайды, ол қажетті ұпайды жинай алмайды, тіпті «екілік» алуы да мүмкін. Ата-ана баласының қайтсе де ҰБТ тапсыруына қадалып отыр. Мектепке талап қояды. Психолог әрекеті?»
(1 – ата-ана; 2 – бала; 3 – мұғалім; 4 – психолог)
2 жағдаят: «5 сынып оқушысы Ахметов Арнурға қатысты пед.консилиум өтіп жатыр. Баланың бастауышта көрсеткен бағалары қазіргі күндегі бағасына сай келмейді. Бастауыш сынып мұғалімі баланың бағасын жоғарылатып қойған. Психолог өз тарапынан 4-ші сыныпта диагностика өткізген кезде бала «төмен» деңгей көрсеткен болатын. Енді ол сыныпқа келген кезде бейімделе алмай жатыр. Орта буын ұстаздары ашулы және қобалжулы. Мәселе. Шешу жолдары?»
(1 – ата-ана; 2 – бастауыш сынып мұғалімі; 3 – орта буын мұғалімі; 4 - психолог)
ІІІ Аңыз – жұмбақ

1) «Философ және көбелек» аңыз

1) Бір заманда керемет бір философ өмір сүрген екен. Ол барлық сұрақтарға жауап айта алатын болыпты. Оның даналығын сынап көргісі келген бір жігіт былай деп ойлапты: «Егер мен қолыма тірі көбелекті салып алып, оған барып сұрасам: менің қолымда тірі ме, әлде өліме деп ол маған не айтар екен? Егер ол «тірі» десе, мен көбелекті алақанымда қысып өлтіріп тастаймын, ал егер ол «өлі» десе мен оны босатып қоя беремін».

Сөйтіп ол өз ойын іске асырмақшы болып, қолына көбелекті қысып алып барған екен. Сонда оның сұрағына философ не деп жауап берді?


Жұмбақтың жауабы:


«Барлығы өз қолында»

2) «Екі егіз ағайын» жұмбақ


Сіз жолмен келе жатып, жолдардың қиылысына келіп тоқтайсыз. Мұнда екі жол болады: біріншісі – Сізді қарақшыларға алып келеді, екіншісі – қалаға. Сіз әрине қарақшылардың қолына емес, қалаға барғыңыз келеді. Тура қиылыста екі ағайын күзетшілер тұрады. Олар бір-бірінен еш бір айырмашылығы жоқ егіздер. Сырт пішіндерінен оларды айыру мүлдем мүмкін емес. Ең қызықтысы, олардың біреуі - өмірі шындықты айтпайтын өтірікші, ал екіншісі - өтірік айта алмайтын адал адам. Сіз олардың қайсысы шынайы сөйлейтіні, ал қайсысы өтірікші екенін айыра алмайсыз. Сізде осы екі ағайындының кез келгеніне (қалауыңыз бойынша) бір ғана сұрақ қоятын мүмкіндігіңіз бар. Оның үстіне, олар сұраққа қысқаша ғана «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді де, қайтадан үндемей қалады. Қалаға түсу үшін күзетшілерге қандай сұрақ қоюға болады?

Жұмбақтың жауабы:


Сұрақ: «Сенің ағаң, мына жол қалаға апарады деп айта ала ма?» Бұл кезде Сіз «мына жол» дей тұрып, кез келген бір жолға сілтеп, көрсетіп тұрасыз. Бұдан әрі 4 жауап нұсқасын қарастыру қажет.
1 нұсқа: сіздің алдыңызда шыншыл жігіт және сіз дұрыс жолды таңдап тұрсыз. Бұл кезде ол «ЖОҚ» деген жауапты айтады, өйткені оның ағасы - өтірікші, сізге өтірік айтар еді.
2 нұсқа: сіздің алдыңызда өтірікші жігіт және сіз дұрыс жолды таңдап тұрсыз. Онда сіз «ЖОҚ» деген жауапты естисіз, өйткені оның шыншыл ағасы «ИӘ» деп айтар еді.
3 нұсқа: сіздің алдыңызда шыншыл жігіт және сіз қарақшыларға апаратын жолды көрсетіп тұрсыз. Бұл жағдайда сіз «ИӘ» деген жауапты естисіз, өйткені ол өзінің өтірікші ағасы үшін сөйлеп тұр.
4 нұсқа: сіздің алдыңызда өтірікші жігіт, ал сіз қарақшыларға апаратын жолды көрсетіп тұрсыз. Сіз «ИӘ» жауабын естисіз, өйткені оның шыншыл ағасы сізге «ЖОҚ» деген болар еді.

Яғни, біз қаланы көрсетіп, «ЖОҚ» деген жауапты естісек – бұл жол қалаға әкеледі деген сөз. Ал егер біз «ИӘ» деген жауап естісек, онда бұл жол қарақшыларға апаратын жол болғаны.


IV «Отбасы құндылықтарының паравозы»

Әр бір топтан екі ойыншыдан шығып, біреуі тақырыпты таңдайды, екіншісі жұмыс материалын таңдайды. Барлығы таңдап болғаннан кейін, қатысушылар тақырып бойынша өз шығармашылық жұмыстарын бастайды. Соңынан әр бір топ өз жұмысын қорғап, ойларымен бөліседі.

1 поезд: отбасындағы қарым-қатынас құндылықтары:

1) . . .; 2) . . . ; 3) . . . ; 4) . . . ; 5) . . . .

2 поезд: отбасындағы әрекеттер құныдылықтары:

1) . . .; 2) . . . ; 3) . . . ; 4) . . . ; 5) . . . .

3 поезд: отбасындағы жоспарлар мен мақсаттар құндылықтары:

1) . . .; 2) . . . ; 3) . . . ; 4) . . . ; 5) . . . .

4 поезд: отбасындағы жетістіктер құндылықтары:

1) . . .; 2) . . . ; 3) . . . ; 4) . . . ; 5) . . . .



Қолданбалы материалдар:

  • ермексаз;

  • жіп, түйме, мата;

  • аппликация;

  • журналдағы суреттер қиындысы (коллаж)


V Топтық шығармашылық жұмыс «Менің отбасым»

Әр бір топқа бір-бір ақ парақ беріледі. Қатысушылар берілген тақырып бойынша параққа бір ауыз өз ойларын жазулары керек. Жазылған ой қазіргі шақта және әңгіменің жалғасы ретінде болып кетуі тиіс.

Мысалы, «. . . Мен сол кезде өз отбасымды қаншалықты қатты жақсы көретінімді түсіндім және оларға жетуге асықтым . . . ». Міндетті түрде, әрбір ойыншы өз ойын жазғаннан кейін, қағазды бүктеп, жауып береді. Келесі ойыншы алдыңғы ойыншының не жазғанын білмеуге тиісті. Яғни топтағы ойыншылар бір-бірімен ақылдаспай, бір әңгіме жазып шығулары керек.

Соңынан әр бір топтың әңгімесі оқылады.


VІ «Музыкалық сәлемдеме»

Әр бір топқа таңдау бойынша отбасы туралы өлең жолдары ұсынылады. Содан кейін оларға сол өлең жолдарын айтатын әуен тыңдатылады. Дайындыққа 3 минут уақыт беріледі. Дайындық аяқталғаннан кейін қатысушылар шығып, өздері таңдаған әуенге салып, өлең жолдарын оқиды.




  1. Ыстық – ау кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында ( «Жан әке» М.Садуақасаова)


  1. Ана деген асыл сөз,

Үш әріптен құралған,

Ана деген ғаламат.

Қасиетті ұғымсың.

Жер бетінде анаға,

Табынады адамзат.

Дүниеде жалғыз жан,

Анашым бір өзіңсің.

Әрбір ана сүйеді,

Өз баласын үнемі

Одан асқан жан жоқ деп,

Жер бетінде біледі. («Асыл ана» С.Майғазиев)

3) Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.
Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.


Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.


Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам. (өз мелодиясымен)




  1. Алфавиттің «А» тұрады басында,

Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.

Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші.

«А» деген ол - аналар ғой ардақты,

«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты,

«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі. («Армандастар»)
VІІ Рефлексия: «Алты шляпа» әдістемесі

«Алты шляпа» әдісі таныстырылып өтіледі. Әр бір топтан қалауы бойынша қатысушылар шығып, қалаған түсті шляпасын алып өз ойын білдіреді.


Әдістеменің мақсаты, мәні, тарихы

Адам бетпереденің артына тығылғанда, оған өз ойын білдіру анағұрлым оңайырақ. Бетперде тек тығып, күш беріп қана қоймай, ойды жинақтап, оған дұрыс бағыт береді. Бетперденің орнына біз . . . шляпаны қолданамыз.

1980-ші жылдардың басында, дәрігер Эдвард де Боно «Алты ойлайтын шляпа» техникасын ойлап тапты – бұл Батыстағы брейнсторминг техникасының кең тараған және сүйікті түрінің бірі.

Алты шляпа ойлаудың алты әдісін (немесе бағытын), алты мүлдем әр түрлі және бірін-бірі толықтыратын көзқарастарды білдіреді.




  • Ақ шляпа – таза ой, дұрыс ойлау.Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Тек бар нәрсеге ғана қарап отырып, алуға болатынды ғана аламыз. Ақ түс қағаз туралы ойға әкеледі. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.

  • Қызыл шляпабұл эмоциялар, оқыстан көздің ашылуы және интуиция. Қызыл шляпаны киген адам басқа адамдардың мүмкін болатын эмоционалды реакцияларын зерттейді. Қызыл шляпа – бұл қызу сөлейтін, тілі мен жағына сүйенген адам және көпшіліктің дәл қазіргі сәттегі бағытын байқай білетін саясаткер. Қызыл түс от туралы ойға әкеледі. Қызыл шляпа интуициямен, сезімдермен және алдын ала сезулермен байланысты. Мұнда еш нәрсені негіздеудің қажеті жоқ. Сіздің сезімдеріңіз бар және қызыл шляпа Сізге оны білдіруге көмектеседі.

  • Қара шляпа – бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек. Өзінің көңілсіз «қолдарыңыздан не келер дейсінін» айта отырып, ол өз көзқарасын дәлелдейтін баяндама айтуы керек. Байқаңыз: «қара шляпа» киген адам саны «1» аспау керек. Пессимистердің көбейіп кетпеуі үшін біреуі ғана жеткілікті.

  • Сары шляпабұл «позитивті» Күн. Сары шляпа – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді. Ең Жақсысысын, Ең Сәттісін аңғарады. Барлық топқа оптимизм жұқтырады. Сары шляпа «негативтен» «позитив» таба білуі керек. Сары түс күн мен оптимизм туралы ойға әкеледі. Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.

  • Жасыл шляпабұл сайқымазақтың шляпасы. Жасыл шляпаны киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс. Жасыл шляпа – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі. Жасыл түс өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі. Жасыл шляпа – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.

  • Көк шляпа бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы. Көк шляпаның рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық шляпаларға сөз беріп, соңынан қорытындылау. Талқылаудың басында да қолданылады, ойлаудың міндетін қойып, соңынан қандай мақсатқа жеткізгісі келетінін анықтайды. Бұл барлық үрдісті бақылау және оны басқару (мақсатты қалыптастыру, қорытынды шығару және т.с.с.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет