ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
УМКД 042-8-2.1.002 /03-2013
|
«Мемлекетті басқару теориясы»
пәнінің оқу-әдістемелік материалы
|
№ басылым
|
5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттері үшін «Мемлекетті басқару теориясы» пәні бойынша
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
Семей- 2013
Мазмұны
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Курстық жұмыс орындау бойынша әдістемелік нұсқау
-
Студенттердің өздік жұмысы
1. Глоссарий
1.Басқару құрылымы – бұл өзара тұрақты қарым-қатынаста болатын және қызмет етумен қамтамасыз ететін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы.
2. Траст – сенім қоры, сенімділік, яғни мүлікті бағалы қағазды, кәсіпорындарды, фирмаларды сенімгерлік жолмен басқару өкілділігінің формасы.
3. Бақылау – нақты заңдарда,нұсқауларда, ережелерде, шарттарда, келісімдерде көзделген қажетті жай күйге келуін тексеру мақсатымен субьектінің қызметін басқару жүйесінің, процесстің құрамдас бөлігі.
4. Басқарудың әкімшілік әдістері – бірлескен қызмет барысында міндетті түрде орындалуға тиіс нормативтік актілер, директивалар, бұйрықтар, нұсқаулар мен өкілдер, басқа да жарлықтар арқылы адамдардың қатынасына ықпал ету құралдарының жиынтығы.
5. Басқарушылық инфрақұрылым – басқару процессін қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелердің, олардың бөлімдерінің жүйесі.
6. Ұйымдық ықпал ету – міндеттерді дәл бөлуде, басшылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуде, басқарудағы негізгі қағидаларды тәптіштеу.
7. Өкілдік ықпал ету – басқару серпінін көрсетеді және межелі бағдарламаны қолдау, ауытқуға жол бермеу, басқару органдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатымен басқарудың жекелеген бөліктерін немесе бүкіл жүйесін өзгерту.
8. Басқарушылық шешімдер – басқару органдарының басқару обьектісіне нысаналы түрде ықпал жасауының негізгі элементі, іс әрекеттің мақсатын тұжырымдау, оны іске асыру.
9. Басқарудың экономикалық әдісі – қызметкердің материалдық мүдделеріне ықпал ету үшін обьективтік заңдылықтар мен сипаттарды сапалы түрде пайдалануға негізделген басқаоу әдістерінің тобы.
10. Мемлекеттік реттеу – үкіметтің экономикалық қызметті өзгертетін немесе бақылайтын ережелері мен заңдары.
11. Мемлекеттік аппарат – мемлекеттік билік пен мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыратын органдар жүйесі.
12. Уәкілетті орган – мемлекеттік құрылыстың түрлі салаларында мемлекеттік саясат жүргізу үшін үкімет айқындайтын орган.
13. Аралас экономика – мемлекеттік ұлттық шаруашылығының белгілі бір бөлігі және секторы үкімет мекемелеріне немесе мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдарына тиесілі және солар басқаратын, оның басқа бір бөлігі жеке азаматтарға немесе ұжымға тиесілі және солар басқаратаын экономика.
14. Құқықтық мемлекет – демократиялық мемлекет, онда құық пен заңның, барлық адамдардың заң және тәуелсіз ел алдында теңдігі қамтамасыз етіледі, бүкіл билікті ұйымдасытру, оны бөлуге негізделеді.
15. Мемлекеттік басқарудың құқықтық органдары – құықтық нысанда экономиканы тура және жанама басқаруға қатыса отырып, заңдық және нормативтік актілердің орындалуын қамтамасыз етеді.
2. Дәріс тақырыптары бойынша қысқаша түсініктеме. Пәннің мазмұны
Кіріспе
Мемлекеттік басқару теорияларының негіздерін білу іргелі және жан-жақтылы бәләм алудың міндетті элементі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік және жергілікті басқару саласында мамандарды дайындаудағы оқу пәндерінің құрылымында мемлекеттік басқару теориясы алғашқы орынға ие болады.
Басқарудың барлық деңгейлерінде, шаруашылық жүргізудің барлық буындарында ағымдағы жұмысты үнемі болашақпен салыстыра алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын мамандардың рөлі барған сайын арта түсуде.
Қазақстан экономикалық және саяси қатынастардың ғаламдық ықпалдасуымен сипатталатын қазіргі кезеңнің құндылықтары мен талаптарына жұрт бей-жай қарай алмайды. Дамудың жаңа тұжырымдамасы ресурстар мен экономикалық қызметке еркін қол жеткізуді , әлеуметтік құқықтар мен мүмкндіктерді кеңейтуді, азаматтардың саяси тұрғыдан өздерін көрсете алуын мойындайды. Оны жүзеге асыру мемлекеттің институттарына біртұтас талаптар жинағын қояды, атап айтқанда: ашық құқықтар, қаржылық жүйе; мемлееттік реттеу механизмдерінің айқындығы; мемлекеттік басқару саласында дайындалған мамандар және т.б. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси партиялар мен басқа да үкіметтік емес ұйымдардың қызметі арқылы көрініс табатын дамығаназаматтық қоғамның болуы да көзделеді.
Қазіргі уақытта елімізде мемлееттік басқарудың барлық деңгейлерінде тиімді механизмдерді қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдануда. Олар мемлекеттік басқаруды жетілдіруді; мемлекеттік билік органдарының құрылымын ұтымды етуді; билікті бақылай алатын толық құқықты азаматтық қоғамды қалыптастыруды қамтиды.
Мемлекеттік билікті нығайтуды, тиімді басқару жүйесін құру негізінде Қазақстан өскелең дамитын әлеуметтік бағытталған экономиканы құра алады.
Модуль 1 Мемлекеттің мәні және басқарудың теориялык-әдістемелік негіздері
Дәріс №1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
-
Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері
-
Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамалары
-
Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
-
Мемлекет түсінігі және негізгі белгілері
Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әрқилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес, сонымен қатар олардың объективті жағдайларын да ескерген жөн. Бұл жерде сөз, ең алдымен, құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігі мен көпқырлылығы және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі туралы болып отыр. Осыған байланысты белгілі австриялық заңгер Г.Кельзен: « мемлекет түсінігн анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әр түрлі нысандар мен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі» деп атап өтеді.
Жалпы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынада мемлекет деп қоғамның өзін немесе оның қандай да бір ерекше нысанын айтады. Ал тар мағынасында мемлекетке басқару органдары немесе субъектілері, ұлттар, белгілі бір елдің халқы тұрып жатқан аумақ жатқызылады.
Қазіргі заманғы мемлекеттануда мемлекет түсінігі жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі көзқарастар қалыптасып, олар оны бірнеше мағынада, атап айтқанда, заңдық, әлеуметтік, нормативтік және органикалық мағынада қарастырады. Заңдық көзқарас тұрғысынан мемлекет заңды тұлға, « құқықтық феномен», ерекше корпорация ретінде қарастырылып, басқа корпорациялардан тек ұлт немесе ел масштабында белгіленген құқықтық тәртіппен ерекшеленеді. Осыған сәйкес мемлекет мәселелері белгілі жағдайда ұлттық құқықтық тәртіп мәселелері ретінде қарастырылып, адамдардың дұрыс іс әрекетін және тәртібін бейнелейтін құқықтық тәртіп ретінде анықталады.
Мемлекет пен құқық арасындағы қатынастар жеке адам мен құқық арақатынасы сияқты бірге қарастырылуы тиіс деп ұйғарылады. Бұл Кельзеннің ойы бойынша мемлекет құқықты шығаруы мен бекітуіне қарамастан, жеке тұлға ретінде өзінің тәртібі мен іс әрекетінде құқықпен байланысты болу қажет екендігін білдіреді.
Әлеуметтік аспектіде мемлекет өзінің құқықтық тәртібі мен құқықтық өміріне тәуелсіз болатын небір « әлеуметтік жалпыға бірдейлілік», әлеуметтік қоғам болып саналады және оған ( оның пайда болуы және қызмет ету кезінен бастап) түрлі органдар бойынша билікті бөлу сипаты тән. Автордың көзқарасы бойынша «барлық іс әрекетті Үкімет бір өзі жасайтын және билікті де өз қолында шоғырландыратын бір де бір мемлекет жоқ».Қоғамда әр кезде бірнеше әкімшілдік құрылымдар болған және бар. Олардың қызметінің нәтижесінде қоғамдағы қатынастардың басым бөлігі туындап, басқару мен бағындыру актілерінің көбі пайда болды. Ал олардың жиынтығы «әлеуметтік мемлекет» деген ұғымды білдірді.
Сонымен қатар мемлекет түсінігі трі « табиғи организм» ретінде анықталады. Осы бағытқа сәйкес ол « әлеуметтік биологияның нысаны» ретінде қарастырылады. Мемлекеттің түсінігіне деген мұндай көзқарасты австриялық заңгер Г.Кельзенге дейін көптеген басқа авторлар, атап айтқанда, мемлекеттің органикалық теориясын жақтаушылар қолдады. XIX-XX ғасырларда өз дамуының жоғары шегіне жеткен бұл теория барлық әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтармен түсіндіруге тырысты. Олар қоғамды толығымен организмге теңестіріп, ал мемлекетті тіршілік етіп жүрген және болашақта дүниеге келетін азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын «жалғыз институт» деп санады.
Сонымен, бір жағынан, мемлекеттің құбылыс пен түсінік ретіндегі күрделілігі мен көпқырлылығы, екінші жағынан әр түрлі авторлардың оны қабылдау субъективизмі оны түсіну мен түсіндіру варианттарының көп болуына объективті жағдай туғызады. Осыдан қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде мемлекеттің көптеген анықтамалары мен түсініктерінің пайда болуы және олардың көптеп қолданылуы түсінікті. Бұл туралы Л.Гумплович:
«Қанша мемлекет танушылар мен философтар бар болса, сонша мемлекеттің анықтамасы болды» деп жазады. Сол себепті мемлекетке тарихи дамуының әр кезеңінде ғалымдардың берген анықтамаларының бір текті болмағаны айқын. Мысалы ұлы ойшыл Аристотельдің пікірінше « мемлекет дегеніміз ешкімге тәуелді емес азаматтардың қарым-қатынасының жоғары нысаны».
Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ойшылы Никколо Макиавелли ( 1469-1527 жж) мемлекетті « қажетті мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыру арқылы ортақ игілікке қол жеткізу» деп түсіндіреді.
XVI ғасырдағы ірі француз ойшылы Жан Боден мемлекетті «қайырымдылық пен әділеттіліктің мәңгі бастамаларын басшылыққа алатын жоғары билік және отбасын құқықтық қорғау» деп қарастырады. Бұл бастамалар мемлекеттік құрылымның мақсатын құрап, ортақ игіліктер әкелуі қажет деген. Осы дәуірдегі белгілі ағылшын философы Томас Гоббс – бейбітшілік пен табиғи құқықтарды жүзеге асыратын кепілгер ретінде мемлекеттің шексіз билігін жақтаушылардың
бірі. Ол мемлекетті «тұтас тұлға, тәуелсіз жоғары билеуші, оның қалауы халықтың қалауы болады, сондықтан ол барлық адамдардың әрқайсысының күші мен мүмкіндігін ортақ бейбітшілік пен қорғаныс үшін қолдана алады» деп санайды.
Либерализмнің саяси - идеялық доктринасын құрушы, ағылшын философ – матералисі Джон Локк ( 1632-1704) «мемлекет басым күштің, яғни мемлекет құрамына кіретін көптеген азаматтардың ортақ еркі» дейді. Ол мемлекетті өздері бекіткен жалпы заңдардың негізінде біріккен адамдардың жиынтығы ретінде қарастырған.
Неміс әдебиетінде мемлекет «белгілі бір аумақта және жоғары биліктің қол астында біріккен халықтың ұйымы» ретінде көрсетілсе (Р.Моль), ал өзге әдебиеттерде «құқықтық жағдайды жан жақты қолдану үшін құрылған жоғары биліктің қол астындағы белгілі бір аумақтағы еркін адамдардың одағы» ретінде қарастырылады ( Н.Аретин). Үшінші жағдайда мемлекет «белгілі құқықтық тәртіпті қорғау үшін табиғи түрде пайда болған билік жүргізуші ұйым, - деп айтылған ( Л.Гумплович).
Сонымен қатар мемлекет , әсіресе 1917 жылғы төңкерістен кейінгі кезеңде, Ресейде «қандай да бір тапты басу үшін арналған күш көрсету ұйымы» ретінде түсіндірілді. Академиялық басылымдарда және оқу әдебиеттерінде ол көбінесе қатаң таптық мағынада « өз диктатурасын жүзеге асыратын экономикалық үстем таптың, билік аппаратының саяси ұйымы немесе негізгі өндіріс құралдарының меншік иелерінің ортақ мүдделерін қамтамасыз ететін және қорғайтын, тарихи түрде келетін, қоғамнан бөлініп шығып, оның экономикалық құрылымынан туындайтын саяси биліктің таптық ұйымы» ретінде сипатталады.
Соңғы екі онжылдықта, 1985 жылғы қайта құру кезеңінен бастап алдымен ресми жалпыодақтық, ал кейін қазақстандық саясат пен идеологияда жалпыадами құндылықтарға мән беріліп, мемлекет пен құқық анықтамаларындағы таптық үндестік біртіндеп жалпы әлеуметтік үндестікпен ығыстырыла бастады. Мемлекет қайтадан ұйым немесе барлығы үшін арналған институт ретінде қарастырылады. Осы орайда оған « өзінің билігін елдің бүкіл аумағына және халқына тарататын және осыған сәйкес арнайы басқару аппараты бар, барлығына міндетті бұйрықтарды шағаратын қоғамның біріңғай саяси ұйымы» деген анықтама берілді.
Мемлекет түсінігін таза таптық тұрғыдан да, жалпы адами тұрғыдан да анықтау біржақты көзқарасты білдіреді. Нақты өмірде таза таптық та, таза жалпыадами да мемлекеттік тнституттар жоқ, демек, соған сәйкес мемлекет түсінігінің анықтамасы да жоқ. Осыдан мемлекет түсінігін анықтау барысында оның тек таптық элементтерің және соған сәйкес белгілерін мен сипаттамаларын да ескерген жөн.
Қорыта айтқанда , мемлекет дегеніміз кез келген қоғамның табиғатынан туындайтын таптық тар ауқымдағы міндеттерді ғана емес, сонымен қатар ортақ істерді атқару үшін қажетті саяси билік ұйымы. Бұл анықтама жоғарыда аталған анықтамаларға қарағанда мемлекет түсінігін ғана емес, сонымен бірге билік басындағы таптардың немесе топтардың мүдделерін қамтамасыз ететін институт ретіндеші мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуын нақтырақ айқындайды.
2 Мемлекеттің мәні мен негізгі сипаттамалары
Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.
Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс.Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектсін,олардың құрылымын, мазмұнын ,бағытталуын зерттейді.
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс әрекетін қамтамасыз етеді. Мемлекет, қысқаша айтқанда, адамдардың аумақтық ұйымдастырылуының белгілі бір тәртіптік жүйесі. Осыған сәйкес, біріншіден, ру тайпалық қарым қатынастар қоғамдық қатынастармен ауыстырылады. Екіншіден, әр түрлі адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне қатысты бейтарап құрылым қалыптасады. Тарихи түрде мемлекет адамдардың жаңа қауымдастығын құрады.
Мемлекет үшін, ең алдымен, өз халқының ұлттық мүддесін білу, оның әлемдік қауымдастық халықтарының мүдделерімен қаншалықты өзара байланысты екенін және оларға қаншалықты тәуелді екенін анықтау, осы мүдделерді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасау өте маңызды болып саналады. Сондықтан мемлекеттік ұстанымдарға міндетті сипат беретін нормалардың тек оның құрылымдары мен механизмдері арқылы ғана қалыптасып, бекітілетіндігін атап көрсету ләзім. Мемлекет өзінің органдары арқылы заңдар мен басқа да нормативтік актілер қабылдап, олардың жүзеге асуын әкімшілік және заңнамалық әдістер арқылы қамтамасыз етеді. Бұл орайда мемлекет заңды монополияға ие және оны орындату барысында, керек болса, мәжбүрлеу тәсілін де қолданатынын баса айту керек.
Мемлекеттің мәні, сонымен қатар, өз мақсаттары мен қызметтерін жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін өзінің аппаратын – ортақ қажеттіліктерді, мүдделерді, мақсаттарды, айқындаумен және қоғамның мемлекеттік құқықтық нормаларын әзірлеумен кәсіби айналысатан адамдар тобын белгілі бір жағдайда ұйымдастырып, оларды қолдайтындығында. Бұл аппараттың күрделі құрылымы мен жан жақты бағытталған қызметі болуға тиісті. Оның бір бөлігі заң
3 Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлык дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Сол сияқты мемлекеттік басқару ісінде де және ол туралы ғылымды қалыптастыру процесінде де басқа да гуманитарлық емес ғылымдардың әдістері мен мәліметтері қолданылады. Бірақ ғылымның әр саласы мемлекеттік басқару мәселесін өзінің зерттеу тұрғысынан қарастырады. Атап айтқанда мемлекет қызметін мемлекет және құкық теориясы, саясаттану, әлеуметтану, философия және тағы басқа көптеген ғылыми пәндер зерттейді.
Философия — табиғат, қоғам және адам ойының дамуының жалпы зандылықтарын аша отырып, мемлекетті, мемлекеттік басқаруды қарастырғанда оның мүмкіндіктері мен шегін, объективті және субъективті жақтарын қарастырады.
Әлеуметтану — қоғамдағы мемлекетгің ролін және соған орай мемлекеттік басқаруды халықтың әр түрлі әлеуметтік, кәсіби және басқа да топтарымен өзара байланыста және қарым-қатынаста қарастырады.
Саясаттану - мемлекетті ерекше саяси институт ретінде, ең алдымен мемлекеттік басқарудың орнын корсету тұрғысынан қарастырады.
Экономикалық теория - мемлекеттік басқарудың ролін экономикамен байланыста қарастырады. Ал мемлекеттік басқару теориясы мемлекеттік басқарудың мәні мен проблемаларын, оның заңдарын, қағидаларын, нысандары мен әдістерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін қарастырады.
Аталған ғылымның зерттеу саласы мемлекет, саясат, мемлекеттік басқару, билік сиякты негізгі түсініктерді қамтиды. Осы пәннің негізі саналатын концепция саясаттың, құқықтың, басқару мен биліктің өзара байланысынан туындайды. Басқару арқылы билік жүзеге асырылады, ол құқыққа және саясатта сүйенеді.
Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс-әрекетін құқықтық реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік
басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси-зандық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай мемлекеттік басқару мемлекеттің тұтас қоғамға жалпы ықпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылатындықтан, бұл әлеуметтік ғылым. Осыларға орай мемлекеттік басқару теориясы - саяси-құқықтық және әлеуметтік ғылым.
Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны — қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың зандылықтары мен қағидаларын оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар); мемлекеттік билік ( саяси, әкімшілік, экономикалық және т.б.); басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-құқықтық реттеу); басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық);
- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару зандылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;
- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезендерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
- басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік (үш тармақ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру жэне орталықсыздандыру және басқару;
- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық-әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани-идеологиялық басқару.
Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастар), саяси және рухани дамуын басқару.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
1.Ихданов М.С Мемлекеттік басқару теориясы. Алматы, 2007
2. Атаманчук. Г.В. Теория государственного управления. Москва: 2007
3. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы. 2008
Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру тесттері
1.Мемлекеттік басқару мақсаттарына қойылатын талаптар.
A. барлық жауаптары дұрыс;
B. объективті негізделген болуы;
C. әлеуметтік сипатта болуы;
D. қажетті қорлармен қамтамасыз етілген болуы;
E. жүйелі түрде ұйымдастырылған болуы.
2. Шопенгауэр келесі тұжырымдама арқылы не айтқан: «Бұл аңның танауына тағатын адамның эгоизмі:
A. Саясат туралы;
B. Экономика туралы;
C. Мемлекет туралы;
D. Заңдылық туралы;
E. Қоғам туралы.
3. Ежелгі рим ғалымы және мемлекеттің қалаушысы Цицерон келесі тұжырымдама арқылы не айтқан: «Бұл халықтың байлығы, ал халық ол қоғамдық мүдде және құқық бойынша бір бірімен байланысты көптеген адамдардың бірігуі»:
A. Мемлекет туралы;
B. Экономика туралы;
C. Саясат туралы;
D. Заңдылық туралы;
E. Қоғам туралы.
4.Кез келген мемлекетті сипаттайтын белгісін айтыңыз:
A. Тәуелсіздігі;
B. Шекарамен шектелген аймағы;
C. Азаматтық қоғам;
D. Материалды атрибуттары (армия, полиция, разведка);
E. Жоғарыдағының белгілерінің барлығы.
5.Мемлекеттің пайда болу теориясының бұл мағынасы оны жақтаушылар тек қана мемлекеттің және құқықтың құдайдан шыққан деген, олар құқықтық мемлекеттік үкіметті мәңгілік деп түсінген:
A. Патриархалды теория;
B. Теологикалық(теократикалық) теория;
C. Мемлекеттің келісім шарт теориясы;
D. Билеп алу теориясы;
E. Әлеуметтік-экономикалық теория.
Достарыңызбен бөлісу: |