Тікелей эфирдегі жаңалықтар легін жүргізетін тележурналист ең
алдымен төмендегілерді:
Жалпы журналистің құқықтық негіздерін;
Тележурналистиканың қоғамдағы орны мен рөлін;
Тележурналистиканың шығармашылық ерекшеліктерін;
Жаңалықтар мәтінін әзірлеуде тілдің барлық мүмкіндіктерін белсенді
түрде пайдалану арқылы өз ойын стилистикалық тұрғыда дұрыс
жеткізе білу жолдарын;
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін заңды
басшылыққа ала отырып, Ж.Əбдіжəділқызы жүйелеген тікелей
эфирдегі жаңалықтар легіне қойылатын талаптарды орындауға
тиісті:
Дəлдік. Əрбір фактіні, датаны, адамның аты-жөнін, қызметтерінің
атауын міндетті түрде тексеріп, анық-қанығына көз жеткізу қажет.
Мұндай дәлдіктің сақталмауы кәсіби деңгейдің нөлге тең екенін
көрсетеді.
Ізеттілік. Кез келген ақпаратты ұсынғанда аудиторияға құрметпен тіл
қату – кәсіби парыз.
Достарыңызбен бөлісу: |