«Сенімді және еркін жауап беру» бөлімшесі бойынша оқу мақсатын таңдап, тапсырма құрастырыңыз. 5-ресурсты оқып шығыңыз)



бет1/3
Дата29.02.2024
өлшемі19.54 Kb.
#493210
  1   2   3
4.1-тапсырма Ниязбекова Г.М. өзгер


4.1-тапсырма. 10-11 сыныптарда айтылым дағдысын жетілдіру бойынша жүргізілетін оқу әрекеттерін ескере отырып, айтылым бөлімі «Сенімді және еркін жауап беру» бөлімшесі бойынша оқу мақсатын таңдап, тапсырма құрастырыңыз. (4.5-ресурсты оқып шығыңыз).

Бөлім

Сандық технология ны пайдалануда ғы теңсіздік

Бөлімше:

Сенімді және еркін жауап беру

Сынып:

10

Тақырыбы

Мұхтар Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді

«Компьютер басты жарты адамдар»

Оқу мақсаты:

10.2.5.1 пікірталастың «пікірталас -монолог», «пікірталас-диалог»,
«пікірталас-полилог» түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу

Бағалау критерийі:

«пікірталас -монологта» сенімді және еркін сөйлейді;
«пікірталас-диалогқа» еркін түсе алады:
«пікірталас-полилогта» еркін пікір алмасады.

Тапсырма:



Мәтінді мұқият оқиды .


1-тапсырма.
Мәтінге 4 ашық сұрақ дайындап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Монолог түрінде жеткізіңіз.



«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,
Қонақтары сұрапты:
- Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
- Бір жарым! - деп тіл қатыпты әлгі адам.
- Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын
Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға

Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан
Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!
Иә, бізді қайда апармақ мына заман ақпалы?
Ұлан-байтақ жерімізді жарты адамдар қаптады.
Қайда барсаң көз алдыңда өнеге боп жарқылдар,
Жарты бастық, жарты ұстаздар, жарты қыздар, жарты ұлдар.
Президент пе, депутат па, тракторшы ма, бәрі бір,
Бойын рухтан аулақ салса бәрінің де мәні бір.
Өз халқының тілі, ділі - зор адами парқына,
Тамыр жалғай алмағандар не сыйламақ халқына?
Бұл қазаққа көз өткен бе,
Тілдің мұңын сөз еткенде
Кей басшылар нақ бір жылан көргендей боп қалтырар...
Ұлтсыздардың бәрі - рухи мүгедектер, жартылар.
Тілін, ұлтын менсінбеуден ол қасқалар бақ табар,
Бар назары материалдық игілікке тоқталар.

Дескриптор: Мәтінді мұқият оқиды.


көтерілген мәселені анықтау үшін ашық сұрақтар түзеді;
көтерілген мәселені анықтайды;
мәтінде көтерілген мәселені монолог түрінде еркін жеткізеді;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет