Сәрсеке М. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет172/244
Дата07.11.2023
өлшемі3.61 Mb.
#482631
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   244
3 Қаныш роман-эссе

төтенше ауыртпалықтан құтқаратын – тек қана Жезді кені. 
Мұндай кен қоймаларын, тегінде, ертерек барлап, қор да ұстау 
жөн...» деп ресми хат жазған адам. Міне, сол кеніш. Жеті жылдан 
соң, жет піске таяған шағын да көруге тура келді...
Бірер күн Ұлытау өңірінде демалып, кен 
ші, барлаушы 
қауымның сый-сияпатын кө ріп, ғалымдар тобы одан әрі Қостанай 
облысына аттанады. Мақсат – Аят пен Лисаков кен орындарымен 
танысу (бұл кендер келе шекте Қазақстан мен Оңтүстік Оралдың 
металлургия алыптарының не гізгі шикізат қой масына айналмақ). 
Осы жерде саяхатшыларды Магнитогор комбинатының ди 
рек-
торы Н.Г. Носов қарсы алады.
Т.А. СӘТБАЕВАНЫҢ естелігінен:
«И.П. Бардин мен Н.Г. Носов бізді Маг ни тогор комбинатын 
көре кетуге шақыр ды. Қазақстандықтар бұл ұсынысты қуа-
на қарсы алды. Орал өзенінің жағасына орналасқан тамаша 
қала, оның қолдан өсі рілген жасыл бағы, сәулетті мәдениет са-


454
Медеу СӘРСЕКЕ
райы, кітапханалары, гимнастика зал дары бізге таңғажайып 
бір ертегі шәріне тап болғандай әсер етті. Бұл жерде бізге Иван 
Павловичтің өзі жолбасшылық етті...
 Сіздерге біз өте-мөте қарыздармыз!  де ді комбинат дирек-
торы дастарқан басындағы меймандостық қабылдауда. Сөй т-
сек, комбинат өздеріне қажет ферромарганецті осы күнге дейін 
Жездіден ала ды екен. 
 Олай болса, қарыздарыңыздан құты 
латын сәтті кезең 
туды,  деп әзілмен жа уап берді Қаныш Имантайұлы ниет біл-
діру кезегі келгенде.  Теміртау ком 
 
би 
натын салуға жәрдем 
беріңіздер! Орталық Қазақстанның темір мен марганец қор лары 
екі алыпқа да молынан жетеді...
Бұған дейін де жап-жақсы өрбіп келе жат қан Иван Павлович 
пен Қаныш Имантайұлы ның арасындағы достық осы са пар да 
ерек ше бекіп, өзгеше сипатқа бет бұрғандығын ескерту парыз. 
Өмірге қада мын өн ді ріс тен бастаған, ғылымға практикалық жұ-
мыс тардан соң келген осынау екі адам сол жо лы бір-бірін айрықша 
танып, рухани жақындасып қоштасқан... Қысқасы, И.П. Бардин 
осы сапардан соң Қаныш Иман тайұлының барлық ынта-бас-
тамаларына бұрынғыдан да зор жігер мен қол ұшын беріп, жа-
нын сала көмек те се тін болды. Бұл достық Теміртау ға на емес, 
Аят, Лисаков, Соколов-Сарыбай, Қа шар кен комбинаттарының 
жедел са 
лынуына, Үлкен Торғайдағы темір-маг 
не 
тит кенде-
рін пайдалануға игі әсерін тигіз ді. Иван Павлович Өскеменде 
Алтай кен-ме 
таллургия, Қарағандыда химия-метал 
лургия 
институттарының ашы луын мақұлдап, зор кө мек көрсетті...
Қарағандыға қайтып келген соң Қа ныш Имантайұлы сапа р-
ды одан әрі жалғастырғысы келді. Бұл жо лы ол Сары ар қа ның өзі 
сирек болған те рістік-шығысын кө ре кетуді құп көрген-ді. Бұған 
Н.Г. Кассин де қуанып, «Жасаң кезімде аралаған Шыңғыстау-
ды тағы бір мәрте көріп қайта й ын!» деп, бірге жүруге тілек біл-
дірсін. Сөйтіп, біз осы өңірдегі полиметалл кендерін аралауға 
аттан дық...»
Бұл сапарда олар Гүлшат, Қарқаралы, Саяқ, Жорғаны көріп
Шыңғыстаудың оң 
түс 
тік беткейіндегі Ақбастау, Құсмұрын, 
Мей 
зек (алтыны молырақ) мыс кендеріне соққан. Бұдан соң 
Қалба бөктеріне түсіп, Ақжал мен Бөкенің өткен ғасырдан 
қазылып келе жат қан ескі жылғаларын, Бақыршықтағы бар лау 
жылғаларын (үшеуі де алтын кені, соңғы кеніш бертінде дүние-


455
ШЫҒАРМАЛАРЫ
жүзілік деңгейдегі қорлы кен орны екендігі анықталған) шұқшия 
аралап, соңынан Ертіс жағасына ат басын бұрады. Ағысы адуын 
һәм арналы өзеннің Ескі Шүлбі елді мекенінің тұсындағы оқшау 
жаратылған биік жарқабағынан қарсы бет тегі ну қарағай орма-
нын тамашалап тұрып, сөйтудің де себебі кейінірек ашыл мақ, 
сол жерден жет піс шақырымдағы Семейге жетеді. Сірә, бозбала 
күндері өткен қалаға соқпай кетуге Қаныш Имантайұлы ның дәті 
жетпеген...
Келесі күні екі академик облыс орталы 
ғынан жолбасшы-
лар ертіп, баяғы «Қар қа ра лы – Майлықара – Семей» пошта жо-
лының сүрлеуіне түсіп, Ертіс арнасынан екі жүз шақырымдай 
күнбатысқа туралай тартып, жолшыбай Дегелең, Мыржық 
тауларының қойнауын шола көріп, осы өңірден табылған көмір 
қазаншұңқырын тамашалап, келесі күні Түңлік өзе ні нің жаға-
сына келіп түнейді. Сарыарқа білгір ле рі нің қиыстап шыр айнала 
жүрулер інің түп мәнісі қазыналы Мыржық тауы болған: ғасыр-
дың бас кезінде нақ осы өңірде ағыл шын кәсіпкерлері ті міскі 
ізденістер жүр 
гізіп, екі жерден шахта қазыпты; 30-жыл 
дарда 
жарық көрген «Весь Казахстан» анық тамалығында осы таудың 
25 жерінде (!) мыс кенінің танымал белгілері табылғандығы да 
айтылған; соғыс жылдарында жергілікті геологтар осы таудың 
түстік қолатынан марганец кенінің жер бетіне жақын жатқан 
мол қорын да іздеп тапқан, тек күре жолдан қашық орналасуы 
себепті өндіріс ашыл маған; ал Майлықара бөктерінен жергілікті 
қазақтар ерте заманнан арба білігіне жағатын қарамай алып 
жүрген шұңқырларды шұқ шия қарап, келешекте мұнай іздетуге 
де ойлары бар-ды...
Әрине, шолғыншы сапарда мәнді ештеңе көре алмайсың. 
Сөйтсе де қос ғұла маның дара біткен көргіш қабілеті, одан да гөрі 
болжампаздық дарыны көп жайтты аңғар ған. Алматыға келген 
соң екеуі тиісті мекемелерге рес ми хат түсіріп, Мыржық қойнын 
түбегей лі зерт теу үшін арнаулы экспедиция жа сақ тауды ұсынған. 
Амал қанша, бұл өңірдің ке лешек тағдыры сол қарсаңда басқаша 
шеші ліп қойған-ды: Мыржық, Дегелең, Май лы қа ра (қазірде ол 
Қаражыра аталады, екі жарым миллиард тонна қорға ие көмір 
кеніші Ертіс атырабындағы қалың елді арзан отынмен жаб дық тап 
отыр) таулары ғана емес, айналасындағы ат шаптырым кең дала, 
Ертіс жаға сына дейінгі кең атырап әскерилерге беріліп, ерекше 
құпияланған полигон ұйымдас 
тырылғаны мәлім. Бұл жайтты 
ғалым-геологтар сол күнде білмеген...


456
Медеу СӘРСЕКЕ
ІІ
Қаныш Имантайұлының қайырымды лы ғы туралы әріптестері 
неше алуан хикаяттар шертеді. Бәрінен де азамат тұлғасын тани-
мыз. 
Он екі жыл ұдайы президент кеңсесінде хатшы болып еңбек ет-
кен Антонина Сидоровна Додонованың осы ғұмырнама авторына 
бертінде әңгімелеген естелігі мынадай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет