Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы


Кесте. 4.7 - Ойындық жабдықтарды орналастырғандағы



бет4/22
Дата29.02.2016
өлшемі1.71 Mb.
#32374
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Кесте. 4.7 - Ойындық жабдықтарды орналастырғандағы

қауіпсіз ең қысқа қашықтықтар







Ойындық жабдықтар


Ең қысқа қашықтықтар

1

2

Әткеншектер

Құрылғылардың бүйірінен жанына қарай 1, 5 м кем емес және әткеншектің көлбеу тұрғандағы жағдайында шеткі нүктелерінен 2, 0 м кем емес алға(артқа) қарай

Тербелмелер


Құрылғылардың бүйірінен жанына қарай 1, 0 м кем емес және әткеншектің көлбеу тұрғандағы жағдайында шеткі нүктелерінен 1, 5 м кем емес алға қарай

1

2

Айналмалы әткеншектер


Құрылғылардың бүйірінен жанына қарай 2 м кем емес және әткеншектің төменгі айналып тұратын бетінен 3 м кем емес жоғары

Төбешіктер


Бүйір жақтарынан 1 м кем емес және төбешіктің төменгі шетінің ылдиынан 2 м алға қарай

    

 4.1.7.6 Спорттық жабдықтар халықтың барлық жастағы топтарына арналған, спорттық, денешынықтыру алаңдарында, не болмаса арнайы жабдықталған жаяулар қатынастарында( денсаулық соқпақтары) демалыс құрамында орналастырылады. Арнайы денешынықтыру снаряды және жаттықтыру құрылғысы ретінде зауыттық дайындалуымен қатар, жарақат алмайтындай , сырты арнайы өңделген бөренелер мен қырлы бөренелерден жасалуы мүмкін. Орналастырғанда сертификатталған жабдықтардың каталогын басшылыққа алу керек.


4.1.8 Жарық түсіру және жарық беретін жабдықтар

Қала аумағындағы түрлі қала құрылысы жағдайында , тәжірибеге сүйену, жарықты жоспарлау және жарықтың құрылымдық міндеттері мақсатындағы функционалдық, сәулеттік және ақпараттық жарық түсіруді, оның ішінде, қала аумақтарында жарықты түстендіріп аймақтандыру және жарықтың кеңістіктендірілген ансамбльдерін қалыптастыруды қарастыру керек.

Жарықтың үш негізгі тобының әрқайсысын(функционалдық, сәулеттік жарық түсіру, жарықтық ақпараттарды) жобалағанда қамтамасыз етілуі тиіс:

 - сыртқы сәулеттік жарық түсіру және үй тұрғызатын аймақтарды жасанды жарық түсірудің әрекет етуші мөлшерлері, сапалық және сандық көрсеткіштері (ҚР ҚНмЕ 2.04-05-2002)     

- Электр құрылғыларын құру ережелеріне (ЭҚҚЕ) сәйкес, құрылғылармен жұмыстың сенімділігі, тұрғындардың, қызмет көрсетуші адамдардың қауіпсіздігі және қажет болған жағдайда, тағылықтан(вандализмнен) қорғау;     

- қолданылатын құрылғылардың үнемділігі мен қуат тиімділігі, электр қуатын орынды тарату және пайдалану;     

- жарық түсіретін құрылғылардыңэлементтерінің әсемдігі, әрленуі, түнгі және күндізгі уақыттағы түйсіну ескерілген материалдың сапасы;     

- құрылғыларды түрлі жұмыс тәртібінде басқару мен қызмет көрсетудің ыңғайлылығы;

     

4.1.8.1 Функционалды жарық түсіру

Функционалды жарық түсіру (ФЖТ) жаяу кісілер аймақтары мен көлік кеңістіктерінде және жол төсемдерінде тұрақты жарық түсіру құрылғыларымен жүзеге асырылады. ФЖТ құрылғылары кәдімгі, биік діңгекті, жақтаулы, көгалдық және ішіне салынған болып бөлінеді.     

4.1.8.1.1 Кәдімгі құрылғыларда шырағаданды тірек үстіне ( бұрамалы, консолды), ілгішке немесе қасбетке(бра, плафондар) 3-15 м аралығындағы биіктікке орналастыру керек. Оларды ең дәстүрлі ретінде көлік және жаяулар жүретін аймақтарда қолдануға болады.     

4.1.8.1.2 Жарық түсіру құралдары биік діңгекті құрылғыларда(қуатты жарық бергіш құралдар немесе шырағдандар) 20м және одан да артық биіктікте тіреуіште орналастырылады. Бұл құрылғыларды ашық тұрақтар(паркингтер), магистральдар, көлік түйіндеріндегі үлкен кеңістікке жарық беруге пайдалану ұсынылады.     

4.1.8.1.3 Жақтаулық құрылғыларда шырағдандар жол өтпесінің, көпірлердің эстакадалардың, пандустардың, түйіндердің, және жаяужолдар мен алаңдардың өтетін бөлігін қоршап, сызықпен немесе үзік сызықпен жақтауға 1, 2 м биіктікте орнатылады. Олардың қолданылуын техникалық-экономикалық және(немесе)көркемдік дәлелдермен негіздеу қажет.     

4.1.8.1.4 Көгалдық шырағдандар көгалдарға, гүлзарларға, жаяулар жолдары мен алаңдарға жарық түсіру үшін қызмет етеді. Олар қоғамдық кеңістік аумақтары мен демалыс нысандарында вандализмнің(тағылықтың) ең аз аймақтарында қарастырылуы мүмкін.

4.1.8.1.5 Баспалдақтың, тіреуіш қабырғалардың, қоршаулардың, МАФ, ғимараттар мен құрылғылардың іргесінің ішіне орнатылған шырағдандарды, қоғамдық мақсаттағы аймақтардың жаяу кісілер жүретін аумағына жарық түсіру үшін пайдалану керек.    

       

4.1.8.2 Сәулеттік жарық түсіру

Сәулеттік жарық түсіру (СЖ) жарықтық ансамбльдер жасау үшін, жердің бедері құрылымдарына, көңіл бөлерліктей және басым нысандарға, МАФ, монументтік және инженерлік өнерге, сәулет ескерткіштеріне бейнелік түсінік беру және қараңғыдан табу үшін, кешкі қалада көркемдік айқын көзбен шолуды қалыптастыру үшін қолданылуы тиіс. Ол нысандарға тұрақты және уақытша құрылғылармен жарық түсірумен, ең бастысы, олардың маңдай алды беттеріне сыртқы жарық түсірумен жүзеге асырылады.     

4.1.8.2.1 СЖ уақытша құрылғыларына мерекелік иллюминация:жарық шашатын тізбектер, торлар, пішінді қаптамалар, жарықтық графикалық элементтер, панно мен қыздыру шамдарынан көлемді құрылымдар, разрядты, жарық диодтарынан, жарық көрсеткіш, жарық бетсалымы, лазерлік суреттер, және т. с. с. жатады.     

4.1.8.2.2 Сәулеттік жарық түсіру мақсатында ФЖ құрылғылары- ғимараттардың қасбеттеріне бағытталған, элементтері көше шырағдандарының тіреуіштеріне бекітіле алатын, қуатты жарық түсіргіш құралдарды құрастыру үшін, жасыл отырғызулар, иллюминация, жарықтық ақпаратпен жарнама үшін пайдаланылуы мүмкін.          
4.1.8.3 Жарықтық ақпарат

Жарықтық ақпарат (ЖА) оның ішінде жарықтық жарнама жаяу адамдар мен автокөлік жүргізушілеріне қала кеңістігін бағдарлауға көмектесіп және жарық құрылымдық міндеттерді шешуге қатысуға тиісті. Мұндай ақпараттың орналастырылуы, ауқымдылығы, үлгісі мен жарықтық түстік элементтерінің параметрлері есептік қашықтықта айқын қабылданып және нақты жарықтық ансамбльге үйлесімді енгізілуі тиіс, тұрғындардың өмір сүру жайлылығын бұзбай, іс жүзіндегі жолда жүру ережелеріне қайшылық туғызбауы керек.          
4.1.8.4 Жарық көздері

4.1.8.4.1 ФЖ пен СЖ тұрақты құрылғыларында қуатты үнемдеп ажырататын жарық көздерін, тиімді жарық беру құралдары мен жүйелерді, әрлеуі және пайдалануы сапалы сипаттағы бұйымдар мен материалдар:іс жүзіндегі МСТ және техникалық жағдайлардың талаптарына жауап беретін, тіректер, тіреуіштер, қорғаушы торлар, экрандар мен құрылғылық элементтер қолдану керек.     

     4.1.8.4.2 ФЖ құрылғыларында жарық көздерін жарықтық-түстік аймақтандыру, бағдарлауды жақсарту, қолайлы көру жағдайларын қалыптастыру талаптарына сай таңдап алу керек:     

 - көру аймақтарында ереже ретінде, дәстүрлі жоғары қысымды натрий шамдарын (ЖҚНШ) пайдалану керек қараңыз.     

- қоғамдық-жаяу адамдар және демалыс аймақтарында, оның ішінде, жаяу адамдар туннелінде-жақсы түс беретін ақ түсті ажырату шамдары Ra=80, Тц=3200-5000 К К (люминесцентті ЛЛ және шағын люминесцентті ШЛЛ, доға тәріздес сынапты-люминесцентті ДСЛ, металло-галогенді МГЛ, индукциялы үлгідегі QL и т. п. );

- қаланың тарихи бөлігіндегі тұрғын үй аулаларында-жылы-ақ түсті шамдар, Ra=70, Тц=3000-3500 К (КЛЛ, ДРЛ "қолайлы", НЛВД "white");

 - жақтаулы, көгалды және ішіне орнатылған құрығыларда ақ және түсті жарық шамдарын қолдануға рұқсат етіледі. (ШЛЛ, ЛЛ)

 4.1.8.4.3 СЖ және ЖК құрылғыларында көбінесе ақ немесе түрлі-түсті айыру көздері пайдалануы тиіс. Бұл жағдайда жарық түсіру құрылғыларының барлық топтарының бірлескен әрекетінде құрылған, әсіресе жарық ансамблінің немесе нақты қала кеңістігіндегі қызмет ететін, хроматикалық жарықтың, жарықтық және түстік бейімделудің қалыптасқан жағдайларын және жиынтық көру әсәрін ескеру қажет.          


4.1.8.5 Жаяу жүргіншілер және көлік аймақтарына жарық түсіру

4.1.8.5.1 Жаяу жүргіншілер және көлік аймақтарындағы ФЖ құрылғыларында, ереже бойынша, тік, шашыраған немесе шағылысқан жарықтың төменгі жарты сферасына бағытталған жарық түсіру құралдарын пайдалану керек. Шексіз жарық тарататын шырағдандарды (мөлдір немесе жарықты шашырататын материалдардан шар үлгісінде):көгалдарда, қасбеттерде(бра мен плафон үлгісінде) және тіректегі венчающими және консольды құралдарда қолдануға рұқсат етіледі. Соңғыларын көгалдандырылған аумақтар немесе жарықтандырылған ғимараттар қасбеттерінің, құрылыстардың, жер бедері баурайының аясында орнату ұсынылады.      

4.1.8.5.2 Қарқынды жаяу жүргіншілер қозғалысының аймақтарындағы көшенің өтетін бөлігі мен оған жалғасқан жаяужолдарға жарық түсіру үшін, түрлі биіктікте орналасқан, әртүрлі шоғырлы жарық көздерімен жабдықталған-өтетін бөлік үстінде НЛВД, кеңістікті түсті жарықтандыру мақсатында, жаяу жүргіншілер бөлігінің үстінде ДРЛ (немесе МГЛ) шырағданды қос консольды тіректер қолдану ұсынылады.

     4.1.8.5.3 Көлік және жаяу жүргіншілер аймағындағы ФЖ шырағдандарын орнату тәсілдері мен орнының үлгісін таңдауды, жарық кеңістігінің қалыптасу ауқымын есепке алып жүзеге асыру керек. Көшенің өтетін бөлігінің, жолдар мен алаңдардың үстіндегі тіректегі шырағдандар 8 м кем емес биіктікте орналастырылуы тиіс. Жаяу жүргіншілер аймақтарындағы тіректегі шырағдандардың орнатылуы 3,5 м кем емес және 5,5 м аспай орнатылуы тиіс. Ғимараттардың жанында орналасқан өткелдерге, жаяу жолдар мен алаңдарға жарық түсіруге арналған шырағдандарды(бра, плафондар) 3 м кем емес биіктікте орналастыру керек.

4.1.8.5.4 Торапты көшелердің өтетін бөлігіне жарық түсіруге арналған көше шырағдандарының тіректері ернеулік тастың сыртқы шегінен тіректің төменгі бөлігіне дейін 0, 6 м кем емес қашықтықта орналасуы тиіс, жергілікті маңызы бар көше жүйесінде автобус пен троллейбус қозғалысы және жүк машиналарының үздіксіз қозғалысы болмаған жағдайда, бұл қашықтықты 0. 3 м дейін азайтуға болады. Тірек көшелер және жолдардағы өрт гидранты мен өтетін бөліктің арасында болмауы керек. Тарихи құрылым жағдайында тіректі ернеулік тастың жанында орналастыруға рұқсат етіледі.     

4.1.8.5.5 Торапты көшелер мен жолдардың қиылысындағы тіректер, ереже бойынша, жаяужолдың айналымының басына дейін және түрлі бағыттағы енулерден 1. 5 м таяу емес, олардың орналасу сызықтарының біркелкі құрылымын бұзбай орнатылуы тиіс. Тіректің кез-келген жарық түсіру құралы мен ағаштардың түбір мойыны және тірек пен жер асты қатынастарының арасындағы қашықтық-ПУЭ сәйкес болуы керек. Көшелер мен өткелдердегі қарапайым ағаш отырғызуға байланысты, шырағдандарды ағаштардың басына тигізбей, көшенің өтетін бөлігін жағына қаратылған, биіктетілген тіреуіштерде орнатуға болады немесе көлік аймағы үстіндегі арқанды ілгіш құралдарың қолдану керек.

          
4.1.8.6 Жарық беретін құрылғылардың жұмыс тәртібі

Жарық түсірудің барлық үш тобын жобалағанда, тәуліктің қараңғы уақытында қалалық ортада көзбен шолудың әртүрлілігін қамтамасыз ету және электр қуатын ұтымды қолдану мақсатында, келесі жұмыс тәртібін алдын-ала қарастыру керек:

- мерекелік жарық түсіру жүйесінен басқа, ФЖ, СЖ және ЖА қызмет етіп тұрғандағы кешкі жұмыс күнгі тәртіп;

- жарық түсіру нормаларымен және қала әкімшілігінің нұсқауларымен рұқсат етілген, ФЖ, СЖ және ЖА құрылғыларының бір бөлігі өшірілуі мүмкін , түнгі кезекші тәртіп;

- қала әкімшілігімен белгіленген, апта күндері мен тәулік сағаттарындағы үш топтың тұрақты және уақытша құрылғыларының барлығы қызмет істеп тұрғандағы, мерекелік тәртіп;

- ФЖ пен СЖ тұрақты және уақытша құрылғылары үшін, белгіленген мерзімдерде(қыста, күзде), көбінесе демалыс аймақтарында қарастырылатын мерзімдік тәртіп;

- Басқару саласына қатысына қарамастан, жарық түсіру құрылғыларының барлық үш тобының қосылуы кешке табиғи жарықтың деңгейі 20 лк төмендегенде жасалуы тиіс. Тұрғын үйлердің, жатақханалардың, қонақ үйлері мен емдеу-сауықтыру мекемелерінің терезелеріне жалпы жарық түсіру деңгейі ҚР СН 4.04.18-2003. талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сөндірілетін жағдайлар:       - ФЖ құрылғылары-таңертең 10 лк дейін жоғары жарық түсу жағдайында;көше шырағдандарының кешкі тәртіптен түнгі тәртіпке көшкендегі, жаяу аламдар иуннелінің жарық түсірілуінің күндізгі тәртіптен кешкі және түнгі тәртіпке ауысуының сөндірілуі мүмкін уақыты , қала әкімшілігімен белгіленеді, сол сияқты түнгі тәртіптен күндізгіге ауысу көшеге жарық түсіруді қосу және сөндірумен бір мезгілде жасалуы тиіс ;     

 - СЖ-құрылғылары-қалалық әкімшіліктің шешіміне сәйкес, жарық түсірілетін нысандардың көпшілігі үшін, қыс мезгілінде кешкі тәртібін және жазғы жарты жылдықта түн ортасына дейін және түнгі бірге дейін, ал бірқатар нысандарда (вокзалдарда, басым қала құрылыстарында, қалаға кіре берісте және с. с. ) СЖ құрылғылары күн батқаннан күн шыққанға дейін қызмет етуі тиіс.     

- ЖА құрылғылары – тиісті басқару салаларының шешімі бойынша.

     


4.1.9 Сыртқы жарнама мен ақпарат құралдары

4.1.9.1 Қаласы аумағында сыртқы жарнама мен ақпарат құралдарын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен және жергілікті басқару органдарының шешімімен бекітілген, Сыртқы жарнама мен ақпарат құралдарын орналастыру ережелері негізінде жасау керек.     



4. 10. Күрделі емес тұрақсыз құрылғылар

4.1.10.1 Күрделі емес тұрақсыз құрылғылар болып, жеңіл құрылыммен жасалған, терең іргетас пен жер асты құрылыстарын қарастырмайтын құрылғылар саналады, -бұл ұсақ бөлшек сауда нысандары, бағыттас тұрмыстық қызмет көрсету және тамақтану нысандары, аялдамалық павильондар, жер бетіндегі дәретхана кабиналары, бокстық гараждар, басқа да күрделі емес сипаттағы нысандар. Құрылғыларды өңдейтін материалдардар санитарлық-гигиеналық талаптардың, өртке қарсы нормалардың, қалалық әрлеу мен жарық түсірудің сәулеттік-көркемдік талаптарына, қалалық ортаның қалыптасқан сипаты мен ұзақ уақыт пайдалану жағдайларының талаптарына сай болуы тиіс. Сөрелерді шынылағанда сынықсыз, соққыға төзмді материалдарды, қауіпсіз берік қылатын көп қабатты үлдірлі жабындар мен поликарбонатты шыныларды қолдану керек. Шағын-маркеттер, шағын-базарлар, сауда қатарларын жобалағанда жеңіл құрылғылардан орындалатын, тез тұрғызылатын модульды кешендердіқолдану ұсынылады.          

4.1.10.2 Күрделі емес тұрақсыз құрылғыларды қала аумағына орналастыру жаяу жүргіншілер қозғалысына кедергі келтірмеу керек, өртке қарсы талаптарды олар жанында орналасқан, аймақ пен үй-жайдың инсоляция жағдайын, қаланы көзбен шолып қабылдауды мен аумақ пен құрылысты абаттандыруды нашарлатпау керек. Құрылғыларды тарихи құрылымдар аймағында және табиғи кешен аумағында орналастырғанда, құрылыстың парметрлері (биіктігі, ені, ұзындығы), қызмет көрсету маңызы және басқа жағдайлар ескерткіштерді қорғайтын, табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың өкілетті органдармен келісілуі тиіс.     

 4.1.10.2.1 Күрделі емес тұрақсыз құрылғыларды вестибюльдердің, метрополитен станцияларының күн қағарларының астына, ғимараттардың аркаларында, көгалдарда, алаңдарда (балалар, демалыс, спорт, көлік тұрақтары), қалалық жолаушылар көлігінің отырғызу алаңдарында (осы бөлімнің 3 т. сәйкес қоршалған аялдамалық павильоннан басқа), арналық кәріз бен су құбырларының, құбыр жүргізудің қорғалатын аймағында, аялдамалық павильондар мен метрополитеннің техникалық құрылыстарынан - 10 м, желдету шахталарына - 25 м, тұрғын үй-жай терезелеріне - 20 м, сауда кәсіпорындарының сөрелерінің алдында, ағаш діңдерінен - 3 м. жақын орналастыруға рұқсат етілмейді.

4.1.10.2.2 Ені 4,5 м. асатын жаяужолдарда (жалпықалалық маңызы бар көшелер) және 3 м. асатын (аудандық және жергілікті маңызы бар көшелерде), «қарбалас» уақыттағы жаяу жүргіншілердің қозғалысының шындығындағы қарқындылығы екі бағытта 700 жаяу/сағ. , бір қозғалыс жолағында, 0,75 м тең болған жағдайда құрылғыны орналастыруға рұқсат етіледі.     

 4.1.10.3 Ұсақ бөлшек сауда кәсіпорындарының, тұрмыстық қызмет және тамақ (пассаждар, күркелер, павильондар, жазғы дәмханалар және басқалар) құрылғыларын, жаяу жүргіншілер аймақтарында, парктерде, бақтарда, қаланың гүлзарларында орналастыру ұсынылады. Құрылғылар төсемнің қатты түрлеріне орнатылып, жарық түсіру жабдықтарымен, қалдықтарға арналған урналармен және кіші контейнерлермен, тағам құрылғылары-дәретхана кабиналарымен ( 200 м аралықтағы аймақ аумағында қоғамдық дәретхана болмағанда) жабдықталуы тиіс.      

4.1.10.4 Аялдама павильондарын орналастыруды жолаушы көлігінің жер бетіндегі аялдама орындарында қарастыру керек. Павильонды орналастыру үшін, 2,0х5,0 м мөлшерлі және одан да аса ( сауда дүңгіршегі қоршалған жағдайда) қатты төсемді алаң қарастыру керек. Өтетін бөліктің шетінен павильонның ең жақын құрылғысына дейінгі қашықтық 3,0 м, павильонның бүйірлік құрылғыларынан ағаштардың діңіне дейін - 2 м. кем болмауы тиіс, және ағаштардың басы шағын болуы керек. Аялдама алаңдарының қоршауын орналастыруды МСТ 23457 сәйкес жобалау керек. Аялдама пункттерін жобалағанда МСН 3.02.05-2003 талаптарын қамтамасыз ету керек.

4.1.10.5 Дәретхана кабиналарын қаланың келушілер саны белсенді аумақтарында қоғамдық дәретханалар жоқ болып немесе олардың өткізу қабілеті жеткіліксіз болғанда, жаппай іс-шаралар өткізілетін жерлерде, сауда мен қызмет көрсетудің ірі нысандарында, демалыс (саябақтар, бақтар) нысандары аумағында қалалық АЗС станциялары орналасқан жерлерде, автотұрақтарда, сол сияқты күрделі емес тұрақсыз тағам құрылғылары жанында қарастыру керек. Дәретхана кабиналарын үй жанындағы аумақта орналастыруға рұқсат етілмейді. Тұрғын және қоғамдық ғимараттармен арадағы қашықтық 20 м. кем болмауы тиіс. Дәретхана кабинасын қатты төсемге орнату керек. Төсем және жаяу адамдардың дәретханаға өтетін жері мамандандырылған автокөліктің ауық-ауық өтуіне есептелуі тиіс.     

4.1.10.6 Бокстық гараждардың орналасуын Әкімшіліктің Қаулылары мен шешіміне сәйкес жобалау керек.
4.1.11 Ғимараттар мен құрылғыларды безендіру мен жабдықтау

4.1.11.1 Ғимараттар мен құрылғыларды безендіру мен жабдықтауды жобалауға:қабырғалардың сыртқы бетінің бояулар үйлесімділігін, төбенің өңделуі, ғимараттың құрылымдық элементтерінің кейбір мәселелері (кіре беріс топтар, төменгі бөлігі жән т. б.), антенналардың, су ағатын құбырлардың орналасуы, төсем, үй белгілерін, қорғаныш торларын салу т. с. с. жатады.

4.1.11.2 Ғимараттар мен құрылғылардың түс үйлесімдігін қала аумақтары мен көше құрылымдарының жалпы түстік шешімінің айқындамасын ескеріп жобалау керек. Маңдай алды беттерді(жаңғырту, жөндеу, басты және аула қасбеттерін сырлау) безендіру жұмыстарының жобалануы мен жасалуын түс үйлесімділігі төлқұжатының шешімінің негізінде жүзеге асыру керек.    

4.1.11.2.1 Қалалық көпфункционалды орталықтарының, торап ішіндегі қоғамдық аймақтардағы, Орталық өзек аумағындағы құрылыстарды безендіруде төбе жабыны мен суды бұру құралдарын ұзаққа шыдайтын жабынды, ал ғимараттың төменгі бөлігін-табиғи қаптайтын материалдарды (тас, керамогранит т. с. с. ) қолданып жүргізу керек.      

4.1.11.2.2 Тұрғын үй ғимараттарындағы бастырмаларын (лоджияларын) шынылауды ҚР ЕЖ 3.02-01 сәйкес қарастыру керек. Құрылыстардың тарихи морфотиптердің шекарасындағы бастырмалар мен балкондарын шынылау, рамаларын ауыстыру, қабырғаларын сырлау туралы жобалау ұсыныстарын ескерткіштерді қорғаудың өкілетті органдарымен келісіп шешу керек.

4.1.11.2.3 Қаланың тораптық көшелерінің бойында орналасқан ғимараттар үстіне сыртқы салқындатқыштар мен «тәрелке» антенналарды орнатуды аула жақ қасбеттер жағынан қарастыру керек.     

4.1.11.3 Қаланың ғимараттары мен құрылыстарында келесі үй белгілерін орналастыруды қарастыру керек:көшенің, алаңның, даңғылдың атауының көрсеткіші, үй мен корпустың нөмірі, кіре беріс пен пәтердің нөмірінің көрсеткіші, мүгедектерге арналған нысанның қол жетімділігінің халықаралық белгісі, ту ұстағыштар, ескерткіш тақталар, полигонөлшемдік белгі, өрт гидрантының көрсеткіші, жер геодезиясы белгісінің көрсеткіші, су құбыры жүйесінің құдықтары мен торап камераларының көрсеткіші , қалалық арналық кәріздің көрсеткіші, жер асты газ құбыры құрылғысының көрсеткіші. Нақты ғимараттағы үй белгілерінің құрамы мен оларды орналастыру жағдайы көше-жол жүйесіне қатысты ғимараттың орналасу орны және қызмет көрсету маңызымен белгіленеді.     

4.1.11.4 Ғимарат пен құрылыстан сыртқы суды бұрып жіберумен қамтамасыз ету үшін, олардың периметрі бойынша ҚР ҚНмЕ 3.01-02Ас-2008 сәйкес берік гидрооқшаулау төсемін орнатуды қарастыру қажет. Төсемнің көлбеулігін ғимараттан 10┐кем емес қабылдау керек. . Төсемнің енін ғимарат пен құрылыс үшін, 0,8-1,2 м , күрделі геологиялық жағдайларда(карст бар жерде) - 1,5-3 м қабылдау ұсынылады. Ғимарат жаяу жүргіншілер қатынастарымен жанасқан жағдайда, төсемнің рөлін қатты төсем түріндегі , жырықсыз жаяужол орындайды.

4.1.11.5 Су ағатын құбырлар арқылы сырғыма шатырларынан су ағынын ұйымдастыру кезінде қажет:

 - ғимараттың қабырғаларына құбырларды орналастыру кезінде қасбеттердің пластикасын бұзбау, су ағынының есептік ауқымына сүйене отырып, талап етілетін өткізгіштік қабілеттілікті және жапсарлы қосылулардың герметикалығын қамтамасыз ету;

- 200 мм астам құбырдың шығу тесігінен судың еркін ағуы биіктігіне жол бермеу;

- предусматривать в местах стока воды из трубы на основные пешеходные коммуникации наличие твердого покрытия с уклоном не менее 5┐ в направлении водоотводных лотков, либо - устройство лотков в покрытии (закрытых или перекрытых решетками согласно 4.1.1.14);

 - құбырлардан көгал алаңдарына немесе жамылғының басқа “жұмсақ” түрлеріне су ағыны орындарында құрғату құрылғысын қарастыру.

4.1.11.6 Қоғамдық мәні бар және тұрғын ғимараттарының кіріс топтары жарықтандыру жабдығымен, бастырмамен, бетердің жанасу элементтерімен, тұрғындардың ұтқырлығы аз топтары және мүгедектерін орнын ауыстыру үшін құралдар және құрылғылармен (пандустар, қанаттар және т. б. ) жабдықталуы керек.

4.1.11.6.1 Кіру топтары кезінде көгалдандырудың түрлі әдістері және жамылғының әр түрлі түрі бар алаңдарды қарастыру ұсынылады. Кіру кезіндегі алаңдарды ұйымдастыру телім аумағының шекарасында да, кіру топтарына жақын жатқан қаланың қоғамдық аумақтарында да қарастырылған.

4.1.11.6.2 Жеңіл автокөлікті уақытша тұраққа қою үшін кіріс топтары кезінде алаңдардың бөліктерін қолдану, егер осы кезде жаяу жүргіншілер ағынын өткізу үшін қажетті өту кеңдігі қамтамасыз етілсе рұқсат етіледі. Есеппен расталған (К Қосымша). Бұл жағдайда контейнерлік көгалдандыру, бөлгіш элементтерінің болуын қарастыру қажет.

4.1.11.6.3 Жол-көшелік желінің тротуарлар аймағында кіру топтарын орналастыру жағдайында кіру топтарының элементтері 0,5 м астамға жақын жатқан тротуарға енгізілуі мүмкін.

4.1.11.7 Жаяу жүргінші жолы мен шығып тұрған шыны сөрелерді қар төсемі мен шатыр шетіндегі мұздан қорғау үшін, екінші қабаттың деңгейінде арнайы қорғаныс торларын орнатуды қарастыру керек. Мұздардың пайда болуының алдын алу үшін шатырдың сыртқы периметрі бойынша электрлік пішінді қолдну ұсынылады.     


4.1.12. Алаңдар      

4.1.12.1 Қала аумақтарында алаңдардың келесі түрлерін жобалау қажет: балалардың ойындары үшін, үлкендердің демалысы, спортпен шұғылдану, қоқыс жинағыш орнатулар, иттерді үйрету мен серуендету, автомобильдердің тұрақтары. Тарихи салулар аймақтарында және ерекше күзетілетін ПК аумақтарында алаңдарды орналастыруды қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және ескерткіштерді күзетуге өкілетті органдармен келістіру қажет.          


4.1.12.2 Балалар алаңдары

4.1.12.2.1 Балалар алаңдары әр түрлі жастағы балалардың белсенді демалысы мен ойындарына арналып жасалған: мектеп алды жасы – 3 жасқа дейін, мектепке дейін – 7 жасқа дейін, кіші және орта мектеп жасындағы жастағы (7-12 жас). Алаңдар әр түрлі жас ерекшелігі үшін бөлек алаңдар түрінде немесе жас ерекшеліктерінің қызығушылықтарына қарай аймақтандырумен кешендік ойын алаңдары ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер үшін (12-16 жас) спорттық-ойын кешендерін(шағын-шың құз, велодромдар және т. с. с) ұйымдастыру мен самокаттар, ролик тақталары мен конькилерде сырғанау, тебу үшін арнайы орындарды жабдықтау ұсынылады.

4.1.12.2.2 Тұрғындар үйлерінің терезелері мен қоғамдық ғимараттардан мектеп алды жасындағы балаларға балалар алаңының шекарасына дейінгі қашықтықты 10 м кем емес, кіші жіне орта мектеп жасындағы балалар үшін – 20 м кем емес, кешендік ойын алаңдарын – 40 м кем емес, спорттық-ойын кешендері- 100 м кем емес қылып қабылдау керек. Мектеп алды және мектепке дейінгі жастағы балалар алаңдарын тұрғылықты салу телімінде орналастырған дұрыс, кіші және орта мектеп жасындағы балалар алаңын, кешендік ойын алаңдарын шағын аудан немесе топтың көгалдандырылған аумақтарында, спорттық-ойын кешендерін және сырғанау- тебуге арналған орындарды тұрғылықты ауданның парктерінде орналастырған абзал. Бала бақшалар және мектептер теліміндегі балалар алаңын ҚР ҚНмЕ 3.02-24-2004 сәйкес жобалау керек.

4.1.12.2.3 Тұрғылықты міндеті бар аумақтардағы ойындарға арналған алаңдарды 1 тұрғынға 0,5-0,7 кв.м есебінен жобалау керек. Алаңды орналастырудың шарттары мен өлшемдерін балалардың жас ерекшеліктері мен қаладағы тұрғылықты салуды орналастыру жеріне қарай жобалаған дұрыс.

4.1.12.2.4 Мектеп алды жасындағы балалар алаңы елеусіз өлшемдерге ие болуы мүмкін (50-75 кв.м), жеке орналастырылуы немесе үлкендердің тыныш демалысы үшін алаңдармен сыйыстырылуы керек – бұл жағдайда алаңның жалпы ауданы 80 кв.м кем емес болуы тиіс.

4.1.12.2.5 Мектепке дейінгі жастар үшін ойын алаңдарының тиімді өлшемі – 70-150 м, мектеп жасындағы – 100-300 кв.м, кешенді ойын алаңдары – 900-1600 кв.м. Мектепке дейінгі жастағы балалар алаңын үлкендердің демалыс алаңдарымен біріктіруге жол беріледі (алаңның ауқымы – 150 кв.м кем емес). Көршілес жатқан балалар және үлкендер алаңдарын қою жасыл отырғызулармен не/немесе декоративті қабырғалармен бөлген дұрыс.

4.1.12.2.6 Тарихи немесе жоғары тығыздалған салу шарттарында алаңдардың өлшемдері, 6.3.4 сәйкес салу құрамында немесе қала аумақтарындағы көрсеткіштердің компенсациясымен қолда бар аумақтық мүмкіндіктерге байланысты қабылдануы мүмкін.

4.1.12.2.7 Балалар алаңдарын транзиттік жаяу жүргіншілер қозғалысы, өткелдер, бұрылыс алаңдары, қонақ тұрақтары, қоқыс жинағыштар орнатуларына арналған алаң, гараж- тұрақтар телімдерінен оқшаулау керек. Балалар алаңына жақындау өткелдер және көшелерден ұйымдастырылмауы тиіс. Балалар алаңын жасыл отырғызулармен оқшаулау кезінде балалар алыңының шекрасанынан қонақ тұрағы мен гараж-тұрақтары телімдеріне дейінгі минималды қашықтықты 4.4.1 кестесіне сәйкес қабылдау керек, қоқыс жинағыш алаңдарын – 15 м, қалалық жолаушылар көлігі маршруттарының (бағыт) соңғы аялдамаларындағы бұрылыс алаңдары – 50 м кем емес.

4.1.12.2.8 Балалар алаңдарын қайта құру кезінде жарақаттанудың алдын алу үшін алаңның аумағында шығып тұрған тамырлар немесе салбырап тұрған төмен бұтақтар, жердің қабатында тұрған, ескі, кесілген жабдықтың қалдықтары (тіреуіштер, фундамент), жерге тереңдетілмеген металл бөгеттерді ( әдетте турниктер, алтыбақандар) болдырмау керек. Жақында жақтан аумақтарды қайта құру кезінде балалар алаңдары құрылыс материалдарын қоймалау мен жұмыстарды жүргізу орындарынан оқшаулануы керек.

4.1.12.2.9 Балалар алаңындағы кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының “жұмсақ” түрлері, алаң бетінің көгал алаңымен жанасу элементтері, көгалдандыру, ойын жабдығы, орындықтар, қоқыс салғыштар, жарықтандыру жабдықтары.

4.1.12.2.10 Жамылғының “жұмсақ” түрлерін (құмдақ, топырақты негіздемедегі тығыздалған құмдақ, жұмсақ ерезңке немесе жұмсақ синтетикалық) ойын жабдықтарының орналасу жерлерінде және балалардың құлауы мүмкін болатын басқа жерлерде қарастырған дұрыс. Орындықтарды орнату орындарын жамылғының қатты түрлерімен немесе 4.6.5.1 сәйкес фундаментпен жабдықтау ұсынылады. Алаңдарды шөппен жапқан кезде, қатты, “жұмсақ” немесе жамылғының құрамдастырылған түрлерімен жабдықтауға жаяу жүргіншілер жолдарын қарастыру керек.

4.1.12.2.11 Алаң мен көгал алаңы беттерінің жанасуы үшін шабылған немесе дөңгелетілген жиектері бар бау-ернеулі тастарды қолдану керек.

4.1.12.2.12 Балалар алаңы ағаштар отырғызуларымен көгалдандырылуы керек, жарық күннің 5 сағаты ағымында инсоляциялануға тиіс. Алаңның солтүстік және шығыс жақтарындағы ағаштар 3 м жақын емес жерде, ал оңтүстік және батыс жақтан – алаң шетінен ағаштың осіне дейін 1 м жақын емес отырғызылуы керек. Мектепке дейінгі жастағы балалар алаңында тікенегі бар өсімдіктердің түрлерін қолдануға жол берілмейді. Балалар алаңының барлық түрлерінде улы жемістері бар өсімдіктерді қолдануға жол берілмейді.

4.1.12.2.13 Ойын жабдығын орналастыруды 4.7 кестесінде көрсетілген қауіпсіздіктің нормативті параметрлерін ескере отырып жобалау керек. Спорттық-ойын кешендерінің алаңдары спорттық ойын жабдығын қолдану және алаңда өзін өзі ұстау ережелері бар стендпен жабдықталуы керек.

4.1.12.2.14 Жарықтандыру жабдығы, алаң орналасқан аумақтың жарық тәртібінде жұмыс істеуі керек. Жарықтандыру жабдығын 2,5 м кем биіктікте орналастыруға жол берілмейді.
4.1.12.3 Демалыс алаңдары

4.1.12.3.1 Демалыс алаңдары үлкендердің үстел ойындары мен тыныш демалысы үшін арналып жасалған, оларды тұрғылықты салудың телімдерінде орналастыру керек, тұрғылықты топтың көгалдандырылған аумақтарында, парктер мен орман парктерінде орналастыру ұсынылады. Демалыс алаңдары өтпелі болмауы тиіс, өткелдерге, бұрылыс алаңдарына қабыспауы керек, олар және демалыс алаңы арасында 3 м кем емес көгалдандыру жолағын қарастыру керек. Демалыс алаңы шекарасынан автокөліктерді сақтау орындарына дейінгі қашықтықты 4.4.1 кестесіне сәйкес қабылдау керек, қалалық жолаушы көлігі маршруттарының соңғы аялдамаларында бұрылыс алаңдары – 50 м кем емес. Тұрғылықты үйлер терезелерінен тыныш демалыс алаңдарының шекарасына дейінгі қашықтық 10 м кем болмауы керек, шулы үстел ойындарының алаңдары – 25 м кем емес.

4.1.12.3.2 Тұрғылықты аумақтардағы демалыс алаңдарын бір тұрғынға 0,1-0,2 кв.м есебінен жобалау керек. Алаңның оптималды өлшемі – 50-100 кв.м, жеке демалыс алаңының минималды өлшемі – 15-20 кв.м. кем емес. Тыныш демалыс алаңдарын балалар алаңымен 4.1.12.1.5 сәйкес сыйыстыруға жол беріледі. Тыныш демалыс және шулы үстел ойындарын бір алаңда біріктіру ұсынылмайды. Парктердің аумақтарында шөп үстінде демалу үшін алаң-көгал жерді ұйымдастыру ұсынылады.

4.1.12.3.3 Демалыс алаңында кешенді абаттандыруы элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, алаң бетінің көгал алаңымен жанасу элементтері, көгалдандыру, демалысқа арналған орындықтар, орындықтар мен үстелдер, қоқыс салғыштар (кем дегенде бір орындыққа бір бірден), жарықтандыру жабдығы.

4.1.12.3.4 Алаңның жамылғысын тақта төсемі түрінде жобалау ұсынылады. Демалыс алаңдарын балалар алаңдарымен сыйыстыру кезінде балалар ойындарының аймағында жамылғының қатты түрлерін құруға жол берілмейді.

4.1.12.3.5 Периметрлі көгалдандыру, ағаштар мен талдарды жалғыздан отырғызу, гүл бақтары, тік және мобилді көгалдандыру ұсынылады. Көгал жер-алаңдары ағаштар мен талдар тобымен айналдырылып қоршалуы керек, жамылғысы – басуға, жаншуға берік шөптерден болуы тиіс. Демалыс алаңдарын көлеңкелеу және инсоляциясын 4.1.12.7.3 сәйкес қамтамасыз ету керек. Улы жемістері бар өсімдіктерді қолдануға жол берілмейді.

4.1.12.3.6 Жарықтандыру жабдығы, алаң орналасқан аумақты жарықтандыру тәртібінде жұмыс істеуі керек.

4.1.12.3.7 Үстел ойындары үшін орындықтары бар бір үстелді орнатумен алаңның минималды өлшемі – 12- 15 кв. м құрайды.


4.1.12.4 Спорттық алаңдар

4.1.12.4.1 Спорттық алаңдар тұрғындардың барлық жастағы адамдары үшін спортпен шұғылдану және дене шынықтыру үшін арналып жасалған, оларды жалпы білім беру мектеп телімдері, спорттық имараттар телімдері, рекреакциялық міндеттегі және тұрғылықты аумақтар құрамында жобалау керек. Спорттық алаңдарды жобалауды – алаңдардың мамандандырылу түріне байланысты жүргізу керек. Алаңның шекарасынан жеңіл автомобильдерді сақтау орындарына дейінгі қашықтықты 4.4.1 кестесіне сәйкес қабылдау қажет.

4.1.12.4.2 Жалпы білім беру мектептері телімдерінің аумақтарында спорттық ядроны абаттандыруды жобалау мен орналастыруды, жанап тұрған тұрғылықты салу тұрғындарына қызмет көрсетуді ескере отырып, ҚР ҚНмЕ 3.02.25-2004 сәйкес жүргізу қажет. Спорт алаңдар шекарасынан тұрғылықты үйлердің терезелеріне дейінгі минималды қашықтықты алаңның шулы сипаттамаларына қарай 20 дан 40 м дейін қабылдаған дұрыс. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін кешендік- дене шынықтыру спорт алаңдарының, (75 балаға) 150 кв.м кем емес ауданы болуы керек, мектеп жасындағылар үшін (100 балаға) – 250 кв.м кем емес.

4.1.12.4.3 Спорт алаңында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының “жұмсақ” немесе көгал алаңы түрлері, спорттық жабдық. Көгалдандыру мен алаңды қоршау ұсынылады.

4.1.12.4.4 Алаңдардың жамылғысын ҚР ҚНмЕ 3.01-02Ас-2008 есебімен жобалау керек.

4.1.12.4.5 Көгалдандыруды, жылдам өсетін ағаштарды алаңның шетінен 2 м кем емес қашықтықта отырғыза отырып, алаңның периметрі бойынша орналастыру ұсынылады. Жылтыр жапырақтары бар, көп ұшпалы тұқым һдарды беретін, молынан жеміс беретін және жапырағын ерте түсіретін ағаштар мен талдарды қолдану ұсынылмайды. Алаңды қоршау үшін тік көгалдандыруды қолдану мүмкін болады.

4.1.12.4.6 Алаңдарды, спорт алаңдарының биіктігі 1,2 м кем емес бір біріне қабысу орындарында, биіктігі 2,5- 3м тор көзді қоршаумен жабдықтау ұсынылады.
4.1.12.5 Қоқыс жинағыштарды орнату үшін алаңдар

4.1.12.5.1 Қоқыс жинағыштарды орнату үшін алаңдар - бұл қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға арналған арнайы жабдықталған орындар. Мұндай алаңдардың болуын ҚТҚ жиналуы мүмкін кез келген функционалдық міндетіндегі телімдер мен аумақтардың құрамында қарастыру керек.

4.1.12.5.2 Алаңдар тұрғылықты ғимараттардың терезелері, балалар мекемелері телімдерінің шекарасы, демалыс орындарынан 20 м қашықтықта алынып тасталуы керек, тұрғылықты салу телімдерінде – кіре берістерден 100 м алыс емес, алыстағы подъезден жаяу жүргіншілер жолына дейін есептегенде. Алаңның аумағы өткелдерге қабысуы керек, бірақ көліктің жүруіне бөгет жасамауы керек. Алаңның оңашаланып орналасуы кезінде бұрылыс алаңдарының (12 м х 12 м) болуы мен контейнерлерді тазарту үшін көліктің ыңғайлы келу мүмкіндігін қарастыру керек. Алаңдарды орналастыруды, ғимараттардың көшелік қасбетінен алшақ, жаяу жүргінші коммуникациялары мен транзиттік көліктерден көріну аймағынан тыс жерде жобалау ұсынылады. Алаңның аумағы көлеңкелеу аймағында орналасуы керек.

4.1.12.5.3 Бір контейнерге алаңның өлшемін 2-3 кв.м деп қабылдаған дұрыс. Контейнер және алаңның шеті арасындағы өту өлшемі 1,0 м кем болмауы керек, контейнерлер арасында – 0,35 м кем болмауы керек. Тұрғылықты міндеті бар аумақтарда алаңдарды 1 тұрғынға 0,03 кв. м есебінен немесе қоқыс өткізгіші бар тұрғылықты үйлердің 6-8 подъещідені 1 алаң есебінен жобалау керек; егер подъездер кішірек болса – әр үйде бір алаң.

4.1.12.5.4 Қоқыс жинағышты орнатуға арналған алаңда кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, алаң бетінің жақын жатқан аумақтарымен жанасу элементтері, ҚТҚ жинау үшін контейнерлер, жарықтандыру жабдығы. Алаңды көгалдандыру ұсынылады.

4.1.12.5.5 Алаңның жамылғысы көлік өткелдерінің жамылғысына ұқсас болуы керек. Алаң жамылғысының еңісі, судың тұрып қалуы мен контейнердің сырғуын болдырмау үшін өту бөлігі жағына қарай 5-10┐ құрауы керек.

4.1.12.5.6 Алаңның жақын жатқан өткелмен жанасу бір деңгейде, жиек тасты төсеусіз жүзеге асырылады, көгал алаңымен – бау ернеуі немесе 1,0-1,2 м биіктігі бар декоративті қабырға.

4.1.12.5.7 Жарықтандыру жабдығы жақын жатқан аумақтың жарық тәртібіне жұмыс істеуі керек – тіреуіш биіктігі – 3 м кем емес.

4.1.12.5.8 Көгалдандыруды қою және тығыз ағаш басы бар, жоғары деңгейдегі фитонцидтығы бар ағаштармен жүргізу қажет. Бос кеңістіктің алаң жамылғысының деңгейі алдында ағаш басына дейін 3,0 м кем емес қарастыру керек. Алаңнды көзбен шолып оқшаулау үшін декоративті қабырғаларды қолдануға жол беріледі.
4.1.12.6 Иттерді серуендетуге арналған алаңдар      

4.1.12.6.1 Иттерді серуендетуге арналған алаңдарды, бірінші және екінші белдіктердің сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлы аймағынан шалғайда, 110 кВт кернеуі бар электр берілу желісі астында, 1- ші классты жалпы қалалық магистрал және метрополитен желілерінің техникалық аймақтарында, жасыл отырғызулардан бос, тұрғылықты аудан мен шағын ауданның жалпының қолдану аумақтарында орналастыру керек. Алаңды табиғи кешеннің аумақтарында орналастыруды қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану органдарымен келістірген дұрыс.

4.1.12.6.2 Тұрғылықты міндеттегі аумақтарда орналасатын иттерді серуендетуге арналған алаңдардың өлшемдерін, 400-600 кв.м, басқа аумақтарда – 800 кв. м дейін қабылдау ұсынылады, қалыптасқан салу шарттарында, қолда бар аумақтық мүмкіндіктерге сүйене отырып, алаңдардың кішірейтілген өлшемін қабылдауға жол беріледі. Алаңдардың қол жетімділігін 400 м астам емес қылып қамтамасыз ету керек. ЦАО аймақтары мен шағын аудандардың аймақтарында тығыз тұрғылықты салумен – 600 м астам емес. Алаң шекарасынан тұрғылықты және қоғамдық ғимараттардың терезелеріне дейінгі қашықтықты 25 м кем емес қылып қабылдау керек, ал балалар мекемелерінің телімдері, мектептер, балалар, спорт алаңдары, демалыс алаңдарының телімдерін – 40 м кем емес.

4.1.12.6.3 Иттерді серуендетуге арналған алаңның аумағында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының әр-түрлі түрлері, қоршаулар, орындық (жоқ дегенде), қоқыс салғыштар (жоқ дегенде), жарықтандыру және ақпараттандыру жабдықтары. Периметрлі көгалдандыруды қарастыру ұсынылады.

4.1.12.6.4 Иттерді серуендетуге арналған алаң бөлігі жамылғысының жақсы құрғатуды қамтамасыз ететін, жануарлардың аяқ-қолдарын жарақаттамайтын тегістелген беті (көгал, құмдақ, топырақты құмдақ) болуы керек, сондай-ақ жүйелі түрдегі жинау мен жаңарту үшін ыңғайлы болу керек. Иттердің иелеріне арналған алаңдар бөлігінің бетін жамылғының қатты немесе аралас түрімен жобалаған дұрыс. Алаңға деген кіре беріс жамылғының қатты түрімен жабдықталуы тиіс.

4.1.12.6.5 Алаңның қоршауын, әдетте, 1,5 м көп емес биіктігі бар жеңіл металл тордан орындау керек. Қоршаудың секциялары мен элементтерінің арасындағы, оның төменгі шеті мен жер арасындағы қашықтық жануарға алаңнан кету немесе өзіне өзі жарақат келтіруге мүмкіндік бермеуі тиіс.

4.1.12.6.6 Алаңның аумағында алаңды қолдану ережелері бар ақпараттық стенд қарастырылуы керек.

4.1.12.6.7 Көгалдандыруды тік көгалдандыру немесе тірі қоршау түрінде биік ағаштың периметрлі тығыз отырғызуынан жобалау ұсынылады.


4.1.12.7 Иттерді үйретуге арналған алаңдар

4.1.12.7.1 Иттерді үйретуге арналған алаңдарды қаланың әр әкімшілік округінде қарастыру керек (бір округке 1-2 алаң). Олар қоғамдық міндеттегі және тұрғылықты салудан 50 м кем емес қашықтыққа алшақталуы тиіс. Алаңды табиғи кешен аумағында орналастыруды қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың өкілетті органдарымен келістіру қажет. Алаңның өлшемін шамамен 2000 кв. м қабылдау керек.

4.1.12.7.2 Иттерді серуендетуге арналған алаңда кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының “жұмсақ” немесе көгал түрлері, қоршаулар, орындықтар және қоқыс салғыштар (бір алаңға кем дегенде 2), ақпараттық стенд, жарықтандыру жабдығы, арнайы жаттықтыру жабдығы.

4.1.12.7.3 Алаңның жамылғысы жақсы құрғатуды қамтамасыз ететін, жануарлардың аяқ-қолдарын жарақаттамайтын тегістелген беті (көгал, құмдақ, топырақты құмдақ) болуы керек, сондай-ақ жүйелі түрдегі жинау мен жаңарту үшін ыңғайлы болу керек.

4.1.12.7.4 Қоршау, әдетте, 2,0 м кем емес биіктігі бар шарбақпен (металл тор) көрсетілуі керек. Қоршаудың секциялары мен элементтері, оның төменгі шеті мен жер арасындағы қашықтық жануарға алаңнан кетіп қалу немесе өзіне өзі жарақат келтіру мүмкіндігін туғызбауы керек.

4.1.12.7.5 Иттерді үйретуге арналған алаңдар, оқу-жаттығу, спорттық снарядтар және имараттармен, жаңбырдан бастырмамен жабдықталуы керек, инвентардің және жабдықтың сақталуы үшін, нұсқаушылардың демалуы үшін жылытылған тұрмыстық жай болуы керек.


4.1.12.8 Автотұрақтар алаңдары

4.1.12.8.1 Қаланың аумағында автотұрақтардың келесі түрлерін қарастыру керек: автомобильді қысқа немесе ұзақ мерзімде сақтау, көше (белгімен белгіленген өткелді бөліктегі тұраққа қою түрінде), көшеден тыс (өткелдің бөлігінен шегініс пен “қалта” түрінде), қонақ (тұрғылықты салу телімінде), тұрғындардың автомобильдерін сақтау үшін (аудандық, шағын аудандық), объект ішілік (объектіде немесе объектілер тобында), басқа (жүк тасу машиналары және т. б. ).

4.1.12.8.2 Автотұрақтардың есебі мен жобалауын ҚР ҚНмЕ 3.06.15-2005 ескере отырып жүргізу қажет. Автотұрақ шекарасынан тұрғылықты және қоғамдық ғимараттардың терезелеріне дейінгі қашықтықты 4.4.1. кестесіне сәйкес қабылдаған дұрыс. Объект ішілік алаңдарда мүгедектер автомобильдері орнының үлесін ҚР МСН 2.02.05-2000 сәйкес жобалау керек.

4.1.12.8.3 Авто тұрақ алаңдарының орналасуын қалалық жолаушы көлігінің аялдама аймағында жобалауға жол берілмейді, автотұрақтарға кіруді ұйымдастыруды отырғызу алаңының басы немесе соңынан 15 м жақын емес қарастыру керек.

4.1.12.8.4 Автотұрақтар алаңдарында кешенді абаттандыру элементтерінің міндетті тізілімі қосады: жамылғының қатты түрлері, беттердің жанасу элементтері, бөлу элементтері, жарықтандыру және ақпараттандыру жабдықтары. Автомобильдерді ұзақ мерзімде сақтауға арналған алаңдар, көру эстакадалары, бокстардың жеңіл қоршаулары, аспалармен жабдықталуы мүмкін.

4.1.12.8.5 Алаңдардың жамылғысын көлік өткелдерінің жамылғысына ұқсас жобалау керек.

4.1.12.8.6 Алаң жамылғысының өткелмен жанасуы 4.1.4.3 сәйкес көгал алаңымен, ернеулі тасты төсеусіз, бір деңгейде орындалуы керек.

4.1.12.8.7 Алаңдардағы бөлгіш элементтер контейнерлі көгалдандыру, көгалдандырылған жолақтар, белгілер түрінде орындалуы мүмкін.

     



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет