Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет1/22
Дата29.02.2016
өлшемі1.71 Mb.
#32374
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ҚРҚНжЕ 3.01-03-2010










Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар

ҚР ҚҰРЫЛЫСТЫҚ НОРМАЛАР





Государственные нормативные документы в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РК






















ЕЛДІ мекендерДІҢ АУМАҚТАРЫН

АБАТТАНДЫРУ жөніндегі ЕРЕЖЕ






ПРАВИЛА ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ

ТЕРРИТОРИЙ НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ









ҚР ҚНжЕ 3.01-03-2010

СНиП РК 3.01-03-2010










Ресми басылым

Издание официальное

























Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Агентство Республики Казахстан по делам строительства

жилищно-коммунального хозяйства











Астана 2011





Алғы сөз


ӘЗІРЛЕГЕН:

«Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы

ұсынған:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті

ҚАБЫЛДАНҒАН

ЖӘНЕ ІСКЕ

ЕНГІЗІЛГЕН МЕРЗІМІ:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 29.12.2010 ж. № 606 бұйрығымен

01.05.2011ж. бастап енгзілді.



орнына:

ҚНжЕ III-10-75


Предисловие


РАЗРАБОТАН:

Акционерным обществом «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства»

ПРЕДСТАВЛЕН:

Департаментом научно-технической политики и нормирования Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства

ПРИНЯТ И

ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 29.12.2010 г. № 606

с 01.05.2011г.



ВЗАМЕН:

СНиП III-10-75







Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы Уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.


Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного государственного органа РК в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства.
Мазмұны




1.Жалпы ереже

4




2.Нормативтік сілтемелер

4




3.Терминдер мен анықтамалар

5




4.Негізгі нормативтік ережелер

8




4.1 Кешендік абаттандыру элементтерін жобалауға қойылатын талапта

8




4.1.1 Аумақтарды тазарту және оларды салуға дайындау

8




4.1.2 Аумақты көгалдандыру

11




4.1.3 Төсем түрлері

17




4.1.4 Жер үстінің қабысуы

18




4.1.5 Қоршаулар

20




4.1.6 Кіші сәулеттік үлгілер

21




4.1.7. Ойындық және спорттық жабдықтар

24




4.1.8. Жарық түсіру және жарық беретін жабдықтар

26




4.1.9. Сыртқы жарнама мен ақпарат құралдары

30




4.1.10. Күрделі емес тұрақсыз құрылғылар

31




4.1.11. Ғимараттар мен құрылғыларды безендіру мен жабдықтау

32




4.1.12 Алаңдар

34




4.1.13. Жаяу жүргіншілер коммуникациялары

41




4.1.14. Көлік өткелдері

44




4.2 Тұрғылықты міндеті бар аумақтарда кешенді баттандыруды жобалауға қойылатын талаптар

44




4.2.1 Жалпы ережелер

44




4.2.2. Қоғамдық кеңістіктер

45




4.2.3 Тұрғын құрылыстың телімдері

46




4.2.4. Бала бақшалар мен мектептер телімдері

47




4.2.5 Гараж-тұрағының телімі

48




4.3 Рекреакциялық міндеттегі аумақтарда кешенді абаттандыруды жобалауға қойылатын талаптар

48




4.3.1 Жалпы ережелер

48




4.3.2. Демалыс аймақтары

50




4.3.3. Саябақтар

51




4.4 Өндірістік міндеті бар аумақтарда кешендік абаттандыруды жобалауға қойылатын талаптар

51




4.4.1 Жалпы ережелер

51




4.4.2 Қоғамдық кеңістіктер

52




4.4.3. Санитарлы- қорғаныс аймақтарының аумағын көгалдандыру

53




4.5 Қаланың көлік және инженерлік коммуникациялары аумақтарында кешендік абаттандыру объектілері

54




4.5.1 Жалпы ережелер

54




4.5.2 Көшелер мен жолдар

54




4.5.3. Алаңдар

56




4.5.4. Жаяу жүргінші өткелдері

57




4.5.5 Көліктік, инженерлік коммуникацилардың техникалық аймақтары, су қорғау аймақтары

58




А Қосымша (анықтамалық)

60




Б Қосымша (анықтамалық)

61




В Қосымша (анықтамалық)

72




Г Қосымша (анықтамалық)

80




Д Қосымша (анықтамалық)

86




Е Қосымша (анықтамалық)

95




Ж Қосымша (анықтамалық))

97




К Қосымша (анықтамалық)

101














ЕЛДІ мекендердің АУМАҚТАРЫН АБАТТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ЕРЕЖЕ

ПРАВИЛА ПО БЛАГОУСТРОЙСТВУ ТЕРРИТОРИЙ НАСЕЛЕННЫХ ПУНКТОВ

Енгiзiлген уақыты – 2011.05.01


1 Жалпы ереже

     


1.1 Қазақстан Республикасының  аумағында кешенді абаттандыруды жобалау нормалары мен ережелері (бұдан әрі – нормалар мен ережелер) қауіпсіз, ыңғайлы және тартымды қала ортасын жасау үшін Қазақстан Республикасы елді жерлерінің әр түрлі аумағында абаттандырудың негізгі параметрлері мен қажетті минималды үйлесуін белгілейді.

1.2 Нормалар мен ережелер жобалау, жобаларды сараптау, Қазақстан Республикасының  аумағында абаттандыру шараларын жүзеге асыруды бақылау, абаттандырылған аумақтарды пайдалану кезінде міндетті. Нормалар мен ережелердің күші Қазақстан Республикасы қалаларының қалыптасқан, қалпына келтірілетін, жаңадан салынатын аумақтарына таралады.

1.3 Қазақстан Республикасы қалаларының аумақтарында кешенді абаттандыруды жобалау адам денсаулығы, тарихи және табиғи ортаны қорғау талаптарын, халықтың жұмылдырылған топтарының қала аумақтарында кедергісіз қозғалу құқығын қамтамасыз етеді.

1.4 Ескерту - адам денсаулығын қорғау талаптары қамтиды: өртке қарсы, санитарлық-гигиеналық, құрылымдық, технологиялық, аурулар мен жарақат алуды болдырмайтын жоспарлық талаптарды.

1.4 Нормалар мен ережелер Қазақстан Республикасының   заңдарына және Үкіметтің қаулыларына, нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес келеді, олардың тізімі А Қосымшасында келтірілген.

     


2 Нормативтік сілтемелер
Осы нормалар мен ережелерде мынадай нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:

ҚР ҚНмЕ 2.04-03-2005 Шудан қорғау

ҚР ҚНмЕ II-89-80 « Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары»

ҚР ҚНмЕ III-10-75 «Аумақтарды абаттандыру, Жұмыс жасау және қабылдау ережесі»

ҚР ҚНмЕ 2. 01. 07-85 «Жүктемелер мен әсерлер»

МСН 2. 03-02-2002 «Аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпті геологиялық процестерден инженерлік қорғау»

ҚР ҚНмЕ 4.01-02-2009 «Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен құрылыстар»

ҚР ҚНмЕ 2. 04. 03-85 «Кәріздендіру. Сыртқы тораптар»

ҚР ҚНмЕ 3. 06. 09-2006 «Автомобиль жолдары. »

ҚР ҚНмЕ 3. 01-02-2001 «Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын жоспарлау және салу»

ҚР ҚНмЕ 3. 02-02-2009 Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар

ҚР ҚНмЕ 3. 02. 01-87 «Жер құрылыстары, негіздер мен іргетастар»

ҚР ҚНмЕ 2. 02-05-2002 «Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі»

ҚР ҚНмЕ 2. 04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарықтандыру. »

ҚР ҚНмЕ 3. 06. 15-2005 «Халықтың аз мобильді топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі»        

ҚР ҚНмЕ 3. 02-43-2007 «Тұрғын ғимараттар»

ҚР ҚНмЕ 3. 02-25-2004 «Жалпы білім беретін мекемелер»

ҚР ҚНмЕ 3. 02-24-2004 «Мектепке дейінгі бала мекемелері»

ҚР СН 2. 02-05-2000 «Жеңіл автомобиль тұрақтары»

ҚР СН 4. 04-18-2003

ҚР СН 3. 03. -34-2006 «Қатты жол киімдерін жобалау бойынша нұсқаулық»

ҚР СН 3. 03-17-2001 «Т/ж үшін жерлерді бұруды жобалау нормалары мен ережелері»

МЕМСТ 1125-2002 «Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттар. »

МЕМСТ 23457-86 «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары»

МЕМСТ 3634-99 «Құдықтарға арналған шойын жаңбыр қабылдағыштар»

МЕМСТ 1278-2004 «Кедергілік типті металл жол қоршаулары»

ВСН 23-75 «Автомобиль жолдарын белгілеу бойынша нұсқаулар»

ПУЭ «Электр қондырғыларын салу ережелері» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен бекітілген.


3 Терминдер мен анықтамалар

     


Осы нормалар мен ережелерде сәйкес анықтамаларымен мынадай терминдер қолданылады:

Абаттандыру элементтерінің нормаланатын (міндетті) кешені – қала аумағында қауіпсіз, ыңғайлы және тартымды қала ортасын жасау үшін абаттандыру элементтерінің қажетті минималды үйлесуі.

Аймақтық (типті аймақтық) - аумақтың табиғи-географиялық шарттарына байланысты өсу құрылымының сипаттамалары.

Алаңның жаяу жүргіншілер бөлігі – жаяу жүргіншілер қозғалысы үшін арналған кеңістіктер мен телімдер, алаңның барлық аумағына(өкілдік немесе мемориалды) немесе оның бөлігіне (объект ішілік) берілуі мүмкін.

Дене арқылы сезіну жамылғысы – үстірттік қабат фактурасының елеулі өзгерісінің жамылғысы.

Жаяу жүргінші аймақтары – мынадай белгілі бір сипаттамаларға ие транзитті қозалыс мақсатында, серуендеу және мәдени – тұрмыстық мақсаттарда тұрғындардың қозғалысы жүзеге асырылатын қала аумағының телімдері: көшелерден тыс жылдамдықты және жер үсті қоғамдық көліктерінің аялдамаларының болуы, қызмет көрсету , тарихи ескерткіштер, мәдениет, рекреакция және т. б. объектілерінің шоғырлануы, жаяу жүргіншілер ағынының жоғары жиынтығы. Жаяу жүргіншілер аймағы эспаландтарда, жаяу жүргіншілер көшелерінде, қала алаңының жаяу жүргіншілер бөліктерінде қалыптасуы мүмкін.

Жаяу жүргіншілер көшелері – бұл, әдетте , жаяу жүргіншілер қозғалысына бейімделген және көлік хабарламасы үшін жабық, түрлі аумақтар және қала аудандары арасындағы тарихи түрде қалыптасқан байланыстары. Жаяу жүргіншілер көшелерінің тиімді ұзындығын, 800-1200 м деп орнату ұсынылады, объектілердің екі жақты қабылдауына негізделе отырып – 10 м кем емес және 30 м көп емес (оптималды 12-20м).

Жер қыртысының санитарлық күйі - эпидемиялық және гигиеналық қатынаста оның қауіпсіздік дәрежесі мен санасын анықтайтын жер қыртысының биологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Жер қыртысын жасайтын топырақ – жер қыртысын жасайтын процестермен өзгеретін топырақ, өсімдіктердің өмірін қамтамасыз ететін оптималды қасиеттерге ие.

Жиектасты пандус – жаяу жүргінші жолынан жиектасты тастың жамылғысына батырылған немесе төмендетілуі арқылы өткелге шығуын қамтамасыз ететін имарат.

Кешенді абаттандыру – ландшафтық және бақ- саябақ сәулет, жер бетін икемді ұйымдастыру және жабу, аумақ пен құрылыстарды пайдалану қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы үшін құрылғылармен жабдықтау құралдарын, аумақ, ғимараттар мен құрылыс телімдерін жарықтандыру және түстік шешу, сәндік көгалдандыру, сәндік пластика және графика, визуалдық ақпарат және жарнама құралдарын, басқа де құралдарды өзара байланыстырып қолдану.

Кешенді абаттандыру элементтері – сәндік, техникалық, жоспарлық, құрылымдық құрылғылар, өсімдік құраушылары, жабдықтау мен безендірудің әр түрлі түрлері, шағын сәулет пішіндері, күрделі емес станционарлық емес құрылыстар, кешенді абаттандырудың құраушы бөліктері ретінде қолданылатын сыртқы жарнама және ақпарат.

Кешенді абаттандыру объектілері – кешенді абаттандыру бойынша қызмет жүзеге асырылатын қаланың кез келген аумақтары: алаңшалар, аулалар, кварталдар, функционалдық- жоспарлық құрылулар, әкімшілік округтер мен аудандардың, тұтастай қалалардың аумақтары, сондай-ақ біріңғай қала құрылыстық реттеу қағидасы бойынша бөлінетін (қорғау аймақтары) немесе визуалды- кеңістіктік қабылдау (қосымша құрылысымен аудан, жабысып тұратын аумағымен және құрылысымен аудан) аумақтары, сондай-ақ қаланың басқа да аумақтары.

Қала аумағын - кешендік аббатандырудың нормалау объектілері, олар үшін осы құжат ішінде мыналар орнатылған: абаттандыру элементтерінің нормаланатын міндетті кешені, нормалар мен ережелер, олардың осы аумақта орналасуы. Мұндай аумақтар болып: түрлі функционалдық міндеттері бар алаңдар, жүру жолдары, қоғамдық кеңістіктер, қоғамдық, тұрғылықты, өндірістік құрылыстарының аймақтары мен телімдері, рекреакция объектілері, қаланың көшелік- жол желісі, инженерлік коммуникациялардың техникалық аймағы.       

Қоғамдық кеңістіктер – көрсетілген объектілер мен олардың кешендері, сондай-ақ олар және қоғамдық көліктер объектілері, автокөліктерді тұраққа қою, сақтау үшін орындары арасында жаяу журүшілердің жолын қамтамасыз ету үшін қоғамдық міндеттері бар объектілердің кешендері мен объектілеріне деген адамдардың еркін қол жетімділігіне арналған функционалды-жоспарлаудың құрылулар аумақтарының телімдері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет