Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



бет1/10
Дата13.06.2016
өлшемі1.33 Mb.
#132041
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10









Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар





Государственные нормативные документы в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства





















КОММУНАЛДЫҚ САЛА КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ АРНАЙЫ ТЕХНИКАСЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ НОРМАЛАРЫ






НОРМЫ КОМПЛЕКТАЦИИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ТЕХНИКОЙ ПРЕДПРИЯТИЙ КОММУНАЛЬНОЙ СФЕРЫ

















Ресми басылым

Издание официальное
























Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
Агентство Республики Казахстан по делам строительства

жилищно-коммунального хозяйства











Астана 2011




Алғы сөз


ӘЗІРЛЕГЕН:

«Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы

ұсынған:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық саясат және нормалау департаменті

ҚАБЫЛДАНҒАН

ЖӘНЕ ІСКЕ

ЕНГІЗІЛГЕН МЕРЗІМІ:

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 29.12.2010 ж. № 606 бұйрығымен

01.05.2011ж. бастап енгзілді.



орнына:

Алғаш рет енгізілген.


Предисловие


РАЗРАБОТАНЫ:

Акционерным обществом «Казахстанский центр модернизации и развития жилищно-коммунального хозяйства»

ПРЕДСТАВЛЕНЫ:

Департаментом научно-технической политики и нормирования Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства

ПРИНЯТЫ И

ВВЕДЕНЫ В ДЕЙСТВИЕ:

Приказом Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 29.12.2010 г. № 606

с 01.05.2011г.



ВЗАМЕН:

Введены впервые.






Осы мемлекеттік нормативті ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы Уәкілетті органының рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.



Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения Уполномоченного государственного органа РК в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, жилищных отношений и коммунального хозяйства.

БЕЛГІ ҮШІН

ДЛЯ ЗАМЕТОК

__________________________________________________________________

Мазмұны


1

Қолданылу саласы

4

2

Нормативтік сілтемелер

4

3

Терминдер мен анықтамалар

5

4

Коммуналдық сала кәсіпорындарының қала аумағын жинайтын және санитарлық тазалайтын арнайы техникамен жабдықталу нормалары

6

4.1

Жалпы мәліметтер

6

4.2

Қала аумағын жинайтын арнайы машиналар мен механизмдерге мұқтаждық

7

4.3

Қала аумағын санитарлық тазалайтын арнайы машиналар мен жабдықтарға мұқтаждық

8

5

Электр желілерінің коммуналдық кәсіпорындарының арнайы техникамен жабдықталу нормалары

8

5.1

Жалпы мәліметтер

8

5.2.

Электр желілерінің коммуналдық кәсіпорындарының арнайы машиналарға, механизмдер мен жабдықтарға мұқтаждығы

12

6

Жылумен жабдықтаудың коммуналдық сала кәсіпорындарының арнайы техникамен жабдықталу нормалары

14

6.1

Жалпы мәліметтер

14

6.2

Жылумен жабдықтаудың коммуналдық кәсіпорындарының арнайы машиналарға, механизмдер мен жабдықтарға мұқтаждығы

15

7

Сумен жабдықтау және су қайтару коммуналдық кәсіпорындарының арнайы техникамен жабдықталу нормалары

17

7.1

Жалпы мәліметтер

17

7.2

Сумен жабдықтау және су қайтару коммуналдық кәсіпорындарының арнайы техникадағы, механизмдері мен құрал-жабдықтардағы қажеттілігі

18

8

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру полигондарын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарының арнайы техникамен жабдықталу нормалары

29

8.1

Жалпы мәліметтер

29

8.2

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру полигондарын пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындарының арнайы техникадағы, механизмдері мен құрал-жабдықтардағы қажеттілігі

29

9

Газбен қамтамасыз ету қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпорындарының арнайы техникамен жабдықталу нормалары

30

9.1

Жалпы мәліметтер

30

9.2

Газды коммуналды-тұрмыстық пайдаланушыларға тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын кәсіпорындарының арнайы техникадағы, механизмдері мен құрал-жабдықтардағы қажеттілігі

31













Қосымша А. Сумен жабдықтау және су қайтару коммуналдық кәсіпорындарының арнайы техникамен жабдықталу нормаларын есептеу мысалы

33


КОММУНАЛДЫҚ САЛА КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ АРНАЙЫ ТЕХНИКАСЫ ЖИНАҚТАРЫНЫҢ НОРМАЛАРЫ

НОРМЫ КОМПЛЕКТАЦИИ СПЕЦИАЛЬНОЙ ТЕХНИКОЙ ПРЕДПРИЯТИЙ КОММУНАЛЬНОЙ СФЕРЫ


Еңгізілген күні – 01.05.2011 ж.


1 Қолданылу саласы
1.1 Осы Нормалар қала аумағын жинау және санитарлық тазалау, сумен жабдықтау мен су қайтару жүйелерін, желілерді, жылу және электр (кернеуі 35 Квт дейін) жүйелерінің негізгі және қосалқы жабдықтарын пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындайтын коммуналдық сала кәсіпорындарын арнайы техникамен жабдықтауға арналған.

1.2 Осы нормалар машиналар мен механизмдердің, соның ішінде коммуналдық сала кәсіпорындары тиісті жұмыстарын орындаған уақытта пайдаланатын арнайы машиналар мен механизмдердің негізгі тізімдемесін қамтиды.

1.3 Коммуналдық сала кәсіпорындарының арнайы техникамен жабдықталуының ұсынылатын нормалары су құбыры мен су қайтару, жылу және электр желілері жабдықтарының 60% дейін тозғанын ескереді, желілердің 60% астамы тозған жағдайда нормаларға 1,2 арттыру коэффициенті қолданылады.

1.4 Тұтынушыларды газбен, сумен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің тиімділігін арттырып, энергия тұтынуын төмендетуге және қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, зарарсыздандыру әдістерін жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының коммуналдық инженерлік инфрақұрылымының кешенді даму бағдарламаларын жүзеге асыру барысында машиналар мен механизмдердің түрлерін коммуналдық кәсіпорын осы құжатта ұсынылатын түрлерімен ұқсастырылып өзгертілулері мүмкін.

1.5 Норма түзуші фактордың сандық мәнінің өзгеру ауқымының шегінде машиналар мен механизмдердің саны бүтін саңға дейін дөңгелектенетін болады.
2 Нормативті сілтемелер
2.1 Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16 сәуіріндегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;

2.2 Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 шілдесіндегі № 242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы;

2.3 ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер» ;

2.4 ҰҚ 153-34.0-11.339-97 Үлкен диаметрлі құбырлардағы су шығынын есептеуді орындау бойынша ұсыныс.

2.5 ҚР СТ 1.05-2008 «Стандарттарды құру, мазмұндау, рәсімдеу және мазмұны бойынша жалпы талаптар»;

2.6 ҚР ҚН 1.04-15-2002 «Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары»;



2.7 ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 «Құрылыс климатологиясы».
3 Терминдер мен анықтамалар
Арнайы техникамен жабдықталу нормалары - бұл машиналар мен механизмдер, соның ішінде коммуналдық сала кәсіпорындарында жұмыс жасауға қажетті арнаулы машиналар мен механизмдер саны.

Пайдалану - жылу, электр техникалық (кернеуі 35 Квт дейін) желілердің негізгі және қосалқы жабдығының сумен жабдықтау және су қайтару жүйелерін техникалық құжаттамаға сәйкес жөндеулі күйінде ұстау жөніндегі операциялар кешені немесе операциялары.

Жөндеу - жылу, электр техникалық (кернеуі 35 Квт дейін) желілердің негізгі және қосалқы жабдығының сумен жабдықтау және су қайтару жүйелері жабдықтарының бөлшектерін ауыстыру, жөнделген бөліктерін және жабдықтың өзін тұтас тексеру және ретке келтіру, құрылым жабдықтарының немесе желі учаскелерінің тозған элементтерін ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы жабдықтың бұзылған жерін қалпына келтіру және жабдықты толығымен қалпына келтіру бойынша жүргізілетін жұмыстар кешені..

Сумен жабдықтау және су қайтару жүйесі - тұтынушыларға су берілуін, сондай-ақ ағын сулардың алынуын, сақталуын, дайындалуын, жіберілуін және тұтыну орындарына таратылуын және төкпе суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және қайтаруды қамтамасыз ететін, құрамына бос тоған құрылыстар, су көтеріп, айдайтын сорғы станциялар, судың сапасын жақсартатын және ағын суларды тазалайтын құрылыстар, реттеуші және қосалқы ыдыстар, су құбырлары, құбырлардың су өткізетін және су қайтару желісі, судың суытылуы, тазаланған ағындылардың өзендер мен суқоймаларға шығарылуы кіретін бір-бірімен өзара байланысты құрылыстар кешені.

Қала аумағын жинау және санитарлық тазалау - қала аумағындағы қарды, қызылсу мұзды (қатқан суды), адам тіршілігінің қатты (үй мен құрылыс қоқысы, тамақ кәсіпорындарының кір-қоқыстары, көшедегі тастанды, шаң, өнеркәсіптік кәсіпорындардың кір-қоқыстары) және сұйық (көшелердегі сұйық ағынды түріндегі тұрғын үйлердің, моншалар мен кір жуатын орындардың, асханалардың, мейрамханалардың, кәсіпорындардың кір-қоқыстары) қалдықтарды уақытылы жинауға бағытталған қаланы көріктендірудің маңызды элементтерінің бірі.

Жылумен жабдықтау жүйесі - тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық (жылу, желдету, ыстық сумен жабдықтау) және технологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттарды (құрылыстарды) жылумен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жылу өндіруші, жылу жеткізуші және жылу тұтынушы қондырғылар кешені.

Электр қуатымен жабдықтау жүйесі - тұтынушыларды электр энергиясымен қамсыздандыруға арналған бір-бірімен өзара байланысты энергоқондырғылар жиынтығы.

Коммуналды газбен қамтамасыз ету жүйесі - газды тұрмыстық тұтынушыларға, соның ішінде тұрғындарға тасымалдау мен сатуды жүзеге асырудың өзара байланысты құрылыстардың, машиналар мен құрал-жабдықтар жиынтығы.

Полигондар - тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау мен оқшаулауға арналған, атмосфераның, топырақтың, беттер мен жер асты суларының ластануынан қорғалуын, кеміргіштердің, жәндіктер мен ауру қоздырғыш микроорганизмдердің таралуына кедергі жасауға арналған табиғатты қорғау құрылымдар кешені.

Жұмыс көлемінің шартты бірліктері - коммуналдық электр және жылу желілері элементтерінің түрлі материалды-техникалық және заттай сипаттамаларын қамтитын, белгілі бір өлшем бірлікке келтірілген шама.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормалары - қоғамдық ғимараттарды ескере отырып, уақыт бірлігі (күн, ай, жыл) барысындағы есептік бірлікке (адамға) шаққандағы тұрғындармен түзілетін қатты тұрмыстық қалдықтар мөлшері.
4 Коммуналдық сала кәсіпорындарының қала аумағын жинайтын және санитарлық тазалайтын арнайы техникамен жабдықталу нормалары
4.1 Жалпы мәліметтер

4.1.1 Коммуналды сала кәсіпорындарының қала аумағын жинайтын және санитарлық тазалайтын арнайы техникамен жабдықталу нормалары төмендегілердің ескерілуімен әзірленген:

- заманауи технологиялар бойынша кешенді механизация құралдарының қолданылуымен өндірістік процесстердің жүзеге асырылуының;

- қар жамылғысының биіктігін айқындайтын климаттық факторлардың (жауып жатқан қардың интенсивтілігі мен ұзақтығы, қардың ауысу интенсивтілігі және т.б.). Қазақстан Республикасы аумағының климаттық анықтамалықтардың негізінде климаттық аймақтарға бөлінуін ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-01-2001 «Құрылыс климатологиясы» стандартынан қараңыз.

Көшелердің ластану деңгейін, көлік қозғалысының қарқындылығын, нөсер кәріздің болуын, қатты тұрмыстық қалдықтар жиналатын полигондардың орналасу жерін және т.б. айқындайтын, халық санымен, жоспарлау шешімдерімен және олардың көріктендірілу деңгейімен ерекшеленетін қалалар мен елді мекендердің даму ерекшеліктерінің.

4.1.2 Қала аумағын жинайтын арнайы машиналар мен механизмдер үшін жабдықталу нормалары коммуналдық кәсіпорындар жинайтын аумақтың (мың.м2) жиынтықты шамасы ескеріле келе, белгіленеді.

4.1.3 Қала аумағын санитарлық тазалайтын арнайы машиналар мен механизмдер үшін жабдықталу нормалары қалада тұратын тұрғындар (халық саны) санының ескерілуімен белгіленген.

4.1.4 Автомобильді шассиге ие арнайы машиналардағы қажеттілік қуаттылығы 130 л/с (95,7 кВт) және бункерінің көлемі 10,0 м3 автомобиль үшін есептелген .


4.2 Қала аумағын жинайтын арнайы машиналар мен механизмдердегі қажеттілік
Қала аумағын жинайтын арнайы машиналар мен механизмдердегі қажеттілік

(100000 м2 шаққанда)


4.1-кесте


Р/б №

Машиналардың атауы

Қазақстанның климаттық аудандары

I

II

III

IV

1

2

3

4

5

6

1

Суару-жуу машиналары

1,6

1,6

1,5

1,5

2

Сыпырып-жинайтын *

2,3

2,3

2,3

2,3

3

Топырақ үйінділерін жинайтын машиналар**

0,4

0,4

0,4

0,4

4

Сыпырып-жинайтын машиналарға орнатылған түскен жапырақтарды жинайтын жабдық

0,6

0,6

0,6

0,7

5

Серіппелі-щеткалы қар тазалағыштар

2,2

2,2

2,1

2,1

6

Роторлы қар тазалағыштар

0,6

0,6

0,6

0,6

7

Қар салғыштар

1,1

1,0

0,9

0,9

8

Реагенттер мен тұз қоспасы себілген кезде технологических материалдарды таратқыштар

0,6

0,6

0,6

0,6

9

Опырғыш-қопсытқыштар

3

3

2

2

10

Қар үйетін машиналар

0,3

0,3

0,3

0,3

11

Қар мен мұздан түзілген науаларды жинайтын машиналар

0,3

0,3

0,3

0,3

12

Күреп аршығыш-қалақтар

0,6

0,6

0,5

0,5

ЕСКЕРТУ:


1. *Сыпырып-жинайтын машиналар қол жетпейтін жерлерді жинап, қосымша жұмыс көлемін орындайды.

2. ** Әмбебап қар салғыштардың ауыстырылатын жабдығы.



3. Сыпырып-жинайтын машиналардың бір бөлігі ағаштардан түскен жапырақтарды жинау үшін пайдаланылады. Соқа-щеткалы жабдық суару-жуу машиналарына, таратқыштар мен жинағыш-қопсытқыштарға монтаждалады. Күреп аршығыш-қалақтар трактор шассиінде әмбебап жинау машиналарына монтаждалады, көше қиылыстары мен аялдамаларды тазалау жұмысының бір бөлігін қар үйетін машиналар орындайды.
4.3 Қала аумағын санитарлық тазалайтын арнайы машиналар мен жабдықтардағы қажеттілік
4.2-кесте - Қала аумағын санитарлық тазалайтын арнайы машиналар мен жабдықтардағы қажеттілік (100000 адамға)


Р/б №

Машиналардың атауы

Қазақстанның климаттық аудандары

I

II

III

IV

1

Қоқыс тасығыштар*

12

12

12

13

2

Ассенизациялық машиналар

20

20

20

21

3

Контейнерлер жуатын машиналар

1

1

1

1

4

Үлкен қоқыстарды жинайтын қоқыс тасығыштар

1

1

1

1

5

Жеңіл қоқыс жинайтын арнайыконтейнер-қоқыс тасығыш

1

1

1

1

6

Ауыр қоқыс жинайтын арнайыконтейнер-қоқыс тасығыш

1

1

1

1

7

Жұмыс өнімділігі төмен стационарлы нығыздауыш

1

1

1

1

8

Үлкен жүкті көлік қоқыс тасығышы

0,4

0,4

0,4

0,4

9

Жұмыс өнімділігі жоғары стационарлы нығыздауыш

0,4

0,4

0,4

0,4

ЕСКЕРТУ:


1. *Қоқысты ауыстырып тиейтін станциялардың жабдығы (норма халық саны 300 мыңнан асатын қалаларға есептелген).

2. Арнайы техника қажеттілігін есептеу үшін соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бойынша қалыптасқан бір жылда 1 адамға 1,28 м3 ҚТҚ жинақталу нормасы қабылданған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет