Бұл Әдістемеде қолданылған терминдер ҚР Экологиялық кодексіне және МемСТ 30772-2001 «Ресурстарды сақтау. Қалдықтармен жұмыс жасау. Терминдер мен анықтамалар» сәйкес келеді.
4. Негізгі нормативтік ережелер
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 ҚТҚ жинақталу нормалары әрбір қала (елді мекен) немесе аймақтық құрылымдар үшін тағайындалады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемін есептеудің негізі ретінде тұрғын үйлер қоры және бөлек тұрған қоғамдық мақсаттағы нысандар, сауда, мәдени-тұрмыстық және коммуналдық мекемелер бойынша жинақталу нормаларын алу керек. ҚТҚ жинақталу нормалары биліктің жергілікті атқару органдарының шешімі негізінде жекелеген аймақтық бірліктер үшін (облыс, қала, аудан, ауылдық елді мекен) тағайындалады және қабылданады. ҚТҚ-ға жатқызылған қалдықтардың тізімі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен келісіледі.
Ескерту: Бекітілген нормалар болмаған жағдайда ҚТҚ түзілуінің бағдарлық нормаларын басшылыққа алу керек.
4.1.2 Қатты тұрмыстық қалдықтарға тұрғындар тіршілігінің нәтижесінде тұрмыстық жағдайда қолданыста түзілетін қалдықтарды (соның ішінде бөлмелердің ағымдағы жөндеуінің, жергілікті жылыту жүйесінің қалдықтары); білім беру, мәдени-ағарту, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-басқару, сауда, әлеуметтік-тұрмыстық қызметінің қалдықтарын, медициналық мекемелердің, көлік кәсіпорындарының ҚТҚ, үй маңындағы территориялардың сыпырындыларын жатқызады.
4.1.3 ҚТҚ жинақталу нормасына құрылыс қалдықтары; ірі көлемді қалдықтар; көшелердің, алаңдардың, саябақтардың, скверлердің қатты жамылғыларының сыпырындылары мен жасыл желектерді кесу (отау) кезіндегі қалдықтар; елді мекендердің маусымдық санитарлық тазарту қалдықтары; малды бағу мен жеке қосалқы шаруашылықтың қалдықтары кірмейді. Аталған қалдықтар тапсырыстар бойынша шығарылады немесе анықталатын ҚТҚ жинақталу нормасына қосымша кіргізіледі.
4.1.4 ҚТҚ жинақталу нормасына медициналық қалдықтар; биологиялық қалдықтар; уытты қалдықтар (мысалы, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, жоғары оқу орындарының және т.б. химиялық және физикалық-техникалық зертханаларында түзілетін), оргтехника және т.б. кіргізілмейді. Аталған қалдықтарға бөлек түзілу нормалары және арнайы жинау мен зарарсыздандыру ережелері жасалады.
4.1.5 ҚТҚ жинақталу нормаларын зерттеулерді жүйелі түрде, кемінде 5 жылда 1 рет, жүргізіп отыру қажет. Бұл кезде зерттеулер жүргізілетін жылы маусымдық (тоқсан бойынша) жинақталу нормалары мен ҚТҚ морфологиялық құрамын зерттеу қажет.
4.1.6 Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормаларын анықтау немесе дәлдеу жұмыстырын ҚР заңнамасына сәйкес нормативтерді анықтауға байланысты жұмыстарды атқаруға тағайындалған құқығы бар жобалау және ғылыми-зерттеу ұйымдары (одан әрі - Ұйымдар) өкілетті аумақтық басқару органының бекіткен арнайы комиссияның тапсырысы бойынша жүргізеді.
4.1.7 ҚТҚ жинақталуының нормасын анықтауға байланысты жұмыстарды атқаратын ұйым қызметін бастамас бұрын еңбекті қорғау саласындағы саясатын және еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі (ЕҚСС), санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын сақтай отырып, өндірістік бақылау жоспарын жазбаша түрде беруі керек. Жасалған өндірістік бақылаудың жоспары санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарымен келісіледі және оны ұйымның жетекшісі бекітеді.
4.1.8 Орындаушыларды нысандағы жұмысқа жіберер алдындағы жауапты жетекшінің міндеттері:
- жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария бойынша атқарушылармен алдын ала әңгіме жүргізу;
- маусымға және жұмыс жағдайына сәйкес жұмысшыларды арнайы киіммен, аяқ-киіммен және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету.
4.1.9 Жұмысшылардың міндеттері:
- жұмыстарды атқарған кезде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындау;
- нақты орындалатын жұмыстың түріне байланысты қарастырылған арнайы киімді, аяқ-киім мен қорғаныс құралдарын қолдану.
4.2 Негізгі көрсеткіштер
4.2.1 Қалдықтардың жинақталу нормасын анықтау кезіндегі негізгі көрсеткіштерге масса, көлем, орташа тығыздық пен тәуліктік және маусымдық біркелкі емес жинақталу коэффициенті жатады.
4.2.2 Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормасы берілген елді мекендегі тұрғын үйлер және қоғамдық мақсаттағы мекемелер мен кәсіпорындар (білім беру, денсаулықсақтау, әкімшілік органдар, қоғамдық тамақтану, сауда, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы және т.б.) үшін бөлек тағайындалады.
4.2.3 Қалдықтардың жинақталу нормаларын уақыт бірлігіндегі (күн, жыл) масса (кг) немесе көлем (л, м3) бірліктерімен анықтайды:
- тұрғын үйлер бойынша – бір адамға есептегенде;
- әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы нысандар бойынша (емханалар, қонақ үйлер, кинотеатрлар және т.б. – бір орынға есептегенде;
- сауда және қойма орындары бойынша – 1 м2 сауда алаңына есептегенде және т.б. (Қосымша А).
4.2.4 Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормалары ғимарат құрылысының түріне және жабдықталу деңгейіне (жылыту жүйесі, газификация, су құбыры, канализация және қоқыс құбыры) байланысты тағайындалады.
4.2.5 Қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормаларын анықтау жабдықталу деңгейі әр түрлі ғимараттар үшін бөлек жүргізіледі. Табиғи өлшеулер жүргізу үшін арендаторлары жоқ екі типті тұрғын үйлер алынады:
- су құбыры, канализациясы, газы бар, орталықтан жылытылатын, қоқыс құбырымен жабдықталған ғимараттар;
- пешпен жылытылатын, су құбыры мен канализациясы жоқ жабдықталмаған ғимараттар.
4.2.6 Өлшеулер жүргізудің алдында таңдап алынған нысандарға коммуналдық құжаттар жасалады, оларда берілген тұрғын үйдегі тұрғындардың саны, орындардың саны (қоғамдық мақсаттағы нысандар үшін), ғимараттың жабдықталу дәрежесі, аула территориясының ауданы, оның ішінде қатты жамылғысы бар және көгалдандырылған аудандар келтіріледі (1-2 формалар, Қосымша Б).
4.2.7 Ірі көлемді тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормасын анықтау мамандандырылған жинау жүйесі болмаған кезде жүргізіледі. Ірі көлемді қалдықтарға стандартты қоқыс контейнерлеріне (0,75 м3 және 1,1 м3) симайтын тұрмыстық қалдықтар жатады. Ірі көлемді тұрмыстық қалдықтарға жататындар: тұрмыстық техника (тоңазытқыш камералар, кір жуғыш машиналар және т.б.), жиһаздар (дивандар, шкафтар және т.б.), пәтерлерді ағымдағы жөндеуден түзілген қалдықтар (есіктер, рамалар, ванналар, унитаздар және т.б.), жеке қолданыстағы спорт құралдары (велосипедтер, велотренажерлер және т.б.), балалардың арбалары және басқалар.
4.3 Қатты тұрмыстық қалдықтар түзілуінің бағдарлық нормалары
4.3.1 ҚТҚ түзілуінің бағдарлық нормаларын елді мекеннің санитарлық тазалау жүйесін жоспарлаған кезде қолдануға болады. ҚТҚ жинақталу нормативі ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін нормативтерді қолдануға болады.
4.3.2 Қатты тұрмыстық қалдықтардың бағдарлық жинақталу нормалары елді мекеннің климаттық ауданына қарай «ҚР СНмЕ 2.04-01-2001. Құрылыстық климатология» сәйкесінше тағайындалады.
4.3.3 Климаттық және жергілікті жағдайлар - жылыту мерзімінің әр түрлі ұзақтығы (оңтүстік аймақтарда 165 күннен орта және солтүстік аймақтарда 244 күнге дейін), аулалар мен тротуарларды сыпыру мерзімі, көгалдандыру жинақталу нормасына әсер етеді. Жергілікті жағдайларға байланысты аула территориясы мен тротуарлардың жиналатын ауданы 2-5 м2/адам, ал жасыл көгалдардың ауданы – шамамен 4-12 м2/адам деп қабылданады.
4.3.4 Қазақстанның IV климаттық аудандарының қалалары үшін жинақталу нормасын тұрғындардың көкөністер мен жеміс-жидектерді қабылдауының өсуіне, үй маңындағы территорияның көгалдануына байланысты жылына 10% -ға арттырады.
4.3.5 Қазақстанның ІІ климаттық аудандарының қалалары үшін жергілікті жылытылатын барлық ғимараттарда тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормасы ағаш отынды пайдаланғанда 5%-ға, тас көмірді пайдаланғанда 10%-ға арттырылады.
4.3.6 Ірі көлемді қалдықтар түзілуінің бағдарлық нормативін тұрғын үйлер қоры үшін ҚТҚ түзілуі жалпы көлемінің 5%-ы шамасында қабылдау керек.
4.3.7 Көшелердің, алаңдардың, саябақтардың, скверлердің қатты жамылғылары сыпырындыларының бағдарлық нормативін 1 м2 жамылғы ауданына шағып есептегенде жылына 0,01 м3 деп алу керек.
4.3.8 Қатты тұрмыстық қалдықтардың бағдарлық жинақталу нормалары қаланың санатына қарай тағайындалады (Қосымша В).
4.3.9 Тұрғын үйлердегі ҚТҚ бөлектеп жинауды ұйымдастырған кезде ҚТҚ жинақталуының бағдарлық нормасын тағам қалдықтары немесе екіншілік шикізатты іріктеп алмайтын жабдықталған тұрғын үйлердегі қатты тұрмыстық қалдықтардың жинақталу нормасынан жылына 1 адамға кем алу керек: тағам қалдықтарын бөлек жинағанда 25%-ға; екіншілік шикізатты бөлек жинағанда 20%-ға.
4.3.10 Қоғамдық мақсаттағы мекемелер мен кәсіпорындардың жинақталу нормалары тұрғын үй жинақталу нормаларының төмендегідей бөлігін құрайды:
ірі қалаларда - 30%;
аса ірі қалаларда - 40%;
миллиондаған тұрғыны бар және елордалық қалаларда - 50%;
4.3.11 Есепті мерзімдегі тұрғындардың санын демографиялық болжамды және халықтың табиғи және механикалық өсімі мен көшіп-қонуын ескере отырып, елді мекеннің даму болашағы туралы мәліметтер негізінде анықтау қажет.
4.3.12 Г Қосымшада ҚТҚ жинақталуының болжамдық нормалары келтірілген, оларды берілген тұрғын елді мекенде немесе территориялық құрылымда (қала немесе ауылдық елді мекен, облыс немесе аудан) қатты тұрмыстық қалдықтардың бекітілген түзілу нормалары болмағанда елді мекенді санитарлық тазартудың ірілендірілген есептеулері және жоспарлау үшін қолданады.
4.4 Учаскелерді таңдап алу
4.4.1 Тұрғындардан түзілетін қалдықтардың нақты жинақталуын анықтау үшін тұрғындарының саны төмендегідей болатын учаскелер бөлініп алынады:
- халқының саны 300 мыңға дейінгі қалаларда жабдықталудың әрбір түріне байланысты тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамтитын учаскелер алынады;
- тұрғындарының саны 300-500 мың адам болатын қалаларда - 1%;
- тұрғындарының саны 500 мыңнан астам адам болатын қалаларда – 0,5% (оның ішінде жабдықталмаған сектор бойынша кемінде 500 адам).
4.4.2 Мәдени-тұрмыстық нысандар бойынша берілген қалаға барынша тән кемінде 2 нысандар алынады.
Ескерту: нысандардың түрі мен саны өкіметтің жергілікті атқару органдарының шешімімен анықталады.
4.4.3 Қалдықтарды жинау және мөлшерін өлшеу кезінде әр түрлі мақсаттағы нысандардың қалдықтарының араласпауын қадағалау қажет.
4.4.4 Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде сиымдылығы бірдей стандартты контейнерлерді қолдану ұсынылады (сиымдылығы 0,75 м3 К-0,75 металл контейнерлері немесе сиымдылығы 1,1 м3 евроконтейнерлер). Түзілген қалдықтарды мүмкіндігінше толық ескеру және жинақталудың біркелкі емес коэффициентін анықтау мақсатында қосымша контейнерлер орнату қарастырылады (таңдап алынған учаскелерді зерттеу барысында нақтыланады). Өлшеулерді бастағанға дейін барлық контейнерлер толық тазалануы тиіс.
4.4.5 Жинақталу нормалары жылдың маусымдары бойынша анықталады. Өлшеулер 7 күн бойы (үзіліссіз) қоқысты шығарудың алдында шығару ырғақтылығына байланыссыз тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Жинақталу нормаларын анықтаған кезде қызмет жасайтын адамдардың контейнерлердегі қалдықтарды нығыздауын болдырмау керек.
4.4.6 Жинақталу нормаларын анықтаудың оптимал мерзімдері: қыста - желтоқсан-қаңтар; көктемде - сәуір-мамыр; жазда - маусым-шілде; көктемде - қыркүйек-қазан.
4.4.7 Әрбір нысан бойынша өлшеу нәтижелері арнайы құжатқа толтырылады (Қосымша Д).
4.4.8 Ірі көлемді қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде көлемі кемінде 8-12 м3 болатын контейнерлер мен бункерлерді қолдану ұсынылады. Жинақтағыш-бункерлер қатты жамылғысы бар жеке алаңдарда жүретін жолға жақын орналастырылады. Өлшеулер жүргізудің алдында барлық контейнерлер толық тазалануы тиіс.
4.4.9 Ірі көлемді қалдқтардың (одан әрі - ІКҚ) жинақталуын өлшеу 4 апта бойы жүргізіледі (үзіліссіз). ІКҚ шығарылу ырғақтығы – контейнердің толуына байланысты, бірақ кемінде 7 күнде 1 рет.
4.5 Қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау
4.5.1 Жинақталатын ҚТҚ массасы мен көлемін анықтау қолданылатын нұсқалардың біреуі бойынша былайша жүргізіледі.
4.5.1.1 1 әдіс құрылыс салу қалыптасқан қалалар мен қалалардың аудандарында, көп қабатты тұрғын үйлерде, жабдықталмаған тұрғын үйлерде, әкімшілік ғимараттарда, білім беру, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандарда ҚТҚ жинақталу нормаларын анықтауға арналған.
4.5.1.1.1 Зерттеулер үшін сиымдылығы 0,75 м3 стандартты металл контейнерлерін немесе сиымдылығы 1,1 м3 контейнерлерді (евростандарт) қолдану ұсынылады. ҚТҚ өлшеу үшін өлшеу шегі 10 кг-ға дейінгі А-10 автомобиль таразысын және ДПУ-0,5/2 маркалы 500 кг-дық динамометрді қолдану ұсынылады.
4.5.1.1.2 Контейнерді машинаға орналастырудың алдында контейнердегі қалдықтарды тегістеп, өлшегіш сызғыштың көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады (сурет 1а).
4.5.1.1.3 Өлшегіш сызғыш ағаштан жасалады, майлы бояумен боялады, көлем белгілерінің сызықтары бір жағына жазылады және бұл кезде сызғыштың нөлі контейнердің жоғарғы жағына сәйкес келуі керек. Өлшегіш сызғыштың схемасы 1б суретте көрсетілген.
а) Өлшегіш сызғыштың схемасы
б) Контейнердегі қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемін анықтау үшін өлшеудің схемасы.
.
Сурет 1 - Стандартты металл контейнерлері
4.5.1.1.4 Жинақталатын қалдықтардың массасы толған контейнерлерді динамометрдің көмегімен өлшеу арқылы және одан бос контейнердің массасын шегеру арқылы анықталады.
4.5.1.1.5 Бір тұрғын үйдегі барлық сегіз контейнерлер толғанда (қоқыстасушының сиымдылығы) қалдықтардың массасын автомобиль таразысының көмегімен толған және бос машинаны өлшеу арқылы анықтауға болады.
4.5.2 2 әдіс елордалық аймақтар мен аса ірі қалалардың жекелеген аудандарындағы – толық және жоғары деңгейде жабдықталған тұрғын аудандарда, заманауи ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, ірі медициналық орталықтарда, саябақ кешендерінде, әуежайларда және т.б. ҚТҚ жинақталуының нормасын анықтауға арналған
4.5.2.1 Бұл әдіс қалалық коммуналдық шаруашылықта EN 840-1 еуропалық стандарттарына сәйкес келетін контейнерлер мен қоқысжинағыш машиналарды қолдануға есептелген.
4.5.2.2 EN 840-1 стандартының контейнерлерінің қақпағы мен қабырғасы жеке маркировкамен белгіленген, контейнерді идентификациялау және өлшеу үшін RFID есептегіш қондырғысымен және арнайы жапқыш механизмдермен жабдықталған.
4.5.2.3 Ультрадыбыстық датчиктермен және ақпаратты қашықтыққа беру жүйесімен жабдықталған әрбір контейнер GPS-жүйесі арқылы контейнердің толу дәрежесі туралы (үш толу деңгейі) және барлық қажетті парметрлер туралы белгі беріп отырады, олар коммуналдық қызметтің мәліметтер базасына автоматты түрде тіркеліп отырады.
4.5.2.4 EN 840-1 стандартының қоқысжинағыш машиналары контейнердегі қоқысты өлшейтін жүйемен жабдықталған. Мәліметтер автоматты режимде борттағы компьютерге жазылады, бұл қоқыс контейнерлерін идентификациялауға және жеке жинақталған қалдықтардың көлемдері туралы мәліметтерді растауға мүмкіндік береді.
4.5.3 Жинақталатын ірі көлемді қалдықтардың массасы (одан әрі - ІКҚ) толған контейнерлерді автомобиль таразысының көмегімен өлшеу арқылы және одан бос контейнердің массасын шегеріп анықталады. ІКҚ көлемін өлшеу арқылы анықтайды.
4.5.4 Өлшеулер бойынша біріншілік материалдарды өңдегеннен кейін нысандардың әрбір біртекті топтары үшін алынған мәліметтер (масса, көлем) аптаның күндері бойынша қосып, жинақталудың айлық (маусымдық) жинақтаушы ведомосіне толтырылады (Қосымша Д).
4.5.5 Ірі сауда кәсіпорындары мен басқа ұйымдардағы қалдықтардың жекелеген құрамдас бөліктерін бөлек жинаған кезде (престелген макулатура, шыны заттары, полимерлік қалталар және т.б.) олардың саны көрсетіледі (Қосымша Д).
4.6 Қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілу нормасын есептеу
әдістемесі
4.6.1 Нысандағы ҚТҚ түзілуінің тәуліктік көлемін анықтауды (Vтәул, м3) мына формула бойынша жүргізеді:
(1)
мұндағы h - контейнерлерде жиналған қалдықтардың биіктігі; S - контейнер табанының ауданы, м2; n - нысаннан тәулік бойы шағарылатын контейнерлердің саны.
4.6.2 ҚТҚ түзілуінің маусымдық көлемін анықтау (Vм, м3). Нысандағы түзілген қатты тұрмыстық қалдықтардың бақыланған маусым бойынша көлемін анықтау мына формуламен жүргізіледі:
(2)
мұндағы Vmi – белгілі бір маусымдағы бір тәулікте нысанда түзілген ҚТҚ көлемі; n – маусым кезіндегі бақыланған күндердің саны.
4.6.3 Нысандағы түзілген ҚТҚ тәуліктік массасын анықтау (mтәул, кг) мына формуламен жүргізіледі:
mтәул = ∑ (mт – mб)∙n (3)
мұндағы mт - қалдықтармен толған контейнердің массасы, кг; mб - бос контейнердің массасы, кг; n - тәулік бойы нысаннан шығарылатын контейнерлердің саны.
4.6.4 Маусым бойынша нысандағы түзілген ҚТҚ массасын анықтау мына формуламен жүргізіледі:
mm =∑ (mmi)∙n (4)
мұндағы mmi – белгілі бір маусым кезінде нысанда бір тәулікте түзілген ҚТҚ массасы; n - маусым бойынша бақыланған тәуліктердің саны.
4.6.5 Нысандағы ҚТҚ түзілуінің есептік бірлікке шаққандағы тәуліктік орташа маусымдық нормативін анықтау мына формуламен жүргізіледі:
Көлем бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vм / (N×A) (5)
Масса бойынша (mтм, кг):
mтм = mc / (N×A) (6)
мұндағы N - есептік бірліктердің саны; А - түзілу нормативін анықтау ұзақтығы (7 тәулік).
4.6.6 Нысандағы ҚТҚ түзілуінің есептік бірлікке шаққандағы тәуліктік орташа жылдық нормативін анықтау мына формуламен жүргізіледі:
Көлем бойынша (Vтож, м3):
Vтож= (Vқ ом + Vк ом + Vж ом +Vк ом)/n (7)
Масса бойынша (mтож, кг):
mтож = (mқ ом + mк ом + mж ом+ mк ом)/n (8)
мұндағы жоғарғы индекстер «қ», «к», «ж», «к» сәйкесінше қыс, көктем, жаз, күз айларындағы қалдықтардың есептік бірлікке шаққандағы тәуліктік орташа маусымдық нормативін көрсетеді; n – қалдықтар түзілген маусымдардың саны.
4.6.7 Нысандағы есептік бірлікке шаққандағы ҚТҚ түзілуінің жылдық нормативін анықтау мына формула арқылы жүргізіледі:
Көлем бойынша (Vж, м3)
Vж = Vтож × nк (9)
Масса бойынша (mж, кг):
mж = mтож × nк (10)
мұндағы nк - жылдағы күндердің саны.
4.6.8 ҚТҚ орташа тығыздығын анықтауды (γорт, кг/м3) мына формуламен жүргізеді:
γорт =m/V (11)
мұндағы m және V - сәйкесінше массасы және көлемі бойынша есептік бірлікке шаққандағы қалдықтар түзілуінің жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері.
4.6.9 ҚТҚ түзілуінің маусымдық біркелкі еместік коэффициентін анықтауды (kб) мына формула арқылы жүргізеді:
Көлем бойынша:
кб = Vом/Vж (12)
Масса бойынша:
кб = mом/mж (13)
4.6.10 ҚТҚ түзілуінің тәуліктік маусымдық біркелкі еместік коэффициентін анықтауды мына формуламен жүргізеді:
Көлем бойынша:
кмб = Vmaxтәул/Vом (14)
мұндағы Vmaxтәул - маусым бойынша нысандағы қалдықтардың максимал тәуліктік түзілу көлемі, м3.
Масса бойынша:
кмб = mmaxтәул/mом (15)
мұндағы mmaxтәул - маусым бойынша нысандағы қалдықтардың максимал тәуліктік түзілу массасы, кг.
4.6.11. Елді мекен территориясында бір адамға шағып есептегенде ҚТҚ түзілуінің жалпы орташа нормативін анықтау мына формуламен жүргізіледі:
Vжалпы = (Vж + VТ + Vікқ + Vеақ+ Vаққ)∙N (16)
мұндағы Vж – тұрғын үй қорындағы ҚТҚ қосынды жылдық түзілімі, м3;
VТ- адамның тіршілігін қамтамасыз ететін барлық нысандардағы ҚТҚ қосынды жылдық түзілімі, м3;
Vікқ- ірі көлемді тұрмыстық қалдықтардың қосынды жылдық түзілімі, м3;
Vеақ - есепке алынбаған қалдықтар, тұрғын үй қоры және адамның тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардағы түзілетін ҚТҚ жалпы санының 5%-ына дейін қабылдау ұсынылады, м3;
Vаққ - аудандық қызмет көрсетудің қалдықтары, тұрғын үй қоры және адамның тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардағы түзілетін ҚТҚ жалпы санының 5%-ына дейін қабылдау ұсынылады, м3;
N - нақты елді мекендегі тұрғындар саны.
Қосымша А
(міндетті түрде)
Форма 1
Кесте А.1 – ҚТҚ жинақталу нормаларын анықтау үшін нысандар мен есептік бірліктер
№
|
Нысанның аталуы
|
Есептеу
бірлігі
|
1
|
2
|
3
|
1
|
Жабдықталған және жабдықталмаған тұрғын үйлер
|
1 тұрғын
|
2
|
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және т.б.
|
1 орын
|
3
|
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
|
1 орын
|
4
|
Балабақшалар, яслилер
|
1 орын
|
5
|
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банкілері, байланыс бөлімшелері
|
1 қызметкер
|
6
|
Емханалар
|
1 қабылдау
|
7
|
Ауруханалар, санаторийлер, басқа емдеу-профилактикалық мекемелер
|
1 керует-орын
|
8
|
Мектептер, орта оқу орындары, ЖОО
|
1 оқушы
|
9
|
Мейрамханалар, кафе, қоғамдық тамақтандыру мекемелері
|
1 тағам
|
10
|
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, казино, ойын автоматтарының залдары
|
1 орын
|
11
|
Мұражайлар, көрмелер
|
1 м2 жалпы аудан
|
12
|
Стадиондар, спорт алаңдары
|
1 орын жоба бойынша
|
13
|
Спорт, би және ойын залдары
|
1 м2 жалпы аудан
|
14
|
Азық-түлік дүкендері
Машинадан сауда жасау
|
1 м2 сауда алаңы
1 м2 сауда орны
|
15
|
Өнеркәсіп тауарлары дүкендері, супермаркеттер
|
1 м2 сауда алаңы
|
16
|
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, жайма орындар
|
1 м2 сауда алаңы
|
17
|
Көтерме базалар, азық-түлік тауарларының қоймалары
|
1 м2 жалпы аудан
|
18
|
Көтерме базалар, өнеркәсіп тауарларының қоймалары
|
1 м2 жалпы аудан
|
19
|
Тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету
|
1 м2 жалпы аудан
|
А.1 кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
20
|
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
|
1 м2 жалпы ауданы
|
21
|
Жағажайлар
|
1 м2 жалпы ауданы
|
22
|
Дәріханалар
|
1 м2 сауда алаңы
|
23
|
Автотұрақтар, автожуғыштар, АҚС, гараждар
|
1 машина-орын
|
24
|
Автошеберханалар
|
1 жұмысшы
|
25
|
Гараж кооперативтері
|
1 гаражға
|
26
|
Шаштараздар, косметикалық салондар
|
1 жұмыс орны
|
27
|
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі
|
1 м2 жалпы ауданы
|
28
|
Зергерлік, аяқ-киім, сағат жөндейтін шеберханалар
|
1 м2 жалпы ауданы
|
29
|
Майда жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және т.б.)
|
1 жұмыс орны
|
30
|
Моншалар, сауналар
|
1 кв.м жалпы алаңы
|
31
|
Заңгерлік, қала аумағында жалпыхалықтық шаралар ұйымдастырушылар
|
1000 қатысушылар
|
32
|
Бау-бақша кооперативтері
|
1 учаске
|
33
|
Қала аумағындағы жолдар мен көшелердің жағдайын қарастыратын ұйымдар
|
1 м2 шаққанда сыпырынды саны
|
34
|
Аумағында коммерциялық қызмет атқарылмайтын саябақтар мен скверлерді қарайтын ұйымдар
|
1 м2
|
35
|
Қабірлерді қарайтын ұйымдар
|
1 га
|
Достарыңызбен бөлісу: |