8.1 Қондырғыларының барлык түр тармағылар үшiн жалпы қауіпсіздік талаптары
8.1.1 Сумен және көбікті автоматты өрт сөндіру қондырғылары сәйкесінше
«Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты түрде өрт сөндiру және
автоматты өрт дабылымен, өрт кезiнде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды
басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар»
техникалық регламентінің 4.3 және
4.4-бөлімдерінің талаптарына және осы нормалардың талаптарына жауап беруі керек.
8.1.2 Сумен және көбікті өрт сөндіру кезінде кернеудегі ашық оқшауланбаған тоқ
жүргізгіш бөліктері бар жабдықты орнату қарастырылған үй-жайлар үшін өрт сөндіргіш
заттардың өрт ошағына берілу сәтіне дейінгі электр энергияның автоматты түрде сөнуін
алдын ала қарастыру керек.
8.1.3 Қорғалатын бір үй-жай шектерінде жылу серпінділігінің (спринклерлік
суландырғыштар үшін) және өнімділігінің бірдей коэффициенттері, бірдей түрі, шығыс
тесіктерінің диаметрі бар (көбікті суландырғыштар үшін) және конструкциялық
орындалуымен суландырғыштарды орнату керек. Спринклерлік суландырғыштармен бір
үй-жайда
спринклерлік
суландырғыштардың
параметрлерінен
ерекшеленетін
параметрлері бар сумен шымылдықтың дренчерлік суландырғыштарын қолдануға рұқсат
етіледі, бұл кезде барлық дренчерлік суландырғыштарда өнімділіктің тепе-тең
коэффициенті, бірдей түрі және конструкциялық орындау болуы керек.
Қойма үй-жайлары үшін, биіктігі 10 биік үй-жайлар үшін және негізгі жанғыш өнім
тез тұтанғыш сұйықтықтар және жанғыш сұйықтықтар болып табылатын үй-жайлар үшін