Жұмыстың мақсаты:
Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлға жасау шеберлігін анықтау, тарихи шығармаларына талдау жасай отырып, оның адам образын суреттеудегі өзіндік ерекшеліктерін танып-білу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:
Егер, Ә.Кекілбаевтың тарихи тұлға жасаудағы өзіндік қырлары кеңінен ашылып, тереңінен талданса, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне деген құрметтері артып, ұлттық сана-сезімдері жоғарылап, патриоттық рухтары көтеріліп, таным қабілеттері арта түсер еді.
Зерттеудің теориялық мәнділігі:
Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Ә.Кекілбаев еңбектерін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің оқу әдістемелік жұмыстарына енгізуге болады.
Зерттеудің дербестік нәтижесі:
- Ә.Кекілбаевтың жазушылық, суреткерлік өмір жолы кеңінен талдап, оған сипаттама берілді;
- Көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тарихи тұлғаларға терең сипаттама жасалынып, олардың көркемдік образдары ашылды;
- Ә.Кекілбаев шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесіне талдаулар жасалынды.
Жұмыстың орындалу әдістері.
Ә.Кекілбаев тарихи шығармаларымен терең танысу, деректер жинау, зерттеу әдістері қолданылған.
Негізгі бөлім
1.1 Ә. Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар Тарихқа арналған шығармаларды жазудың тек композициялық құрылысы, сюжеттік мазмұны, тарихи реалийлердің көрінісі жағынан ғана емес, тілдік-стильдік сипаты жағынан да әр алуан болып келетіндігін және бұндай жоғары сатыға қазақ көркем әдебиетінің де жеткендігін Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы анық көрсетеді.
Рабиға Сыздықова
Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы білмейтін қазақ кемде-кем. Ол – сегіз қырлы бір сырлы талант иесі. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Бастауын өлеңнен, жыр жинақтарынан бастаған Кекілбаев өз өмірінде сын кітаптарын, әңгімелер мен хикаяттар жазды, тарихи романдары жарық көрді. «Үркер» мен «Елең-алаң» оқырмандардан өз бағасын алды. Жасырақ кезінде аударма саласында да өнімді еңбектенді. Ги де Мопассан, Шекспир, Ибсен, Карло Гоцци, Макс Фриштермен қатар Толстой, Бунин, Мұстай Кәрім, Шыңғыс Айтматовтарды қазақша сөйлетті. «Өзге замандас жазушылары секілді, Әбіш Кекілбаев та өз халқының ежелгі әдет-ғұрып, дәстүр-тағлымдарын егжей-тегжейлі, кейде қызыға суреттеуге құмбыл, ол көшпенділер өмірінің қазір ұмытыла бастаған этнографиялық детальдарына ерекше мән береді, халық өмірін, адам жанының ішкі иірімдерін ашуға тырысады. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды [2, 26-б.]. Ол қазақ жерінің өзге аймақтарына ұқсай қоймайтын осы түбектегі өмір, тірлік, салт-сана туралы, ежелгі аңыз-әңгімелер, ата-бабалар тағдыры жайында, даланың қым-қуыт бояулары төңірегінде қызыға, қызына әңгімелейтін, сол сәтте бізге ол туған жерінің шежірешісі секілді көрінетін-ді. Оның алғашқы туындыларының ішінде «Ханша дария хикаясы», «Шыңырау» повестері тарихи, рухани мәселелерді жоғары деңгейге көтере алуымен, характер жасау, өмірді реалистік сипатта суреттеудегі шеберлігімен көзге түсіп, қазақ әдебиетінде таңдаулы прозаның қатарына қосылды. Әсіресе, «Шыңырау» повесінің тақырыптық ерекшелігі, өмірдің әлеуметтік көрінісі, бәсеке заңына тәуелді адам баласының қиын да күрделі тағдыры, кейіпкердің ішкі, сыртқы әлемін суреттеудегі дәлдік пен бейнелілік, шынайылық жазушы шеберлігінің кемелденгенін көрсетеді. Тұтас бір халықтың тарихы мен тағдыры, заман келбеті, саяси әлеуметтік жағдай, алапат қырғын соғыстар, әдет-ғұрып, салт-сана, тақ таласы мен бақ таласы, қызғаныш пен күндестік, бірлік пен дүрдараздық, достық пен жауластық, сан түрлі, сан мінезді қаптаған кейіпкер – осының бәрін бір адамның ғана жан дүниесі арқылы беру мүмкін бе? Әбіш романдарының күрделілігі, мұның сыртында, өзі өмір сүріп отырған заманның саяси ғұрпы мен халықтың сан қилы тағдырына келіп тіреледі. Ақыл жүрген жерде сабыр да жүреді. Ерлікке қанша қайрат қажет болса, сабырға да сонша қайрат қажет. Әбекеңнің тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының бірі – Ақсақ Темір туралы. Одан соң – «Үркер» романы. Демек, Әбекең шығармаларындағы тарихы тұлғалар – Абыл, Бекет ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан, Қарабура әулие, Шотан, Сүйінғара батырлар, Әйтеке би – біздің тарихымыздағы аса көкейкесті мәселелер болды. Әбіш жазған Шыңғыс пен Ақсақ Темір – қанша ұлы жаулаушы, қанша асқақ билеуші болса да, өлімнен қашып құтылмайтын жұмыр басты пенде. Осы екі тарихи тұлға туралы талай ғұламалар жазды. Бірақ Әбекең олар туралы халық аңыздарына сүйеніп жазған екен. Әбіш бейнесін сомдаған тарихи тұлғалар ішінде Әбілқайыр хан туралы жазбалардың ерекше құнды екенін айтқымыз келеді. «Үркер» романы Кеңес Одағының дәуірлеп тұрған кезінде жазылды. Алайда автор көптеген тарихи шындықты тұспалдап жеткізе білді. Әбілқайырдың ақ патшаға өтініші тек башқұрт халқымен арадағы қарым-қатынасты қайта орнату турасында ғана еді, ал бодандық туралы сөз жоқ болып шықты. Нақ сол тұста бодандық туралы сөз болуы да мүмкін емес еді. Себебі осы кезге дейін айтылып келгендей, жоңғар халқы емес, Ресей тарапынан ұйымдастырылған Ақтабан шұбырынды оқиғасынан соңғы соғыстан Әбілқайыр жеңімпаз болып шықты. Әбіш Кекілбайұлы ең алдымен, тарихи деректердің, тарихтың эстетикасын суреткерлікпен терең сезіне білген, сондай-ақ, тарихи тұлға мен қоғамның бір-біріне деген өзара ықпалының тұтастығын, тарихи прогресс барысындағы зор әлеуметтік ролін, салмағын тап басқан. Ә. Кекілбаевтың қазақ тарихына қатысты зерттеулерінде ерекше орын алатын тарихи тұлғаның бірі – Әйтеке би. Жалпы, қазақ еліндегі билер институтыны тарихын соңғы екі ғасырда көптеген ғалымдар зерттеді. Солардың ішіндегі ең ірілерін айтсақ, XIX ғасырда Ш. Уәлиханов, XX ғасырда С. Зиманов болатын. Ал Әбіш ағамыз да Әйтеке биге қатысты барлық деректі жан-жақты зерттеген. [8, 53-б.]. Бұл жерде Ә. Кекілбаевтың тарих зерттеушісі ғана емес, деректанушы екенін де мойындауға тура келеді.Әбекеңнің зерттеулері Төле би тарихын зерттеушілер үшін де үлкен сый болғаны анық.Сондай-ақ, Ә. Кекілбаев – Әйтеке би туралы зерттеуінде Жәнібек батырдың екеу екенін алғаш көрсеткендердің бірі. Бірі Кіші жүздегі сұлтан Жәнібек болса, екіншісі – Арғын Шақшақ Жәнібек…
Достарыңызбен бөлісу: |