«Ш. Рашидов» атындағы жом-тің 9-сынып оқушысы ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент ауылы



Дата01.07.2016
өлшемі40.29 Kb.
#171208
Хасан Сейдахметов,

«Ш. Рашидов» атындағы ЖОМ-тің 9-сынып оқушысы

ОҚО, Сайрам ауданы, Манкент ауылы

Шығарма тақырыбы: Су – өмір нәрі

Су – өмәр нәрі

Су адам өмірінде оттектен кейінгі екінші орын алатын маңызды қосылыс. Адам денесінің 65-70%- ын су құрайды. Адам организміне тәулігіне ең аз дегенде 2л су қажет. Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктердің 80-95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денесінде су көп. Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді. Ол қанның ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына жатады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі. Адам су ішпей бір апта ғана өмір сүре алады. Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99% ті судан тұрады. Адам салмағының 65% су десек, оның 10-20%тінен айрылса тіршілік тоқтайды. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады. Адам денесіндегі бүкіл мойыннан белоктарының едәуір бөлігінен айрылса тірі қалуы мүмкін бірақ, организмдегі судың қоры үнемі толықтырып отыру керек, сусыз бір неше күн ғана жан сақтауға болады. Су болып тұрғанда организмдіде өмірлік маңызы бар. Көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әр бір клеткасынан табуға болады. Сусыз тіршілік жоқ. Жер ғалам шарының бетіндегі су, барлық жер қыртысының 70% ын алып жатыр. Адам организмідегі зат алмасу процесі сулы ортада жүретіндігі белгілі. Су жердегі тіршіліктің бастауы болып саналады, өйткені адамдар мен жануарлар организмінің 2/3 бөлігі, өсімдік массасының 4/5 бөлігі судан тұрады. Тірі және өлі табиғат арасындағы зат алмасу процестерінде судың орны ерекше. Жер бетіндегі судың қоры теңіз бен мұхиттарда -1,4 млр км3 .Су зат алмасу реакцияларының белсенді қатысушысы . Ересек адамда су мөлшері оның дене салмағының 2/3бөлігін құрайды.Адам организмінде кейбір ұлпалары өз салмағының 70 % су құрайды. Қан ның 83 % су екен. Ересек адамның денесінде 40- 50 литр су болады. Қанның 83 %, бұлшық еттердің 75 % мидың 74%, сүйектердің 22 %, судан тұрады. Енді өзіміз тұтынып жүрген суға тоқталайын. Асқан еттің құрамында 40 % қуырған жұмыртқада 70% жуық, көкеніс салатында 80 % су бар.

Судың химиялық формуласы – Н2О. Құрылымдық формуласы Н-О-Н. Салыстырмалы молекулалық массасы Мr (Н2О) =18. XVII ғасырдың аяғында судың күрделі зат екені анықталды , яғни су жасанды жолмен газ тектес сүтектің оттекте жануынан алынды.

Ауыз суға Қазақстандық ГОСТ 1982 жылдан бастап өз күшіне енген болатын. Органалептикалық көрсеткіштерге сәйкес (жоғары сапалы ауыз) келетін су: мөлдір иіссіз және жағымды дәмін. рН, 0-7,5 және тығыздылығы 7 мг –экв /дм3су; құрамында ауру тудыратын бактериялар мен вирустар мүлде жоқ. Судың құрамында массасы бойынша 11,19 % сүтек, 88,81% оттек болады: молекуласы 2 атом сүтек пен 1 атом оттектен тұрады, молекула массасы 18,01 болатын су иіссіз, фонсыз, түссіз сұйықтық. Құрамында 2H(дейтрий) бар. Су-ауыр су(Д20) деп аталады . Ауыр судың физикалық қасиеттері өзгешелеу болады.

Судың физикалық қасиеттері: Таза су –түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Қалыпты қысымда 1000-та қайнайды да 00 с да мұзда (р=0, 92г/см3) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9% -ға артады.

Судың бірінші аномалиясы- оның тығыздығының кемеюі, көлемінің ұлғаюы. Су температураның +40 0 -тан жоғары не одан төмен болуынан тығыздығын өзгертеді, +40 0 С тағы судың тығыздығы 1-ге тең, 00с-та судың тығыздығы 0,92-ге тең. Судың «Жасырын балқу жылылығы», -деп сәтсіз аталатын тағы да бір аномалиясы бар. Кристалды қатты заттар сұйыққа айналу үшін белгілі бір мөлшердегі жылылықты керек етеді. Әрбір зат үшін белгілі шамадағы жылылықтың бұл мөлшері «Жасырын балқу жылылығы» деп аталады.

00 С–тағы судың дәл сол температурадағы мұздан айырмашылығы сол 1 грамм су ол 1 грамм мұзға қарағанда 80 калория сақтайды.

Судың адам ағзасындағы маңызы зор, өйткені ол:



  1. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып , сауығуға әбден болады.

  2. Су –азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.

  3. Эритроциттың жұмыс өнімділігін арттырады.

  4. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп , қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.

  5. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.

  6. Дене температурасын реттейді.

  7. Су- мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.

  8. Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды.

  9. Су адам зейінін ашады.

  10. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.

  11. Салмақ қосуды жеңілдетеді.

  12. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.

Адам тіршілігі үшін су өте керек. Өйткені , адам тіршілігінде судың маңызы зор. Тұрмыстық жағдайда кір жуу, тамақ істеу, шруашылықтағы фермаларға керек. Кез келген шаруашылық үшін су қажет. Әсіресе , өндіріс орындарында және ауыл шаруашылығында керек . Судың көп мөлшері өнеркәсіпте жұмсалады. Су негізгі химиялық өнеркәсіптің бәрінде қолданылады. Ауыл шаруашылығында судың ролі маңызды. Өйткені, көкеніс және жеміс-жидектерді мол көлемде алу үшін судың орны ерекше. Сусыз ешқандай жұмыс істей алмайсың.

Су адам тіршілігінде алатын орны ерекше.

1.1кг картоп алу үшін 300 литр су керек екен

2. 1кг бидай алу үшін 1200 литр су керек

3. 1 кг кофе алу үшін 22 мың литр су қажет

4. қарбыздың 92 пайызы судан тұрады.

5. қызанақтың 90 пайызы судан тұрады.

6. 1 көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.

7. 1тонна шойын қорытуға 130 тонна су керек.

8. 1 тонна алюминий алу үшін 1000 тонна су қажет.

9. 1 сиырдан 1 литр сүт алу үшін 5 литр су беру керек .

10. газет парақтарын шығару үшін шеберлерге 300 литр су қажет.



Сусыз өмір жоқ яғни тіршілік те болмайды. Сондықтан суды шашпай, абайлап тіршілікке керегін жұмсасақ су көп кетпейді.

Суды ысырап қылмайық ағайын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет