4
сәйкес технологияны таңдап алу үшін отбасын, мектепті, мінез-
құлқы қиын балаларды, жас өспірімдерді, әлеуметтік педагогика-
лық зерттеудің әдістемесін жасауды және қолдануды;
өзінің
тәрбиелік, диагностикалық, алдын алу, ұйымдастыру, кеңес беру,
қолдау, көмек беру, түзету, бейімдеу, коммуникативтік дағдыла-
ры мен біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерді
тәжірибеде пайдалана алады.
Жастарымыздың бойына ізгі дәстүрімізді адалдық пен адам-
гершілік, қайырымдылық, мейірімділік, салауаттылық, әдептілік,
имандылықты үйретіп, тәлім-тәрбиенің сипаты мен мәнін ұғын-
дыруымыз қажет.
Жақсы адам болуы үшін тек денесінің сау болуы жеткіліксіз,
рухани сау болуы да өте маңызды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір
хадисінде: «Аллаһ сендердің сыртқы түрлеріңе қарамайды, сен-
дердің жүректеріңе қарайды», – депті. Демек, ішкі дүниенің ру-
хани тазалығы, адалдығы – адам баласының ізгі қасиеті.
Тәрбиені насихаттауда рахымшылдықтың шоқтығы жоғары.
Рахымшылдық кез келген біреудің басына іс түскен кезде сол
адамға көмек беру емес, ол адамзаттың өзара қатынасы және бас-
қа да тіршілік иелерімен
жақсы қарым-қатынаста болу, адамға
туа біткен тұрақты қасиет деуге болады. Мейірімділік – адам бойын-
дағы қасиетті сезім. Мейірімді адамның мерейі үстем болуы үшін
ол адамдарға жақсылық, әдептілік, адамдардың жан саулығы мен
денсаулығы ол адамды қуанышқа, бақытқа бөлейді.
Қазақ халқы ұрпағын әруақытта
қайырымдылыққа тәрбиелеп
отырған. Қайырымдылық ұғымы көбінде жетім-жесір мен мүсәпір,
қайыршыларға жақсылық жасауға байланысты жалпы мағынада қол-
данылатын түсінік сияқты. Әке-шешеге қайырымдылық жасау – ба-
лаларының борышы. Жақсы тәрбиеленген бала ата-анасына мейірім-
мен қарайды, ал ата-анаға мейірімсіздікпен қараудың қайырымы ата-
ананы тыңдамай, өз дегенімен кеткен балалардан болатыны белгілі.
Өйткені «не ексең, соны орасың» демекші, бір нәрсенің өтемі сенің
іс-әрекетіңе тікелей байланысты. Мысалы, «Қайыр бар жерде ырыс
бар», «Жақсылық жерде қалмайды», «Істеген жақсылығың біреуден
болмаса, біреуден қайтар», «Жақсылық қылсаң, жарлы болмассың»
т.с.с. айтуға болады.
5
Әлеуметтік маман жалпы педагогикалық мәселелерді ғана
емес, қоғамның белгілі бір ауытқуларына ұшыраған бөлігіне ар-
налғандықтан, бұл сала бірнеше
ғылым салаларымен бірігіп,
адамның басына түскен күйзелістің шешілу жолдарын қарасты-
рып, ұйымдастырады, шешуге көмектеседі.
Қазіргі таңда әлеуметтік маманның алдына қойып отырған
талап – теориялық және тәжірибелік жұмыстармен кеңінен та-
нысып, әлеуметтік ортада инновациялық бағытта жұмыс істеуі
қажет.
Әлеуметтік маманның зерттеу
жұмыстарының тиімділігі
мен табыстылығы – оның танып білуге қолданған теориялық жә-
не тәжірибелік ой-пікірлері, инновациялық әдістері, жаңа техно-
логияларды, коммуникативті әдіс-тәсілдерді қолдануы болып та-
былады.
Қазіргі таңдағы экономикалық өзгерістер тұлға сипатына
әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған балалар, жастар, қарт-
тар, мүгедектер, дертке шалдыққандар, психологиялық ауытқуға
ұшырағандар, күйзеліске душар болғандар, табиғат апатына ұшы-
рағандар күннен-күнге көбейіп келеді.
Әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдарға мемлекет тарапынан
жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар, жалпы халық көмек қолын
созады. Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру – жеке
тұлғалық қасиетін дамыту және
баланы қоғамда толық мәнді
өмір сүруге дайындау. Қазіргі кезде тәрбиеге қойылатын талап-
тардың бірі – басқа адамдарды қолдауға дайын тұратын, қарым-
қатынасты бағалай алатын, яғни коммуникативтік қабілеті дамы-
ған тұлғаны қалыптастыру болса, бұл жұмысқа әлеуметтік педа-
гог та өз үлесін қосады.
Достарыңызбен бөлісу: