Шабайқызы Эльмира ҒТ-302 Абайдың қара сөзі



Дата01.03.2024
өлшемі38.57 Kb.
#493835
Шабайқызы Эльмира қара сөздер


Шабайқызы Эльмира
ҒТ-302
Абайдың қара сөзі.
Зәуре Батаева "қара сөздердің" авторы Абай емес, "Алаш-Орда" көшбасшыларының бірі саяси технолог Әлихан Бөкейханов екендігі туралы сенсациялық мақалалар жариялады. Ал біз өз талдауымызды жасап көрейік.

  1. Абай Құнанбайұлының заманы алмағайым кез болды. Абайдың өз заманындағы оқиғаларды көзімен көріп, сол кезеңдегі қазақтардың бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп өсиет еткен. Жасы жарты ғасырға тақаған Абай ендігі ермегім осы деп көрсетеді.

  2. Абай бірінші қара сөзінен-ақ «осы жасқа келгенше жақсы ма, әлде жаман ба өткіздік пе, бірталай өмір өткіздік, алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық. Ендігі жер ортасы жасқа келдік. Мал бағу, ғылым қуу, бала бағу» т.с.с теңеулер келтіріп сөзін аяқтайды: «Одан қайта мен ақ қағаз бен көк сияны ермек етейін. Керек адам ішінен керегін алар, ал керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі»-дейді.Ал бұл дегеніміз Абай ешкімге өз сөзін дәлелдемейді. Оқырман өзі керегін алып, керегі жоғын ысырып-ақ тастайды- дейді.

  3. Бір сөзінде мақтаншақтық жайлы сөз қозғаса, бірінде иман жайында сөз етеді. Ал біз Әлихан Бөкейханның дін жағынан сауаты Абайдай болды деп айта алмаймыз. Ол бір сөзінде қазақтарда кең қолданыста жүрген, алайда еш мағынасы жоқ, мақалаларды сынай отырып, оқырманға оның дұрыс немесе бұрыс екендігін нұсқап отырған.

  4. Мұхтар Әуезов 1933 жылы жарық көрген "Абай" шығармаларының толық жинағының алғашқы кеңестік басылымының құрастырушысы және редакторы болды. Міне, сол жерде 43 прозалық мәтін алғаш рет "Қара сөздер" ретінде ұсынылды. Адольф Янушкевичтің ("қазақ даласы бойынша саяхаттан Күнделіктер мен хаттар") бірінші басылымының алғы сөзінде "Адольф Янушкевич және оның кітабы" кітабының авторы Фаина Стеклова Әуезовке ерекше алғыс білдіргеніне сүйене отырып, жазушының өзі де, оның отбасы мүшелері де осы дереккөзді жариялауға қатысты болды. Бұл деректі Абай Құнанбайұлы өз қара сөзін жазбады дегенге келісуге болмайды. Иә, Мұхтар Әуезов Абай жолын жазғаны анық. Бірақ бұл Абайдың қара сөзін Әлихан Бөкейхан немесе Мұхтар Әуезов жазды дегенге келіспеймін.Өйткені Абайдың сөздік қорындағы теңдессіз теңеулерді Абайдай ешкім жаза алмайды.

  5. Дін мәселесі бойынша. Абай Құнанбайұлы дін жағынан өте керемет ақылды тұлға болғандығы белгілі.Ал Әлихан Бөкейхан өз заманында дінге емес, ұлт мәселесіне көп көңіл бөлген. Яғни, Әлихан Бөкейхан «Дінді мемлекеттен бөлек қарастырған абзал»- деген болатын.Осы дәлелге қарап Абай Құнанбайұлы сопылыққа бет бұрып, жасы келгенде барлық өмірін жазбаға арнап, дін тұрғысынан барлығын қарастырған еді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет