Шараның мақсаты: Отбасылық сайысқа, ізеттілік құндылықтары туралы
түсініктерін кеңейту. Ата-ана мен бала арасындағы өзара
қатынастарын дамыту. Инабаттылыққа, достыққа,сыйлыққа,
қамқорлыққа тәрбиелеу.
Шараның міндеттері: Ой-өрісін кеңейту,тілін байыту,өз ойларын ашық
жеткізіп,пікірлерін ортаға салу,ой бөлісу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар,плакат,маркер,киіз үй макеті
Шараның түрі: тренинг
Шараның әдісі: ой бөлісу,сұрақ-жауап,бақылау,бағалау,ой өрбіту,іздену.
І.Психологиялық ақуал
Жүректен-жүрекке ыстық лебіз тілеу.
ІІ.Топқа бөлу.
І.Оқушылар
ІІ.Ата-аналар
ІІІ.Ұстаздар
а)топ ережесін шығару
б)қорғау
ІІІ.Ұяшық арқылы қызық сұрақтар
1.Қар жана ма?
2.Әппақ қарға бола ма?
3.Қой мен қасқыр ойлана ма?
4.Инемен құдық қазуға бола ма?
5.Адамның қай мүшесі қорқақ?
(топ бірін-бірі бағалайды)
IV.Кім шапшаң?Кім тапқыр?
(Сурет артында мақал-мәтел бар,сонын жалғасын табу).Бұл жерден бақылаушы сайланады.Ол 3 топты бағалайды,баға береді.Жасыл қағазды көтерсе – толық жауап берді деген сөз,сары қағазды көтерсе- жауап толық емес болғаны.Әр жауаптан соң,формативті қол соғып,команда қолпаштап қояды.
V.Видеороликті талқылау. «Рахмет, саған Анашым!»
І топ.Келеңді жағын айтады.
ІІ топ.Келеңсіз жағын айтады.
ІІІ топ.Өте жоғары деңгейде айтады.
VI.Сергіту сәті
VII.Постер қорғау – қағазға гипотеза құру.
1.Бақытты жанұя
2.Жанұядағы жан-жал
3.Отбасы мейрамдары
Осы жерде,3плакат пен маркерлер таратылады.
а)сурет арқылы
б)сызба арқылы
в)жазба арқылы
г)әр түрлі фантазияда бейнелейді.
(Бұл жерде кошбасшы тақтаға шығып,плакаттарын қорғайды.
Екі жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау беріледі.
VIII.Шеберлік,рөлдік іскерлік ойын.
3топ отбасы туралы сюжетті бейнелеуі керек немесе отбасы туралы мақалды басшылыққа алуға болады.
Топ бір –біріне баға береді.
IX.Отбасы туралы әсерлі әңгіме.
Әңгімені ортасынан үзіп,сұрақ қойып жалғасын сұраймын,қатысушылардың ойларын бақылаймын.
Қорыту. Ұстаз сөзі
Көңілді видеоролик көрсетіледі.Осындай әдемі әсермен «Шаңырақ шаттығының»жылуын тілей отырып,барлығына киіз үйді сыйлыққа таратамын.
Асқар тауы- сүйеніші әкесі,
Мөлдір бұлақ – тіреуіші анасы.
Жасыл құрақ – келешегі баласы,
Біріге олар болады мықты отбасы.
Шаңырағының ордасын,
Періштелер қорғасын.
Тіккен әрбір отауға,
Тәңірім жақсылық жолдасын!
XІ.Кері байланыс.
Қатысушылар өз тілек – ойларын,жүрек стикерлер арқылы ашық жазып,үлкен киіз үйге әкеп жапсырады.
ХІІ. Алған менің әсерім…
«Ашығын айтсам …»
Достарыңызбен бөлісу: |