Шектибаева Анара Бекбулатовна химия пәнінен үШӨлшемді әдістемелік жүйе технологиясын қолдана отырып бөлім бойынша жиынтық бағалау алу әдістемесі



бет1/22
Дата10.10.2023
өлшемі297.03 Kb.
#480292
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Әдістемелік құрал шығару




Шектибаева Анара Бекбулатовна


ХИМИЯ ПӘНІНЕН ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ АЛУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқу – әдістемелік құралы

АҚТӨБЕ - 2022


Құрастырған: Шектибаева Анара Бекбулатовна -
Ә.Кекілбаев атындағы 72 ЖББО ІТ мектеп-лицейінің химия және биология пәнінің мұғалімі
Пікір берушілер:
А.Жумабаева - Қазақ технологиясы және бизнес университеті «Химия, химиялық технологиялар және экология» Кафедрасының қауымд.профессоры х.ғ
Сұлтамұратова З.Б. – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Химия және химиялық технология кафедрасының х.ғ.к., доцент

Бұл көмекші оқу құралы «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын негізге ала отырып дайындалған тапсырмалар жинағы оқытушыға бөлім бойынша бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде қарастырылған. Жинақта ұсынылған сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, білім беру әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.


КІРІСПЕ

Қазіргі заманда қоғамның басты талабы – кәсіби білікті мамандар дайындау. Мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындары. Кез келген жоғары оқу орнының басты мақсаты – білікті мамандарды әзірлеу. Осы мақсатқа жету жолында мамандарды даярлау процесінде әр түрлі әдістер қолданылады. Сондай әдістердің бірі – оқу процесінде «Үшөлшемді әдістемелік жүйе технологиясын қолдану».


Педагогтер үнемі білімін жетілдіріп отырады,өйткені қоғамның дамуына сәйкес білім бағдарламасының, оқулықтың мазмұны жаңарып, толықтырылып отырылады. Нәтижеге бағытталған білім оқу процесінде қайта-қайта өзгеріс жасауды жүргізген жөн. Мұның өзі әрбір білім алушы үшін оқытушыға білім алушыларды белсендіретін әдіс-тәсілдерді жаңартуды керек етеді, соңғы уақытта оқу үдерісінде жаңаша әрекеттерді ойластыру қажет, жаңа технологиялар мен соған сәйкес ұғымдардан тұрады
Әрбір пән оқытушысы өз пәнін қандай технологиямен өткізу керектігін шеберлігіне орай таңдап алады.
Химия пәнінен құрастырылған өз бетімен тапсырмалар, деңгейлік карточкалар жүйесі арқылы сыныптағы барлық оқушылардың білім деңгейлерін шынайы анықтауға мүмкіндік болады. Анықтағаннан соң оқушылардың білім дәрежесін көтеру мақсатында іс шаралар ұйымдастырылады. Білім алушылардың ойлау, есте сақтау, оқуға деген ынтасы, ерік жігері артады. Химик-ұстаз әрбір жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын тақырыпты өз бетімен оқуға бес-он минут беріледі.Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасай алу қабілеті, өз бетімен іздестіру қабілеттері қалыптасады.
ҮӘЖ технологиясы дегеніміз білім алушының қисынды ойлау қабілетінің негізінде толық тұлға болып қалыптасуы. Ол үшін үнемі ізденіп, білімін жетілдіреді,толықтырады. Оқушының өзі ізденсе ғана ол толыққанды білімді, жан жақты жарасымды жетіледі. Мұғалім осы жолға түсуде көмекші, кеңесші рөлін атқарады.
Әрбір сабақ деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы үш кезеңнен тұрады, әр кезеңнің алдына қойған мақсаттары бар.Бірінші кезеңде өткен тақырыптар бойынша үйде орындаған деңгейлік тапсырмалар тексеріледі.Соған сәйкес ұпай қойылады.
Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 9-сынып білім алушыларына «Химия» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау, бөлім бойынша бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылды. Тапсырмалар жинағы оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді. «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» оқыту технологиясы арқылы бжб алуда оқу үрдісіне қолданылуын теориялық тұрғыдан меңгере отырып, үздіксіз білім беруде пайдалана отырып, тиімділігіне көз жеткізілді. Білім алушылардың үлгерім сапасын арттырып, алған білімдерін өмірде пайдаға асырып, тұрмысқа жарата білу деңгейлерін арттырды.
Жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналды.
Әдістемелік құралда оқыту түрлері, үшөлшемді әдістемелік оқытудың дидактикасы, сабақты өткізу әдістері мен тәсілдері, бағалау критерийлері, қорытынды бақылау жұмыстарын алуға нұсқалар қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет