Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бірінші жартыжылдықта бюджеттің орындалуы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі46.66 Kb.
#7011
Шемонаиха ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бірінші жартыжылдықта бюджеттің орындалуы туралы

Ағымдағы жылғы 1 жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аудан экономикасын жалпы мынадай көрсеткіштер сипаттайды.


Өнеркәсіп өнімінің көлемі 6 млрд. 122 млн. теңгені, физикалық көлем индексінде 119, пайызды құрады. Шағын бизнес кәсіпорындарымен 664 млн. теңгенің өнімі өндірілді, физикалық көлем индексі 2 есе артты.

Салалар кесінінде көрсеткіштер мынадай түрде көрінеді:



  • тау-кен қазбалары өнеркәсібі - физикалық көлем индексі – 123,1 пайыз

  • ет және ет өнімдерін өндіру – 95,4 пайыз

  • сүт өнімдерін өндіру-77,4 пайыз

  • ағашты өңдеу – 138,5 пайыз

  • химиялық өнеркәсіпі- 126,4 пайыз

  • электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлу-75,2 пайыз

Аудан экономикасына инфестициялар 840 млн.теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңінен 47 пайызға жоғары. Малдың барлық түрлері бойынша, жылқыдан басқа объективті себепсіз азаю байқалуда. А.ж. 6 айының қорытындысы бойынша ауданда 21,5 мың тонна сүт және 2,4 мың тонна ете өндірілді, ол  ұқсас кезеңдегі көрсеткіштерден 10 және 13 пайызға төмен. Ауыл шаруашылығының негізгі көрсеткіштерінің, атап айтқанда мал санының төмендеуі, ауыл шаруашылық қалыптастықтарында, сондай-ақ жеке секторда байқалуда. Ауданның ауыл шаруашылық қалыптастықтарында бір сиырға орташа сауым көрсеткіштері төмендеді, төл өнімділігі, табынды өсіру бойынша жұмыс нашарлады. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген субсидияны игеру аз қарқынмен жүруде. Биылғы жылы басымды міндеттердің қатарында ауданның ауыл шаруашылық қалыптастықтарының техникалық және  техникалық қайта жаңғыртуы, селекция мен тұқым шаруашылы істерін әрі қарай дамыту, сала өнімділіктерінің сапалы артуы анықталды.

10 маусымда ауданның ауыл шаруашылық қалыптастықтары көктемгі-егістік жұмыстарын аяқтады. Ауыл шаруашылық дақылдарын себудің бастапқы қорытындыларына сәйкес аудан бойынша  2008 жылғы астық егістігінің көлемі 136,2 мың га құрады, соның ішінде 82,2 мың га дәнді дақылдар, 35,3 мың га –күнбағыс, 16,6 мың га – азықтық дақылдар. Картоп пен көкөністер 1,5 және 0,4 мың га ауданда орналасқан.

10 және 17 маусым кезеңінде ауданның ведомствоаралық комиссиясы өсімдік шаруашылығына субсидия алуға өтінім берген ауданның ауыл шаруашылық қалыптастықтарынан егістікті қабылдауды жүргізді.

Аудан бюджетінің кіріс бөлігіне жалпы сомасы 379 млн.теңгеде салықтар мен төлемдер түсті. Жоспар көрсеткіштері 101 пайызға орындалды.


Жоспар көрсеткіштері заңды тұлғалардан түсетін салықтардан басқа барлық кіріс көздерінің түрлерінен орындалды. Осының негізгі себебі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамына кіретін Мыс-химиялық комбинатынан мүлікке салық бойынша төлемдердің төмендеуі болып табылады.

Сонымен, 2007 жылғы талдау кезеңінде осы салық төлеушіден мүліктен түсетін салық 63 млн.теңгені құрады, осы жылы – 42 млн. Шығындар – 21 млн.теңге және жыл соңына дейін салық төлеушілерге негізгі қаражатты енгізу жоспарланған жоқ.

Осы кіріс көздері бойынша шығындарды санитарлық-қорғау аймағы бойынша жер салықтары төлемдерінің түсімдерінен өтеу жоспарлануда.
Аудан бюджетінің өз кірістерінің түсімдері динамикасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда оңды. Сонымен, әлеуметтік салық ставкасының 30 пайызға төмендеуіне қарамастан, оның жалпы салмағы жалпы көлемде 27 пайызды құрайды, аудан бюджетінің өз кірістері 5 пайызға өсті. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің салық төлемдері 32 пайызға өсті.

Жартыжылдың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін төлемдердің төленбеген салықтары 7793 мың теңгені құрады (жыл басындағы деңгейдег 98 пайызда), НПФ төлемдері бойынша -4066 мың теңге (жыл басымен салыстыру бойынша төмендеу 33 пайызға), әлеуметтік аударулар бойынша – 264 мың теңге (жыл басымен салыстыру бойынша төмендеу 27 пайызға).

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі 96,7 пайызға орындалды, 813 млн. теңге жоспарында 786 млн. теңге жұмсалды. Бюджеттік қаржы бөлу қалдықтары мынадай бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері бойынша:


  • ішкі саясат бөлімі

  • білім беру бөлімі

  • сәулет және қала құрылысы бөлімі

Биылғы жылы Шемонаиха ауданының субвенциясыз қаржыландыруға көшуі бойынша іс-шаралар Жоспарына сәйкес 9 іс-шараны орындау жоспарланды, соның ішінде 4 іс-шара өнеркәсіп бойынша, 3-шағын бизнес бойынша, 2- ауыл шаруашылығы бойынша, ол жалпы аудан бюджетіне түсімдердің өсуін сомасы 114,4 млн.теңгеде қамтамасыз етуі керек. Жалпы талдау кезеңінде Жоспарлы іске асыру аясында қосымша сомасы 2 млн.240 мың теңгеде қосымша салық төлемдері түсті және 41 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Инфляциялық үрдістерді бақылау жөніндегі облыстық штабтың хаттамалық тапсырмасын іске асыру мақсатында, ауданда нан өндірушілермен нан өнімдеріне бағаны тұрақтандыру тралы Меморандум жасалды, соның нәтижесінде өндірушілердің белгілеген бағасынан 5-10 пайыздан артық емес деңгейде нанның негізгі түрлеріне сауда бағасын белгілеу қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, 5-10 пайыздан көп емес мөлшерде сауда үстемақысын қолданумен базардағы бағадан төмен алғашқы қажетті азық-түлік тауарларын сату бойынша бірқатар кәсіпкерлермен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Бірақ, осы шаралар азық-түлік тауарлары бағасының өсуімен жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік бермеді. Сонымен, апта сайынғы мониторинг шегінде аудандық көрсеткіштер 16 орналасқан жер бойынша облыстықтан жоғары.

6 айдың қорытындылар бойынша аудан экономикасында 12,05 мың адам қамтылған, ол ұқсас кезеңнен 2,3 пайызға жоғары. Тіркелген жұмыссыздардың саны 4 пайызға төмендеді, кедейлік шегінен төмен тұратын тұлғалардың саны – 13 пайызға. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша келген 157 адамның 112 жұмысқа орналастырылды, 102 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Биылғы жартыжылдықта ауданда 337 бала дүниеге келді (2007 жыл деңгейінде 118 пайыз), 473 адам қайтыс болды (97 пайыз), табиғи өсім – (-136) 2007 жылы (-202).


Талодау кезеңінде ауданға 398 адам көшіп келді (105 пайыз), 504 көшіп кетті (123 пайыз), көш-қон сальдосы – (-106) 2007 жылы (-32).Көш-қон тасқынының кесінінде ауылдық жерлерге көшіп келу жіне көшіп кету басым.
Әлекметтік-экономикалық дамудың өңірлік бағдарламаларын орындауды талдау жүргізілді. 19 бағдарламалардың  мынадай себептер бойынша түзетуді талап етеді – бюджеттік қаржыландыруға сәйкес жаңа іс-шараларды енгізу,  құрылыс индустриясы кәсіпорындары бойынша іс-шараларды нақтылау, жауапты орындаушыларды облыстықтан аудандық деңгейге өзгерту – мынадай бағдарламалар:

  • Шемонаиха ауданында тұрғын үй құрылысын және құрылыс индустриясын дамытудың2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы

  • Шемонаиха ауданын көгалдандырудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы

  • Шемонаиха ауданында тұрмыстық қатты қадлдықтарды жинау, шақыру және көму жүйесі жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет