Шешім жобасы тарбағатай ауданы Көкжыра ауылдық округiне қарасты «Боздақ» қыстағына шектеу іс-шарасын белгiлеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата12.07.2016
өлшемі11.44 Kb.
#195058



ШЕШІМ ЖОБАСЫ


Тарбағатай ауданы Көкжыра

ауылдық округiне қарасты

«Боздақ» қыстағына шектеу

іс-шарасын белгiлеу туралы

     «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және «Ветеринария туралы»Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 488 ұсынысы негізінде, Көкжыра ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:


      1.Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылдық округiне қарасты «Боздақ» қыстағында жабайы мысықтан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.

2.«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысына (Б.Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


 

Көкжыра ауылдық округінің әкiмi       Д.Жанат






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет