Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары



бет4/7
Дата14.06.2016
өлшемі494.5 Kb.
#134250
1   2   3   4   5   6   7

Оқушыларды жеке бақылау, жеке көмек көрсету, әрбір оқушымен жеке байланыс. Компьютердің көмегімен визуалды және есту үлгілерін қолданатын жеке оқытудың идеалды байланыстарына қол жеткізіледі.

Ақпараттық ортаның құраушыларын дайындау (бағдарламалық құралдар мен жүйелер, оқу – көрнекілік құралдар және т.б.), белгілі оқу курсының олардың пәндік мазмұнымен байланыс.

Компьютерлік оқыту әдісінің өз жақтастары бар, сондай - ақ өз қарсыластары да бар. Олар компьютер оқушы мен мұғалімді бір - бірінен тасалап, олардың арасында кедергіні алға тартады деп мазасыздануда. Олар сондай-ақ компьютердің көмегімен сұрақтарға жауаптар уақытты үнемдейтіндігін, оқушы мен мұғалім үшін ауыстырылмайтындығын айтады. Сондықтан компьютерлік оқыту әдісін қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырған жөн. Артықшылықтарына келесілер жатады:

Оқытуды жекелендіру күшейеді;

  • дербестік дамиды;

  • қате жұмыс кезінде қорқыныш сезімі көрінбейді (сыныптастары оның қателерін көрмейді);

  • меңгеру жеңілдейді, себебі бағдарлама әзірлеушілері көптеген қиындықтарды алып тастауға мәжбүр;

  • таным қызметі процесінде оқушылардың релаксациясына жәрдемдеседі, бұл ойлауды, ал сәйкесінше, зерттелетін материалды меңгеруді өздігінен белсендіреді;

  • конструкциялық ойлау қалыптасады;

  • оқу қызметін қадам- қадам басқару және оптималды құрастырылған алгоритмдердің негізінде оны қалыптастыру нақты жүзеге асырылады;

  • жедел кері байланыс, ң алдымен ішкі байланыс қамтамасыз етіледі («оқу материалы - үйренуші» жүйесінде);

  • өзіндік бақылауға, өзін- өзі басқаруға және оқы қызметін түзетуге тиімді оқыту жүреді.


Кемшіліктерге мыналарды жатқызуға болады:

  • топта оқытуды төмендету (кейбір жағдайларда жоюды), бұл оқытудың дамытушы және тәрбиелеуші потенциалын азайтады;

  • шығармашылық белсенділіктің нашар дамуы;

  • мұғалім тұлғасының тікелей әсерін төмендету, бір- бірімен жанды қарым- қатынас мүмкіндігі;

  • педагог тұлғасының оқушыға интеллектуалдық және эмоционалдық әсер ету мүмкінсіздігі;

  • педагогикалық процесс бұл оқыту ғана емес, сонымен қатар тұлғаны қалыптастыру: компьютер, өкінішке орай, бұны қамтамасыз етпейді;

  • дисплей денсаулыққа зиянды әсер етеді, себебі шаршау туғызады, көз көруді төмендетеді, бұл алыстан көрмеушілікке әкеледі;

  • кадр ауысымының жеткіліксіз жиілігі орталық – жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін.

Аталған кемшіліктер шынайы, бірақ қаласа, оларды жеңуге болады. Компьютер оқытушы ұсынған материалды алмастыруға емес, толықтыруға ұмтылғандықтан, компьютерлер оқушы мен оқытушының арасындағы байланыстың қысқаруына әкеледі деп болжанылады. Машина іс жүзінде де өзіне оқытушының функцияларын алған жағдайларда ол олардың ішіндегі ең қиындарын ғана орындайды, мысалы, ережені баяндау немесе бақылауды жүзеге асыру. Қазірдің өзінде кері байланыс және басқару функциясы, компьютердің ақпараттық және бағалық функциялары туралы айтуға болады. Бұның бәрі машина ішінара немесе толықтай өзіне ала алатын, оқытушының аса маңызды функциялары, осылайша оқытуды жекелендіру қамтамасыз етіледі. Бірақ, одан басқа, компьютер шет тілін оқытуда дербес ынталандырулы рөлді атқарады. Күрделі техникамен жұмыс, шешім қабылдау қажеттілігі, жауаптар мен белгілердің, тестілік тапсырмалар мен жаттығулардың пайда болуы және, ақырында, машинаның өзімен танысу бұның бәрі жанды қызығушылық туғзады, және, әрине, шет тілін оқытуға мотивацияны арттырады. Оның үстіне оқушының компьютермен өзіндік жұмысы компьютерлік сауатсыздықты жоюға жағдай жасайды, бұл біздің қоғамымыздың ғылыми – техникалық прогресінің маңызды тапсырмасы болып табылады .
Шеттілді сөйлеуді оқытуда теледидарды пайдалану

Теледидарды белсенді және орынды пайдалану оқыту мазмұны мен процесін басқаруды едәуір жеңілдетуге жағдай жасайды. Ауызша шеттілді сөйлеуді оқытуда теледидарды пайдалану үйренушілердің сөйлеу қызметін белсендіру, көлемді жағдайлар жасауғ олардың шеттілді араласуын ынталандыру және ұсынылатын жағдайларда негізгі коммерциялық құрал ретінде ет тілін оқушлардың меңгеруін бақылауды жетілдіру үшін мүмкін және мақсатқа лайықты болып көрінеді.

Теледидарды пайдаланумен жұмыс едәуір деңгейде берілген жағдайда көлемді бағдарламалар жасау, аудиторияда сабақтарда ауызша шеттілді сөйлеуді үйрету процесін икемді (шығармашылық) басқару үшін жаңа қосымша мүмкіндіктер пайда болатындығы айырмашылығымен бағдарламалу қағидалары бойынша құрылаы.

Оқу жұмысында келесі әдістемелік тәсілдер қолданылуы мүмкін:

- диалог, монологиялық сөйлеу, жекелеген репликалар, тұтас коммуникациялық сюжет түріндегі шеттілді сөйлеу үлгісін көрсету;

- шеттілді сөйлеу үлгілерін меугеруді басқарудың аудиовиузалды бағдарламасы;

- диктор – үйренуші жүйесінде ауызша тілді өзара әрекеттестік;

- сөйлеу пікірлерін мазмұны аудиовиузалды суреттеу.

    Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы.

    Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

    Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

    Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

    Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі



«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,

Көрсетсең – есте сақтаймын,

Іске кіріссең – үйренем.»

(қытай мақалы)

     Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

   Орта мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, ағылышын тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде оқыған тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға ағылышынша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.    

     Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп,



өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

     Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі».

     Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді.

     Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

    Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

      Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

     Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

   Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі.

    Біздің мемлекетімізде жаңа ақпараттық құралдардың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

    Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

    Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі

    Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

лексиканы оқып үйретеді;

сөйлеу ырғағын;

диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

хат жазуға үйретеді;

грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

    Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

    Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Және мен өз сабағымда “Messages» электронды оқулықтарын жиі қолданамын.

     Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін     нәтижелер:

үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

оқушылардың шығармашылығын арттырады;

оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

     Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.

     Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технология құралдарын қолданудың  басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

     Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттары:

1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

2. Компьютер адамның зерттеу - танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшеленеді.

3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымды құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

4. Құрал бітімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

    Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.

    Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді демекпін. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.   

Ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.

      Білім саласындағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жастарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы жаңа ақпараттық технологияны  меңгерген  мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.



2.Жаңа технологиялардың көмегімен диалог және монолог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыру

2.1Мультимедиялық презентациялар көмегімен шет тілін тез үйрену қабілетін қалыптастыру

Шет тілін оқыту жүйесін жасау негізінде жатқан түсініктердің араласып кетуі болып табылады. Ағылшын тілін үйретудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқыту проблемасы - ағылшын тілін оқыту әдістемесіндегі ең басты проблемалардың бірі. Монолог сөзді оқыту – бұл аса күрделі іс, ал сұрақ-жауап жаттығулары – оқытудың барабар құралы болып саналмайды. Тілдесудің диалогтік формасына келетін болсақ, бұл тілдің коммуникативтік функциясының көрінуіне неғұрлым тән форма. Тілдесудің диалогтік формасы бастапқы кезеңде ағылшын тілін тасушылар тәрізді әңгімелесушімен сәлемдесе білуді, сондай-ақ сәлемге жауап бере білуді көздейді. Монолог - сөз, кез - келген деңгейдегі жұптық, топтық, жаппай тілдесу процесінің компоненті ретінде қарастырылады. Бұл кез - келген монолог сөздің өзінің табиғаты жағынан монологтік екендігін, құрылымдық және көптеген өзге де қарым-қатынастарда оның түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мол бола тұра, тіпті адресат сөйлеушінің өзі болған жағдайда да, үнемі біреуге жолданып айтылатындығын білдіреді.

Бұдан өзге, диалог пен монологтың араласу қаупі айқын көрініп отыр. Мұның себебі олардың өзара тығыз байланыстылығы мен өзара тілдік қызметке өтуі болып табылады. Мұндай байланыс диалог пен монологтың анықтамаларының өзінен-ақ көрінеді, мұны әдіскерлер былайша заңды тұрғыда атап өтеді: «Диалог – репликалардың тізбегі немесе айтылымдардың топтамасы болып табылады, бұларды әдетте екі немесе одан да көп тұлғалардың (әңгімелесушілердің) тікелей тілдесуі жағдайында бірі екіншісін тудырады. Монолог - өзінің ойларын, ниеттерін, оқиғаны бағалауын және т.б. көбірек немесе азырақ кеңейтілген нысанда білдіруші бір тұлғаның сөзі» (11, 115)

Диалог әңгімелесу барысын қамтамасыз ететін бірқатар икемділіктермен байланысты. Алғашқысы әңгімелесушіні пікірін айтуға ынталандыру болып табылады.

Шетелдік, сондай-ақ ресейлік көптеген әдіскерлер бейнефильмнің/ бейнеүзіндінің негізінде монолог сөзді айту икемділіктерін қалыптастыруға арналған жаттығуларды әзірлеумен айналысуда. Мысалы Ю.А.Комарова оқу процесінде бейнеүзінділердің қолданылуын нақты икемділіктерді қалыптастыруға арналған тіректердің қолданылуы ретінде қарастырады. автор олардың функцияларын олармен сабақта жұмыс істеудің кезеңдеріне сәйкестікте анықтайды:

1-ші кезең: бейнеүзінді – мазмұндық тірек (бейнеүзінді 1)

2-ші кезең: бейнеүзінді – мағыналық тірек ((БҮ) – 2)

3-ші кезең: бейнеүзінді – стимул (бейнеүзінді (БҮ) – 3)

Бейнеүзінділердің әрбір кезеңдегі функцияларын назарға ала отырып,

Ю.А.Комарова монолог сөзді құра білуді былайша бөліп көрсетеді:

1-ші кезең: өзінің ойларын бейнеүзінді – 1-ге сүйене отырып, монологтық формада айта білу.

2-ші кезең: монолог сөз стратегиясын бейнеүзінді – 2-ге сүйене отырып аша білу.

3-ші кезең: бейнеүзінді – 3-ке сүйене отырып, монологтік формада пікір айта білу.

Әрбір кезеңде Ю.А.Комарова тізбектелген түрде күрделене түсетін, вариативтік негізді көздейтін жаттығулар кешенін ұсынады: дыбыстық жолға, бейнежолға, дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:

вариативтік негізді:

дыбыстық жолға, бейнежолға, дыбыстық және бейнежолға бір мезгілде, мәселен:

Дыбыстық жол:


  • қараңдар, түсініңдер, анықтаңдар, сұрақтарға жауап беріңдер,

  • экранда осы уақытта не болып жатқанын тыңдаңдар, түсініңдер, осы туралы әңгімелеңдер,

  • тыңдаңдар, айтыңдаршы, осы кейіпкер туралы нені әңгімелей аласыңдар, оны қалайша елестетесіңдер, қараңдар, салыстырыңдар.

Бейнежол:

  • көріңдер және кім көрмеген болса, соларға айтыңдар,

  • көріңдер, сөйлемді түрлендіріңдер,

  • көріңдер, айтыңдаршы, кейіпкердің орнында болсаңдар не істеген болар едіңдер, неліктен,

  • көріңдер, бейнеүзіндіні дыбыстауға дайын болыңдар,

  • көріңдер, жағдаятты түрлендіріңдер, ұқсас оқиғаларды ойлап тауып немесе естеріңе түсіріңдер.

Сабақта көркем фильммен жұмыс істеу, әрине, бейнеүзіндімен жұмыс істеуден ерекшеленеді, бірақ осы кешенде ұсынылған кейбір жаттығуларды монолог сөз икемділіктерін дамыту үшін біздің жағдайда да пайдалануға болады.

Көркем фильмнің мазмұны қабылдау мен ұғынудың барлық кезеңдерінде фильмнің тақырыбы бойынша бір жағынан, монолог сөзді жүзеге асыру үшін лексика-грамматикалық материалды жинақтау болып өтеді, екінші жағынан, фильмнің оқиғалрына, кейіпкерлеріне, олардың әрекеттеріне, идеялық мазмұнына, автордың ұстанымына жеке көзқарасты білдіруге деген қажеттік пайда болады. Осыған байланысты, оқушылардың монолог сөзді айта білу икемділіктерін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалардың бірнеше түрін ұсынуға болады.

Мысалы: Кодоскоп.

Диалог сөзді оқыту көрнекілікпен, тыңдалған немесе оқылған мәтінмен, көрілген диафильммен, слайдтармен немесе вербалды берілген жағдаятпен ынталандырылуы мүмкін. Мәселен, диалогтық сөзге оқытуда кодоскопты пайдалануға болады. Мұғалім ұлына әкесінің айқан сөздері (немесе ынталандырушы репликалар) берілген транспарантты дайындайды. Оқушылардың міндетіне диалогтың жасалуы үшін мағынасы жағынан сәйкес келетін жауап қатушы репликаларды іріктеу кіреді.

Father: I say, Sonny, what shell we buy for Mumy on Woman`s day?

Sonny (1)...

Father: Тһat`s а goоd idea! And what will you say to Mum?

Sonny (2)...

Жауап қатушы репликалар мыналар бола алады:

(1) Let`s buy her some flowers.

Let`s buy her а large box of sweets.

Let`s buy her the book about Moscow. Etc.

(2) І`ll say, «Dear Mum, I love you so much».

І`ll say, «Веst wishes for Mother`s Day».

Экранға әкенің сөздерін шығара отырып, мұғалім әңгімеге кірісуге ұсыныс жасайды. Бұл жұмысты жұптармен өткізу қажет. Оқушылардың жұмыс істеуі кезінде мұғалім оларды бақылайды, кім мұқтаж болса, соған көмек көрсетеді, ал бақылауға бір-екі жұпты шақырады. Әлсіз сыныпта жұппен жұмыс істеу алдында тапсырманы орындау үлгісін не дыбыстық жазбада, немесе мұғалімнің күшті оқушымен бірге орындауында беруге болады.

Сөйлеуге үйрету әрқашан белгілі бір мазмұнның негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан осы мазмұнның қандай болуы тиіс екендігі туралы сұрақ туындайды. Сөйлеу мазмұны тұрғысынан аса бай, кең ауқымды, көлемді деуге болады, өйткені қарым-қатынас процесінде бүкіл нәрсе айтылады.

Осы уақытқа дейін сөйлеуге оқытудың мазмұны бағдарламада белгіленген әңгімелесу тақырыбының шеңберінде анықталып келеді. Бірақ, тақырыпты дәстүрлі тақырыптарға ұйымдастырудың оншалықты тиімді еместігі әдебиетте бірнеше рет атап өтіліп, іс жүзінде дәлелденіп отыр. Тақырыптың сөйлеудің мазмұны «құйылған» форма емес екендігі анық. Онда тақырыптың барабар формасы не болып табылады. Ал коммуникативтік әдіс оқыту процесін қарым-қатынас жасау процесінің моделі ретінде құруды көздейді. Осыған орай, сөйлеудің мазмұны соның шеңберінде қолданылатын нағыз форманы табу керек; нақ осы форма тілдік материалды іріктеу мен ұйымдастырудың барабар негізі болады. Әрине, іріктелген мазмұнның оқушылардың жасына сәйкес тәрбиелік, ақпараттық маңызы болуы тиіс. Сонымен қатар, өзіне басқалардың барлығын біріктіретін тағы бір аспект бар.

Диалог сөзді қалыптастырушы жақсы, пайдалы жаттығу Listen, read and act типті тапсырмалар болып табылады. Әңгімелесуді жүргізу икемділігін дамытатын бұл тапсырмалардың мағынасы олардың соңғы бөлігінде (асt) болады, бұл өкінішке орай, сабақтарда үнемі орындала бермейді.

Баспа мәтін.

Диалог сөз оңай өрбитін баспа мәтінмен ынталандыруы мүмкін. Мысалы, «Willіаm and Mr. Romford». Мәтінді оқығаннан соң балалар мистер Ромфорд пен Вильямның арасындағы келесі диалогты ойнайды:

Hello, Mr. Romford!

Hello, Willіаm! Are you going home now?

Yes.

Give this to your sister, please. Tell her it`s a present from me for her birthday. But don`t open the basket. There is a nise little cat in it.



All right.

You must give it to Ethel, but you mustn`t open it in the street.

Диалог сөзді тыңдалған мәтіннің негізінде де дамытуға болады.

Мәселен, «It doesn`t matter». Мәтінді тыңдар алдында оқушылар «Dramatize the text» тапсырма алады. Нәтижесінде Бетти мен Мэридің арасындағы келесі диалог болуы мүмкін.

What are you doing, Betty?

I`m writing a letter to my friend Kitty.

But how can you? You cant write.

Well, it doesn`t matter, because Kitty can`t read.

Диалог сөзді дамыту стимулы вербалды берілген жағдаят та бола алады. Мәселен, You meet a friend. He (she) sais he (she) has a new flat (house). Have a talk with him (her) about his (her) new flat. Күшті сыныпқа осындай тапсырма беру жеткілікті. әлсіз сыныпта сұрақтар түріндегі тіректерді немесе тек қана сұраулы сөздерді беруге болады When… Where… How many rooms… Is it far from… Etc.

Диалог сөзді диафильмдерді көрумен және мұғалім мен оқушылардың, оқушы мен оқушының арасында әңгімелесулерді ұйымдастырумен ынталандыруға болады: олар диафильмнен кім туралы (не туралы) білді, диафильм ұнады ма, не ұнады. Мысалы, балаларға «Tim Goes to School» атты диафильмді көріп шығу және осы тақырыпта әңгімелесу ұсынылады.

Мысалы: Слайттар.

Күрделендірілген кеңейтілмеген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу. Оқушылардың тілін кеңейтілмеген жағдаят берілген слайттар базасында дамыту сабақта оқу-әдістемелік кешендер бойынша негізгі жұмыстан бөлек өткізілмейді, сабаққа тілдік материалды енгізу мен белсендіру кезінде, тақырыптық қайталау кезінде, сондай-ақ оқушылардың қайталау дағдылары мен икемділіктерін, диалог және монолог сөзін дамыту үшін енгізіледі. Слайттар аталған түрлерімен жұмыс істеу оқу құралының материалымен жұмыста пайдаланылатын тәсілдерге тәуелсіз мұғалім де, оқушылар да слайтта ұсынылған жағдаяттан шегіне отырып, әрбір оқушының мүдделері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін, өздерінің мазмұны жағынан әр түрлі нұсқаларда түсініксіз шимайланған осы жағдаятты кең көлемде ашып көрсетуге шығармашылық тұрғыда келетіндігімен сипатталады. Оқушылардың тілдік қызметін ағылшын тілін оқытудың алдыңғы курстарының барлығында меңгерілген тілдік материалды олардың сөзінде табиғи түрде пайдаланумен, олардың қиялына, елестетулеріне, ішкі көрнекіліктеріне сүйене отырып дамыту негізге алынуы тиіс.

Жұмыстың түрін іріктеу сабақта не атқарылғандығына байланысты болады. Қарапайым, сонымен бірге күрделендірілген кеңейтілген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеу формаларының сан алуандығы бірсарындылықты болдырмауға көмектесу үшін және оқушылардың ойлау қызметін дамыту процесінде өзге тілдік бастамашылық шығармашылығына ықпал ету үшін туындаған.

Шетел тілін оқыту сабақтарында барлық ойын түрлері презентация көмегімен қолдануға болады.Себебі бұл ойындар сабақты сапалы, әрі қызықты етуіне септігін тигізеді.Мысалы: мен өзімнің мемлекеттік тәжірибемде бесінші сыныптарда жұмбақ ойындарды, жарыстар, рольдік ойындар, мақал мәтелдерді оқушылардың фонетикалық дағдыларын дамытуа пайдаландым.Төмендегідей ойындарды сабақ үстінде пайдаландым:

Интерактивті тақтада телефонның суреті пайда болады, оқушы бір дыбысы ұқсас сөздер тізімін айтады, қалған оқушылар ол қандай дыбысты қолданғанын айтады да, өз отырған компьютерде телефондардың номерлерін орнына айтқан дыбысты жазады.Осының ең бірінші айтып, жазған оқушы өз жұмбағын айтуға құқылы болды.Сабақ информатика сыныбында өткізілді.

«Жаңылпаштар ойыны»

“She sells1// seashells// by the seashore// of the Seychelles.’’

Оқушыларға жаңылпаш беріледі.Оқушылар мұғалім соңынан қайталап оқиды, содан соң әр қайсысы өзі тез оқиды.Оқушылар барлығы бірдей жаңылпашты оқиды да, кесілген белгі болған жерде тоқталып экранда жоқ сөзді табады.

Лексикалық ойындар сөздерді оқыту барысында қолданады.Компьютер көмегімен ағылшын сабағын ойын арқылы қызықты қылып өткізуге болады. Мысалы: Сөзжұмбақтар, сөзтізбектер, берілген видео бейнені дыбыстау т.б. Шетел тілі сабағында көру, естумен жүргізілетін жұмыс, оқушыны қызықтыра түседі.Жұмыс оқушыны бір жағынан ойлануға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Мысалы:


1.Әр оқушы отырған компьютер экранына сөз беріледі.Берілген сөздердің ішінен солдан онға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:raw, read, saw, mug, e.c.t.

2. Берілген сөздерге сөз қосып мағынасы өзгерген сөз жаз:tea +pot, butte+fly, bus+stop, e.t.c

3.Төмендегі әріптерден сөз құрап жаз,бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс:

Мысалы, be,eat, dear, read, saw, beat, team, e.t.c.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет