Шетел журналистикасы



бет20/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Ақпарат агенттiктерi. «Индия Пресс Эйдженси» ақпарат агенттiгiнiң («Үндi баспасөз агенттiгi») Үндiстанның әрбiр штаттарында өз тiлшiлiк пунктерi бар. Сондай-ақ, 100-ге жуық газеттер мен журналдарға ақпарат тарататын баспасөз торабы қызмет етедi.


«Юнайтед Ньюс оф Индия» Үндiстандағы жекеменшiк ақпарат агенттiктерінiң бiрi. «Сетейтсмен», «Хиндустан Таймс» газеттерi осы агенттiктен ақпарат алады.

«Амрита базар патрика» 200-ге жуық басылым шығаратын агенттiк. Үндістанның тұңғыш радиостансасы 1927 жылы Бомбейде салына бастады. Ал, телеорталық Бомбей, Калькутта, Мадрас және Канпур қалаларында iске қосылған.



Қытай. Азия елдерiнiң құрамына кiретiн Қытай мемлекетi бүгiнгi таңда алдыңғы қатарлы дамыған елдердiң бiрi болып саналады. Ендiгi жағдайда осы мемлекеттiң айнасына айналып отырған бұқаралық ақпарат құралдары туралы әңгiме қозғау заңды.

Жалпы, Қытай Халық Республикасында 202 миллионнан астам шамамен шығатын 1777 газет басылады. Көп тарайтын, күнделiктi шығатын бұқаралық газет Қытай Коммунистiк партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы "Жэнь-мин -жибао". Оның таралымы 3 680 000 дана. Таралымы жағынан екiншi орында тұрған газет "Гуан-мин-жибао". Сондай-ақ, айтарлықтай таралыммен жастарға, шаруаларға арналған және экономика мен спортқа арналған салалық газеттер шығады.

Бүгiнде әлем бойынша Қытайдағы журналистиканың даму деңгейi жоғары бағаға ие. Редакцияларға 1960-1970-шi жылдары репрессияға ұшыраған бұрынғы мамандар қайтып келiп жатса, жоғарғы оқу орындарынан келген жас, әрi бiлiктi мамандармен журналистер қатары толығуда. Барлық газеттерге тән сипат экономикалық тақырыпты жиi көтеру болып табылады. Осы тақырыптағы материалдар газет бетiнiң жартысын алып жатады. Мұның себебi, бiрiншiден, Қытай экономикасын дамыту көзделсе, екiншiден, газеттiң өтiмдiлiгiн арттыру. Ал, қалған материалдар түрлi тақырыпта және белгiлi бiр идеологиялық бағытты ұстана отырып жазылады, жарияланады.

“Спорт жаңалықтары” (“Синь тиюй”) спорт iсi бойынша республикалық комитеттiң органы болып табылады. 1950 жылдан бiр миллион данамен ай сайын шығады. Спорт жетiстiктерi мен проблемалары, спорт жанкүйерлерiнiң пiкiрлерi үзбей жарияланып


тұратын бiрден-бiр басылым. "Сычуань университетi" ("Сычуань дасюэ") 1974 жылдан Сычуаньнан тоқсан сайын жарық көретiн журнал. Журнал философия, тарих, саясат және әлеуметтiк мәселелердi кеңiнен қозғайтын жарияланым.

"Спорт өмiрi" ("Тиюй бао") 1958 жылдан бастап 720 000 данамен шыға бастаған басылым. Пекинде аптасына үш рет шығып тұрады.

"Бiрлiк" ("Туаньцзе бао") Қытай кеңесi халықтық саяси елшiлiгi комитетiнiң ұйымы болып табылады. 120 000 данамен Пекинде шығатын апталық газет.

"Халықтың қауiпсiздiк әскерi" ("Цзефанзюль бао") Қытай армиясының ресми ұйымы. 1956 жылдан бастап Пекинде 1 580 000 данамен күнделiктi шығып тұрады.

"Қытай әйелдерi" ("Чжунго фунюй") қытай және ағылшын тiлдерiнде басылып, көркем безендiрiлiп шығатын айлық журнал. Бұл журналдың ұйымы Жалпы қытай әйелдер федерациясы. 1949 жылдан бастап шығуда. Таралымы – 1 300 000 дана.

"Қытай жастары" ("Чжунго циннянь бао") Қытай Жастар одағының ресми ұйымы болып табылады. 1951 жылдан 3 100 000 данамен аптасына төрт рет шығып тұрады.


Телерадиосы. Соңғы жылдары Қытай теледидары өзiнiң қарқынды даму
нәтижесiнде АҚШ-тан кейiнгi дүние жүзiндегi екiншi орынды
алады. Қытай Халық Республикасының теледидары өзiнiң бастауын 1958 жылдан алады. 1970-шi жылдардың ортасынан ақ-қара түстi теледидардан түрлi-түстiге көштi. 1988 жылғы санақ бойынша бұл мемлекетте 1400 000 астам телевизор болды. Статистика мәліметтері бойынша күнделiктi телебағдарламаны 3 000 000 адам көредi екен. Қытай Халық Демократиялық Республикасының ерекшелiгi радио және телевидение бiр уақытта дамыды. 1958 жылдың қыркүйегiнде эфирге телебағдарламалар шыға бастады.


Қазiргi уақытта 422-ден астам бағдарламалық телеорталықтар жұмыс iстейдi. Барлық телестанциялар ақпаратты мыңдаған құрылғылары бар спутниктiк байланыс орталықтарынан алады. Сонымен бiрге, Пекиндегi бағдарламалар сипатына қарай түр-түрге бөлiнедi Ең атышулы арна "Ақпараттық көкжиек" арнасы. Шетел жаңалықтары 5-7 минут бағдарламаның соңында хабарланып кетедi. Шетелден ақпараттарды “СNN», ағылшын агентiктерінен, Вильнюстен, Азия және Тынық мұхиты елдерi одағы агенттiктерiнен т.б. алады.

Қытай теледидарының ортақ тақырыбы төмендегiдей: а) Мемлекет жағдайы, елбасының жұмыс уақыттары, ресми сапарлар, кездесулер, делегацияларды қабылдау; ә) Таяу көршiлердiң жағдайы; б) Әлем жаңалықтары; в) Спорт. Бұл аталғандардан басқа, бұл арналарда көркем фильмдер, көңiл сергiтетiн және музыкалық бағдарламалар беріледi. Сонымен қатар жаңалықтар да жиі-жиі берiлiп отырады.

Қытай радиосының негiзi шетелдiк мамандардан тұрады. Қытайдың өзiндiк радиостанциясы 1926 жылы Харбинде жұмыс істей бастады. 1928 жылы Нанкинде әкiмшiлiк радиостанция ашылды. Қытайда коммерциялық радиостансалар жоқ деуге болады. Тек 1979 жылы ақылы жарнама таратуға рұқсат берiлген. Орталық халықтық радиостансасында 34 тiлшiлiк пунктерi бар. Жергiлiктi хабар тарату 461 радиостансада жүзеге асады. Олар күнiне бес мың сағат хабар таратады. Қытай радиохабар таратуда 40-тан астам әлемнiң елдерiмен байланыс орнатылған. Бiрiншi шетелге хабар тарату 1947 жылы қолға алынған. Қытайда қазiргi радиохабарлар 38 тiлде таратылады.

Ақпарат агенттiктерi. Қытайда iрi-iрi екi ақпарат агенттiгi қызмет iстейдi.

1. "Қытай жаңалықтары" агенттiгi 1952 жылы кұрылып, Тайвань, Сатань, Вомыньдағы қытайлықтар мен шетелдiк азаматтарға арнап ақпарат жариялайды.

2. "Синьхуа" агенттiгi 1931 жылы құрылып, iшкi қызметтермен бiрге сыртқы байланыстар да жүргiзедi. Бүгiнде бұл агенттiкте 7 000 астам қызметкер жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 2600 журналистер мен редакторлар, 160-тан астам фототiлшiлерi бар. Агенттiктiң бас редакциясы Пекинде орналасқан. Олар: iшкi, халықаралық жаңалықтар, шетелге ақпарат тарату, спорттың соңғы жаңалықтары мен хроникалары, фотохабар бөлiмдерi, шетелдiк агенттiктер ақпараты, экономикалық ақпарат редакциялары бар. 4000-нан астам газет, журнал, радио, телевидение, университет, елшiлiктерге ақпаратты қытай, ағылшын және жапон тiлдерiнде таратады [1,45-б].

Әлемдiк агенттiктер: «Рейтер», «ЮПИ», «АПФ» және Азиялық басқа да елдердiң бiрқатар агенттiктердiң ақпараттарын пайдаланып, хабар алмасып отырады. Азия мен Тынық мұхит елдерiнiң ақпарат агенттiгiне және Координациялық Пула комитетiне мүше.



Жапония. Жапон баспагерлерi мен редакторлары ассоциациясының (“Нихон Симбун Кёкай”) мәлiметi бойынша әрбiр жапон отбасына 1,2 газет басылымы тиесiлi көрiнедi. Ал, журналдар басылымы бүгiнгi күндерi ең қызықты, таралымы көп ақпарат құралдары болып отыр. Компьютерлiк журналдар мен әйелдерге арналған апталық журналдарға халықтың сұранысы күннен күнге артуда.

Қазiргi уақытта дүние жүзi бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы жалпыға ортақ белгi Жапон баспасөзiнде де кеңiнен орын алып отыр. Ол – жарнама. Жапон мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарына 255 күнделiктi газет басылымы, 37 000 000 Таралыммен және жылдық таралымы 788 000 000 болатын 4 132 журнал басылып шығады.

Жапониядағы газет басылымы жалпыхалықтық және префектуралық болып екiге бөлiнедi. Бұл елдегi газет-журналдар көбiне коммерциялық болғандықтан, басылымдардың тәуелсiздiгi тек қағаз жүзiнде ғана. Яғни, басылымдарда халықтың сөзiнен гөрi құрылтайшылар мен партиялардың сөзiн сөйлеу басым. Жапонияда шығатын газет-журналдар жапон, ағылшын тiлдерiнде 10-12 беттiк болып басылады. Мұның сыртында жергiлiктi баспасөз ұйымдарының кейбiр басылымдары 18-20 беттiк болып келедi. Мұнда әртүрлi сипаттағы: салалық, саяси, көркем тағы басқа түрлi тақырыптағы мақалалар жарияланып отырады.

1950-шi жылдардың аяғында мәдениет пен бiлiм беру саласына қатысты журналдар кеңiнен тарала бастаған. Сол кезеңде шыққан басылымдарға: “Бiлiм беру” (1951 ж), “Мәдениет және бiлiм” (1951 ж), “Тәрбие туралы қазiргi ғылым” (1960 ж), одан бергi кезеңде шыға бастаған “Жапонияның психология туралы журналы” (1960 ж), “Эксперименттi психология журналы” (1957 ж), “Педагогикалық психология журналы” (1958 ж) секiлдi халықтың көңiлiнен шыққан басылымдар бүгiндерi де қоғамда өз орнын алып отырған жайы бар. Ал, газет басылымдарына келер болсақ, бұл салада “Асахи Симбуня” компаниясының атқарып отырған қызметi орасан. Аталған бiр ғана компанияның “Асахи ивнинг нью”, “Сюкан Асахи”, “Асахи Греф”, “Асахи Спорт” секiлдi көпшiлiк кешкiлiк, күнделiктi және апталық басылымдары бар. Сондай-ақ, елдегi экономикалық жаңалықтарды тарататын басылымдардың көбiсi “Майнити симбуня” компаниясының қарамағына тиесiлi.



Телерадиосы. Жапония дамыған телевизиялық торабы бар мемлекет. Бұл елдiң ұлттық телевизиясы өз бағдарламаларын жапон, ағылшын тiлдерiнде таратады. Ал, радиобағдарламалар жапон, ағылшын т.б тiлдерде таралады. Радиостанциялар қызметi мен телевизия орталықтары сияқты арнаулы радио департаментi арқылы ақпарат министрлiгi айналысады.

Баспасөз ұйымдары секiлдi, теле-радио органдарында да жарнама тарату кеңiнен орын алған. “Денцу” жарнама агенттiгiнiң мәлiметi бойынша, жарнама таратудың “ең алтын уақыты” кешкi 19-00 мен 22.00 сағат аралығы, яғни бұл аталған уақыттардың 15 секундтық жарнама уақыты 7 000 доллар немесе 700 000  жапон иенi тұрады [2,36-б].

Радиотаратуда дәл қазiр Жапонияда “АМ” диапазонында жұмыс iстейтiн 47 радиостанция мен “FМ” диапазонында жұмыс iстейтiн 27 станция бар. Сонымен бiрге, қысқа диапазонда жұмыс iстейтiн бiр ғана станция бар екен. Токио мен Осака секiлдi телерадио индустрия және баспасөз ұйымдары көп орналасқан қалаларда бағдарламалар шет тiлiнде жүргiзiледi. Атап айтар болсақ, ағылшын, немiс, француз және орыс тiлдерiнде ақпарат таратады. Телерадио компаниялардағы жарнама таратуда жетекшi рөлдi “Денцу” агенттiгi атқарады. Жапониядағы жалпы жарнама шығарудың 78 пайызы аталмыш агенттiктiң үлесiнде.

Ақпарат агенттiктерi. Жапонияның алғашқы ақпарат агенттiгi ХIХ ғасырда пайда болды. Бiрiмен-бiрi бәсекелесе отырып, олар бәсекелестік жағдайда өмiр сүрдi, яғни бiресе қосылып, бiресе бөлiнiп отырды. Алғашқы үлкен агенттiк 1914 жылы құрылды, “Кёкусай Цусинся” деп аталады. Бұл агенттiк Ирак мемлекетiнiң астанасы – Бағдад қаласында жұмыс iстей бастады. Негiзгi мiндетi шетел жаңалықтарын таратумен ғана шектелдi.

Қазiргi уақытта Жапониядағы алдыңғы қатарлы ақпарат агенттiктерi: “Киодо Цусин” және “Дзидзи пресс”. Сондай-ақ, әрбiр салаға қатысты жеке құрылған, “Радио-пресс”, “Азия жаңалықтары” және “Кеңес жаңалықтары” атты агенттiктер де жұмыс iстейдi. Олар 4000-нан астам газет, журнал, радио, телевидение, университет, елшiлiктерге ақпаратты ағылшын және жапон тiлдерiнде таратады. Агенттiктiң шетелде 20 тілшілiк пунктi бар. Париж, Лондон, Нью-Йорк қалаларында орналасқан аймақтық бюросы жұмыс iстейдi.

Әлемдiк агенттiктер: “Рейтер”, “ЮПИ”, “АФП” және Азия елдерінiң халықаралық ақпаратты тарату агенттiктерiмен тығыз байланыс орнатқан. Агенттiк қазiргi заманға сай арнайы құралдармен жабдықталған және жұмыс барысы компьютер арқылы атқарылады.

Монғолия. 1998 жылы Монғолияның Әдiлет Министрлiгiнде 500-ден астам газет-журналдар тiркелген. Бүгiнгi күнде монғол баспасөзi мемлекеттiк, партиялық, ведомстволық және жеке меншiк басылымдар болып бөлiнедi. Алғашқы үш категорияға жататын басылымдар: "Ардын Эрх" ("Халық билiгi»), “Парламент жаршысы» күн сайын шығады, «Загсийн саурын мэдээ» («Хабарлар») үкiмет және ресми ұйымдардың газетi күн сайын шығады. «Улан-Батор» әкiмшiлiк басылымы күн сайын шығады, «Унэн» («Ақиқат») Монғол Халық Республикасы парламентiнiң басылымы, аптасына үш рет шығады, «Ардчила» («Демократия») Демократия одақтарының басылымы. «Хөдөлмөр» («Еңбек») Монғол кәсiподақ комитетiнiң басылымы күн сайын шығады, «Тусгаар тоггная» («Тәуелсiздiк») Қорғаныс Министрлiгiнiң газетi. «Нугел буян» («Мейiрiм мен зұлымдық») Полиция басқармасының төл басылымы.

Iрi газеттер сондай-ақ электрондық нұсқада да шығады: Үкiметтiк «Ардын эрх» және меншiктiк «Өлөөдөр» монғол тiлiнде, қалалық «Уланбатор Пост» ағылшын тiлiнде Веб-сайтта, «Монғолия Онлайн» беттерiнде көрiнiс тапқан. Монғол баспасөзiнiң тұңғышы “Монғол ақиқаты” деп аталады. Алғашқы нөмiрi 1920 жылдың қарашасының 10-да шыққан. Бұл басылым Монғол халқының революция баспасөзiнiң тұңғышы. Бұл газеттен кейiн-ақ “Ұран” 1922 жылы шыққан, “Астананың жаңа газетi" 1923 жылы шыққан ең үлкен форматты “Ардын эрх” газеттерi бiрiнен соң бiрi дүниеге келдi. 1945 жылы сәуiр айынан бастап “Ардын эрх” газетi “Уиэймен” бiрiктiрiлiп Үкiметтiң төл басылымы ретiнде қайтадан шыға бастады. Алғашқы жастар газетi “Пионерейн унэи” деп аталады. 1944 жылы 5 000 таралыммен шыққан. Ал жастарға арналған ең алғашқы журнал “Залғамжлагч” деп аталады. 1926 жылдың 8 маусымнан бастап шыға бастады.



Телерадиосы. Ең алғаш рет монғол радиосы 1934 жылдың қараша айынан бастап хабарларды Улан-Батордан тарата бастады. Алғашқы кезде күнiне екi сағаттық қана хабар берген. Келе-келе техникалық құрал-жабдықтардың дамуына, көбеюiне, материалдық-техникалық базаның ұлғаюына байланысты эфирге шығу уақытын көбейттi. 1980 жылдардан бастап, монғол радиосының үнi бiр күнде 24 сағат бойы тыңдаушы қауымға монғол, орыс, қытай, ағылшын, француз және қазақ тiлiнде берiлiп, кең-байтақ монғол жерiне тарады. Балалар мен жастар редакциясы 1950 жылы құрылған. Жетi сайын балалар мен жастарға арнап “Жастық кезең”, “Спортшы”, “Халық сарбазы” секiлдi бағдарламалар ұсынады. Бүгiнде Монғолия радиосы Интернет жүйесiне қосылған.

Монғол телевидениесi 1967 жылдың желтоқсан айында құрылған. 1970 жылы ғарыштық байланыс iске қосылып, “Орбита” станциясы арқылы Ресей халқының тұрмыс-тiршiлiгiмен, онда болып жатқан оқиға, жаңалықтармен танысуға мүмкiндiк туды.

Монғол телевидениесi 1973 жылы бүкiл әлемдiк телевизияның “Интервидение” құрамына мүше болып кiрген. 1998 жылдың есебi бойынша, Монғолияда 20-ға жуық тәуелсiз телеарна, станция, студия бар екен. Барлық телевизиялық студиялар мен каналдарда кабельдiк байланыс орнатылған. Олардың ең iрiлерi “Сансар ТВ”, “Сансар Ка ТВ”. Соңғы кездері “СNN», “NНК”, “МТУ” телеарналары мен Гонконг бағдарламасын да трансляциялайды.

Ақпарат агенттiктерi. “МОНТА” ақпарат агенттiгi саяси хал-ахуал, экономика, жалпы саясат туралы халықтың ақпараттық сұранысын қамтамасыз етедi. “МОНТА”, “Бюллетень МОНТА”, “Хураан гүй сэтгел” сияқты газеттердi монғол және орыс тiлiнде шығарып тұрады.

1957 жылдың қазан айында тағы бiр ақпарат агенттiгi “МОНЦАМО” құрылды. “МОНЦАМО” агенттiгi монғол баспасөзi, теледидары мен радиосын монғол елiнде болып жатқан оқиға-жаңалықтармен қатар, шетел ақпараттарымен қамтамасыз етедi. “МОНЦАМО” 100-ден астам газет пен журналдарға, радио, телевидение, университеттерге, елшiктерге ақпаратты ағылшын және монғол тiлдерiнде таратады. Әлемдiк агенттiктер: «Рейтер», «ЮПИ», «АПФ» және Азияның басқа да елдердiң бiрқатар агенттiктерiнiң ақпараттарын пайдаланып, хабар алмасады.



Оңтүстiк Корея. Кореяның ең алғашқы газеттердiң негiзi 1896 жылы қаланған. Ол “Тоннип синмун” газетi. Аталмыш газет аптасына үш рет, төрт кiшi форматты беттермен, таралымы 300 000 данамен шығып тұрады. Алғашқы нөмiрi 1896 жылы 7 сәуiрде жарық көрдi. Газет негiзiн қалаған Со Чжэ Пхиль (Филипп Джейсон).

Кореяның алғашқы күнделiктi газетi 1898 жылы жарық көрген "Мейль синмун" басылымы. 1904 жылы жаңа күнделiктi "Тэкан мейль синбо" газетi пайда болды. Газет корейлiктерге ықпалын тигiзгенмен, Жапон қыспағына орай 1905 жылы жабылып қалған.

1910-1920 жылдар аралығында Корея журналистикасы үшiн қаралы кезең болды. Жапон үкiметiнiң органы болып есептелетiн газеттерден басқа басылымдардың шығуына қатаң тыйым салынды. Соған қарамастан шетелде газет iсiн жалғастыра бердi. "Коннип синмун" мен "Синкам минбо" басылымдары Сан-Францискода шықса, "Тэдон синмун" басылымы Ресейде шығып тұрады. Екінші дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, Корей мемлекетi өзiнiң тәуелсiздiгiн алды. Бiрнеше аптаның iшiнде кейбiреуi коммунистер күшiмен шығарылатын 68 газет пайда болды [3,134-б].

1988 жылы таралымы 400 000 дана "Хангерз синмун" күнделiктi газетi пайда болды. Ол бiрiншi күннен бастап-ақ компьютер жүйесiне қосылды. Бәсекелестiкке төзе алмай көп газеттер жабылып қалды. Соның әсерiнен 1991 жылы 12 күнделiктi газет басылымы тоқтап қалды. 1993 жылғы есеп бойынша, Кореяда 103 күнделiктi газет бар, оның 54-i Сеульде, калғандары аудандарда басылып тұрады.

Корей газеттерi дәстүр бойынша дүйсенбi күнi шықпайды екен. 1989 жылдың шiлдесiнен бастап ықпалды «Хангун ильбо» газетi бұл дәстүрдi бұзды. Газеттердiң сенбiлiк қосымшалары да 1990 жылы ғана пайда болды. Басылымдардың көлемi көбейдi. Ро Дэу Президент болып сайланып, алтыншы республиканы көркейтуге кiрiсiп те кеттi. Осы тұста көп газет-журналдар шыға бастады. 1987 жылы елде 30 күнделiктi газет шыққан. 1991 жылы олардың саны 98-ге жеттi, ал 1995 жылы саны 116 болды. Қазiргi таңда Корея баспасөзi даму үстiнде, сағатына 15 000 дана түрлi-түстi өнiмдердi шығарып отырады. Бұл басылымдар жаңа ғимараттарға орналасып, озық үлгiдегi тезникамен жабдықталған.

Телерадиосы. Кореяда радиохабар 1927 жылы пайда болды. Екi жылдан кейiн жапондықтар Сеульде радиостанция орнатады. Бұл станса 1954 жылға дейiн жұмыс iстейдi. Кореядағы ең алғашқы коммерциялық радиосы "Пусан Мунква Бродкастинг Стейшн" 1959 жылы пайда болды.

1966 жылы "Сеул УКВ Бродкастинг Компани" өзiнiң жеке стансасын іске қосты. 1970 жылы ұзын және қысқа толқынды үш радиостанса пайда болды: "Корея Мунква УКВ", "Пусан Мунква" УКВ және "Корея УКВ". Сеульдiң қалалық радиостанциясы 1990 жылы маусымда жұмысын бастады. Радио аты "Трэффик Бродкастинг стейшн". 1996 жылы Корея мемлекетiнде 97 радиостанция тiркелген.

Корея телевидениесi коммерциялық станцияның ашылуымен 1956 жылы бастау алды. Алайда, бұл алғашқы телестанса сол жылы-ақ қайта жабылды. 1961 жылдың 1 желтоқсанында үкiмет Сеулде "Кей-би-эс ТВ" ресми телеорталығы ашылды. "Ти-Би-Си ТВ" 1964 жылдан бастап қызмет көрсетедi. 1969 жылдың тамызында "Эм-Би-Си ТВ" телеорталығы ашылады. 1990 жылдан кейiнгi реформалар нәтижелерiне орай жеке телестансалар көбейе бастады. Статистикаға сүйенсек, "Кей-Би-Эс" аудиториясы 98 пайыз, "Эм-Би-Си" Оңтүстiк Кореяның тыңдармандарының 92 пайызын құрайды. Екi компания да өзiнiң бағдарламаларын күнделiктi таңғы 5:30 бен 10:00 аралығында береді екен.

Оңтүстiк Кореяда радио тарату iсi жапондықтардың Сеульде құрған радиостансасынан бастау алады. 1927 жылдан берi қарай корейлiктер өз қолына алды. 1945 жылдың қыркүйек айынан бастап радиостанса жүйесiн (“КВС”) американдық әскери әкiмшiлiк басқарды. Бұл жүйеде дiни, бiлiм, ақпараттық және көңiл сергiтетiн бағдарламалар қамтылды. Ал, 1956 жылдың желтоқсанында християндық ұйым, яғни Евангелистiк одақ қиыр шығыстық Инчхоне радио тарату iсiн бастады. Мұндағы хабарлар аптасына 100 сағат корей, ағылшын, қытай және орыс тiлдерiнде жүргiзiлдi. 1959 жылы Пусанеде коммерциялық Пусан Мунхва Бродкастинг Стейшн радиостанциясы ашылды, мұның iзiн Мунхва Бродкастинг Компани (“МВС”), Тона Бродкастинг Стейшн (“ТВС”) жекеменшiк радиосы жалғастырды. Бұл радиолар өз тұсауын Сеульде кескен.

1966 жылы Сеулде Бродкастинг Компани бiрiншi рет “УКВ” диапозонында радиодан хабар тарата бастады. 1970 жылы оған үш “УКВ” станциялары: Сеулдегi “Корея УКВ” қосылды. “Фар Ист Компани” (FEBC) коммерциялық емес. Оның АҚШ-та демеушiсi бар. Ол 1972 жылы Кореядағы Чечжудо аралының оңтүстiк жағалауындағы елдерге Азия халықтарының бостандығы мен бейбiтшiлiгi жайлы ақпараттар, әртүрлі бағдарламалар жiберiп отырады.

Ақпарат агенттiктерi. 1945 жылдан кейiн корейлiктерде алғашқы “Хебин Тхонсин” (“Дербес пресса”) ақпарат агенттiгi қалыптасты.

1945 жылдың 4-қыркүйегiнде “Чосон Тхонсии” агенттiгi ашылды. Осы жылдың аяғына қарай “Енхап Тхонсиннiң” негiзi қаланды. Кейiннен екеуi бiрiгiп, “Хаптон Тхонсин” ақпарат агенттiгiн құрайды. 1980 жылдың 19 желтоқсанында “Хиптон” мен “Ориент пресс” бiрiгiп, “Енхан Тхонсин” ақпарат агенттiгiн ашады. Бұл ақпарат агенттiгiнiң 40 шетел агенттiктерiмен жаңалық алмасу мүмкiндiгi бар.



Корей Халық Демократиялық Республикасы. “Нодон синмун” (“Жұмысшы газетi”) күнделiктi шығатын газет. Кореяның еңбек партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы. Пхеньянда басылып шығады. 1945 жылы негiзi қаланған, таралымы 2 000 000 дана.

“Нодон осхонен” (“Еңбекшi жастар”) күнделiктi газеті Корея социалистiк еңбекшi жастар одағының Орталық комитетiнiң ұйымы. 1946 жылдан берi басылып шығады, таралымы 800 000 дана.

“Нодон Коллочжа” (“Ауыл шаруашылығының еңбекшiсi”) аптасына екі рет шығады. Корея ауыл шаруашылығы еңбекшiлер одағы Орталық комитетiнiң ұйымы, 1965 жылы негiзi қаланған.

“Пхеньян синмун” (“Пхеньян газетi”) күнделiктi газет. Пхеньян қалалық халық комитетiнiң ұйымы, 1957 жылдан берi Пхеньянда басылып шығады, таралымы 500 000 дана.

“Пхеньян таймс” (“Пхеньян уақыты”) газет ағылшын тiлiнде аптасына екi рет жарық көредi. Шет тiлiнде әдебиет баспасында басылып шығады, шетелге таратуға арналған.

“Сонен Синмун” (“Пионер газетi”) аптасына екi рет шығады. Корея социалистiк еңбекшi жастар одағы орталық комитетiнiң ұйымы 1947 жылдан берi Пхеньянда басылады.

“Чосон инлингум” (“Корей халық әскерi) күнделiктi газет. КХДР Халықтар Қарулы күштер министрлiгiнiң ұйымы, 1948 жылдан берi Пхеньянда басылып шығады.

“Минчису Чосон” (“Демократиялық Корея”) үкiмет ұйымы. 1946 жылдан берi 200 000 таралыммен шығады.

“Адон мунха” (“Балалар әдебиетi”) тоқсанаралық журнал. Корея Жазушылар одағының ұйымы атынан 1947 жылдан берi Пхеньянда басылып шығуда.

“Корея” ай сайын орыс, қытай, ағылшын, француз, испан тiлдерiнде шығатын саяси-қоғамдық журнал. Шетел тiлдерi әдебиетi баспасында басылып шығады.

“Қазiргi Корея” айлық журнал. Орыс, ағылшын, француз, қытай тiлдерiнде шығады.

“Жебе” сатиралық журнал, ай сайын шығады.

“Корей әдебиетi” (”Чосон Мунхак”) Корей Жазушылары одағының органы. Пхеньянда басылып шығады.

“Чосон несон” (“Корей әйелi”) ай сайын шығатын безендiрiлген журнал. Корей Демократиялық әйелдер одағы Орталық комитетiнiң органы. 1946 жылдан бастап шығуда.

“Чконмема” (“Қанатты тұлпар”) Жастар Одағының айлық журналы.

“Эйдж оф индепенденс” (“Тәуелсiздiк дәуiрi”) – шетелге таратуға арналған ағылшын, испан, француз тiлдерiнде басылып шығатын журнал [4,3-12-б].



Иран. «Iran» газетi 1980 жылдан бастап шығып келедi. Оның ағылшын тiлiнде шығатын “Iran deili” нұсқасы сол тiлде сөйлейтiн елдi-мекендерге тарайды, таралымы 15 000 дана. Араб тiлiнде "Iran al-Vafag" газетi 9 000 таралыммен араб елдерiне тарайды. Сонымен қатар, "Иране Варземи" ("Спортивный Иран" 1976 ж), "Иране джаван" ("Жас ирандық"), "Заң" сынды ("Әйел") апталық газеттерi бар. Айлық газеттер "Иране Азин" (Иранның үй шаруашылығы"), "Аш Шахид" зағиптарға арналған "Иране Сафид" ("Ақ Иран") газетi жақын және таяу шығыс елдерiне таралады. Оның таралымы 12 700 дана. "Иране Сафид" газетi 1962 жылдан бастап шығып келедi. Ол ЮНЕСКО ұйымының арнайы мадақтауына ие болған беделдi басылым. "Эттелаат" газетi 1925 жылдан бастап күнделiктi жарық көретiн ең iрi газеттердiң бiрi, таралымы 25 000 дана. Ол парсы тiлiнде шығады. "Алик" журналы 1981 жылдан бастап жарыққа шыға бастады. Бұл журнал беттерiнен армян халқының мәселелерi және олардың басындағы келiспеушiлiк жағдайларын бiлуге болады. «Омиди Иран» журналының негiзi 1964 жылы қаланған, таралымы 7 250 дана. Ағылшын тiлiнде шығатын «Техран джоранал» журналы бар. Ол «Эттелаат» газетiнiң жанынан шығады. 1935 жылдан бастап жарық көрiп келедi. 1953 жылы жарық көрiп келе жатқан журнал «Сепид ва сиях». Бұл журналда елдегi саяси, әлеуметтiк, ұлттық мәселелер сөз болады.

Ақпарат агенттiктерi. Иранда 1934 жылдан бастап «ПАРС» («PARS») ақпараттық агенттiгi жұмыс iстейдi. 1981 жылы желтоқсан айында, яғни 47 жылдан кейiн оның аты «ИРНА» болып өзгертiлдi. «ИРНА» агенттiгi 2009 жылы өзiнiң 75 жылдық мерейтойын атап өттi. Бүгiнгi күнi оның бас директоры – Феридун Вердинеджад. Мұнда 1 100 журналист қызмет етедi. Өз елiнде 46 тiлшiлiк бөлімі және шет елдерде 34 тiлшiлiк пунктi бар. Олардың кейбiреуiне 5-6 журналист қызмет көрсетуде. Осы тiлшiлiк пунктерi арқылы барлық Иран провинциясынан және басқа да шет мемлекеттерден қажеттi ақпарат алып отырады. Соңғы жылдары Москвада, Бакуде, Ашхабадта, Душанбеде, Ереванда, Ташкентте «ИРНА” тілшілік бөлім ашты. «ИРНА» агенттiгi 70-ке жуық елдердiң ақпарат агенттiктерiмен тығыз байланыс орнатқан және олар ағылшын, араб, парсы тiлдерiнде ақпарат таратады. Бұл агенттiктiң басылымдық бөлiмдерi де бар. Жоғарыда атап кеткен газеттердiң көпшiлiгi осы «ИРНА» агенттiгiнде басылады.

«ИРНА» агенттiгiнде тұңғыш радиохабар 1965 жылы берiлдi. Шетел тыңдаушыларына арналып, орыс, ағылшын, француз, араб, түрiк, күрд, үрду тiлдерiнде хабар жүргiздi. Ол хабар "Бурс" деп аталады. Телевидение хабарлары тек 1950 жылдың аяғында ғана берiле бастады. Ал, бүгiнгi күнi Тегеран, Решт, Мешхед, Тебриз, Бендер-Аббас, Шираз қалаларында телеорталықтары жұмыс iстейдi. Мұнда кейбiр радио және телевидение хабарлары ағылшын тiлiнде жүргiзiледi.



Ирак. Қазiргi кезде Иракта шығатын газеттердiң iшiнде "Қыс-Саура", "Қыл-жұмхұрия" ең алғашқылары болып табылады. Иракта шығатын газет, журналдар араб, ағылшын, орыс және немiс тiлдерiнде басылады. Мұның сыртында жергiлiктi баспасөз ұйымдарының кейбiреулерi курд, түркiмен және парсы тiлдерiнде басылып шығады. Бұларда әртүрлi сипаттағы, атап айтар болсақ, ғылым, денсаулық, педагогика саласына қатысты журналдар мен газеттер де бар.

"Al-Aglam" ("Қалам") ай сайын шығатын әдеби журнал. 1964 жылдан бастап Бағдад қаласында араб тiлiнде басылып шыға бастады, таралымы 20 000 дана. "Alif-Bi" ("Әлiп-би") апта сайын араб тiлiнде шығатын журнал. Таралымы 20 200 дана. Al-Arabi al-Arabia" ("Араб көкжиегi") ай сайын араб тiлiнде шығатын қоғамдық-саяси және әдеби-көркем журнал. 1975 жылдан бастап Бағдат қаласында басылып шыға бастады, таралымы 12 000 дана. "Baghdad Оbserver" ("Бағдат бақылаушысы") ағылшын тiлiнде басылатын күнделiктi газеттiң тарихы 1967 жылдан бастау алады. "Al-Wagai al-Iragia" ("Ирак шолушысы") 1922 жылдан бастау алған ағылшын тiлiнде басылатын апталық газет. Ағылшын тiлiнде шығатын бөлiгiнiң таралымы 1 000 дана, ал араб тiлiнде шығатын бөлiгiнiң таралымы 12 500 дананы құрайды.



Телерадиосы. Ирак дамыған телевизиялық торабы бар мемлекет. Ұлттық телевизия студиясы 1959 жылдан бастап жұмыс iстейдi, бағдарламалары араб, ағылшын, курд, парсы тiлдерiнде таратылады. Телевизиялық студиялар қызметiнiң бақылауымен телевидение департаментi арқылы ақпарат министрлiгi айналысады. Радиобағдарламаларын араб, ағылшын, парсы, күрд тiлдерiнде таратады. Радиостансалар қызметi мен телевизия орталықтары сияқты арнаулы радио департаментi арқылы ақпарат министiрлiгi айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет