Жалпы мәліметтер Облыс тарихы



Дата20.06.2016
өлшемі50.63 Kb.
#148723
Жалпы мәліметтер

Облыс тарихы. Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды, 1997 жылы өңір аумағына Семей облысы қосылды. 1720 жылы негізі қаланған және Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан Өскемен қаласы Әкімшілік орталық болып табылады.

Облыста 15 селолық аудан , 10 қала, 872 кент және ауыл , 254 селолық және ауылдық округ бар. Облыс халқы 2014 жылға  1 394 018 адамды  құрады. Халықтың тығыздығы орта есеппен облыс бойынша 1 шаршы км-ге 4,9 адамды құрайды. Облыс халқының этникалық құрамы 2011 жылға мынадай ара салмақта ұсынылған: қазақтар -58,4 %, орыстар- 37,97 %, басқа ұлттар – 3,36 %.



Географиялық орналасуы. Облыс аумағы бүгінгі таңда 283,3 мың шаршы километрді ( Қазақстан аумағының 10,2 %) құрайды. Өскемен қаласы Астана қаласынан 1038 км және Алматы қаласынан 1068 км қашықтықта жатыр. Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарымен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Табиғи-климаттық жағдайы. Табиғи-климаттық жағынан Шығыс Қазақстан бірегей аймақ болып табылады. Мұнда дала, шөл және таулы тайга ландшафтары ұштасады. Облыс аумағының солтүстік және шығыс бөліктерін жер қойнауында түсті, қымбат және сирек металдардың бай қорлары бар Батыс, Орталық  және Оңтүстік Алтайдың  тау бөктерлері  мен жоталары  алып жатыр. Алтай тауларының оңтүстігінде Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектелген құрғақ Зайсан қазаншұңқыры көсілуде. Облыстың  барлық оңтүстік –батыс және батыс бөлігін Қазақтың ұсақ шоқылары алып жатыр. Облыстың орталық бөлігінде Қалба тауларының белестенген жазықтықтары басым. Орман облыс аумағының 11,9 % алып жатыр. Орман алқаптары негізінен Алтай таулары жоталарының салаларында орналасқан. Мұнда жасыл қылқанды орман таралған. Орман аумағының төменгі белдеуінде жапырақты және аралас орман өседі. Облыстың көзтартарлық жері облыстың солтүстік – батысындағы белдеулі қарағайлы ормандар босып саналады. Жалпы алғанда Кенді Алтайда өсімдік әлемінің 1000- нан астам түрлері бар, әртүрлі құстардың 300- ден астам, сүт қоректілердің 100- ге жуық түрлері мекендейді.Ормандар мен далалы белдеуде бұлан, тау ешкісі, арқар, құдыр, елік, қасқыр, аю, сілеусін, аққіс, аққұлақ, бұлғын, сасық күзен, сары күзен, түлкі, қоян өседі. Бұқтырма өзенінің жоғарғы жағында марал сақталған. Тау бөктерлерінде, өзендер мен көлдердің жағалауларында доңыз мекендейді.

Пайдалы қазбалар. Шығыс Қазақстан облысының аумағында өңірдің минерал-шикізат ресурстарына қажеттілігін қамтамасыз ететін қорлы пайдалы қазбалардың: түсті металдардың (Риддер-Сокольный, Тишин, Малеев, Николаев, Артемьев, Орлов және басқа да), алтынның (Бақыршық, Суздаль, Мизек, Күршім өзенінің шашыранды және басқа да), сирек металдардың (Бакен, Ақтау, Юбилейный, Ахмет), көмірдің және тақта тастың (Қаражыра, Кендірлік, Бобровка, Белокаменка), кенді емес шикізаттың (отқа төзімді шикізат, карамзит және бетонит батпағы, әк, кірпіштік және цементтік саз-құмды тау жынысы, шыны шикізаты және құрылыс материалдары) барланған көптеген кен орындары, және сондай-ақ жерасты минералды су және ауыз су (Өскемен, Лениногор, Богатырев, Құлынды) орындары белгілі.

Республикадағы жалпы қорғасын қорының 27%, мырыштың 47,7%, мыстың 47,9% баланс қорлары облыс аумағында шоғырланған. Республиканың жалпы ресурсында облыстағы қорғасының болжамдалған ресурстарының үлесі 24,8%, мырыштікі 56,7 %, мыстікі 29,3 % құрайды.


Облыс аумағында қорлары мемлекеттік баланста ескеріліген 50, соның ішінде 27 негізгі және 23 шашыранқы кен орындары орналасқан.
Қазір пайдалы қазбалар кенорындарының көпшілік бөлігіне отандық және шетелдік инвесторларға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге және өндіруге лицензиялар берілген және келісім-шарттар жасалынған. Риддер-Сокольный, Тишин, Малеев және Грехов кен орындарын «Қазмырыш» ААҚ-ның тау-кен өндіру кәсіпорындары пайдалануда. Орлов, Николаев, Шемонаиха, Артемьев, Юбилейный- Снегириха, Ақтоғай кен орындарын «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындары пайдалануда.

Лениногор кен ауданында Жаңа Лениногор, Чекмарь, Долинное, Стрежан, Обручев және басқалары резервтік кен орындары болып табылады. Ертіс жағалауындағы Артемьев қор кен орындары болып саналады. Геологиялық барлау жұмыстары Ертіс жағалауы, Риддер және Зырян аудандарында қазіргі уақытта іс жүзінде жүргізілмеуде және бұрын жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жасалынған минерал-шикізат қорлары азаюда. Алтын кен орындарынан қазіргі таңда Суздаль, Орталық Мүкір, Миялы және басқалары әзірленуде. Геологиялық барлау жұмыстарына және өнеркәсіптік игеру үшін инвестиция жұмсау мәселесінде, полиметалдар бойынша- Орлов (Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік-шығыс учаскелері), Николаев (Солтүстік- Николаев, Батыс, Шығыс, Жаңа Николаев учаскелері) және Шемонаиха кенорындарының маңдары, Ертіс жағалауы кен ауданындағы Пригон, Сугатов учаскелері, Солонов-Выдриха және Жоғары Уба кен алқаптары, Ревнюшин антиклинал құрылымының оңтүстігіндегі Соловьев учаскесі, никель бойынша –Мақсұт кенорны, алтын бойынша – Кішіресей учаскесі, Ләйлі, Жұмба, Баладжал кен орындары, көмір бойынша- Кендірлік, Маңырақ кенорындары, минералды су бойынша: Жеменей, Арасан - Талды, Шәкелмес, Қара Бөрік  кен орындары және тағы басқалары, ауызсу бойынша -  Қарабұлақ, Шілікті, Қазақстан кенорындары айтарлықтай қызығушылық туғызады.



Су қорлары. Облыс аумағы су қорларына бай, мұнда жалпы ұзындығы 10 мың км-ден асатын 800-ден астам өзен ағып өтеді. Басты су арнасы таулы Үлбі, Уба, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да өзендер құйылатын Ертіс өзені болып саналады (ұзындығы 4248 км, облыстан тыс – 1311 км). Облыста ірі Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл көлдері бар. Бұған қоса ұсақ өзендер, су қоймалары көп, олардың ішінде ең үлкені Бұқтырма саналады. Өзендерде табан, сазан, шортан, аққайран, тау көлдері мен өзендерінде – таймень, хариус, бахтах, пайда, Марқакөл өзенінде майқан (үскіш) балықтары мекендейді.

Шығыс Қазақстан жерасты суларының мол қорларымен де белгілі. Таулардағы жерасты сулары табиғи қорларының жалпы қөлемі 10 млрд. текше метрді құрайды.

Облыстың ауа райы ауа температурасының тәуліктік , маусымдық және орташа жылдық ауытқу  үлкен амплидудасымен шұғыл континенталды. Мейлінше суық айлар-солтүстікте Кенді Алтай тауларында және биік таулы қазаншұңқырларда орта айлық температурасы – 17 С- ден 23,8 С-ге дейінге және оңтүстік бөлігінің тауларында – 14,1 С-ден +16,6 С-ге дейінгі қаңтар, ақпан айлары. Мейлінше жылы ай-шілде, оның орта айлық температурасы +14 С-ден +16,6 С-ге дейін, теңіз деңгейінен 1000-1500 м биіктікте -0 С, тау бөктерлері мен жазық бөлікте температура бірқыдыру  жоғары. Облыстың бірегей және саналауан табиғи жағдайы тиісінше инвестиция салған жағдайда туризмді жедел дамытуға мүмкіндік береді.

Инфрақұрылым. Шығыс Қазақстан облысы дамыған өндірістік инфрақұрылымымен ерекшеленеді, ол көліктің барлық негізгі түрлері: теміржол, әуе, су және автомобиль көлігімен ұсынылған. Темір жол облыс орталығын Зырян, Риддер, Семей, Аягөз, Шемонаиха қалаларымен  байланыстырады.  Облыстан тысқары жерлерге алып баратын теміржол желілері-«Защита-Локоть» (Ресей), «Семей-Локоть», «Семей-Алматы», «Ақтоғай-Достық» жолы (Қытай).

Облыста Өскемен және Семей қалаларында орналасқан екі әуежай жұмыс істейді. Кеме жүретін жолдармен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды екі параход шаруашылығы жүзеге асырады, екі жүк кемежайы жұмыс істейді.



Жүк және жолаушы тасымалдаудың айтарлықтай үлкен көлемі автомобиль және теміржол көліктеріне тиесілі. Автомобиль көлігімінен жүктердің 89,9%, теміржол көлігімінен 10% тасымалданды. Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 97,2%, теміржол көлігімен 2,5%- ды құрады.

Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары ішкі тасымалдауды жүзеге асыруда өте маңызды орын алады, олардың жағдайы және даму деңгейі өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 11734 км, осының ішінде республикалық маңызы бар жолдар- 3420 км, жергілікті -  8416,5 км-ді құрайды.  Республикалық жолдардың жалпы ұзындығының қатты жамылғылысы 3351 км, қара жолы 69 км құрайды. Қатты жамылғылы жергілікті жолдардың ұзыңдығы 7565,3 км, қара жолы 851,2 км-ді құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет