Шетел журналистикасы



бет21/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Ақпарат агенттіктерi. "Iragi News Agensi" Ұлттық ақпарат агентiгi 1959 жылдан бастап Ирак мемлекетiнiң астанасы Бағдад қаласында жұмыс iстей бастады. Негiзгi мiндетi 50-ден астам газет пен журналдарға, радио, телевидение, университеттерге, елшiлiктерге ақпаратты ағылшын, араб тiлдерiнде таратуда. Агенттiктiң шетелдерде 30 тiлшiлiк пунктерi бар, Париж және Москва қалаларында орналасқан екi аймақтық бюросы қызмет жасайды.


Әлемдiк агенттiктерi «Рейтер», «ЮПИ», «АПФ» және Азиялық басқа да елдердiң бiрқатар агенттiктерiнiң ақпараттарын пайдаланып, хабар алмасып отырады. Халықаралық ақпараттарды тарату агенттiктерi Федерациясымен, араб ақпарат агенттiгi Федерациясымен тығыз байланыста, Азия мен Тынық мұхит елдерiнiң ақпарат агенттiгiне және координациялық Пула комитетiне мүше.

Катар. Әл-Жазира телекомпаниясы. Катар -Таяу Шығыстағы кiшкентай мемлекет. Араб елдерiндегi ең әйгiлi телекомпанияның отанына айналған бұл ел кедейшiлiктен көз ашпаған, Ұлыбританияға тәуелдi болған мемлекет едi. Мұнай кезеңiнiң өрлеуiне байланысты Катар кiрiсi жылдан-жылға өсiп отырған. 1960 жылға дейiн шейх Ахмад бин Али елдi басқарған.

1972 жылы Катар өз тәуелсiздiгiне ие болды. 1995 жылы 27 маусымда Үкiмет Камад би халифаның қолына берiлдi. Билiк басына келген әмiр бірқатар өзгерiстер жасаған. Оның iшiндегi ең маңыздысы мемлекеттiк цензураны алып тастайды. Оның нәтижесi мемлекеттiк емес спутниктiк “Әл-Жазира” арнасының пайда болуына әкелдi. Катар билеушiсiнiң бөлген несиесi Батыста жұмыс iстеп, тәжiрибе жинақтаған бiр топ журналистерге әртүрлi пiкiрлер мен позицияларды баяндауда алаңдамай, болып жатқан оқиғаларды барынша объективтi түсiндiруге ұмтылатын араб тiлдi ақпараттық телекомпаниясын құруға мүмкiндiк берген. Бүгiнгi күнде оны “арабтың Си-Эн-Энi” немесе “Арабтың Би-Би-Сиi” деп те атайды. Бұл телекомпания “Әл - Жазира” деп аталады. Тәулiк бойы араб тiлiнде жұмыс iстейтiн спутниктiк телеарна. Ақпараттар, деректi фильмдер, ток-шоулар, сараптамалық бағдарламалар берiліп тұрады. Штаб-пәтерi катардың Доха қаласы. Аудиториясы 35 000 000 адам. Әлемнiң 31 елiнде арнайы бөлiмшелерi бар. 1995 жылы маусым айында Камад бен Калифа Аль-Тани қансыз төңкерiс нәтижесiнде өз әкесiн тақтан құлатып, Катардың әмiрi болады. Осы кезде Боснияда соғыс болып, тұтқындар жағдайы алаңдатып отырғанда, арабтың кiшкене мемлекетiнде болып жатқан оқиғалар бұқараны елеңдетпегені мәлім. Дегенмен, бұл оқиға “Әл-Жазираның” құрылуының алғашқы қадам болған. Бұл әмiрдiң әрiптестерiнен айырмашылығы, ол адами құндылықтар – әйел теңсіздігі, сөз бостандығы, өкiмет тарапынан бұқара халықтың мұқтаждығына көп көңiл бөлуiмен ерекшеленді. Британдық телекомпания “Би-Би-Си” өзiнiң араб тiлiндегi хабарлар беретiн бөлiмiн жауып тастайды. Бұл арна Парсы шығанағындағы соғыстан кейiн құрылған, “Би-Би-Си” мен Сауд спутниктi “Орбит” компаниясымен бiрiккен мекеме едi. Материалдар “Би-Би-Сиге” корпорациядағы стандартқа сай дайындалып, Сауд телеарналары арқылы берiлiп отырады. Саудтықтар Корольдiк ақпарат министрлiгiнiң бағдарламаларына бақылау жасау мүмкiндiктерi жоқ деген айғаққа шыдай алмай көп уақыт жүрдi. Соңында, 1996 жылы “Би-Би-Си” мен «Орбит» арасындағы келiссөз бұзылады. “Би-Би-Си” араб өкiметiмен байланысқысы келмеген соң, араб тiлiндегi арнаны жауып тастаған. Осыны пайдаланған Катардың жаңа әмiрi “Би-Би-Си” “Arabic Service TV-дiң” қызметкерлерiн шақырып, редакцияның тәуелсiздiгiне кепiлдiк бере отырып, өз ақшасына арнаны қайта жаңғыртуға салады. 30 000 000 доллармен бiрге әмiр Катар ақпарат министрлiгiне бағынбайтынына сөз бередi және мемлекет басшыларының редакция саясатына араласпайтынын басып айтқан. Телеарна атын өзi таңдаған. Президентi әмiрдiң жиенi, шейх Хамад бен Тамер Аль-Тани. 1996 жылы 7-қарашада “Әл-Жазира” бiрiншi рет эфирге шығады. Араб аудиториясына саяси ток-шоулар, арнайы репортаж, зерттеулерді тiкелей эфирде береді. Бұл “Әл-Жазираның” пайда болуына дейiн мүлдем үйреншiктi емес құбылыс едi. Жаңалықтарды агрессивтi түрде беру көптеген Еуропа және Америка телеарналары үшiн де таңсық болып келген. “Әл-Жазира” Президентiнiң айтуына қарағанда, бес жылдың iшiнде Араб мемлекеттерiнiң, сонымен қатар, басқа мемлекеттердiң арна тiлшiлерiнiң материалдарына өз наразылықтарын бiлдiрмей қоймаған. Израильдықтар “Әл-Жазираға” терроризмдi қолдап отыр деп айып таққан. Бұған телеарна тiлшiлерiнiң күнделiктi интифада жөнiндегi репортажы сылтау болған. “Әл-Жазира” Иерусалимде бөлiмшесi бар және Киессетте меншiктi тiлшiсi бар жалғыз араб телеарнасы, - дейдi палестиндiктер. Сириялықтар және Ливиялықтар бұл арнаны шовинистiк насихаттың қол шоқпары деп атаған. Ал батыс жақтан «Әл-Жазираға» терроризмдi қолдаушы деген кiнәлар тағылуда. Өз ток-шоуларының тақырыптарын “Әл-Жазира” көбiнесе секс және өзге дiндегiлердi қудалаумен байланыстырып алады. Иордания мен Кувейт осы елдiң басшыларын қорлаған репортаждары үшiн “Әл-Жазира” тiлшiлерiн елден шығарып жiберген. Ал Египет арнасы журналистерi египеттiк оппозиция басшыларының сұхбатын берген кезде телекомпанияның бөлiмшесiн жауып тастаған. Катар сыртқы iстер министрлiгi өкiлеттiлiгiнiң бекiтуi бойынша басшыларын тақтан түсiрудi үндегенiн бiрiншi болып жариялаған. Осының нәтижесiнде Кувейт өкiметi арнаны Ирактағы режимдi реабилитациялауға тырысты деген айыппен Кувейттегi “Әл-Жазира” офисiн жауып тастаған.

Бастапқы жылдары арнаға қаржы жағынан Катар өкiметi көмектесiп отырған. 2001 жылы Ұлыбританияның “Скай Диджитл” телеарнасының ақпарат алмасып отыруы үшiн келiсiмге қол қойған. Көп кешiкпей американдық телекомпания “Си-Эн-Энмен” келiсiмге қол қойған. Әскери бейнефильмдердi басқа американдық арналарға берместен алты сағат бұрын осы компания берiп тұруға келiскен. Парсы шығанағындағы соғыс кезiнде “Си-Эн-Эн” Бағдаттан тiкелей телебағдарламаларды беретiн жалғыз арна болды. “Әл-Жазира” бұқаралық ақпарат құралдарының тарихында қақтығыстар болған жерден тiкелей эфир жүргiзу арқылы Ауғанстандағы соғысты баяндаған жалғыз телеарна болып тарихта аты қалды. Оның Кабулдағы тiлшiсi Ташир Аллюии Усама бен Ладеннiң үндеуi жазылған таспаны алған журналист ретiнде есте сақталған.

Осы арна жұмыс iстеген күннен бастап, министрлiк “Әл-Жазира” бағдарламаларына қарсы 400-ге тарта протест алған. Негiзi “Әл-Жазираның” басты жауы Сауд Арабиясы болып отыр. Бұл елдiң басшылары Камад әмiрден арнаны жабуды өтiнген, ал Сауд компаниялары бiрнеше жыл бойы оған байкот жариялап келедi. Оларға бағдарламалар мазмұны ұнамайды екен. “Бiздiң орнымызда Сауд телеарнасы болуы да мүмкiн едi. Олар бiздi көре алмайды”,- дейдi “Әл-Жазира” қызметкерлерi.

Осы аймақтардағы БАҚ-тың көпшiлiгiн мемлекет өз бақылауына алған. Ал “Әл-Жазира” тәуелсiз болып отыр. Египет, Алжир, Марокко, Сауд Аравия елдерiнiң саясаты араласып, келеңсiздiктерiн эфирге шығарамыз деп өздерiне қарсылықтарға жол берген. Ақпараттық арна ретiнде екi жыл бойы Египеттiк Шламис Адель Абдель Магидпен сұхбатты бере отырып Египет өкіметінің ашуын келтiреді. Адель Лондонда тұратын, 1997 жылы Хан-Халили деген Каир базарында жарылыс ұйымдастырғаны үшiн Египет әскери трибуналымен сырттай өлiм жазасына кесiлген адам едi. Сонымен, “Әл-Жазира” Ирак қоғам қайраткерлерiнiң сұхбаттарын, Саддам Хусейннiң сөйлеген сөздерiн трансляциялаған. 2001 жылы 5 қаңтарда Ирактың спутниктi телевидениесiнен бұрын және де басқа да Ирактық бұқаралық ақпарат құралдарынан бұрын “Әл-Жазира” армия күнiне байланысты С.Хусейіннің сөйлеген сөзiн және арабтарды АҚШ-пен байланыс жасаған 7 қазан күнi Ауғанстанды бомбалағаннан кейiн бiр сағат өтпей жатып “Әл-Жазира” таспаға алдын-ала жазылған Усама бен Ладеннiң бомбалаудың басталуына арналған үндеуiн эфирге шығарған.

Сол бейнефильмде Египет джихатының басшысы, “Аль-Каиданың” басшысы, Бен Ладеннiң оң қолы Айман Эль-Завакри де көрсетiлген. Бұл бейнефильм сол кездегі британ премьер-министрi Тони Блэйрдiң “Әл-Жазира” арнасына сұхбат беруiне мәжбүр еткен. “Әл-Жазира” жаңалықтар бөлiмiнiң меңгерушiсi Ахмед Шейх Усама бен Ладеннiң сөзiн тыңдаған мұсылман аудиториясына арнап сөз сөйледi. Көбiсi мынадай сұрақтар қойды: Талибтер мен “Аль - Каида”, “Әл-Жазира” арнасын насихат құралы ретiнде пайдаланбай ма, ал британдық газеттер бұл телеарнаны “Усама бен Ладен мен Аль-Каиданың” қолшоқпары деп атайды. Американың ресми тұлғалары өзiн тәуелсiз арна деп атаған “Әл-Жазираны” Катар Үкiметiнен таратуды өтiнген.

Американдық “Си-Эн-Эн” телекомпаниясы өзiнiң Катарлық спутниктi телеарна “Әл-Жазирамен” қарым-қатынасын Усама бен Ладенмен жаңа сұхбаты жазылған бейнетаспа жөнiнде өтiрiк айтқаны үшiн тоқтатуды ескерткен. Бiрнеше күн өткеннен кейiн “Си-Эн-Эн” басқа көздерден Усама бен Ладеннiң сұхбаты жазылған бейне таспаны алған. 30 желтоқсан күнi американдықтар бұл жазбаны өз спутниктiк телеарналары арқылы көрсеткен. “Әл-Жазира” бұл жазбаны ұрлаған дейдi. “Әл-Жазира” өзiнiң «Си-Эн-Энмен» байланысын доғаруды және қызметкерлерiн алып кеткенi үшiн, заңсыз бұл бейненi бергенi үшiн айыптау мақсатында қажеттi санкцияларды қабылдаған.

Егер де Усама бен Ладен мен талибтер болмағанда, телекомпания мұндай дәрежеге жетпеушi едi. Оны әйгiлi еткен Кабул бюросының шефi, сириялық Тайсир Аллуни. Аллуни - Ауғанстан аймағындағы талибтермен жұмыс iстейтiн жалғыз шетелдiк тележурналист. Балшанадағы талибтердiң әйгiлi Будда ескерткiшiн қиратуын әлемге бiрiншi болып көрсеткен де осы журналист.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет