-
Номер мақаласы
-
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымының (ҰҚШҰ) ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына және ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысты
-
Қазақстанда
-
ҚР қысқа мерзімге қамауға алынғандар жазасын колониялық-қоныстарда өтейтін болады
-
Мұнай-газ секторы
-
2011 жылы Қазақстан мұнайға ЭКС енгізуден 400 млрд теңгеге қол жеткізеді
-
Қаңтар-қараша айларында ҚР мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 4% өскен
-
ХЭА: 2010 жылдың қарашасында әлем бойынша мұнай өндіру тәуліктік көлемі 400 мың барр. ұлғайды.
-
SOCAR Қазақстанда бірлескен кәсіпорын БК құрайды.
-
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Мидия портындағы сұйытылған мұнай газы терминалының құрылысын аяқтағандығы туралы хабарлайды.
-
Энергетика
-
Еуропалық компания елімізде гидроэнергетикалық кластерді дамыту үшін 1 миллиард еуро бөледі
-
Қаржы және инвестициялар
-
ХВҚ шикізат секторының есебінен 2011 жылы Қазақстан валдық ішкі өнімнің /ВВП/-ның 5 пайызға артуын болжап отыр.
-
БТА Банктің топ-менеджерін экстрадициялауға үкім шығарылды.
-
Fitch БТА Банктің (Қазақстан) пен оның белорусиялық ---- рейтингісін «В-» деңгейіне дейін көтерді.
-
Еуразиялық даму банкінің Кеңесі 2013 жылға дейінгі Банк Стратегиясын мақұлдады.
-
Тау-кен металлургия саласы
-
Асаубаевтар алтынның қазіргі бағасын ескере отырып, KazakhGold активтерін сатып алу тиімді деп санайды
-
Көлік және коммуникациялар
-
2014 жылға дейін Қазақстанда сандық спутниктік телевидениемен 350 мың абонентке дейін қамтылатын болады – БАМ басшысы
-
Байланыс және ақпарат министрлігі жақын аралықта Парламентке шетелдік БАҚ қызметін реттеуге бағытталған заң жобасын ұсынбақшы
-
Жылжымайтын мүлік
-
Қазақстандық құрылыс компаниялары Сауд Арабиясы нарығын игеруге қызығушылық танытуда
-
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
-
«Итера» Каспийдің түркмен секторында мұнай газ барлау жұмыстарын жүргізудің халыаралық тендерін ұзартты.
-
CentralAsia Newswire: Қырғызстан президентінің шешімі тұрақсыздықты үдете түсуде
-
Өзбекстан бес жылдың ішінде шетелдік $50 млрд. инвестициясын игермек
-
Бағалар мен статистика
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании
-
Мұнай мен газ құны
-
Commodities
-
Металл құны
-
Валюта бағамдары
Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz
Номер мақаласы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымының (ҰҚШҰ) ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына және ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымының (ҰҚШҰ) ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясына қатысты.
Шағын және кең құрамда өткен кездесулерге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі Президенті Роза Отынбаева, Ресей Президенті Дмитрий Медведев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Өзбекстан Президенті Ислам Каримов қатысты.
Сессия барысында Ұйымның дағдарысты реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға және дағдарыстық жағдайларда бір-біріне жедел көмек көрсету үшін тиісінше жағдай туғызуға бағытталған шаралар қарастырылды.
Сондай-ақ мемлекет басшылары ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының мәртебесін реттейтін құжаттар жобаларын талқылады.
Сессияның қорытындысы бойынша мемлекет басшылары ұйымға мүше мемлекеттер Декларациясын, сондай-ақ ҰҚШҰ Бітімгершілік күштері туралы ұйымға мүше мемлекеттердің Мәлімдемесін қабылдады.
Ұйымның қолданыстағы ресімдеріне сәйкес сессия барысында ұжымдық қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық қызметі Ресей Федерациясынан Беларусь Республикасына өтті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Отырыс барысында мемлекет басшылары аймақтағы интеграциялық үдерістерді тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған ТМД аясындағы біздің елдердің ынтымақтастығының маңызды мәселелерін талқылады, сондай-ақ Достастық қызметінің қорытындысын шығарды.
Отырыста Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу бойынша жүргізілген іс-шаралар және еркін сауда аймағы туралы Шарт жобасын дайындау барысы туралы ақпарат тыңдалды.
Сондай-ақ отырыс барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына жоғары баға берілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша мынадай бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды: халықаралық іздестірудегі адамдар туралы Шарт; көші-қон органдары басшыларының Кеңесін құру туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама; мемлекеттік баж салығының көлемі және әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы шаруашылық дауларды қарау кезінде оны өндіріп алу тәртібі туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттама.
10 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведевтің екі жақты келіссөздері болып өтті. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресейдің 2011-2012 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспары туралы мәлімдемеге қол қойды.
Қазақстанда
ҚР қысқа мерзімге қамауға алынғандар жазасын колониялық-қоныстарда өтейтін болады
Юстиция Министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің төрағасы Сұлтан Құсетовтың хабарлауы бойынша, алты айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған қазастандық азаматтар жазасын колониялық-қоныстарда өтейтін болады.
Мұндай жаңа енгізулерді қарастыратын заңнамалық актілеріне түзету құжаттары қазіргі кезде еліміздің парламенті қарастыруда. «Қылмыстық заңнамаларды келешектегі гуманизациясы және қылмыстық іс процесінің заңдылығы кепілдемесін күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы республиканың құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберінда дайындалған.
Қылмыстық-атқарушы жүйесінің қызметін жақсарту бойынша жұмада өткізілген «дөңгелек үстелде» Құсетов: «Алты айдан кем мерзімге бас бостандығынан айырылған азаматтар жазасын колониялық-қоныстарда өткізу шарасы алғаш рет іс жүзінде жасалады» - деді.
Оның айтуынша, бұл азаматтар, жазасын өтеу орындарында ұзақ уақыт отырғандармен байланыс жасай алмайды және олардың кері әсер етулеріне ұшырамайтын болады, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Мұнай-газ секторы
2011 жылы Қазақстан мұнайға ЭКС енгізуден 400 млрд теңгеге қол жеткізеді
Қазақстанда мұнайға экспорттық кедендік баж салығы бойынша тамыз-қараша айларында 86 млрд. теңге түсім болған.
«Мұнайға экспорттық кедендік баж салығын енгізу туралы шешім күшіне енген күннен бастап, тамыз бен қараша айының соңына дейінгі аралықта бюджетке 86 млрд. теңге аударылды» - деп хабарлады республиканың қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің кедендік кірістер басқармасының бастығы Айнагүл Ілиясова.
«ҚазМұнайГаз» компаниясының ресми сайтында: Қаржы Министрлігінің есебіне сәйкес, мұнайға ЭКС енгізуден Қазақстан 2011 жылы шамамен 421,4 млрд теңге табысқа ие болады, - деп көрсетілгенін, хабарлайды RusEnergy.
Қаңтар-қараша айларында ҚР мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 4% өскен
Қазақстанда өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 4%-ға артқан, деп хабарлайды «Новости Казахстан» АА, статистика жөніндегі агенттіктің пресс-қызметіне сүйене отырып.
Мекеменің мәліметтері бойынша республикада он бір ай ішінде 72,4 миллион тонна мұнай өндірілген.
Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев 2010 жылы мұнай өндірудің болжамдық көлемі 84 миллионды құрайды деп хабарлаған болатын.
Республика 2020 жылға қарай мұнай өндіруді 130 миллион тоннаға, ал 2015 жылы шамамен 100 миллион тоннаға жеткізу жоспарлануды, Gazeta.kz. хабарлайды.
ХЭА: 2010 жылдың қарашасында әлем бойынша мұнай өндіру тәуліктік көлемі 400 мың барр. ұлғайды.
Парижде 10 желтоқсанда жарияланған Халықаралық энергетика агенттігінің баяндамасында (ХЭА), әлем бойынша мұнай өндірудің тәуліктік көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда, 400 мың.барр. артқан және мұнай шикізаты газ конденсатын қосқанда күндік/барр. көлемі 88,1 млн.барр. құрағаны атап өтілген, деп хабарлайды РБК.
Әлемдік мұнай өндірудің өсуі негізінен ОПЕК-тен тысқары елдер – Канада, Бразилия және Қазақстанды қамтамасыз етті. Сонымен қатар, ОПЕК елдерінде мұнай шикізатын өндіру қараша айында, алдыңғы аймен салыстырғанда тәулігіне 45 мың барр. артып, күніне 29,2 млн. барр құраған.
ХЭА-нің алдын ала есебі бойынша, ОПЕК-тен тысқары мемлекеттерде мұнай өндіру 2010 жылы 52,8 млн. Тәулігіне/барр. құрайды, ал 2011 жылы 53,4 млн.тәулігіне/барр. арта түспек. Осы мерзімде, ОПЕК елдері қамтамасыз ететін мұнайға деген әлемдік экономикадағы сұранысы 2010 жылдың соңына дейін тәулігіне 29,6 млн. барр. құрайтын болса, ал, 2011 жылы бұл көрсеткіш тәулігіне 29,5 млн.барр дейін төмендеуі ықтимал. ХЭА болжамы бойынша, 2010 жылы ОПЕК елдерінің газ конденсатын өндіруі 5,3 млн. барр/тәулігіне болса, 2011 жылы ол тәулігіне 5,8 млн.барр. дейін өсетін болады, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.
SOCAR Қазақстанда бірлескен кәсіпорын БК құрайды.
Ростислав Белый, Биржевой лидер
Жақында өткен «Қазақстан-Маңғыстау-Әзірбайжан» бизнес-форумында Әзірбайжан Мемлекеттік мұнай өндіруші компаниясы (SOCAR) мен мұнай шикізатын, сондай-ақ мұнай өндірумен қоса, қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын жетілдірумен айналысатын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімдерге қол жеткізілді.
Бұл ықылас екі жаққа бірдей қолайлы болып отыр, себебі, алдағы онжылдықта Қазақстанның Маңғыстау облысында мұнай шикізатын өндіру көлемі екі есеге артуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, келешекте осы аймақта өндірілген мұнай экспортының көлемін жылына 95 миллион тоннаға дейін арттыру жүзеге асырылмақ.
Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, мұнай өндіру ісін дамыту жағалаулық шельфті өңдеуді тереңдету мен инфрақұрылымды дамытуды талап етеді, осы тұста әзірбайжандық әріптестердің мол тәжірибесі септігін тигізе алады. Қазіргі кезде Маңғыстау облысында, негізінен, мұнайгаз саласына қатысты әзірбайжандық капиталы бар бірлескен кәсіпорынның 100-ге жуығы қызмет етуде. Осындай бизнес-форумдар өткізу Әзірбайжан мен Қазақстанның Маңғыстау облысының бизнес-құрылымдары арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Биржевой лидер.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Мидия портындағы сұйытылған мұнай газы терминалының құрылысын аяқтағандығы туралы хабарлайды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жалпы құны 3,8 млн. АҚШ доллары болатын Мидия портындағы сұйытылған мұнай газы терминалы (liquefied petroleum gas (LPG)) құрылысының аяқталғандығы туралы хабарлайды.
- Терминал The Rompetrol Group-тың «Петромидия» платформасының экспорттық және импорттық қуатын арттыруға арналған стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Жаңа инвестициялар сұйытылған мұнай газының (LPG) импорттық-экспорттық қызметіне байланысты шығынды, сонымен қатар жүк жеткізу мерзімін, демек, осыған қажетті операциялардың санын 20% астамға азайтуға тиіс, - деп атап көрсетті Rompetrol Rafinare-дің бас менеджері Арман Қайырденов.
Мидия портындағы «9» айлақта мұнайды және сұйытылған газды ауыстырып-тиеу терминалы Rompetrol Rafinare компаниясына тиесілі және МӨЗ (3 600 текше метр шамасында) сұйытылған мұнай газының екі қоймасына тікелей қосылған, шамамен 3000 тонна жоғары өткізу қабілеті бар.
Айлақты жаңарту нәтижесінде дайын өнімді ауыстырып тиеу қуаты 350% (айына 90 000 тоннадан айына 310 000 тоннаға дейін ) арттырылды және 10 000 дедвейт тонналық теңіз кемелерін, сонымен қатар 2000 дедвейт тонналық құю баржаларын арқандап байлауға жағдай жасалған.
Терминалды «Мидия Теңіз Терминалы» басқаратын болады, бұл The Rompetrol Group-тың сұйытылған мұнай газын (LPG) тұрмыстық мақсатта да, сонымен қатар Румыния мен Молдова Республикасында көлік құралдарында пайдалану мақсатында да пайдалануы жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға ықпал етеді, деп атап өтті Арман Қайырденов.
Сұйытылған мұнай газы (LPG) терминалы құрылысына байланысты жұмыстарды Rominserv компаниясы 14 ай бойы жүргізді. Бұл жұмыстың бас мердігері The Rompetrol Group осы жылдың қыркүйек-қараша айларында Rompetrol Rafinare және Rompetrol Petrochemicals техникалық жағынан қызмет көрсету жөніндегі жалпы жұмыстарды үйлестіріп отырды.
Осы жылдың 9 айы ішінде Rompetrol Rafinare өзінің еншілес кәсіпорны Rompetrol Gas компаниясы арқылы жалпы сомасы 39,3 млн. АҚШ долларын құрайтын сұйытылған мұнай газын экспорттауды қамтамасыз етті. Бұл 2009 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есе артық.
Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Rompetrol Rafinare Rompetrol Petrochemicals және Rompetrol Gas сұйытылған мұнай газын (LPG) сыртқа шығарудың жалпы бағысы 774 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2009 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10% артық.
Бүгінде Rompetrol-дың Gas Нэводари, Арад және Бакэу қалаларында үш құю станциясы, (құю қуаты 60 000 тонна сұйытылған мұнай газы (LPG) және сақтау сыйымдылығы 3 500 текше метр болатын) сонымен қатар 260 станциясы мен 6 000 астам баллон сату орындары бар.
Компания Молдова Республикасында да өз қызметін жүзеге асыруда, мұнда оның сұйытылған мұнай газын (LPG) автоматты түрде үлестіретін бекеттері, баллон сататын нүктелері, құю станциялары, сонымен қатар Унгень (Батыстан импорттау үшін) және Тирнова (Шығыстан импорттау үшін) қалаларында сақтау сыйымдылықтары бар.
Rompetrol Rafinare S.A. («Петромидия» МӨЗ-і және «Вега» МӨЗ-і), Rompetrol Petrochemicals, Rom Oil, Rompetrol Downstream, сонымен қатар Rompetrol Logistics пен оның Rompetrol Gas еншілес кәсіпорны Rompetrol Refining-тің иелігінде.
Дереккөз: The Rompetrol Group компаниясының ақпарат және қоғаммен байланыс департаменті
Энергетика
Еуропалық компания елімізде гидроэнергетикалық кластерді дамыту үшін 1 миллиард еуро бөледі
Айдар Оспаналиев, ҚазАқпарат
Еуропалық Pure Nature Energy GmbH (PNE) компаниясы елімізде гидроэнергетикалық кластерді дамытуды көздеп отыр.
Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталмыш бастама аясында
PNE 10 жыл бойына елімізге қуаты 5-тен 60 мВт-қа дейін жететін шағын гидроэнергетикалық стансалардың құрылысына және оларға қажетті детальдарды шығаруға 1 миллиард еуро бөлуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар еуропалық инвесторлар осы бағытта кадр дайындау мен техникалық қызмет көрсету және менеджмент қызметін өздерінің мойындарына алып отыр. Аталмыш келісім Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» мен германиялық инвесторлармен жүргізілген көліссөздер барысында келісілген.
Еліміздегі топографиялық ахуал мен су ресурстарының мүмкіндіктерін 5 жыл бойы зерттеген неміс компаниялары өкілдерінің мәлімдеулерінше, Қазақстанның гидроэнергетикалық әлеуеті 4 гВт-ты құрайды. Бұл мемлекетімізге электр энергиясын импорттаушы елден оны ірі көлемде экспорттаушы елге айналуына болады және энергияны көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанның өзіне жеткізуге мүмкіндік алады дегенді білдірсе керек.
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің» Еуропа елдері жөніндегі аймақтық директоры Мархабат Балғабайдың сөзінше, еліміздің гидроэнергетика саласын дамыту және оны шетелдіктер қатыстырпа отырып өрістету республикадағы электр энергиясына зәрулік мәселесін шешеді. Осы мақсатта шетелдіктерден тартылып отырған инвестициялар негізінен Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарында шағын электр стансаларын салуға жұмсалады.
Қаржы және инвестициялар
ХВҚ шикізат секторының есебінен 2011 жылы Қазақстан валдық ішкі өнімнің /ВВП/-ның 5 пайызға артуын болжап отыр.
Қазақстанда болған қор миссиясының қорытынды сөзінде, ағымдағы жылы Қазақстанның экономикасының шынайы көрсеткіші 5,5% өскен, 2011 жылы шамамен 5% құрайтын болады деп болжайды ХВҚ.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан экономикасының жағдайы ғаламдық экономика сияқты, жақсара түскен, дегенмен қайта қалыптастыру тұрақтылығына қол жеткізу үшін оны негізін кеңінен қамтамасыз ету қажет.
«Мемлекеттік секторларды қолдау мен әлемдік шикізат нарығындағы қолайлы жағдайлар арқасында шынайы көрсеткіште ВІӨ өсуін қайта қалпына келтіру жалғасын тапты; ХВҚ қызметкерлерінің есебі бойынша, 2010 жылы 5,5 пайызды құрайды» - деген мәлімдеме жасалды.
Қордың бағалауы бойынша, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде мұнай мен пайдалы қазбалармен байланысты салалар, сонымен қатар, транспорт пен байланысты қосқанда, оларға аралас салалар басты роль атқарады.
Ең алдымен, дағдарыс салдарынан болған тұтынудың төмендеуін көрсететін жеке сауда саласының едәуір жақсаруы, экономиканың қалпына келуіне әсерін тигізеді; оған қарамастан, құрылыс пен қозғалмайтын мүлік секторында белсенділік деңгейі төмендеген қалпын сақтауда.
ХВҚ мәлімдемесінде: «ХВҚ қызметкерлерінің есебі бойынша, 2011 жылы экономиканың өсу қарқыны, шамамен, 5 пайызды құрайды және негізінен, мұнай өндіру мен пайдалы қазбаларға байланысты болады, бірақ банктік және корпоративтік секторларда сақталып отырған қиындықтар ішкі сұранысты қалпына келтіру масштабын ары қарай шектей түседі», - делінген.
Сонымен, экономика диверсификациясына жағдай жасау мен тиімді қаржылық делдалдықты дамыту көмегі арқылы ішкі сұранысты қалпына келтіру қажеттігі анық көрінеді делінген.
ХВҚ Қазақстанда сыртқы экономика саласындағы мықты позициялар сақталып қалады, сондықтан да, ресми органдар шет елдерден келетін қаржының ұлғаюы мүмкіндігін реттеудің дайындық істеріне кіріскені дұрыс. Шикізат тауарларын экспорттаудың артуы есебінен, сыртқы есепшоттың ағымдағы операциялар сальдосы қайта дұрысталды, соның салдарынан мұнай қорының халықаралық резервтері мен активтері көлемінің өсуі байқалады. Капитал түсімі мұнай саласы мен сыртқы көздерге тікелей шетелдік инвестициялар тартылуы есебінен, сонымен қатар, жоспарланған даму жобаларын жүзеге асыруда жекеше-мемлекеттік серіктестікті кеңінен қолдану есебінен түседі деп күтілуде.
Ақшалай-несиелік айналымды реттеу мен бақылау органдары халықаралық өтімділіктің молдығын ескере отырып, қаржының қысқа мерзімдік құйылуының жандануы жағдайында жұмыс істеуге даяр болулары қажет, деп хабарлайды Новости-Казахстан АА.
БТА Банктің топ-менеджерін экстрадициялауға үкім шығарылды
Алексей Соковнин, КоммерсантЪ
Сәрсенбі күні Мәскеу қалалық соты бас прокурорының орынбасары Александр Звягинцевтің елдегі ірі БТА-банктің корпоративтік басқармасының бұрынғы бастығы, 3 млрд. АҚШ долларын шығындауға қатысы бар деген айып тағылған Вероника Ефимованы Қазақстанға қайтару туралы шешімін қабылдады.
Мәскеу қалалық соты Ефимова ханымның экстрадициясы туралы мәселені қайта қарастырған. Оны қайтару туралы қабылданған алғашқы шешім банк қызметкерінің қорғаушысы Сергей Бровченконың Мәскеу қалалық сотына жаңадан қарастыру туралы жазған арызы бойынша кейінге қалдырылған болатын. Сот тыңдауларына сөз сөйлеген Ефимова ханым, өз отанында саяси себептермен қуғындалғанын, егер Қазақстанға қайтарылатын болса, жергілікті билікке қарсы және олардан Ұлыбританияда жасырынып жүрген, БТА-банктің бұрынғы бастығы Мұхтар Аблязовқа қарсы соттық көрсетулер беруге мәжбүрлейтінін айтты. Сонымен қатар, қорғаушысының талабы бойынша адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ефимова ханымның экстрадициясын, оның Қазақстан өкіметінің әрекеттеріне қарсы шағымданған арыздарын Страсбургте жан-жақты қарастырғанға дейін тыйым салды.
Осыған қарамастан, Мәскеу қалалық соты сәрсенбі күні Ефимова ханымды қайтару туралы бас прокурор орынбасары шешімінің заңдылығын растап, банк қызметкерінің шағымы мен қорғауын негізсіз деп тауып, қабылдамады. Мәскеу қалалық соты анықтамасында, негізінен, Ефимова ханымның әрекеттері, тағылған айыптауларға байланысты, ресейлік заңға сәйкес (РФ ҚК 160 бабы) бойынша жауапқа тартылуы тиіс. МФС шешімімен оған Ресей территориясында саяси босқын статусы берілмейді. Қазақстанның Бас прокуратурасы «Ефимова қайтарылған жағдайда (айыпталушының «Ъ» ауыр сырқатпен ауыратындығына байланысты) мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы қосымша кепілдеме» берді. Қазақстан адам құқықтарын қорғау саласында БҰҰ негізгі конвенциясына қосылғанын атай отырып, ал 2010 жылы алғаш рет ЕҚЫҰ төрағалық етуші мемлекет болуы, «мемлекеттің қоғамдағы жариялылық нәтижесінің объективті дәлелі» ретінде Мәскеу қалалық соты бас прокуроры орынбасарының В. Ефимованы қайтару туралы шешімін «негізді» деп тапты.
Ефимова ханымның қорғаушысы Сергей Бровченко, Мәскеу қалалық сотының шешімі Жоғарғы сотта қайта қаралатын болады деп хабарлады. Шешім заңды күшіне енгенге дейін, Ефимова ханым үй қамауында болады.
Fitch БТА Банктің (Қазақстан) пен оның белорусиялық ---- рейтингісін «В-» деңгейіне дейін көтерді.
Fitch Ratings БТА Банк (Қазақстан) және оның мажоритарлы үлесін иеленетін --- БТА Банк (Беларусь) рейтингтері көтерілді. Екі банктің де шетел валютасындағы ұзақ мерзімді дефолт эмитенті рейтингісі («ДЭР») «В-» деңгейіне жоғарылаған. Рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты». Аталмыш рейтинг әрекеттері 2010 жылдың қыркүйегінде болған БТА міндеттемелерін қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін жасалды. Рейтинг әрекеттерінің толық тізімі осы хабарламаның срңында көрсетілген.
БТА рейтингісі 2008 жылдан бері қарай баланстың құрылымдық кемшіліктері мен нарықтық позицияларының қысқаруы ескере отырып оның активтерінің құны тұрғысында белгісіздіктер мен оның бизнес-үлгісінің сенімділігі мәселесі тойландыратыны көрсетілген. Сонымен қатар рейтинг жасауда қор жинақтау құрылымы мен банкті мажориталдық акционері, ұлттық «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан қолдау көрсетуін ескеріле отырып, ұзақ мерзімді сипатта көрсетіледі.
БТА рейтингісі жайында ойландыратын негізгі факторы оның активтерінің құны болып табылады. Fitch кейбір едәуір құнсызданған несиелер бойынша резервтердің босауы маңызды потенциалын болуын мойындайды, дегенмен, портфельде жұмыс істейтін несиелерді алдағы уақытты резервтеумен байланысты болатын қауіпті көреді. Ол дегеніміз, банктің актив сапасы мәселелерін шешудің қаншалықты жалғасуына байланысты, БТА капитализациясының келесі айларда болатын елеулі тұрақсыздыққа ұшырауы мүмкін.
Қайта құрылуға қарамастан, БТА қарызы жоғары левереджді сақтауда. 2010 жылдың 3 тоқсаны аяғында несиелердің депозитке қатысы 135% құраған. (Самұрық-Қазына қоры салған депозиттерді есепке алмағанда 271%). Корпоративтік депозиттер бойынша клиент базаға 2008 жылдан бері қарай едәуір кері әсерлерін тигізген. Корпоративті қоландырудың негізгі бөлігі Самұрық-Қазына қоры депозиттеріне тиесілі.
Fitch БТА рейтингісінде, қажет жағдай туындаса, Қазақстан үкіметі тарапынан банкке қолдау көрсетілуі мүмкіндігін ескереді. Сонымен қатар, банк Самұрық-Қазына қоры үшін стратегиялық инвестициялар бола алмайды, сондықтан да банктің орта мерзімді жобаларын сату жоспарларының жүзеге асырылуына сәйкес мемлекеттік қолдау көрсету азаюы мүмкін деген агенттік пікірі рейтингте көрстеіледі. Банктің сатылуы жаңдайында Fitch оның ДЭР қайта қарайтын болады.
БТА Банк (Беларусь) негізгі құрылымның қайта құрылу процесіне қатысты емес. Алайда, БТА-ға тәуелді болуын азайту үшін БТА Банктің (Беларусь) ұзақ мерзімді ДЭР оның негізгі құрылымының қолдауына байланысты болғандықтан, банк міндеттемелерінің құрылымы өзгертілген. Fitch БТА өзінің қайта құрылу кезеңінде де БТА Банкке (Берарусь) капиталдық қолдау көрсетуді жалғастыруын мен жақсы деп есептейді.
Жұргізілген Рейтингтік әрекеттер:
БТА Банк (Қазақстан):
Ұзақ мерзімді шетелдік валютадағы ДЭР "RD" деңгейінен "B-" деңгейіне көтерілген, болжам "Тұрақты"
Ұзақ мерзімді ұлттық валютадағы ДЭР "B-" деңгейіне көтерілген, болжам "Тұрақты"
Қысқа мерзімді шетелдік валютадағы ДЭР "RD" деңгейінен "B-" деңгейіне көтерілген
Қысқа мерзімді ұлттық валютадағы ДЭР "RD" деңгейінен "B-" деңгейіне көтерілген
Жеке рейтинг "F" деңгейінен "E» деңгейіне көтерілген
Қолдау рейтингісі «5» деңгейде бекітілген
Ұзақ мерзімді ДЭР қолдау деңгейі «қолдау деңгейі жоқ» ретінде бекітілген
Приоритетті қамтамасыз етілмеген қарыз: рейтинг "С" деңгейінен "B-" деңгейіне көтерілген, активтерді қайтару
рейтингі "RR4"
Қарапайым қарыздар: рейтинг «СС» деңгейіне көтерілген, активтерді қайтару рейтингі "RR6"
БТА Банк (Беларусь):
Ұзақ мерзімді шетел валютасындағы ДЭР «ССС» деңгейінен «В» деңгейіне көтерілген, болжам
«Тұрақты»
Қысқа мерзімді шетел валютасындағы ДЭР «С» деңгейінен «В» деңгейіне көтерілген
Жеке рейтинг «Е» деігейінде бекітілген
Қолдау рейтингі «5» деңгейәнде бекітілген, Fitch Ratings хабарлайды.
Еуразиялық даму банкінің Кеңесі 2013 жылға дейінгі Банк Стратегиясын мақұлдады
Мәскеуде сәрсенбі күні Еуразия даму банкі Кеңесінің /ЕАДБ/кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына қатысқандар: Ресей Федерациясы тарапынан – Ресей Федерациясы қаржы министрінің орынбасары Дмитрий Панкин, Қазақстан Республикасы жағынан – Қаржы министрі Болат Жәмішев, Армения Республикасынан – энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Иосиф Исаян, Беларусь Республикасынан – экономика министрі Николай Снопков, Тәжікстан Республикасынан – инвестициялар мен мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет Төрағасының бірінші орынбасары Амонджон Эшонкулов.
Кеңес ЕАДБ-нің 2011-2013 жылдарға арналған екінші орташа мерзімдік Стратегиясын бекітті. Онда 2013 жылдың соңында инвестициялық портфель көлемін 4,36 млрд. АҚШ долларына арттыру бойынша мақсат көзделген. Банктің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру 2011-2013 жылдар аралығында ЕАДБ-не қатысушы-мемлекеттер арасындағы өзара сауда жасауды 1,6 млрд АҚШ долларына және өзара инвестицияларды 1,2 млрд. АҚШ долларына өсіруді қамтамасыз етуі қажет. Банк қаржыландыратын жобалар жылына 3,6 млрд. АҚШ долларынан кем емес көлемде өнім шығаруды таратуы және жылына 4 млрд. АҚШ доллары шамасы деңгейінде аралас салаларда қосымша өнім шығарудың мультипликативті нәтижеге ие болуы қажет.
ЕАДБ Стратегиясын қабылдау контекстінде Банк Кеңесі ЕАДБ дамытуға арналған бірнеше маңызды шешімдерді, таяу мерзімдегі жоспарларын, сондай-ақ кезекті 2011 жылдың Банк бюджетін қабылдады.
Сонымен қатар, Кеңес алдағы уақытты Санкт-Петербургте орналасатын, Банк құрылымында интеграциялық зерттеулер Орталығын құруды мақұлдады. Орталық зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен, аймақтық экономикалық интеграциялары мәселелері бойынша ЕАДБ-не қатысушы-мемлекеттер үкіметтеріне баяндамалар мен ұсыныстар дайындаумен айналысатын болады.
Кеңес ЕврАзЭК-тің Дағдарысқа қарсы қоры қызметін қамтамасыз ету жөніндегі Басқарма директоры Сергей Шаталовты Басқарма Төрағасының орынбасары етіп, ал қаржы жөніндегі Басқарма директоры етіп, ЕАДБ Басқармасының мүшесі Берик Мұхамбетжановты тағайындады, хабарлайды ПРАЙМ-ТАСС.
Тау-кен металлургия саласы
Асаубаевтар алтынның қазіргі бағасын ескере отырып, KazakhGold активтерін сатып алу тиімді деп санайды
Асаубаевтар отбасы KazakhGold Group Limited өндірістік активтерін олардың құны алтынның қазіргі бағасын ескергенде, тиімді болғандықтан сатып алып жатыр. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚазТАГ-қа Айдар Асаубаев мәлім етті.
«Қалыптасқан даулы жағдайда KazakhGold активтерін қазақ жағына сату ең жақсы амал болып отыр. Асаубаевтар отбасы қуана келісіп, қазақстандық активті сатып алып жатыр, өйткені алтынның қазіргі бағасын ескергенде, активтің құны аса тиімді болып отыр», - деді ол.
А. Асаубаевтың айтуынша, AltynGroup сатып алуды «өз қаржысы және банк несиесі есебінен» қаржыландыруды жоспарлап отыр.
Асаубаевтар отбасының ақпараты бойынша, олар KazakhGold компаниясынан оның еншілес кәсіпорындарын 2009 жылдың тамыз айында «Полюс золото» компаниясы KazakhGold –қа қатысу үлесі үшін төлеген бастапқы баға көлеміндегі соманы сатып алады, оған аталған кезеңде салынған қосымша инвестициялар да кіреді.
Бұған дейін хабарланғандай, «Полюс золото» мен KazakhGold Асаубаевтар отбасы бақылайтын қазақстандық «AltynGroup Kazakhstan» ЖШС-імен серіктестікке KazakhGold-тың Қазақстандағы, Румыниядағы және Қырғызстандағы бірқатар өндірістік активтерін $509 млн-ға сату туралы келісімнің негізгі шарттарын келісті.
Еске сала кетейік, 2009 жылдың тамызында «Полюс Золото» ААҚ Jenington International Inc еншілес компаниясы арқылы KazakhGold-тың 50,1% акциясын сатып алуды аяқтады, кейін өз үлесін 65% акцияға дейін ұлғайтты.
2010 жылдың шілдесінде ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ресейлік компанияға KazakhGold акцияларын сату туралы қабылданған шешімнен бас тартып, акциялардың қосымша эмиссиясына тыйым салды. Қаржы полициясы «Полюс Золото» компаниясына қатысты KazakhGold акцияларын сатып алу кезінде алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ал «Полюс Золото» 2010 жылдың маусымында Лондонның Жоғарғы сотына KazakhGold компаниясының бұрынғы иелері, Асаубаевтар отбасының мүшелеріне қарсы $450 млн. соманың шағымын түсірді.
Арызданушының пікірінше, жауапкерлер соманың бір бөлігін KazakhGold компаниясынан заңсыз алып шыққан, қалғаны – келісімшарт жасау қарсаңында компанияның көрсеткіштерін асырып көрсетуден болған шығындар.
KazakhGold компаниясының активтері - Солтүстік Қазақстандағы Ақсу, Бестөбе, Жолымбет, Оңтүстік Қарауылтөбе, Қызылсор кеніштері және Шығыс Қазақстандағы алтын кеніштері.
«Полюс Золото» ААҚ – Ресей мен Қазақстандағы ірі алтын өндіруші. Нарықтық капиталдандыру, шикізат көлемінің базасы мен өндірісі бойынша әлемнің ірі өндірушілерінің қатарына енеді. Компания активтерінің халықаралық портфелінде Қрасноярск өлкесінде, Иркутск, Магадан мен Амур облыстарында, Саха Республикасында (Якутия), Қазақстанда, Румынияда және Қырғызстанда алтын кеніштері бар, ҚазТАГ хабарлайды.
Көлік және коммуникациялар
2014 жылға дейін Қазақстанда сандық спутниктік телевидениемен 350 мың абонентке дейін қамтылатын болады – БАМ басшысы
Серік Сабеков, Казинформ
2014 жылға дейін Қазақстанда сандық спутниктік телевидениемен 350 мың абонентке дейін қамтылатын болады. Ол туралы байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, 10 желтоқсанда өткен палатаның пленарлық мәжілісі барысында ҚР Парламент Сенатының депуттарына берген жауаптарында айтты.
Оның айтуы бойынша, сандық спутниктік телевидение енгізу үшін барлық техникалық шаралар жасалған, қажетті құралдар сатып алынған.
«Желтоқсан айының ортасынан бастап абоненттерді осы жүйеге сынақтық тәртіпте қосуды бастаймыз. 2014 жылға дейінгі мерзім ішінде, бұл жүйенің 350 мыңға дейінгі абоненттерін иеленуге болжам жасап отырмыз», - деп атап өтті А.Жұмағалиев.
Эфирде сандық телевидение турасында, байланыс және ақпарат министрінің сөзіне қарағанда, сынақтық жобаның жүзеге асырылуы шілде айында Қарағанды облысында басталады.
«Сынақтық жобаны аяқтаған соң, оған сәйкес бағдарлама жасап, жобаны қаржыландыру туралы ұсыныс жасаймыз», - деді министр.
БАМ басшысының сөзі бойынша 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстанның барлық аймақтарын қамту жаспарлануды.
«Егер сіздердің қолдауларыңыз арқасында қаржыландыру ертерек жүзеге асатын болса, біз аталған мерзімдерді жеделдетуге даярмыз», - деп қорытты А.Жұмағалиев.
Байланыс және ақпарат министрлігі жақын аралықта Парламентке шетелдік БАҚ қызметін реттеуге бағытталған заң жобасын ұсынбақшы
Қанат Мәметқазыұлы, ҚазАқпарат
Жақында Парламентке «Телерадиохабар тарату туралы» заң жобасы ұсынылады. Онда негізінен Қазақстанға хабар тарататын шетелдік БАҚ қызметі реттелетіні көзделіп отыр.
Бүгін ҚР Парламенті Cенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев осылай мәлім етті.
«Ақпараттық қауіпсіздік, оның ішінде ұлттық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мәселесінде біздің министрлік бірқатар шараларды атқаруды жоспарлайды. Біз осы проблемадағы жағдайды зерттедік. Соған сәйкес, егер қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық ақпараттық кеңістігі мәселесі туралы айтатын болсақ, онда біздің ұлттық телеарналарымыздың саны ондай кеңістікті қалыптастыру үшін мүлдем жеткіліксіз, бар-жоғы 52 ғана. Ал бұған қарсы шетелдік арналардың саны 220-дан асып кетеді. Бұдан бөлек, шалғайдағы ауылдар қазіргі таңда хабар-ошарды негізінен отандық БАҚ-тан емес, шекарамаңы мемлекеттерінен алып отыр. Шындығын айту керек, ондай түкпірдегі ауыл азаматтары бүгінгі мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, ұстанған бағытынан, стратегиялық дамуынан да бейхабар десе болады»,- деді А. Жұмағалиев.
Министрдің айтуынша, бұл ретте ең алдымен Қазақстанда отандық ақпараттық лекті тұтастай қамтамасыз ету аса өзекті. «Осы мақсатта жерсеріктік телехабар тарату жобасы жүзеге асырылғалы отыр. Бұдан басқа, біз ұлттық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру бойынша жедел шараларды қолға алатын боламыз. Сонымен қатар, біз жақын аралықта «Телерадиохабар тарату туралы» заң жобасын Парламентке ұсынбақшымыз. Онда шетелдік БАҚ пен отандық БАҚ-тың қалай реттелетіні қамтылатын болады. Негізі бүгінгі таңда біздің қазақстандық БАҚ-қа қатысты олардың заң талаптары бойынша қызметі толық қамтылып отырса, шетелдіктер үшін ешқандай ереже де, тәртіп те жоқ. Осыны ескеретін боламыз», - деді министр.
Жылжымайтын мүлік
Қазақстандық құрылыс компаниялары Сауд Арабиясы нарығын игеруге қызығушылық танытуда
Қазақстандық ірі құрылыс компанияларының басшылары мен өкілдері сауд бизнес-құрылымдарымен өзара қолайлы ынтымақтастық орнату мақсатында 11-12 желтоқсанда Джидду қаласына (Сауд Арабия) барып қайтты.
Ресми бару шеңберінде қазақстандық делегация Джидда қаласының Сауда-өнеркәсіп, сауд құрылыс және девелопер компаниялары басшыларымен кездесіп, Қазақстан-сауд бизнес-форумына қатысты.
Оған қоса, делегация мүшелері Абдолла патша атындағы Экономикалық қала («King Abdullah Economic City») территориясын аралады және оның құрылысы жобаларымен танысты. Қазақстанның құрылыс компанияларының басшысы мен өкілдерінің ортақ пікірі бойынша, құрылым аумағы мен болашақтағы экономикалық қала орнында жүргізіліп жатқан құрылыс оларға зор әсерін тигізген. Осыған байланысты олар Патшалықтағы қалаларға ұқсас құрылыстар тәжірибесімен жақынырақ танысуға ниет білдірді. Өз кезегінде, араб елі, қазақстандық серіктестері тарапынан білдірген, жоғарыдағыдай Экономикалық қала сияқты түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда республикамыздың құрылыс компанияларының да қатысу мүмкіндіктерін қарастыруға деген бастамасын қолдады.
Осы тұста, Медина мен Патшалықтың қаржы және іскерлік орталыңы Джидда қаласының арасында Абдолла Патша атындағы Экономикалық қала салу, Сауд Арабиясы өкіметінің индустиарлдық-инновациялық даму шеңберіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі болып табылатынын айта кеткен жөн. Қала Біріккен Араб Әмірліктерінің бірі Аджманның немесе Лихтенштейн Княздігінің жалпы аумағының 65 % тең болатын 168 кв.м алып жатыр. Онда нақты белгіленген алты аудан болады: әлемдік санаттағы замануи теңіз порты, өнеркәсіптік және курорттық аймақтар, «Қаржы аралы», «Білім беру орталыңы» және тұрғын үйлер кварталы.
Жобаны жүзеге асыру сатылай жұргізілетін болады. Бұл жобаның негізгі орындаушысы «Emaar Properties» ірі құрылыс компаниясы болып табылады, тапсырушы ретінде Сауд арабиясының инвестициялар жөніндегі басты Агенттігі орындайды. SAGIA мәліметтері бойынша 2020 жылға қарай мега қалаларды қатарға қосу елдің жалпы ішкі өніміне 150 млрд. долл. Кіріс кіргізсе, 1,3 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін болады. Онда тұратын адамдардың біреуіне жалпы ішкі өнімнің өсуі 125 мың сауд риалын (33 мың долл.) жететін болады деген болжамдар бар. Осылайша, экономикалық қалалар Дубайдағы халық санының үш есе артуына, жалпы ішкі өнім Сингапурге сәйкес болатын болса, ал аумағы жағынан Гонконг территориясынан төрт есеге артық болады. Мегаполистерді дамытуда өкімен жобалардың делдалы мен кепілі ретінде басты ролді атқарады, ал жеке секторлар капиталмен қамтамасыз етіп, жерді иеленеді және құрылыспен айналысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
«Итера» Каспийдің түркмен секторында мұнай газ барлау жұмыстарын жүргізудің халыаралық тендерін ұзартты.
Каспий теңізінің түркмен бөлігіндегі 21 теңіз блогыне қатысты өнімді бөлу туралы келісім шарттарына сәйкес жұмыс істейтін «НГК «Итера» ЖОО тендерлік комиссиясы, Каспий теңізінің түркмен сеторының 21 блоктың келісімді аумағында шамасында геохимиялық мұнай газ барлау жұмыстарын жүргізудің халықаралық тендерін ұзарту туралы хабарлады.
Turkmenistan.ru хабарламасына сәйкес қызығушылық танытқан компанияларға 2010 жылдың 10 желтоқсанына дейін тендерге қатысу туралы жазбаша өтініш пен тендер шарттарын алуы қажет. Тендерге қатысу үшін төлемақы қарастырылмаған. Тендерлік ұсыныстар жасау мерзімі - 15 желтоқсанды қоса алғанда. Құжаттар 18 желтоқсанда ашылатын болады, деп хабарлайды CA-News.
CentralAsia Newswire: Қырғызстан президентінің шешімі тұрақсыздықты үдете түсуде
Жанна Хусаинова, «24.kg» АА
Парламенттік коалиция қалыптастыру туралы коллизияны қарастыра отырып, басылым, болымсыз бірінші коалиция «коррупцияға белшесінен батқан және өктем деп таныған президент Құрманбек Бақиевті орнына алынған 8 айдан кейін әлі де Қырғызстанда тыныштық орнататын, тиімді басқару болмай отырғанын білдіреді» деп есептейді.
Америка порталының болжамынша, «сайлаудан кейінгі кінәлардың басым бөлігі президент Роза Отунбанваға артылады». Оның ойынша, президент үнемі коалиция қалыптастыруды парламенттегі мандаттардың көп бөлігін иеленген паритияларға тапсырады. «отунбаева екі үлкен фракция «Ата-Жұрт» пен «Ар-Намыс» болмаса да коалиция құрамын деп есептей отырып, саяси шүбасыз сенім білдіреді». Бірақ соңғылар үшін коалицияға қосылудың өз қалауларын алмайынша, еш негізі болмай отыр. Екі партия да Отунбаеваның, оның одақтастарының, тіпті жаңа Конституцияның қарсыластарымыз деп жариялаған», - деп мәлімдейді америкалық басылым. Сол себепті «Ата Жұрт» пен «Ар-Намыстың» «Республикаға қосылуының құны анық».
Парламентте көп орын алған екі паритяның қатысуымен коалиция қалыптастыруда, «Республиканы» ең төменгі рольге тең екендігімен келісуі қажет, деп есептейді портал. Нәтижесінде, Отунбаеваның билігі жойылып, ал оның саясаты құлдырайтын болады». «Қырғыз топтарының көсемдері мен қалалық бастықтар оңтүстікте «Ата Жұрттың» жақтаушылары мен одақтастары ретінде автономия алатынын анық. «Ар-Намыс» АҚШ авибазасының елден кетуіне бар күшін салуы ықтимал». CentralAsia Newswire парламенттік коалиция құрамын деген «Республиканың» жойылуы жағдайында, «қаңтарда парламент тығырыққы тіреледі» деп есептейдң, ол басылымның пікірінше, «үкіметтің қыс мезгілі жағдайында, энергия мен азық-түліктің жетіспеушілігі, елдегі толқулар салдарынан қазіргі шарасыздығын тереңдете түседі».
«Толқулар болады ма, үкімет қыстың қаһарына ұшырайды ма – оның барлығы да Отунбаевамен қатар, демократиялық жұмыс істей алмаған партиялардың мойнында», - деп қорытты CentralAsia Newswire.
Өзбекстан бес жылдың ішінде шетелдік $50 млрд. инвестициясын игермек
Алдағы бес жылда Өзбекстан шетелдік $50млрд. инвестицияны игеруді жоспарлап отыр. Ол туралы 9 желтоқсанда республиканың вице-премьері, сыртқы экономикалық байланыстар, инвестициялар мен сауда министрі (СЭБИСМ) Эльер Ганиев сауда және өнеркәсіп жөніндегі Өзбек-Британдық кеңестің 17-ші отырысда мәлімдеді, деп хабарлайды Uzdaily.Uz.
Ганиевтің мәліметтері бойынша инвестициялық бағдарламаларды қабылдау шеңберінде мұндай сомаға 500-ден артық жоба жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде, «Өзбекэнерго» басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Баходыр Абдурахмановтың айтуы бойынша, жалпы құны $5,425 млрд. республиканың электроэнергетикасын дамытудың 2011-2015 жылдар арасындағы бағдарламасы аясында 46 инвестициялық жоба бар.
Басылымның хабарлауы бойынша, Өзбекстанда 2010 жылдың 9 айындағы игерілген капиталдық салымдардың жалпы көлемі 10,8 трлн сомды (мемлекттік бағам бойынша $1=1635 сом) құраған және өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8,1 пайызға салыстырмалы құнға өскен. Сонымен қатар, тікелей шетелдік инвестициялар мен несиелер көлемі 15,1 пайызға өсіп, 1,8 млрд. долларды құраған.
Өзбекстан мен Ұлыбритания арасындағы екі жақты сауда көлемі 2009 жылы $173,7 млн. 2010 жылдың қаңтарынан қазанға дейінгі кезеңде бұл көрсеткіш $193 млн. артқан.
Эльер Ганиев британдық бизнес Өзбекстан нарығында белсенділік танытып, сондай-ақ теңдесі жоқ инвестициялық жағдай жасалған «Науаи» индустриалдық-экономикалық еркін аймақ шеңберінде жоғары технологиялық өнеркәсіптік бірлескен өндіріс жасау барысында да белсенді араласуы қажет деп атап өтті. Қазіргі уақытта британдық инвесторлармен бірлесе отырып құрылған 372 кәсіпорын, Ұлыбританияның 109 фирмалары мен компанияларының өкілдіктері жұмыс істеуде. Олар негізінен, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, сақтандыру мен консалтинг салаларына бейімделген, деп хабардлайды «Фергана» ХАА.
Бағалар мен статистика
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 13 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital
Наверх
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 13 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital
Наверх
Мұнай мен газ құны
Дата: 13 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com
Petroleum ($/bbl)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Crude Future
|
88.26
|
.47
|
.54
|
01:58
|
Dated Brent Spot
|
90.80
|
.64
|
.71
|
02:07
|
WTI Cushing Spot
|
87.79
|
-.58
|
-.66
|
12/10
|
Petroleum (cent/gal)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Heating Oil Future
|
247.17
|
1.42
|
.58
|
01:54
|
Nymex RBOB Gasoline Future
|
233.00
|
2.07
|
.90
|
01:51
|
Natural gas ($/MMBtu)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Henry Hub Future
|
4.48
|
.06
|
1.31
|
01:58
|
Henry Hub Spot
|
4.34
|
-.18
|
-3.98
|
12/10
|
New York City Gate Spot
|
5.99
|
-.61
|
-9.24
|
12/10
|
Наверх
Commodities
Дата: 13 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com
Commodity
|
Price
|
Change
|
%Change
|
Time
|
COPPER FUTURE (USd/lb.)
|
416.200
|
5.000
|
1.22
|
02:00
|
GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)
|
1389.200
|
4.300
|
0.31
|
01:59
|
SILVER FUTURE (USD/t oz.)
|
28.920
|
0.315
|
1.10
|
02:00
|
Наверх
Металл құны
Дата: 13 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com
Silver
|
28.94
|
+0.26
|
Platinum
|
1685.00
|
+6.00
|
Palladium
|
740.00
|
+7.00
|
Rhodium
|
2,260.00
|
0.00
|
Наверх
Валюталар бағамы
Дата: 13 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
1 USD
|
KZT 147.39
|
1 CHF
|
KZT 150.26
|
1 CNY
|
KZT 22.15
|
1 TRY
|
KZT 98.06
|
10 JPY
|
KZT 1.76
|
1 EUR
|
KZT 195.20
|
1 AUD
|
KZT 145.39
|
1 KGS
|
KZT 3.14
|
1 UZS
|
KZT 0.09
|
|
|
1 GBP
|
KZT 233.22
|
1 CAD
|
KZT 145.89
|
1 RUB
|
KZT 4.77
|
100 KRW
|
KZT 12.93
|
|
|
Наверх
Отписаться от рассылки
Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:
newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz
Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010
|