-
Номер мақаласы
-
Құрманбек Бакиевтің жақтастары мен қарсыластары билік басында бірікті
-
Қазақстанда
-
Кедендік одақ елдері арасында паспорттық-визалық бақылау жойылуы мүмкін
-
Осы жылдың 15 желтоқсанында Мәскеу мэрлігінде Ресейде аккредитивті тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер басшыларына арналған салтанатты қабылдау өтті
-
Мұнай-газ секторы
-
КҚжБ кеңеюін қаржыландыру толығымен акционер-компаниялардың мұнай көлемімен кепілденген
-
БЭК құру қазақстандық мұнайды Беларуссияға жақындата түседі
-
ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2011 жылдың бюджетін және 2010-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекітті
-
ӘРММК мен «Маңғыстаумұнайгаз» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
-
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Инновациялық медианың дамуы жағдайында Отын энергетика кешені мәселелерін көрсету» деген тақырыпта семинар өткізді
-
Қаржы және инвестициялар
-
Ресей, Беларуссия және Қазақстан кедендік одағын дамыту Еуразиялық банк алдында жаңа мүмкіндіктерді ашты – Банк басшысы
-
Қазақстан банктері безнес қарыздарын кешуге даяр
-
Қазақстандық Delta Bank жарғылық капиталын көбейтті
-
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның МАП-і 15 желтоқсанда бір құнды қағаз 585,38 теңгеден KASE-де 3,2 млн.теңгеге сатылды
-
Тау-кен металлургия саласы
-
Қаңтар-қараша айларында Қазақстанда 12 мың килограмм алтын өндірілген
-
Ақсу ферроқорытпа зауытында шлакты қайта өңдеу кешені іске қосылған
-
Сауда және тұтыну тауарлары
-
«Қазагро» холдингі өкілдері Солтүстік Дакотадан әкелінген заңсыз сиырлар туралы жағдайға түсініктеме берді
-
Транспорт және коммуникациялар
-
Транспорт Министрлігі 2012 жылы Астанада жеңіл тікұшақтарды құрастыру ұйымдастыруды жоспарлап отыр
-
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
-
Украина Президенті – энергия тасымалдауды жеткізу көздерін диверсификациялау бойынша міндеттерді шешуде басты рольді Орталық Азия мен Каспий маңындағы аймақ елдері атқаратын болады
-
Президент Р.Отунбаева Қырғызстандағы заңды биліктің орнатылуымен құттықтады
-
Түркменстан АҚШ, Еуропа мен Латын Америкасына өз дипломаттарын көптеп жіберетін болады
-
Британдық Rio Tinto, Worley Parsons және Mott MacDonald Өзбекстан нарығына кірмек
-
Бағалар мен статистика
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
-
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers от компании
-
Мұнай мен газ құны
-
Commodities
-
Металл құны
-
Валюта бағамдары
Please contact us for subscription or to send your press releases at: newsline@checkpoint.kz
Номер мақаласы
Құрманбек Бакиевтің жақтастары мен қарсыластары билік басында бірікті
Қабай Қарабеков, Коммерсантъ
17 желтоқсанда Қырғызстан парламенті отырысында екінші талпыныстан кейін спикер мен премьер сайлауға қол жеткізілді. Республикадағы маңызды қызметтерді таяудағы керағарлар иемденді. Парламентті «Ата Жұрт» оңтүстік аймақтар паритиясының қосымша төрағасы, билік басынан кетірілген Құрманбек Бақиевтің сенімді жақтасы Ахматбек Келдібеков басқарды. Ал премьер болып сәуірдегі төңкерістер көшбасшыларының бірі Алмазбек Атамбаев тағайындалды. Талдаушылар коалицияның ұзаққа бармайтынын ескертіп отыр.
Қырғыз парламенті спикерінің кешегі өткен сайлауы, төңкерістік ұрандар өмірлік сынақтарға шыдай алмағанын – дауыс беру бұрынғы кезеңнің үздік дәстүрлері түрінде өткізілгенін көрсетті. Мұндағы сын сабағы, «Атамекен», «Республика» және социал-демократтар партияларының парламентте жасағысы келген коалиция қалыптастырылғанна кейін екінші күні құлағаны болар (3 желтоқсандағы «Ъ» қараңыз).
Ол жолы уақытша жақтастар өздерінің аодын-ала келісілген кандидатын «өткізген» болатын. Бірақ «Республика» мен Қырғызстанның социал-демократиялық партиялары (ҚСДП) жақындасқан «Ата-Жұрт» партиясы бір-біріне бюллетендерін көрсетуге мәжбүр болды. «Ата-мекен» партиясының депутаты Өмірбек Абдрахманов, «Спикердің құпия сайлауы бойынша дауыс беру қатаң бақылаумен өткізілді» деді. Дегенмен, мұндай әдіс нәтижесін берді.
«Ата-Жұрт» партиясының төрағасы Ахматбек Келдібековке 116 депутаттың 101 адамы дауыс берді, Дауыс беру кезінде генерал Феликс Құловтың «Ар-Намыс» партиясының көбісі қосылды. Қарсы болған тек «Ата-мекен» фракциясы болды.
ҚСДП көшбасшысы премьер үміткері Алмазбек Атамбаев, республиканың қте күрделі экономикалық дағдарысқа ұшырағанын, одан шығуға көмек бере алатын тек шетелдік серіктестер екенін мойындады. Ол Қазақстан, Өзбекстан, Қытай мен Тәжікстанмен жақын көршілес қарыс-қатынас орнату қажеттігін атап өтті. Атамбаевтың айтуы бойынша, Ресей Қырғызстанның стратегиялық серіктесі болып табылады, дегенмен, Бішкек Түркия, ЕО және АҚШ-пен ынтымақтастықты нығайтуы қажет деген айтты.
«Халықаралық келісімдерге сәйкес республикадағы америка базасының болу мерзімі жыл сайын ұзартылып отыр. Біз осы құжатқа біржақты ретте өзгертуді бес жылғы дейін жасай алмаймыз. Бар болғаны бір жыл ғана өтті. Сөз соңында премьерлікке үміткер Атамбаев Қырғызстан негізінен, сыртқы займдар мен гуманитарлық көмекке иек арта бермей, ең алдымен, коррупция мен ұрлық-қарлық масштабын азатумен күресуге шақырды. Оның айтуы бойыншы, бұл бюджеттің кірістік бөлігін едәуір өсірмек.
Қорытындысында, парламент Алмазбек Атамбаевтың кандидатурасын мақұлдады. Дей отырғанымен, коалиция мүшелері арасындағы қатынастарды ескерсек, осы жылдың аяғына дейін сақталады дегенге кепілдік жоқ.
Қазақстанда
Кедендік одақ елдері арасында паспорттық-визалық бақылау жойылуы мүмкін
Біртұтас экономикалық кеңістікті құру аясында Ресей, Қазақстан және Беларуссия шекараларында паспорттық-визалық бақылау біртіндеп жойылуы ықтимал. Бұл туралы мемлекет аралық Кеңес отырысының қорытындылары бойынша қабылданған және Кеден одағы кеңесінің сайтында жарияланған құжатта көрсетілген.
Құжатта мемлекет аралық кеңес «Кедендік одақ комиссиясына келісуші жақтардың мемлекеттік билігінің құзырлы органдармен бірлесе Кедендік одаққа мұше мемлекеттегі паспорттық-визалық бақылауды бірыңғайлау мүмкіндіктері мен оны жалпы мемлекеттік шекараларда біртіндеп жоюды қарастыру тапсырылды»,- делінген.
Комиссия басшысы Сергей Глазьев Мемлекет аралық кеңес отырысында, одақтың ішкі шекараларында кедендік рәсімдеу мен тауарларды бақылауды тоқтату, өзара сауда-саттықты едәуір жеңілдетіп, экономикалық белсенділікпен қамтамасыз етті, деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ресей-қазақстан шекарасындағы жағдайлар қатарында шекаралық бақылауды қатаюы да білінеді. Оның нәтижесі – теміржол транспортымен шекарадан өтудің ұзақ уақытқа созылуы, деп хабарлайды Kazakhstan Today, «Радио России» сілтемесінде.
Осы жылдың 15 желтоқсанында Мәскеу мэрлігінде Ресейде аккредитивті тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер басшыларына арналған салтанатты қабылдау өтті
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының арнайы және өкілетті Елшісі Зауытбек Тұрысбеков қонақтарға қазақстан-ресейлік ынтымақтастық жағдайлары мен келешегі туралы ақпараттар берді, деп хабарланған РФ ҚР елшілігінің пресс-релизінде.
Соның ішінде, биылғы Жыл Оқытушысы мен Ұлы Жеңістің 65-жылдығы аясында мәскеулік билік орындары және қазақстандық кәсіпкерлердің бірлесе отырып, қазақстандық батырлар Бауыржан Момышұлы мен Әлия Молдағұлова атындағы мектептерге заманауи оқу-техникалық құралдармен жабдықтау арқылы жаңарту іс-шараларына да тоқтала кетті.
З.Тұрысбеков Мәскеу мэрлігіне Ржев қаласындағы 100 және 101-ші жеке атқыштар бригадасы қазақстандық-жауынгерлерге арналған мемориалдық кешеннің ашылуы шеңберінде Жеңіс Пойызы кездесуіне қатысушыларды Ресей астанасында қарсы алуды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді. Қазақстан дипломатиялық миссия басшысы Оңтүстік-Қазақстан облысы мен Мәскеудің таза экологиялық жеміс-көкөністі биоконтейлерде өсіру бойынша бірлескен жоба қорытындылары туралы ақпарат берді. Оларды мәскеу дүкендері сөрелерінде, азық-түлік жәрмеңкелерінде, сондай-ақ Жалпыресейлік көрме орталығындағы (ЖРКО) «Қазақстан» павильонында сату жоспарланып отыр. Аумағы 4800 кв.метр болатын павильонды жөндеуден өткізу мәселесі жақын арада шешілмек.
З.Тұрысбеков екі жақты келіссөздер барысында мәскеулік метро станцияларының бірін «Қазақстандық» атауын, ал алматылық метро станциясының бірін «Мәскеулік» деген атауды беру туралы мәселе қозғады. Олардың ашылуы 2011 жылы – Ресей мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына қарсаңында жоспарланып отыр.
Елші, осындай ынтымақтастық Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы бұлжымас достықтың үлгісі болып табылады, ортақ тарихи және мәдени байланыстарды сақтауға себепші болады, ортақ гуманитарлық кеңістіктің дамуына мол үлес қосады, деп атап өтті.
З.Тұрысбеков қабылдау аясында Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянинмен кездесті. Қала басшысы екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, ресейлік астанаға кең ауқымда қазақстандық инвестицияларды тарту мен Мәскеудің Үкіметтік тендерлерінде қазақстандық компаниялардың белсенді түрде қатысуы турасында сөз қозғады, деп хабарлайды Қазақапарат.
Мұнай-газ секторы
КҚжБ кеңеюін қаржыландыру толығымен акционер-компаниялардың мұнай көлемімен кепілденген
Каспий құбыр жүргізу бірлестігі (КҚжБ) жүйесін кеңейтуді қаржыландыру толықтай КҚжБ акционер-компанияларының «жер астынан тарту немесе төлеу» тәртібін қолдану шеңберінде өндірілетін мұнай көлемімен кепілденген, делінген «Трансмұнай АҚ» ААҚ-да. Ол туралы «INFOLine» АА хабарланған.
КҚжБ үкіметтік акционерлері – Ресей мен КҚжБ компаниялары 2011 жылдың соңына дейін «жер астынан тарту немесе төлеу» міндеттемелерін қабылдауды өкілетті жүк жөнелтушілердің белгілеуі бойынша кейінгі қалдырылды, делінген қосымша мәлімдемеде.
«Жер астынан тарту немесе төлеу» тәртібі – ол мұнай тартылмаса да, тариф есебінен төленуге тиісті міндеттеме, қаржылық кепілдеме, нақты көлем, деп тоқталған «Транснефть». «Біз барлық өндіруші компаниялар-акцилнерлерден «тарту немесе төлеу» тәртібі бойынша көлемге құптау аладық. Осы көлемге байланысты қаржылық-экономикалық үлгі құрастырып, ақша түсуін есептедік, кеңею мен бюджет туралы шешіс қабылдадық», деп түсіндірілген компанияда.
«Бірақ та, егер кез-келген акционер «тарту немесе төлеу» тәртібі шеңберінде 5 млн. тоннаға міндеттеме ала отырып, артық өндіре алмайды дегенді білдірмейді. Ол акционерден шамамен 5 млн. тонна қаржылық кепілдеме беруі қажет, өйткені, жүйенің кеңеюін қаржыландырудың негізгі көзі болып КҚжБ жеке меншік қаржаты табылады», - деп атап көрсеткен.
«Міндеттемелерді қабылдауды 2011 жылдың соңына дейін қалдыру тек үкіметтік акционерлерге – Ресей мен КҚжБ тиісті. Осы жыл ішінде олар мұнай тарту үшін компанияларды тарту мен «жер астынан тарту немесе төлеу» міндеттемелерін мойнына ала алатын жауапты жүк жөнелтушілерді тағайындау турасында келіссөздер жүргізетін болады»,-деп толықтырды «Транснефть».
Компанияның ақпараттары бойынша, КҚжБ кеңейту құны 2014 жылдың соңы мен 2015 жылдың басына дейінгі аралықта, көлденең шығындар мен құн эскалациясы (инфляция индексі) есепке алғанда, бүгінгі күні 5 млрд. долларды құрайды. Бұған қосымша, КҚжБ өткен 2-3 жылда техникалық-экономикалық негіздеуді белсендіру, қажетті келісімдер мен ұзақ мерзімде жасалатын құрал өндірушілерге аванс беруге бағытталған 550 млн.долларды игерген. «КҚжБ-Қ» АҚ-ның акционерлері (бірлестік объектілерін Қазақстан аумағында пайдаланады) аптаның екінші күнінде жобаны кеңейту бюджетін мақұлдады.
Жобаның бірінші сатыдағы көлемі – жылына 28,2 млн. теңге, жыл сайын 30 млн. тонна мұнайды тиейтін болады. 2009 жылы КҚжБ экспортты 9,9%, 34574 млн. тонна мұнайға арттырған. 2009 жылдың соңында КҚжБ акционерлері құбырдың өткізу мүмкіндігін кеңейту жобасын мақұлдады. Кеңейту сатылай жүзеге асырылатын болады. Бірінші сатыда КҚжБ объектілерін үлгілендіру мен 2012 жылдың орта шенінде жүйенің қуатын 35 млн тоннаға дейін жету мүмкіндігіне жеткізетін құбырдың 88 км өзгерту жоспарланып отыр. Теңіз терминалында 5 жаңа МӨС мен 100 мың кубтық 3 резервуар құрылысы есебінен өткізу қабілетін 48 млн.тоннаға дейін өсіруді қамтитын екінші саты 2013 жылдың көктемінде жүзеге асырылады. Осылайша, қуат жобадағы 67 млн.тонна мен антифрикциялық орнықтыруды пайдалана отырып 76 млн.тоннаға жеткізілетін болады.
КҚжБ кеңейту жобасы бойынша инвестициялау туралы тұжырымды шешімге 15 желтоқсанда қол қойылады. Кеңею шеңбері аясында құрылыс 2011 жылдың наурыз-сәуірінде басталады. КҚжБ акционерлері келісімінде бір тонна 38 долларды құрайтын ең жоғарғы тариф, займ бойынша пайыздық ставка 6% анықталып, займ бойынша төлемдер қаражатты топтау үшін кеңеюдің соңына дейін тоқтату жоспарланды.
КҚжБ Қазақстанның батысындағы қойнауды ресейлік Қара теңіз жағалауымен қосатын, жалпы ұзындығы 1511 км болатын Тенгиз-Новороссийск мұнай құбырын иеленеді.
КҚжБ акционерлері: Ресей Федерация ("Транснефть" ұсынған - 24% және "КТК Компани" - 7%) - 31%; Қазақстан ("Қазмұнайгаз" ұсынған - 19% и Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%) - 20,75%; Chevron Caspian Pipeline Consortium Company - 15%, Lukarco B.V. - 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company - 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - 7,5%, BG Overseas Holding Limited - 2%, Eni International N.A. N.V. - 2% и Oryx Caspian Pipeline LLC - 1,75%,деп хабарлайды Advis.ru.
БЭК құру қазақстандық мұнайды Беларуссияға жақындата түседі
Ольга Лойко, Максим Гайко, Олег Карпук, TUT.BY
Беларуссия, ресей мен Қазақстанның Бүртұтас экономикалық кеңістік құруы Беларуссия үшін қазақстандық мұнайды сатып алуға мүмкіндік беретін болады. Ол туралы Беларуссиядағы Қазақстан өкілі анатолий Смирнов журналистерге мәлімдеді. Әзірге Беларуссия бұрынғы мақсаты – елге энергия қорын жеткізу, Венесуэламен, Әзірбайжанмен своп-кесте бойынша және «Одесса-Броды» мұнай құбыры ағынын кері бұру әлдеқайда күрделі тәсіл арқылы диверсификациясын жүзеге асыруда.
Өкіл өткен аптада өткен Кедендік одақ елдері президенттері Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) құру жөнінде маңызды құжаттарға қол қойғанын еске сала кетті. Енді 2012 жылдың қаңтарынан бастап БЭК жұмыс істеуі алға қойылған міндет.
«барлық 17 құжатқа қол қойылды, ендігі кезекте болашақтағы БЭК елдері алдында құжаттарды ратификациялау міндеті тұр. 2011 1 шілдесіне дейін ол жүзеге асырылатын болады деп есептеймін. Кедендік одақ қызметінің өтпелі кезеңінде БЭК құрудың қазіргі мәселелері шешілуі қажет. Мұндай ықпалдастық тереңдетуде Беларуссияға тәжірибелік пайда бола ма? Қазақстан мұнайын сатып ала аламыз ба? «Біртұтас экономикалық кеңістік аясында» - оны жүзеге асыруға болады»,- деп атап өтті Смирнов мырза.
Мұнда болуы мүмкін екі кедергі бар. Ол жеткізу экономикасы (есептер жеткізу дұрыс екенін анықтауы қажет) және қазақстандық мұнайды Беларуссияға жеткізу туралы Ресеймен келісім жасау қажеттілігі.
Беларуссия президентінің Астанаға ресми баруында жылына 2 тонна мұнай туралы сөз қозғалғанымен, жеткізу мерзімі анықталмағаны туралы айтқан. «Жыл сайынғы үкімет аралық комиссия отырысы бізде өткізіледі, сонда шешімдер жазылып отырады. Тағы да жиналып, келісімге келіп, жеткізуді жүзеге асырайық. Мүмкін, екі миллион, үш миллион, тіпті одан да көп болар. Аталған көлем (2 миллион) ол мұнайды қабылдау мүмкіндігімен байланысты болуы ықтимал»,- деп қосты өкіл.
Бүгінде, БЭК қалыптастыру процесі аяқталуға жақындаған кезде, кеңестен кейінгі кеңістікте ықпалдастықты ары қарай дамыту бағыттары туралы мәселелер туындап отыр, деп хабарлайды TUT.by.
ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2011 жылдың бюджетін және 2010-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясын бекітті
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің («ДК») кезекті отырысын өткізді.
Директорлар кеңесі ҚР Үкіметі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ресми болжамдарына сәйкес, Brent маркалы мұнай баррелінің бағасын 65 АҚШ долларымен есептей отырып, ҚМГ БӨ-нің 2011 жылға арналған бюджетін бекітті. 2011 жылы күрделі салымдар 99,1 млрд. теңге (661 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде жоспарланып отыр, бұл осы мақсаттарға 2010 жылы жоспарланған шығындардан 15%-ға көп. Күрделі салымдардың артуына қолданыстағы ұңғымаларды бұрғылау көлемінің 213-тен 239-ға дейін көбеюі және ҚМГ БӨ-нің 2010 жылдағы бюджетімен салыстырғанда геологиялық барлау жұмыстарына күрделі шығыстарының 4 млрд. теңгеден (27 млн. АҚШ долларынан) 8 млрд. теңгеге (55 млн. АҚШ доллары) дейін өсуі себеп болды. Тұзасты ұңғымаларын бұрғылау шығындары қосымша қаралатын болады.
Бекітілген бюджетке сәйкес, 2011 жылы тиімділікке кері әсер етуі мүмкін факторлардың ішінде ағымдағы жылдың маусым айында ҚМГ БӨ-нің өндірістік филиалдарында жалақының артуы, ағымдағы жылдың тамыз айында экспорттық кедендік баж салығының енгізілуі және оның мөлшерінің арту мүмкіндігі туралы ақпараттар берілді.
2011 жылы негізгі активтерде («Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Ембімұнайгаз» ӨФ) өндіру көлемін 2010 жылы жоспарланған 8,781 тоннадан (тәулігіне 177 мың баррель) 9 100 мың тоннаға (тәулігіне 183 мың баррель) дейін арттыру қарастырылған. Атырау МӨЗ-да қайта өңдеу үшін ішкі нарыққа аталған мөлшерден 1 900 мың тонна жеткізілетін болады.
2011 жылы дәрежесі жоғары құнды қағаздарды кері сатып алу бағдарламасы жалғасады. 2010 жылдың ақпанында бағдарлама басталғаннан бері Компания 24 358 млн. теңге (165 млн. АҚШ доллары) сомасына 1 346 213 дәрежесі жоғары акциялар сатып алды. Бағдарлама 2011 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда айналымдағы дәрежесі жоғары акциялар саны 2 789 894 құрайды.
2006 жылы қабылдаған компанияның даму бағдарламасы мерзімінің аяқталуына, сондай-ақ ары қарай дамуына басымдылықпен әсер ететін жаңа факторлар пайда болуына байланысты, отырыс барысында 2010-2020 жылдарға арналған Даму Стратегиясы бекітілді. Осыған сәйкес, аталған кезеңде өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру, геологиялық барлау, Каспийдегі теңіз мұнай өндіру жобаларына қатысу, сондай-ақ Қазақстанның аумағында және тысқары жерлерде жаңа сатып алулардың есебінен өндірістік базаны кеңейту Компанияның негізгі басымдықтары болып табылады.
ҚМГ БӨ Бас директоры Кенжебек Ибрашев: «Директорлар кеңесімен бекітілген Компанияның 2010-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы Компанияға ұзақмерзімді перспективалар ескерілген операциялық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа басымдықтарға ие бола отырып, 2011 жылға қадам жасауға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, атап айтқанда 2011 жылы күрделі салымдардың артуына байланысты ауқымды жұмыстар ҚМГ БӨ-ге өзінің Қазақстан мұнайгаз саласындағы көшбасшылық ұстанымын нығайтуға мүмкіндік бере отырып, ортамерзімді жоспарлар өз жемісін береді», - деді.
Сонымен қатар Директорлар кеңесі осыған дейін жарияланған «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазақтүрікмұнай» және «Қазақойл-Ақтөбе» компанияларындағы үлестерді сатып алу жөніндегі мәмілелерді бекіту барысы туралы ақпаратты тыңдады. ҚМГ БӨ-нің бұл мәмілелерді аяқтауға ниетті және Компания менеджментінің оны тездетіп аяқтау үшін тиісті шараларды қолға алып отырғаны аталып өтті. Қазіргі таңда аталған мәмілелер ҚР мемлекеттік органдарының қарауында.
Директорлар кеңесінің отырысында Компания Басқармасының 2011-2013 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жобасын әзірлеу және мақұлдау барысы туралы ақпарат қаралды. Директорлар кеңесі «Ембімұнайгаз» ӨФ директоры Жұмабек Жамауовты ҚМГ БӨ Басқарма мүшесі етіп сайлады, деп хабарлайды ҚМГ БӨ Баспасөз қызметі.
ӘРММК мен «Маңғыстаумұнайгаз» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
Алена Салаева, 1news.az
Қазақстанның Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 9-10 желтоқсанда аймақтық бизнес-форум өтті.
Әзірбайжанның Меммұнайкомпаниясы (ӘРММК) хабарламасына сілтеме жасай отырып 1news.az, форумда Әзірбайжанның 30-дан астам компаниясы көрсетілген, деп хабарлайды.
«Форум жұмысында ӘРММК экология Басқармасы өкілдері мен «Ekol Engineering Services» ЖАҚ қатысқан, арнайы стендте ӘРММК жүзеге асырылатын экологиялық жобалар туралы толық ақпараттар берілген. Форумның ашылу салтанатында Маңғыстау облысының әкімі, Әзірбайжанның қазақстандағы өкілі, сонымен қатар Қазақстанның Әзірбайжандағы өкілі сөз сөйледі», - делінген.
Бизнес-форумда ӘРММК экология Басқармасының бастығы Азер Алиев «ӘРММК экологиялық қызметінің бағыттары» тақырыбына толық мағлұмат бере отырып сөз сөйледі. Форум аясында ӘРММК мен Ақтауда қызмет жасап келе жатқан «Маңғыстаумұнайкомпаниясы» мұнай компаниясы арасында Меморандумға қол қойылды. Меморандумда бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобалау, нормативті-құқылық актілері мен нормативті-техникалық құжаттармен алмасу, мұнай өндіру мен экология саласына бағытталған семинарлар, конференциялар, симпозиуамдар, форумдарға қатысу мен бірлесе қызмет жасау қарастырылған.
ӘРММК мамандары «Маңғыстаумұнайгаз» кен өндіру орнында болып, ондағы экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған пікірталастар жүргізді.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Инновациялық медианың дамуы жағдайында Отын энергетика кешені мәселелерін көрсету» деген тақырыпта семинар өткізді
Осы жылдың 14 желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (бұдан әрі – ҚМГ ҰК) және «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» компаниясы (бұдан әрі – Шелл) Ресейдің «КоммерсантЪ» Баспа үйімен бірлесе отырып, Астана қаласында Инновациялық медианың дамуы жағдайында Отын энергетика кешені мәселелерін көрсету» деген тақырыпта семинар өткізді.
Семинарға еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері және ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдардың баспасөз қызметінің қызметкерлері қатысты.
«Шелл-дің» Қазақстандағы сыртқы байланыс жөніндегі директоры Антон Рушаковтың айтуына қарағанда, «КоммерсантЪ» Баспа үйі Ресей аумағында ғана емес жалпы ТМД елдерінің іскер медиа кеңістігін дамытуға ықпал ететін жетекші компания болып саналады. Сондықтан «Шелл» компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен ынтымақтаса отырып, отандық БАҚ үшін тәжірибелік семинар өткізу жөніндегі ұсынысты қуана қолдады».
Семинар барысында «КоммерсантЪ» Баспа үйінің даму жөніндегі директоры Алексей Харнас инновациялық медиа - интернеттің, сонымен қатар әлеуметтік жүйенің, мобильдік құрылғылардың, радио мен телевизияның барынша дамуы жағдайындағы баспа бизнесінің стратегиясы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ өз сөзінде жеке ақпараттық өнімдер және корпоративтік басылымдардың дамуы мәселелеріне де тоқталып өтті.
- Бүгінде медиа кеңістігі үлкен өзгерістерді бастан өткеруде, егер осыдан 5 жыл ғана бұрын баспа БАҚ алдарына тиражды және жазылушылар санын көбейту мақсатын қойған болса, бүгінгі күннің маңызды үрдісі белсенді түрде Интернетте көріну болып отыр, - деп атап көрсетті А.Харнас. – Егер «КоммерсантЪ» Баспа үйінің тәжірибесіне жүгінсек, бүгінде біз мобильді телефондар үшін қосымшаларды дамытып отырмыз, өйткені біздің оқырмандарымыз жаңалықтармен тез арада танысуды қалайды, бұл жағдай жақын арада Қазақстанға да келеді», - деді ол.
«КоммерсантЪ» Баспа үйінің Отын энергетика кешені тобының жетекшісі Екатерина Гришковец бұқаралық ақпарат құралдарында отын энергетика кешені мәселелерін көрсету тәжірибесімен, оқырман үшін мұнай-газ саласы тақырыбына жазылатын материалдарды қалайша қызықты етіп жазу жөніндегі кәсіби құпиясымен бөлісті.
Бұл семинар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ отандық БАҚ дамыту және мұнай-газ тақырыбындағы материалдардың сапасын арттыру мақсатында өткізілген арнайы жүйелі шараларының қорытындысы болып табылады. Бұл шара сондай-ақ Қазақстан медиа рыногындағы ақпарат кеңістігінің бәсекелестігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар бұл жобаны келесі жылы да жалғастыруды көздеп отыр.
Қаржы және инвестициялар
Ресей, Беларуссия және Қазақстан кедендік одағын дамыту Еуразиялық банк алдында жаңа мүмкіндіктерді ашты – Банк басшысы
Владимир Кикило, ИТАР-ТАСС
Ресей, Беларуссия және Қазақстан кедендік одағын дамыту Еуразиялық банк алдында жаңа мүмкіндіктерді ашты, деп мәлімдеді ЕАДБ басқарма төрағасы Игорь Финогенов. Ол Бас Ассамблеяның «БҰҰ-ның халыаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуі» сессиясы барысында сөз сөйледі.
Финогеновтың айтуы бойынша, әкімшілік кедергілердің азаюы арқасында Еуропадан Қытайға және кері бағыттағы тауарлар транзиті жеңілдеді, өйткені шекарадағы кедендік рәсімдеуге кетіретін уақыт пен күш азайып, жүктерді тексеру жылдамдығы артты. «Қазір осы транспорттық коридор сөзін кең мағынада алғанда, инфрақұрылыммен байланысты, «құрғақ» және «сулы» порт жабдықтарынан бастап жол инфрақұрылымымен аяқталатын жобаларды жүргізетін боламыз. Белоруссияда жолдар құрылысы бойынша жобаларды қарастырудамыз» , - деп айтты банк қызметкері.
2006 жылы Ресей мен Қазақстан президенттері банктің құрылуы туралы ықылас білдірген сәттен бастап оның толық құқылы қатысушысы Армения, Белоруссия мен Тәжікстан болып табылады, деп еске сала кетті Финогенов. Қаржылық мекеме капиталы бүгінгі таңда қол жеткізген 1,6 миллиард доллар кіріске байланысты ұлғайды. Оның нікірінше, өтіп бара жатқан жыл ЕАДБ тарихында ең ширақ жыл болған, осы жылда инвестициялық портфель бірден 1 млрд.долларға өсіп, 2,2 млрд.долларға жеткен. Осы жерде Финогенов, «ЕАДБ-не қатысушы-мемлекеттер экономикасының бәсекелестігін көтеру мен ықпалдастық процестерін тереңдетуге бірлесе әрекет ету - банктің инвестициялық жобаларын таңдауда оған қойылған міндеттерге сәйкес болады», дегенді атап көрсетті.
Оның пікірі бойынша, ЕАДБ Белоруссиямен кіші және орта бизнесті қаржыландыру туралы келісімге, сондай-ақ 100 млн. долларға бағаланған Новополоцк ГЭС құрылысы туралы жобаға қол қойды. «Армениямен кәсіпорындық өндіріспен қатар, кіші өзендерде гидроэлектр станциялары құрылысымен байланысты энергетика саласындағы жобаларды қарастыру үстідеміз», - деді ол. Барлық инвестициялық жобалардың 46 пайызы, энергетика, қалайы мен ферромарганец өндіруді, ағаш өңдеу өндірісін құру және металды терең қайта өңдеу, ілеспе газды пайдалану қоса алғанда Қазақстанның үлесінде. Ресейде жүзеге асырылатын жобалардың (инвестициялық портфелдің 50 пайызы) ішінде, ең ірісі Санкт-Петербургтің жанында орналасқан Тихвиндегі вагон жасау зауытының құрылысы болып табылады. Оның техникалық іске қосылуы алдағы жылы жүзеге асатын болады.
Финогенов, банктің инвестициялық саясатында «инвестициялық портфель бөлігі энергия тасымалдаушы елдердің экономикасына салынғандықтан, энергия тасымалдау құнының күрт өзгеруі болмайды» дегенге тоқталды. «Біз қатысушы-елдерде экономикалық өсудің жалғасуы, көбіне энергиямен жабдықталу мен транспорттық қамтамасыз етілуді талабымен жұмыс істейміз», - деді ЕАДБ-нің басшысы, ИТАР-ТАСС сілтемесі бойынша Euronews хабарлайды.
Қазақстан банктері безнес қарыздарын кешуге даяр
«Самұрық-Қазына» Қоры өтемпаздық дефицитінен жабылып қалған жобаларды қайта жандандыру мақсатында банктермен келіссөздерде жүргізуде.
Қодың бас менеджері Дамир Сүйентаевтың сөзіне жасаған сілтемесі бойынша «Хабар» агенттігі, таяуда қарыз ауырпалығын жеңілдету мүмкіндігін бизнесмендердің басым көпшілігі алатын болады, деп хабарлайды. Дамир Сүйентаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде «Альянс Банк» пен БТА-ның іске жарамды барлық жобаларын қайта жандандыру үшін, қарыздарды қайта қарау бойынша іс-шаралар жасалуда. Осы процеске басқа да банктер де, тек нақты шарттарды орындау кезінде қосылуға ниетті.
«Біріншіден, жұмыс істеп отырған меншік иелері кредиторлардың шығындарын өз мойындарына алады. Екіншіден, кредиторлар заңға сәйкес кезекте шығындарды өз мойындарына алатын болады. Үшінші – қайта құрылымдау экономикалық мақсатты есепке ала отырып жүзеге асырылады. Бизнес ұзақ мерзімді жобаларды аяқтаған соң, өтемді болуы қажет», - деп мәлімдеді «Хабар» агентттігіне берген сұхбатында «Қазкоммерцбанк» басқармасының төрайымы Нина Жусупова. Today.kz. хабарлайды.
Қазақстандық Delta Bank жарғылық капиталын көбейтті
«Delta Bank» АҚ жарғылық капиталды бұрын жарияланған эмиссия шеңберінде бір акцияға бағасы 1 500 теңге бойынша 2 000 000 дана енгізу есебінен 3 млрд. теңгеге ұлғайтты (құнды қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігі 2010 жылдың 19 қазаны).
Жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешім 2010 жылдың 20 қыркүйегінде банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған. Енгізуге ұсынылған жарияланған қарапайым акциялар акционерлер мен инвесторлар арасында сәтті жүзеге асырылған. Енгізу қорытындысы бойынша банктің жарғылық капиталы 11,051 млрд. теңгені құрады (2010 жылдың 15 желтоқсаны бойынша).
«Delta Bank» АҚ 1993 жылы құрылған. Банктің филиалды желісіне 11 облыстық филиал мен 7 қосымша орын кіреді. 2010 жылдың 15 желтоқсаны бойынша банктің жеке капиталы 11,642 млрд. теңгені құрады, банк активтері 47,054 млрд. теңгені құрады, деп хабарлайды «Delta Bank» АҚ баспасөз қызметі.
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның МАП-і 15 желтоқсанда бір құнды қағаз 585,38 теңгеден KASE-де 3,2 млн.теңгеге сатылды
15 желтоқсанда Қазақстанның қор биржасы сауда жүйесінде (KASE) «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның (Алматы) 5500 қарапайым акцияларының KZ1C36280010 (орналастырылған акциялардың жалпы көлемінің 0,002 %) мемлекеттік акциялар пакетінің (МАП) сатылымы аяқталды.
Сатылым бастаушысы ретінде Алматы қаласының қаржы Басқармасы болса, МАП сату жөніндегі өкілетті "Unicorn IFC" АҚ (Алматы) болды.
KASE-де МАП сатылымы 2010 жылдың 18 қарашасында KASE-нің «сатылым жүргізу тәсілдері туралы ереже» ішкі құжатына сәйкес http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf адресі бойынша жарияланған үздіксіз қарама-қарсы аукцион тәсілімен жүзеге асырылды.
МАП бөлінбейтін лот NZ_CCBN кодымен сатылымға қойылды. Сатылым тақырыбы ретінде бір МАП акцияға теңгемен көрсетілді.
Сатылымда, сатушыдан басқа, сатылым кезінде бір МАП сатып алуға өтініш жасаған KASE мүшесі де қатысты. 18 қарашадан 15 желтоқсан аралығында сатушы бір акцияның бағасын 590,00-нан 585,38 теңгеге дейін төмендетті.
Келісім KASE сауда жүйесіне сатып алушыдан акцияға 585,38 теңге бағамен өтініш түскенде жасалды. Келісім құны 3 218 590,00 теңге (15 желтоқсанда теңгенің долларға шаққандағы бағамы бойынша 21 839,57 АҚШ доллары эквивалентін) құрады, деп хабарлайды KASE.
Тау-кен металлургия саласы
Қаңтар-қараша айларында Қазақстанда 12 мың килограмм алтын өндірілген
Қазақстанда 2010 жылдың қаңтар-қараша айларында 12 мың 69 килограмм тазартылған алтын өндірілген. Бұл 2009 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда 27,2% көп. Осы туралы ҚР статистика жөніндегі Агенттік хабарлады.
Қаңтар-қарашада 27 мың 152 килограмм өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндірілген. Ол 2009 жылдың осы айлары деңгейне қарағанда 31,1% жоғары. Өңделмеген және жартылай өңделген күміс 500 мың 8 килограмм өндірілген, ол 14,3% кем.
2010 жылдың қаңтар-қарашасында республикада 1 млн.706 мың 991 тонна өңделмеген алюминий (8,1% артық), 291 мың 764 тонна өңделмеген цинк (3,3% кем), 299 мың 190 тонна тазартылған мыс (3,6%артық) өндірілген, деп хабарлайды Profinance.kz.
Ақсу ферроқорытпа зауытында шлакты қайта өңдеу кешені іске қосылған
Вера Ливинцова, ҚазАқпарат
Павлодар облысы Ақсу ферроқорытпалар зауытында мекеменің қырық жыл жұмыс істеуі кезінде жиналған жоғары көмірсутекті феррохром шлактың бес миллион тоннасын қайта өңдеуге кірісті.
Мұнда қоқыстан металл алатын кешеннің құрылысы аяқталды. Шлактың әр тоннасында ферроқорытпаның үштен онға дейінгі пайызы бар. Қалған фракция, майда тастар жол құрылысына жаратылатын болады.
Жаңа үгіту-сұрыптау бөлігі халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай жоғары технологиялық жабдықта жылына бір миллион тонна шлакты майдалауға мүмкіндік береді. Тұндыру бөлігінде металл өндіру, қолданыстағы магниттік тәсілге қарағанда тиімді гидро тәсілімен жүзеге асады.
«АФқЗ директоры Арман Есенжолов, өндіріс қоқыстарын игеру бүгінгі таңда ірі кәсіпорын мекемелері үшін өте маңызды болып отыр. Осы мәселелерді шешу тек өндірістік жетістіктер ғана қол жеткізіп қоймай бизнгестің әлеуметтік жауапкершілік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді».
Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев, өндірісті іске қосу тетігін баса отырып, «Сіздер соққан кешен еліміздің индустриялау Картасына енгізілді. Облыста 55 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның он үші осы АФқЗ-да жасалады. Бұл кешен өндірістік міндеттерді орындаумен қатар, аймақтың экологиясына да қосатын мәні зор. Өндірісті үлгілеу мен қайта жабдықтауға бағытталған жобалар, еліміздің Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдымызға қойған міндетінің бірі. Біз тек жаңа кәсіпорындар соғып қоймай, барымызды қайта жөндеуден өткізуіміз қажет. Онысыз біз еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің құнын төмендету мен оны әлемдік нарықта ұстай алмаймыз». Б.Сағынтаев металлургтерді еңбек жеңісімен құттықтап, республикамыздың Тәуелсіздігі Күнімен құттықтады.
Сауда және тұтыну тауарлары
«Қазагро» холдингі өкілдері Солтүстік Дакотадан әкелінген заңсыз сиырлар туралы жағдайға түсініктеме берді
Қанат Омаров (www.ktk.kz)
Солтүстік Дакотадан заңсыз әкелінген сиырлар жағдайы туралы «Қазагро» холдинг бөлімшесінің уәкілі түсініктеме берді. Осының алдында мемлекеттік компанияларға атына отандық селекционерлер мен ғалымдарынан айыптау жасалған болатын.
Олар елімізге шетелден сатып алынған асыл тұқымды жануарлардың бөлігі қажетті құжатсыз әкелінген деп мәлімдеген болатын. Олардың айтуы бойынша сиырлар Ақмола облысында тыйым салынып тұрғандарына үш айдан асқан. Ауыл шаруашылық Министрлігінің мемлекеттік бақылаушылары екі жүзден астам америкалық сиырлардың асыл тұқымдық сертификатын ұлттық холдингтен ала алмай отыр. Дегенмен, компания бұл айыптауларды түгелдей жоққа шығарып отыр. Холдинг өкілдерінің жауабы бойынша, әрбір сырттан әкелінген сиырдың тазалығы мен тұқым құндылығын дәлелдейтін қосымша құжаттардың бар екені анықталды. Әзірше осы сертификаттар қайта тіркеуден өткізілуде, сондықтан оларды көзбен көруге мейрам күндерінен кейін болады.
«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ-ның инвестициялық жобаларды жүзеге асыру департаментінің директоры Айгүл Ахметжанова: «218 саны тіпті түсініксіз. Ол қандай дереккөздерден алынғаны белгісіз, себебі Америка Құрама Штаттарының «Ангус және Герифорд» ассоциациясы берген әр бастың асыл тұқымды екенін білдіретін куәлікке ие. Біз оны дәлелдей аламыз, алайда, қазіргі кезде оларды сатып алушының атына тіркеу жұмысы аяқталуға жақын қалды», - деді.
Транспорт және коммуникациялар
Транспорт Министрлігі 2012 жылы Астанада жеңіл тікұшақтарды құрастыру ұйымдастыруды жоспарлап отыр
2012 жылы Астанада жеңіл тікұшақтарды құрастыру жұмысын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлады транспорт және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.
Мәжілістің үкіметтік сағаты (парламенттің төменгі палатасында) барысында: «Азия консалтинг» компаниясы Астанада инвестицияның жалпы көлемі 7,5 миллиард теңге «МД-500» жеңіл тікұшақтарын құрастыру бойынша өндірісті ұйымдастыруды жоспарлап отыр», - деп атап өтті Құсайынов.
Мәліметтер бойынша жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 2012 жыл.
Министр, «Қазіргі таңда Алматы облысында «Як Алакон» АҚ қазақстан-ресейлік компаниясы жолаушылар тасымалдайтын ЯК-58 және ауылшаруашылық жұмыстарға арналған А-31 жеңіл тікұшағын құрастыру жобасы іске қосылғаны туралы да еске сала кетті. Бұл жоба инвестициясының жалпы көлемі 9,1 миллиард теңгені құрайды. Сериялық өндіріс 2011-2012 жылдары бастау жоспары бар.
Қарағанды облысында қазақстандық-ресей компаниясы «КазАвиаСпектр» ауылшаруашылық жұмыстарға арналған «Фермер» ұшақтарын құрастыру бойынша заут құрылысы басталған. Жобаның құны 9,5 миллиард теңге, жүзеге асырылу мерзімі – 2010+2016 жылдар», - деп нақтылады Құсайынов.
Одан басқа Алматы облысында Eurocopter жеңіл тікұшақтарға қызмет көрсету жөнінде Skytech орталығы ашылған. Министрлік мәліметтері бойынша бұл инвестиция құны 2,1 миллион евроны құрайды, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА.
Аймақтық іскерлік жаңалықтар
Украина Президенті – энергия тасымалдауды жеткізу көздерін диверсификациялау бойынша міндеттерді шешуде басты рольді Орталық Азия мен Каспий маңындағы аймақ елдері атқаратын болады
Украина екі жақты деңгеймен қатар, еркін сауда аймағын құру деңгейінде де Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен ынтымақтастықта болуға ынта білдіреді.
Ол туралы ел Президенті Виктор Янукович Украинаның шетелдік дипломатиялық мекемелері жетекшілерінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Укринформ.
Оның айтуы бойынша, осы мемлекеттермен ынтымақтастықта болу Украина позициясы бұрынғыдан да белсенді болмақ.
«Біз энергия тасымалдау көздерінің диверсификациясы басты мақсат бола тұрып, оны шешу жолында Орталық Азия мен Каспий мағы аймақтары елдерінің маңызы зор роль атқаратынын түсінеміз», - деп атап өтті Украина Президенті.
10 желтоқсанда Мәскеуде өткен ТМД елдері мемлекет басшылары Кеңесінің отырысында Виктор Янукович, Украинаның Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысуын кеңейтуді жоспарлап отырғандығы туралы мәлімдеді. Ол Украинаның ТМД ынтымақтастығының жеке салалық органдарына қосылу мен Достастық құжаттары енгізген ескертпелерді алып тастау мүмкіндіктері қарастырылуда деді, ҚазАқпарат хабарлайды.
Президент Р.Отунбаева Қырғызстандағы заңды биліктің орнатылуымен құттықтады
Қырғызстан Президенті Р.Отунбаева барлығын елдегі заңды биліктің орнауымен құттықтады.
Ол 20 желтоқсандағы Жогорку Кенеште айтқанындай, жаңа үкіметтің орнатылуы кезінде, бұрынғы билікті құлатуға талпыныс жасаған жеке күштерге қарамастан, Қырғызстанда тұрақтылықты сақтап, парламент пен үкіметті қалыптастыруға қол жетті.
Ол парламент пен үкімет мүшелерін қазіргі кезде тұрған мәселелерді шешуді жеделдетуге шақырды.
ҚР премьер-министрі Алмазбек Атамбаев, 2011 жыл бюджетінің жобасын жақын арада қабылдау қажеттігі турады және бүгінгі таңда аса маңызды саналатын заңдарды қарастыру туралы мәлімдеме жасады. Жогорку Кенеш спикері Ахматбек Келдібеков мемлекеттің экономикалық дамуы жөніндегі мәселелерді шешу үшін парламент үкіметпен бірлесе отырып іс-шаралар атқаратынын сменімді түрде айтты. Ол шетелдік инвесторларды тарту үшін жағдайларлы жақсарту керектігіне тоқталды, деп хабарлайды CA-News.
Түркменстан АҚШ, Еуропа мен Латын Америкасына өз дипломаттарын көптеп жіберетін болады
Түркменстан БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кадр құрамын нығайту және келесі жылы Женевада БҰҰ жанындағы Түркменстан Тұрақты миссиясын ашуға бетбұрыс жасап отыр.
Мемлекет президенті Құрбанқұл Бердымұхамедовтың мәлімдемесі бойынша, бұл 201
-2015 жж.кезеңінде БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі мүшелігіне Түркменстан кандидатурасын ұсынуды дайындау үшін қажетті, сонымен қатар, БҰҰ Бас ассамблеясының 65-ші сессиясында айтылған Түркменстанның сыртқы саяси ынталарын жүзеге асыру үшін қажет.
Сонымен қатар, Президент ғаламның шапшаң дамып келе жатқан аймағының бірі болып табылатын Латын Америкасы елдерімен байланысты кеңейту қажеттілігі туралы айтты. «Мықты экономикасы бар жиырма елдің қатарына кіретін Бразилия, Мексика, Аргентина сияқты ірі мемлекеттерде Түркменстан елшілігін ресми тіркеу туралы ойланатын кез келді», - деді президент. Turkmenistan.ru. хабарлайды
Британдық Rio Tinto, Worley Parsons және Mott MacDonald Өзбекстан нарығына кірмек
Сауда және кәсіпорын жөніндегі өзбек-британ кеңесінің (СКЖӨБК) отырысында ханзада Майкл Кентский Ұлыбритания компаниялары Өзбекстанда жасалатын жобалар қатарына қызығушылық танытып отыр деді, деп хабарлайды REGNUM АА тілшісі.
«Британдық компанияларды Өзбекстан қайтадан қызықтырып отыр, мәселен, әлемдегі тау-кен өндірісіндегі ірі компания Rio Tinto; фармациялық алып GlaxoSmithKline; машина жасау компаниясы Worley Parsons и Mott MacDonald және Ташкентте жоғарғы технологиялар паркін соғуды жоспарлап отырған жеке адамдар тобы; батыс нарығы үшін фосфат кен орындары құнарлы минералдарын өндіруге тырысып отырған консорциумдар. Мұның барлығы да жағымды жаңалық. Мен экономика секторларында кеңінен әскерлік ынтымақтастықты орнату екі елдің де өзара қызығушылықтарын көрсетеді деген сенімдемін», - деп атап өтті ханзада.
Ол СКЖӨБК биылғы жылы Ұлыбритания мен Өзбекстан арасындағы іскерлік байланыстарды жаңа деңгеге көтеретініне үмір артатыны білдірді.
Сонымен қатар өзбек БАҚ мәліметтері бойынша, Worley Parsons компаниясының өкілдері " WorleyParsons Инжиниринг Орталығы"БК құру жөнінде өзбек қкіметімен келіссөздер жүргізуде.
Еуропа мен Африкадағы WorleyParsons мұнай жіне газ бойынша өкілдігі директоры Дэйвид Херманның айтуы бойынша бұл орталық Өзбекстанның жобалаудың халықаралық деңгейге шығуы мен басқа мемлекеттерде ірі халықаралық жобалардың қосымша көлемін тарту және елдің ірі инвесторларға жалпы инвестициялық қызығушылығын арттыру мүмкіндігін беру, шет елдік компанияларды тартпай-ақ инжиниринг жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндіктер тудырады.
Оксфорд және Кембридж университеттері Ташкентте жоғары технологиялық Парк құру бойынша жобаны жасау үстінде. Британдық Mott Macdonald жалпы көлемі 112,6 млн доллар құрайтын Сурхандария облысындағы Аму-Занг арнасының машиналық жүйесін қайта құрастыру бойынша жобаны жүзеге асыруға ат салысып келеді.
Бағалар мен статистика
Visor Capital компаниясы ұсынған Volume and Share Index
Дата: 20 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital
Visor Capital компаниясы ұсынған Market Movers
Дата: 20 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Visor Capital
Мұнай мен газ құны
Дата: 20 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com
Petroleum ($/bbl)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Crude Future
|
88.14
|
.12
|
.14
|
00:56
|
Dated Brent Spot
|
91.41
|
.01
|
.01
|
01:22
|
WTI Cushing Spot
|
88.02
|
.32
|
.36
|
12/17
|
Petroleum (cent/gal)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Heating Oil Future
|
247.32
|
-.05
|
-.02
|
00:59
|
Nymex RBOB Gasoline Future
|
232.59
|
.81
|
.35
|
00:56
|
Natural gas ($/MMBtu)
|
|
Price*
|
Change
|
%Change
|
Time
|
Nymex Henry Hub Future
|
4.02
|
-.04
|
-1.08
|
01:06
|
Henry Hub Spot
|
4.01
|
-.18
|
-4.30
|
12/17
|
New York City Gate Spot
|
11.33
|
1.33
|
13.30
|
12/17
|
Commodities
Дата: 20 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Bloomberg.com
Commodity
|
Price
|
Change
|
%Change
|
Time
|
COPPER FUTURE (USd/lb.)
|
418.900
|
3.000
|
0.72
|
01:29
|
GOLD 100 OZ FUTR (USD/t oz.)
|
1385.000
|
5.800
|
0.42
|
01:29
|
SILVER FUTURE (USD/t oz.)
|
29.340
|
0.207
|
0.71
|
01:29
|
Металл құны
Дата: 20 желтоқсан, 2010; дерек көзі: Kitco.com
Silver
|
29.31
|
+0.12
|
Platinum
|
1701.00
|
+4.00
|
Palladium
|
740.00
|
+2.00
|
Rhodium
|
2,280.00
|
0.00
|
Валюталар бағамы
Дата: 20 желтоқсан, 2010; дерек көзі: ҚР Ұлттық Банкі
1 USD
|
KZT 147.42
|
1 CHF
|
KZT 153.69
|
1 CNY
|
KZT 22.15
|
1 TRY
|
KZT 97.31
|
10 JPY
|
KZT 1.76
|
1 EUR
|
KZT 196.6
|
1 AUD
|
KZT 146.43
|
1 KGS
|
KZT 3.14
|
1 UZS
|
KZT 0.09
|
|
|
1 GBP
|
KZT 232.36
|
1 CAD
|
KZT 146.51
|
1 RUB
|
KZT 4.8
|
100 KRW
|
KZT 12.75
|
|
|
Отписаться от рассылки
Жазылу және сіздің пресс-релиздеріңізді жариялау үшін мына адреске хабарласыңыз:
newsline@checkpoint.kz
www.newsline.kz
Copyright © Check Point Central Asia 2006-2010
|