Бағдарламасы «Даму-Өндіріс іі»



Дата25.02.2016
өлшемі15.88 Kb.
#25840
түріБағдарламасы



«Даму-Өндіріс ІІ» бағдарламасы

«Даму-Өндіріс ІІ» бағдарламасына- мемлекет  басшысының  бастамасы  бойынша экономикаға  қолдау  көрсету  және   экономикаға  кредит  беруді  кеңейту  үшін 2014 жылдың 17 сәуірінде Ұлттық холдинг «Бәйтерек»  пен «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  шағын және орта бизнесті қаржыландыру барысында  екінші деңгейдегі банктерге несие беру үшін 100 млрд. теңгені орналастырып несиелік келісімге қол қойды.

Ұлттық банктен  өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында  шағын және орта бизнеске 100 миллиард теңге қаржы бөлінді.

          Кредиттеуді   инвестициялық  мақсаттарға,  қызмет   етіп  тұрған  инвестициялық  қарыздарды  қайта  қаржыландыруға  бағытталған  жобалар    алады.

     Кредиттеу  мерзімдері - орта  бизнес  үшін  7 жыл, шағын  бизнес  үшін 10 жылға  дейін.  Кәсіпкер  жылдық 6 %-бен   1850 млн. теңгеге  дейін  кредит  ала  алады.

           «Даму-Өндіріс ІІ» бағдарламасына, өз қызметін өндеуші өнеркәсіп саласында жүргізетін, шағын және орта бизнестегі кәсіпорындар, төмендегі тізбеге кірген  13 банк  арқылы несие алуды іске  асыруға  болады, атап айтқанда, «Казкомерцбанк» АҚ, «БТА» АҚ, «Халық банк» АҚ, «Сбербанк России» АҚ БД,  «Банк центр кредит» АҚ, «Цеснабанк», «АТФБанк» АҚ, «Евразийский Банк» АҚ, «Темірбанк» АҚ, «Нурбанк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Asia Credit Bank» АҚ, «Казинвестбанк» АҚ.  

        Осыған орай, қосымша мәліметтерді  халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты ішінен кәсіпкерлікті қолдау орталығы көрсетеді және кәсіпкерлік бөлімінен   мәліметтер   алуға  болады.

        Ағымдағы жылы шұжық  өнімінің  65-тан  астам  түрін  өндіретін  «Швабские  колбаски» ЖШС-і өнім көлемін  ұлғайту  мақсатында  «Даму  Өндіріс -2» бағдарламасы шеңберінде 19,8 млн.тенге  несие  алды, ағымдағы  жылы  инновация  бойынша  шұжық  өнімінің  жаңадан  3 түрін  өндіріп, жыл  қорытындысы  бойынша  аталған  серіктестік  278 тонна  көлемінде  өнім  өндірді. Былтырғы  жылдың көлемімен салыстырғанда   1 тоннаға  немесе  0,4 %-ға  артық.



        2015 жылға  ауданның  өнім  өндіруші  кәсіпорындары «Даму Өндіріс 2» бағдарламасы  шеңберінде  несие  алуға  құжаттарын әзірлеуде.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет