Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі "М. Дауленов атындағы мектеп-интернаты" кмм



Дата06.02.2023
өлшемі0.57 Mb.
#469194
5. Абитханова Айзере Дауренқызы



Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі
"М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты" КММ
9 «А» сынып оқушысы
Абитханова Айзере Дауренқызы
Жетекшісі: Исабекова Алмагүл Серікқызы


ТУҒАН ЖЕРІМ-ЗАЙСАНЫМ!


Бақыр қазаң қайнаса бәріміздің бағымыз, туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз. Зайсыным туған жерім алтын бесігім. Осынау табиғаты жайқалған, мөлдір суы сарқыраған, ауасы таза әдемі Зайсанымда дүниеге келгеніме мақтан тұтып, құрылу тарихын зерттеп, өз бетімше қағаз бетіне түсіру мен ушін үлкен міндет және мақтаныш деп ойлаймын. Зайсан жері ежелден дүние жүзі саясаткерлерінің, ғалымдарының ерекше назарына іліккен екен. Орыстың ұлы патшасы Петр осыдан 280 жылдан астам уақыт бұрын Зайсан жағынан бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген. Сонымен 1860 жылдарда Зайсан қаласының ірге тасы қаланды. Зайсан ауданына 70 тен астам елді пунктер қарады. Кейіннен Зайсан ауданынан 1939 жылдан бастап Тарбағатай, Ақсуат, Күршім, Көкпекті, Марқакөл бөлініп жеке аудандар болып бекітілді. Өңірімізде орта жүзінің Найман, Керей, Уақ руларынан тараған Қожанбет, Төртуыл, Тұзақшы, Меркіт, Қожан, Ақболат, Санияз ата – баба ұрпақтары жоңғар шапқыншылығы нан бұрын тұрып көшпелі өмір сүрген. Қазіргі уақытта ауданның жер көлемі: 1 миллион 43 гектар. Өлкеге 42 ірі елді мекен қарайды. Сондай-ақ, Зайсан қаласының әкімшілігі мен 8 ауылдық әкімшілік қамтылған.
Зайсан қаласы- ауданның әкімшілік орталығы болып саналады. Ауданның климаты тез континентальды қысы суық жазы ыстық.
Мамыражай жаңға жайлы жерінде Зайсан көлінің оңтүстік-шығыс бөлігі мен құйылатын Қара ертіс, Теректі, Ақсу, Жеменей, Кендірлік, Үйдене
өзендерінен және Айғырқұмдағы Сарыкөл, Тұздыкөл, Сарманақ және Сауыр жотасындағы кішігірім көлдерден тұрады. Тек қана ағаш пен бұтаның 26 түрі өседі. Жабайы жануарлардан түлкі, қасқыр, марал, елік, қоян, арқар ; құстардан кез құйрық, ұлар, кекілік, байғыз, үкі, бүркіт; көл мен өзендерде аққу, қаз, үйрек, көк құтан т.б сан алуан түрлері мекендейді. Зайсан көлі мен Қара Ертісте сазан, ақ балық, шортан, бекіре, алабұға бар. Сауыр тауының ең биік нүктесі Мұз - Тау тауы, биіктігі 3500-3816 м дейін жетеді. Сол түстік батысқа қарай биіктігі 1500-1800 м дейін аласарады. Сауыр тауын бойлай өтіп, оның етегінде «кішкене тау» сайлары арқылы Зайсан ойпатына құлай ағатын көп өзендердің бірі «Жеменей» деп аталады.
Ауданның жері шұрайлы, суы мол, жайлымы керемет. Зайсан халқы мал шаруашылығы және егін шаруашылығы мен айналысады, ірі бау-бақша мен жеміс-жидек дақылдары мен өркендеп, мол табыстарға ие болған өлке.
Қазақтың төрт түлік малы Зайсан халқын ет пен сүт пен қамтамасыз етіп отырса киелі топырақтан бидай, арпа, сұлы, тары, дәнді дақылдары, көкөністің сан түрлісі өсуде.
Жер асты қазбасы-мұнайға, көмірге, жанатын сланецке, жоса-бояуға, құрлысқа жарамды әкке, құммен топыраққа толы, жасыл алқапты орманы бар өңір. Зайсан ауданы өндірістен де кенде қалмаған. Ірі Сайхан ЖШС тек қана осы ауданды ғана емес көршілес аудандардыда көмірмен қамтамасыз етіп отырса, СМУ, ЖШС кірпіш шығарып, СК Зайсан ЖШС асфальт шығарып отырса, арна-минералс ЖШС су өңдеп экспортқа шығарып, Тарбағатай мұнай ЖШС Зайсан ауданын газ жылуымен қамтамасыз етіп халық от жағу
әуресінен құталған. Аудан Қытай Халық Респуликасы мен шектесетіндіктен
«Майқапшағай» кеден бақылау бекеті арқылы шоп-турларға негізделген сауда туризмы дамуда. Зайсан-Ресей мен Қытай арасын жалғастыратын алтын көпір болған ұлы кереуен жолы.
Зайсан жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізле ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақпай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен,
Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі шөжемен қатар қойған Ноғайбай
ақынды Мәскеу Университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге
әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал, бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар, Нұрлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр.
Ауданда көптеген ұлт өкілдері бибіт өмір сүріп киелі топырақтан нәр
алып, ұрпақ өсіріп осы күнде халық саны 35000-нан астам болды. Ауданда 29 мектепте білім алып тәрбиеленген аудан азаматтары Қазақстанның әрбір аймағында беделді қызмет атқарып елге Зайсаның беделін көтеруде.
Бауырында Маңырақтың нулы Зайсан.
Молайған Ертіспенен сулы Зайсан
Түн болса, төңірегін мұнар басқан,
Ұштасқан бұлтпен бірге булы
Зайсан Алтайдың Тарбағатай суын ішіп
Сауырдың саясында туды Зайсан
Өрбітіп балапандай қолтығында
Өсірген неше алуан нуды Зайсан
- деп Тайыр Жомартбаев жазушы атамыз жазғандай Зайсаным әліде өсіп-өніп өркендайтініне кәміл сенемін!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет