«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ (Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі 69, индекс 070400, телефон/факс: 8(72351) 2-23-82, электрондық мекенжайы: kadr@boroduliha.vko.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ E-G-4 санаты (№ 14-08-4) жетекші маманына конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48 047 теңгеден 64 704 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Білімі – жоғары немесе орта білімнен кейінгі, не орта техникалық немесе кәсіптік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050» Стратегиясын білуі. Функционалдық міндеттері орындау үшін қажет басқа міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері: Салық және бюджетке арналған басқа да міндетті төлемдер. Энергетика, телекоммуникация, байланыс, автомобиль, теміржол көлігі, автомобиль жолдарын жөндеу және күту жөніндегі қызметті жүзеге асыру, ауылдық округте суды қолдану мәселелерін реттеу. Жер қатынастары саласын дамыту мәселелері бойынша қызметті жүзеге асыру. Ауылдық округте мобильдік дайындық және жұмылдыру, АҚ және ТЖ-ның алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Өз өкілеттігіне енетін мәселелер бойынша есептер тапсыру.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарлама соңғы рет жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні.
Қажетті құжаттар тізбесі: уәкілетті орган белгілеген нысанда жазылған өтініш; 3х4 көлемдегі фотосуреті бар толтырылған сауалнама; білімі туралы нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі; еңбек қызметін растайтын нотариалды түрде куәландырылған құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 6697 санымен тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жекебас куәлігі; құжаттарды өткізген кезде жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар тестілеуден өткендігі туралы сертификат (немесе нотариалды түрде куәландырылған сертификаттың көшірмесі).
Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды өз қолымен немесе құжаттарды қабылдау мерзімі кезінде пошта арқылы, сондай-ақ электронды пошта арқылы тапсыра алады (құжаттардың түпнұсқас әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімнен кешіктірілмей тапсырылуы тиіс).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Бородулиха ауданы әкімі ресми сайтының ғаламтор-ресурсында және «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналастырылады.
Әңгімелесу кандидаттарды хабардар еткен күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өткізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын үй-жай жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |