Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы



бет1/5
Дата17.07.2016
өлшемі2.13 Mb.
#206110
  1   2   3   4   5






Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы _____________

№ ____ қаулысына

1 қосымша







Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2010 жылғы________

№ ___ қаулысымен

бекітілді




«Шығыс Қазақстан облысының энергетика

және коммуналдық шаруашылық басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны



1.

Миссиясы және пайымдауы

2

2.

Ағымдағы ахуалды талдау және қызмет салаларын дамыту үрдістері

2

3.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері

17

3.1

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері

17

3.2

Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

39

4.

Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

40

5.

Ведомствоаралық өзара әрекеттестік

43

6.

Қауіптерді басқару

47

7.

Бюджеттік бағдарламалар

49

7.1

Бюджеттік бағдарламалар

49

7.2

Бюджеттік шығыстардың жиынтығы

61



1-бөлім. Миссиясы және пайымдауы
Миссиясы – энергоресурстарда энергетикалық қауіпсіздікті және отын-энергетикалық секторды дамыту арқылы өңір экономикасының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ықпалдасу; облыстың тұрғын үй-коммуналдық кешенін дамытуға ықпалдасу.

Пайымдауы – энергия қауіпсіздігін және энергия үнемдеу принциптерін іске асыруға кепіл беретін өңірдің дамыған отын-энергетикалық секторы; өңір халқының қажеттіліктерін қанағаттандыратын коммуналдық шаруашылықтың тиімді және дамыған жүйесі.


2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және

қызмет салаларын дамыту үрдістері
2.1. 1-стратегиялық бағыт. Өңірдің энергетикалық кешенінің тұрақты дамуы мен қызмет етуін қамтамасыз ету.

2.1.1 Өңірдің энергетикалық кешенін дамытудың негізгі параметрлері.

Өңірде «Өскемен ГЭС» ЖШС (19,1%), «Шүлбі ГЭС» ЖШС (21,0 %), «Бұқтырма ГЭС» АҚ (33,0 %), «Өскемен ЖЭО» ЖШС (19,0%), «Согра ЖЭО» ЖШС (3,0 %), «ГЭС Лениногор каскады компаниясы» ЖШС (0,6%) және «Жылукоммунэнерго» МКК (0,4%) электр энергия өндіруші кәсіпорындар болып табылады.

Электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну және оның тапшылық көлемдерінің өзгеру динамикасы (1-сурет) соңғы 3 жылда өндіру көлемі – 10,9 %-ға, тұтыну көлемі – 2,1 %-ға, ал тапшылық 2 есеге төмендегенін көрсетті.


2007-2009 жылдары электр энергиясын өндіру, желіге жіберу, тұтыну

және оның тапшылық көлемдерінің өзгеру

динамикасы

Бұқтырма су қоймасының су толымдығының азаюы себебінен Бұқтырма ГЭС 17,3 %-ға, Өскемен ГЭС 13,1%-ға электр энергия өндіруді төмендетті.

Облыс бойынша электр энергиясын тұтыну 2009 жылы 4 %-ға төмендеп, 8160 млрд. кВт.сағатты құрады.

Облыс бойынша электр энергиясын тұтыну көлемі электр энергиясын өндіру көлемінен 14 %-ға асып кетіп, электр энергиясы тапшылығы 2009 жылғы 12 ай ішінде 1160 млн. кВт.сағатты құрады.

Бүгінде энергетикалық жабдықтың тозу дәрежесі өте жоғары: ГЭС бойынша – 30-68 %, ЖЭО бойынша – 65-70 %.

Электр станцияларының негізгі жабдықтарының, электр беру желілерінің, коммутациялық аппаратуралардың жартысынан көбі пайдаланудың нормативтік мерзімінен өтіп кеткен және апаттық істен шығу сатысында тұр.

Өңірлік электр желілерінің жағдайы өте мүшкіл қалде, олардың тозу пайызы 70 %-ды құрайды.

АES компаниясы 1999 жылы өңірлік электр желілерін басқаруға алып, қолдануға жарамай қалғандардың орнына жаңа электр қондырғыларын салудың жоспарланған жұмыстарын, сондай-ақ қолданыстағы электр желілерін қайта жаңарту мен оларды техникалық қайта жарақтандыруды мүлдем жүргізбеген.

Осының салдарынан негізгі құралдардың тозуы 60 %-дан артты, жұмыс істеу мерзімін ВЛ-110 кВ – 50 %-ға, ЛЭП-35 кВ – 62 %-ға, ЛЭП-6/10/04 кВ – 84 %-ға, қосалқы станцияның энергия жабдығы – 50 %-ға толығымен өтеді, екінші қоректендіру көзінде қуаттылық резервінің болмауынан желілердің кейбір жерлерінде санаттық тұтынушыларды қайта қоректендіру мүмкіндігі жоқ, қолда бар таратушы электр желілерінің ұлғайып келе жатқан жүктемені жабуға мүмкіндігі жоқ.

Өткен (2009-2010 жж.) жылыту маусымы электр желілерінің техникалық жағдайының төмен деңгейінің көрсеткіші болып табылды. Атап айтсақ, жылыту маусымы кезінде электр желілерінде – 3451, соның ішінде ауа райы жағдайынан артынан тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде төтенше жағдайлардың туындауына нақты қатер туғызған 1016 (30%) апаттық ажырату оқиғасы болды. Тұтынушыларға электр энергиясын кем берілуі 1877 мың кВт. сағатты құрады. Электр желілеріндегі апаттық жағдайлар саны өткен жылыту маусымымен салыстырғанда 19 %-ға ұлғайды.

«ШҚ ӨЭК» АҚ-ның энергетикалық жабдығы мен электр беру желілерінің (ЭБЖ) өте нашар техникалық жағдайы Мемэнергоқадағалаудың 2008 және 2009 жылдары жүргізген комиссиялық тексеру актілерімен де расталады.

Актілерде жоғары вольтты желілерді (ЖЖ) қайта жаңарту және күрделі жөндеу іс-шаралары орта есеппен бір жылда электр беру желілерінің барлық көлемінің 0,43 %-ында орындалатындығы көрсетілген.

Бүгінде облыста 13 электрлендірілмеген ауылдық елді мекен бар.


2.1.2 Энергетикалық кешеннің негізгі проблемаларын талдау

Қалыптасқан жағдайды бағалау мыналарды көрсетті:

Күшті жақтары:

1) арзан электр энергиясымен қамтамасыз ететін су электр станцияларының өндіретін электр энергиясының жоғары үлесі (2009 ж.өндірудің жалпы көлемінің 74%-ы шамасында);

2) кернеулігі 110 кВ және одан төмен электр берілістің жүйе қалыптастырушы желілерінің дамыған сұлбасы;

3) жаңартылатын энергияның айтарлықтай әлеуетінің болуы: су ресурстары – 20 млрд. кВт.сағ., жел энергия әлеуеті –10 млрд. кВт.сағ.астам;

4) электр энергиясын экспорттау мүмкіндіктері және транзиттік әлеуеттің болуы;

5) отын энергетикалық ресурстарының қомақты қорларының болуы.

Әлсіз жақтары:

1) өндіруші жабдықтардың парктік ресурсын айтарлықтай өндіру, бұл жұмыс істеп тұрған электр станцияларының электр энергия өндіру мүмкіндіктерін шектейді (жабдықтың 60%-дан арта тозуы);

2) өңірлік электр желілері тозуының жоғары деңгейі (~ 65-70%);

3) жаңа энергия көздерін салуды қамтамасыз ететін механизмнің болмауы;

4) энергия тапшылығына байланысты Солтүстік энергетикалық аймақ көздерінен тасып жеткізілетін электр энергиясына тәуелді болу.

Мүмкіндіктер:

1) жаңа энергетикалық қуаттар қосудың есебінен облыстың энергетикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу;

2) облыстың энергия теңгеріміне энергияның жаңартылатын көздерін қосу;

3) электр энергетика объектілерін дамытуға инвестиция тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдау.

Қауіптер:

1) қолдағы иелік және белгіленген қуаттар арасындағы қуат алшақтығының ұлғаюы және қолданыстағы электр станцияларындағы негізгі жабдықтың істен шығуы;

2) Солтүстік энергетика саласының энергия көздері жұмысының тұрақтылығынан облыстың электр энергияға тәуелділігі;

3) айтарлықтай тозуға байланысты облыс тұтынушыларын энергиямен қамту сапасының төмендеуі.
2.1.3 Энергетикалық кешеннің негізгі ішкі және сыртқы факторларын бағалау

Электр энергиясы тапшылығы АЕS компаниясы кәсіпорындарының жаңа энергетикалық қуаттарды қосу және қолда барларын жаңғырту бойынша инвестициялық міндеттемелерді орындамауының нәтижесі болды (Бұлақ ГЭС-ін (Шүлбі ГЭС-інің қайта реттеушісі) салудан бас тарту, Өскемен ЖЭО-да бу турбинасы мен қазан агрегаты және Согра ЖЭО-да қазан агрегаты жинақталмаған, Өскемен ГЭС-інде қосымша екі гидроагрегатты жинақтау жүргізілмеген). 2007 жылдан бастап электр энергиясының тарифтері екі есеге жуық 3,41 теңгеден 2010 жылғы 1 қаңтарға 6,67 теңгеге дейін ұлғайды.

Электр энергиясы тарифі өсуінің негізгі себептері:

- электр энергиясының тапшылығы 1 млрд кВт сағаттан артады, оның орнын толтыру үшін электр энергиясы облыс шегінен тыс сатып алынады, бұл электр энергиясының босату бағасының құнын «Кegoc» АҚ желілері бойынша тасымалдаудың қосымша қызметтері есебінен өсіреді;

- облыста электр энергиясының тапшылығына қарамастан, «АЕS Өскемен ГЭС» АҚ мен «AЕS Шүлбі ГЭС» АҚ өндірілетін арзан электр энергияны: 2007 жылы – 1206 млн. кВт сағ. және 2008 жылы – 1724 млн. кВт сағ. немесе өндірудің жалпы көлемінің 50 %-ынан астамын облыстан тысқары жерлерге сатқан.

Сонымен бірге, облыстан тысқары жерлерден 2007 жылы 1786 млн. кВт сағ. және 2008 жылы 3006 млн. кВт сағ. электр энергиясы аса жоғары бағамен сатып алынған болатын.

- «ШҚ ӨЭК» АҚ өңірлік электр желілерінің өте нашар техникалық жағдайы желілерде жоғары деңгейлі техникалық шығынға ұшырауға әкеледі – 460 млн. кВт сағ немесе тасымалданатын электр энергиясы көлемінің 12%-ы. Техникалық шығындарда сатып алуға жұмсалған шығыстардың (900 млн. теңге шамасында) орны тариф есебінен толтырылады.

Энергия үнемдеу саясатын енгізу мақсатында 2015 жылға дейін Энергия үнемдеу бойынша іс-шаралар (Тұжырымдама) әзірленіп, облыстық мәслихат сессиясында (2007 жылғы 16 қазан) бекітілді.

Алайда, ынталдандырудың қаржылық-экономикалық, құқықтық тәсілдерінің жоқтығынан энергия үнемдеу іс-шараларын өте баяу іске асуда.

Энергия үнемдеу саласындағы Үкіметтің саясатына сәйкес тұрғындар арасында энергия ресурсын үнемдеуге шынайы ынталандыратын «күн»-«түн» тәулік зонасы бойынша және электр энергиясын тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер енгізілді.

Облыста «иесіз» электр желілерінің жалпы саны 366,358 шақырымды құрайды, оның ішінде 321,4 шақырым электр желісі иесіз деп тану ресімінен өтті. Желінің қалған бөлігі (44,958 шақырым) қалалар мен аудандар әкімдіктерінің коммуналдық меншігіне ауыстыруды қарау сатысында.

Жол картасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде 2009 жылы 254 млн. теңге сомаға 200 шақырым иесіз электр желісін қалпына келтіру жұмыстары орындалды. Қазіргі уақытта қалпына келтірілген желілерді мамандандырылған «ШҚ ӨЭК» АҚ балансына беру жұмыстары жүргізілуде.

2007-2009 жылдар аралығында энергетикалық кешен кәсіпорындары негізгі капиталға 11,1 млрд. теңге сомасында инвестиция салды (1-кестені қара).
1-кесте
Өңірдің энергетикалық кешеніне салынған инвестиция көлемінің

өзгеру динамикасы




№ р/р

Инвестиция құрылымы

Жылдар

2007

2008

2009

1

Барлығы инвестиция көлемі,

млн. теңге



2880

4495

3751,6

2

соның ішінде АЕS кәсіпорындары бойынша

1331

1930

2490

Соңғы жылдары инвестиция салымдарының өсу беталысына қарамастан, облыс энергетикасына инвестицияның жалпы көлемі энергия объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтіруге байланысты жұмыстарды толық көлемде жүргізу үшін қажетті инвестициялардың тиісті көлемінің тек 10%-ын ғана құрайтынын айтып өту қажет.

«110 кВ және одан төмен таратушы электр желілерін дамытудың 2015 жылға дейінгі сұлбалары» іс-шараларын іске асыру жоспарына сәйкес 110 кВ және одан төмен таратушы электр желілерін жаңадан салу және жаңғыртуға жалпы күрделі қаржы салымы 103,2 млрд. теңге құрады, бұл жыл сайын кем дегенде 11 млрд. теңге көлемінде инвестиция салуды көздейді.

ӨЭК үшін қаржыландырудың жалғыз көзі 2010 жылғы 1 қаңтарда енгізілген екі жылға арналған орта мерзімді тариф болып табылады, онда сомасы 1 817,97 млн. теңге инвестициялық бағдарлама қарастырылған, соның ішінде 2010 ж. – 907,97 млн. теңге, 2011 жылы – 908,97 млн. теңге. Көрініп тұрғандай, тарифтегі инвестициялық құрамдас облыстың электр желілік шаруашылығын жаңғырту бойынша «Сұлбамен» қарастырылған іс-шараларды орындау үшін жеткіліксіз.

Алайда, «ШҚ ӨЭК» АҚ АES компаниясының басшылығы қосалқы станциялар мен электр желілерін жаңғырту және қайта жаңарту бойынша іс-шараларын іске асыруда қаржылық қатысу мүмкіндігін қарастырмайды.
2.2. 2-стратегиялық бағыт. Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету
2.2.1 Сумен қамтамасыз ету саласын дамытудың негізгі параметрлері

Өңірде 798 елді мекеннің 235-і орталықтандырылған сумен қамтылған немесе 10 қала тұрғындарының 77,9 %-ы, 3 кент және 222 ауыл құбыр суына қол жеткізген. Жергілікті көздерден сумен қамту тұрғындардың 21,9 %-ын қамтитын 557 елді мекенде жүзеге асырылады, тасып жеткізілетін суды тұрғындардың 0,2 %-ын қамтитын 6 елді мекен пайдаланады.

13 қала, қала типті кенттер тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 99,7 %-ды құрайды, қала тұрғындарының 0,3 %-ы суды жергілікті көздерден алады.

Ауылды сумен қамту жүйесінде тұрғындардың 51,4%-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, тұрғындардың 48,4%-ы жер асты және жер үсті су көздерінің суын қолданады, сонымен қатар 0,2 % тасып жеткізілетін суды пайдаланады. 1652 адам тұратын 6 елді мекенге тасымалдап әкелінген суды пайдалану су тасып жеткізетін ұйымдардың есебінен жүзеге асырылады.

2007 жылдан бастап (2-кестені қара) облыс тұрғындарының орталықтандырылған құбыр суымен қамтамасыз етілуі 14,5 пайыздық тармаққа артты және 2007 жылғы 63,57 %-ға қарағанда 2010 жылдың 1 қаңтарында 77,9 %-ды құрады.
2-кесте
2007-2009 жылдардағы облыс тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтылуы және желілердің ұзындығы жөнінде

ақпарат


Сумен қамтылуы, %

Барлық су құбыры желілерінің ұзындығы, км

соның ішінде ауыстыруды қажет ететіндер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

барлығы, км

жалпы ұзындығына

%


63,57

75,57

77,9

3807,7

2357,2

61,9

Облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындары үшін сумен қамтамасыз ету қызметтерінің тарифтері текше метрі 6 теңгеден 73 теңгеге дейін түрленіп отырды.


2.2.2 Сумен қамтамасыз ету саласының негізгі проблемаларының талдауы

Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 3807,7 км су құбыры бар (оның ішінде қалаларда 45% - 1719 км). Желілер қанағаттанарлықсыз жағдайда болғандықтан желілердегі судың көп мөлшері қайтарымсыз шығынға ұшырайды және халықтың су тұтынуының үлес мөлшері артады.

Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1) жер асты тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;

2) ауыз суға аса қажетсіну;

3) сумен қамтудың қолданыстағы жүйелерінің бар болуы;

4) халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін 77,9 %-ға дейін жеткізу;

5) пайдаланудың қолданыстағы қызметінің бар болуы.

Әлсіз жақтары:

1) қолда бар жер асты тұщы су қорын жеткіліксіз пайдалану;

2) сумен қамту объектілері мен желілерінің өте тозуының және осының салдарынан апаттардың, шығындардың, ауыз су сапасы деңгейінің төмендігі;

3) негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі оларды жаңартуға қарағанда аса жылдам қарқынмен өтуде;

4) жаңа сумен қамту жүйелері құрылысы мен қолда барын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі;

5) жұқпа ауруларының туындау қауіпі;

6) берілетін судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын зертханалардың аудандардың көптеген басым бөлігінде болмауы;

7) ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су тарту кәсіпорындарының жеткіліксіз дамуы.

Қауіптер:

1) ұңғымаларды пайдалану режимін бұзу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, көп мөлшерде иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың болуы, жер асты суының техногендік ластануы;

2) табиғи тозу салдарынан жабдықтың жұмыс істемей қалуы, қоршаған ортаға теріс әсер ету қауіпі;

3) сумен қамту объектілерін ұзақ мерзім пайдалану нәтижесінде олардың қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі;

4) халық денсаулығының нашарлауына әкелетін су дайындаудың ескірген технологиясы қолданылады;

5) апаттың көбеюі, тәуліктік судың болмауы.

Мүмкіндіктер:

1) жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;

2) халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

3) сумен қамту жүйелерінің техникалық жай-күйін жақсарту, су тазарту және су дайындауға шығыстарды арттыру;

4) замануи тиімді технологияларды енгізу мүмкіндігі;

5) пайдалану қызметін оның материалдық-техникалық базасын жарақтандыру жолымен жетілдіру;
2.2.3 Сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі ішкі және сыртқы факторларын бағалау

Сумен қамту жүйесін дамытуға сыртқы және де ішкі факторлар да ықпалын тигізді.

Қолданыстағы «Ауыз суы» бағдарламасының шеңберінде 2007 жылдан 2009 жылға дейін бюджет қаржысынан 4,98 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен – 3,65 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,3 млрд. теңге игерілді (3-кестені қара).

3 жылда 49 ауыз сумен қамту объектісінде жұмыстар аяқталып, пайдалануға берілді, 238 км құбыр салынды және қалпына келтірілді, 118,7 мың адамның сумен қамтылу жағдайы жақсартылды.


3-кесте
«Ауыз суы» бағдарламасы шеңберінде бюджеттің игерілген қаражаты көлемінің өзгеру серпіні




2007-2009

2007

2008

2009

Барлығы, млн.тенге:

4983,2

1995,1

2033,0

955,1

РБ

3654,1

1455,5

1384,8

813,8

ЖБ

1329,1

539,6

648,2

141,3

2007-2009 жж. енгізілген объектілер

49

16

15

18

2009 жылы қалалар мен ауылдық елді мекендердің 40 объектісі бойынша мәселелерді шешуге бюджеттен 1902,5 млн. теңге бөлінді:

«Ауыз су» бағдарламасы бойынша – 23 объектіге 995,1 млн. теңге (99% игерілді), оның 18-і пайдалануға берілді;

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша – 17 объектіге 907,4 млн. теңге (907,4 млн. теңге немесе 100% игерілді).

Өткізілген шаралардың нәтижесінде 2009 жылы 142,4 км желі салынып, жөнделді («Ауыз су» бағдарламасы бойынша – 104,4 км, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша – 38 км), 28 ауылда тұрғындардың сумен қамтылу жағдайы жақсартылды.

2009 жылы тасып жеткізілетін суды пайдаланатын 1993 адам құбыр суына қол жеткізді.

Облыс аумағын 2015 жылға дейін дамытудың бағдарламасында, негізінен, желілерді салуға және қайта жаңартуға бағытталған 144 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Жер асты сулары сумен қамту көздері болып табылғандықтан, жер асты суларының орындары мен қорлары барланып, бекітілуі қажет. Іске асырылуы жоспарланған 144 объектінің 38 елді мекендегі қорлары бекітілген, 37 ауылда қорларды қайта бекіту қажет, 69 елді мекенде қорларды бекіту жұмыстарын жүргізу қажет.

Геологиялық барлау жұмыстарына Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті аз мөлшерде қаржыландырады (2009 жылы жұмыстар жүргізілген жоқ), ал барланған қорлар бойынша қорытындылар екі жылдан кейін беріледі.

Бұл жағдай жобаларды іске асыруда тежеуші фактор болуы мүмкін. Ауылдық елді мекендерде де, қалаларда да геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруды арттыру қажет. Жоспарланған жобаларды уақытында іске асыру мақсатында кем дегенде 30 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын жыл сайын қаржыландырып отыру қажет.

2007-2008 жылдар кезеңі ішінде жер асты суларының қорын бекіту үшін 52 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.

235 су құбырына қызмет көрсету және пайдаланумен 37 коммуналдық кәсіпорын (2009 жылы 4 кәсіпорын құрылды), 77 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлер және 33 ауылдық әкімдік айналысады, олар ең аз мөлшерде пайдалану құралдары және мамандармен қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген ауыз сумен қамтитын объектілердің одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз етуге қатысты проблемалар бар.


2.3. 3-стратегиялық бағыт. Су тарту жүйелерінің тұрақты дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету
2.3.1 Су тарту жүйелерінің негізгі өлшемдері

Өңірде 798 елді мекен (бұдан әрі – ЕМ), оның 16 ЕМ-де орталықтандырылған су тарту жұмыс істейді. Облыста барлығы 81 канализациялық сорғы станциясы, 22 тазарту имараты бар.

Абай, Бесқарағай және Катонқарағай аудандарында тазарту имараттары жоқ.

Канализация желілерінің жалпы ұзындығы – 1143,08 км, желілердің тозуы 801 км немесе 70% құрайды, бұл апаттық жағдайларға жиі әкеп соқтырады. Мәселен, 2009 жылы канализация желілерінде 174 апат тіркелді. Облыс тұрғындарының су тарту қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейі 2009 жылы 62,3 %-ды құрады (4-кесте).


4-кесте
2007-2009 жылдары облыс тұрғындарының су тарту қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі







2007

2008

2009

Тұрғындардың су тарту қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі:

%

60,3

61,2

62,3

Канализация желілерін жөндеу

км

9,5

10,4

11,8

Тазарту имараттарын күрделі жөндеу

дана



1

1

Су тартудың қолданыстағы тарифтері технологияларды жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған кешенді жаңғырту жүргізу шығындарын есепке алмайды, өйткені инвестиция, пайда өтелімі мен тариф құрылымдарына арналған көздердің үлесі шамалы.

Мәселен, облыс бойынша 2009 жылға канализация қызметтеріне тарифтер 1 текше метр үшін қосымша құн салығын қосқанда 10,2 теңгеден (Риддер қаласында) 111,9 теңгеге дейін (Күршім ауданында) түрленіп отырды. Сол кезде Су каналдарының есептері бойынша эксплуатациялық шығындарды жабуға жеткілікті тариф 20 теңгеден 190 теңгеге дейінгі деңгейде болу керек болған.
2.3.2 Су тарту жүйелерінің негізгі проблемаларын талдау

Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1) облыс тұрғындарын су тарту қызметтерімен қамтамасыз етілуі 2010 жылғы 1 қаңтарда 2007 жылмен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа артып, 62,3 %-ды құрады.

Әлсіз жақтары:

1) канализациялық желілердің 70 %-ы қанағаттанарлықсыз күйде тұр және ауыстыруды талап етеді.

Мүмкіндіктер:

Су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру тұрғындардың су тарту қызметтерімен қамтылу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қауіптер:

Су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы объектілерді пайдалануға беру мерзімін бұзуы және облыс халқының санитарлық-экологиялық салауаттығына кері әсерін тигізуі мүмкін.


2.3.3 Су тарту жүйелерінің негізгі сыртқы және ішкі факторларын бағалау

Су тарту жүйесінің дамуына әсер ететін негізгі факторларға ішкі факторлар жатады.

70-ші жылдары салынған тазарту имараттары өздерінің пайдалану ресурстарын өтеген, имараттардың жобалық қуаты жеткіліксіз, соның салдарынан толық тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсер сулары Ертіске төгіледі.

Қалалық су каналдарының басты бір проблемасы өнеркәсіптік кәсіпорындардың уыттылығы 2 және 3 кластық ауыр металдармен: темір, никель, мырыш, бериллий, мыс, мышьяк, сынап және т.б. ластанған суларды ағызуы болып отыр.

Тазарту имараттары кешені шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тазартуға арналғандықтан, өнеркәсіптік ағындылар түскен кезде биологиялық тазарту қиынға соғады (микрофлора өледі), қоршаған ортаға зиян келеді. Қалалық су каналдары балық шаруашылығына арналған су қоймасы болып табылатын Ертіс өзеніне ластаушы заттарды тастағаны үшін айыппұл төлейді.

Әсіресе, шағын қалалар мен аудан орталықтарында қиын жағдай қалыптасқан. Ауылдық елді мекендердің тазарту имараттары түсірілетін жүктелменің аз болуы себебінен істен шығып қалуда. Нәтижесінде облыстың су шаруашылық жүйелеріндегі нормативтік техникалық шығындардың орташа деңгейі шамамен 30-35%-ды құрайды.

Тазарту имараттарын неғұрлым сапалы пайдалану және олардың істен шығуына жол бермеу мақсатында канализация желілерін қайта жаңарту қажет.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 6 елді мекенде канализация жүйелерін салу, қалпына келтіру және ағымдағы жөндеуге 1069,2 млн. теңге бөлініп, 895,5 млн. теңге (83,9%) игерілді.


2.4. 4-стратегиялық бағыт. Байланыс қызметтерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету

2.4.1 Телекоммуникация мен байланыс қызметтерін дамытудың негізгі өлшемдері

Облыста телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 32 кәсіпорын, соның ішінде Өскемен қаласында – 18, Семей қаласында – 8, Риддер қаласында – 4, Зырян қаласында – 1, Курчатов қаласында 1 кәсіпорын жұмыс істейді.

2009 жылы телекоммуникация және байланыс қызметтерін іске асырудан түскен кіріс 9934,3 млн. теңге құрады, бұл 2007 жылғы деңгейден 1,6 есе артты (2-сурет).


2005-2008 жылдардағы телекоммуникация және байланыс қызметтерін

іске асырудан түскен кірістердің өзгеру серпіні



телекоммуникация және байланыс қызметтерін іске асырудан түскен табыстар


2-сурет
Байланыс қызметтерін көрсету саласында 7 мыңнан аса адам еңбек етуде. Аталған кәсіпорындар бойынша орташа еңбекақы орта есеппен 60 мың теңге құрайды.

Өткен жылы ауылдық жерлерде қосымша 11939 телефон орнатылып, бүгінде АЕМ-дегі телефондардың жалпы саны 104738 нөмір, соның ішінде жеке тұлғалар 97344 нөмір және заңды тұлғалар 7403 нөмір құрайды.

Бүгінгі күнге өңірде телефон орнатылмаған тұрғындар саны 50 адамнан кем 4 ауылдық елді мекен бар.
2.2.2 Телекоммуникация мен байланыстың негізгі проблемаларын талдау

Телекоммуникация саласында қалыптасқан жағдайды бағалау мыналарды көрсетті:

Күшті жақтары:

1) телекоммуникациялық қызметтердің дамыған жүйесі;

2) АТС-ті Next Generation Networks жаңа сандық технологияларымен ауыстыра отырып жаңғырту;

3) Интернет желісін жаппай енгізу;

Әлсіз жақтары:

1) ауылдық елді мекендердегі байланыс және телекоммуникацияны жаңғырту қарқынының баяулығы;

2) тіркелген байланыс абоненттері тығыздығының деңгейінің төмендігі;

3) тіркелген байланыс нарығында шынайы бәсекелестіктің жоқтығы;

4) Интернет желісіне кең жолақты қатынаудың жеткілікті дамымауы;

5) ұялы байланысқа тарифтердің жоғарылығы.

Мүмкіндіктер:

1) тұрғындар мен ұйымдарды қол жетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

2) азаматтар мен ұйымдарды күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануға көшіру;

3) АЕМ тұрғындарын әмбебап байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

Қауіптер:

1) телекоммуникациялық нарықта шынайы бәсекелестіктің дамымауы;

2) азаматтық мақсаттағы радиожиілік ресурсының шектеулігі.
2.4.3 Телекоммуникация мен байланыстың негізгі ішкі және сыртқы факторларын бағалау

4 ауылда ескірген байланыс желілерінің орнына спутниктік байланыс желілерін қолданумен көлік желілерін жаңғырту жүргізілді. «Қазақтелеком» АҚ-ның өз қаражаты есебінен облыстың 35 ауылында сандық АТС жаңғыртылып, пайдалануға берілді.

2009 жылы телефон станцияларын салу, қайта жаңарту және жаңғырту жұмыстарын жүргізудегі жалпы шығын 210,46 млн. теңгені құрады.

Ауылда CDMA-450 стандартындағы сымсыз радиоқатынау технологиясын қолдану нәтижесінде және телефондар орнатуға кезекті жою, әуе байланыс желілерін оңтайландыру кезіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында 8 АЕМ-дегі ұқсас АТС абоненттерін CDMA-450 радиоқатынау желісіне ауыстырылды.

2009 жылы АЕМ-де қосымша 57 телефонмен пайдалану ұжымдық пункті және 32 ұжымдық таксофон орнатылды. Барлығы 2009 жылғы 1 қаңтарға АЕМ-де қосымша 603 ұжымдық телефон пайдалану пункті мен 236 ұжымдық таксофон жұмыс істейді.

Облыс аумағында Beeline, K-Cell, Activ, Dalacom, Pathword сияқты мобильдік байланыс операторлары жұмыс істейді, 2009 жылы саны 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекеннің қамтылуы 83%-ды құрады.

2009 жылы Интернет қолданушылардың саны 100 үй шаруашылығына шаққанда 23%-ды құрады.
2.5. 5-стратегиялық бағыт. Жылумен қамту жүйесінің және сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің дамуын қамтамасыз ету
2.5.1 Жылумен қамту жүйесін дамытудың негізгі өлшемдері

Өңірде 3 аса ірі – Қаражыра, Майқұба және Кендірлік көмір кеніштері бар. Өндірілетін қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі және республика аумағынан тыс жерлерге де экспортқа жіберіледі.

Облыс аумағында Өскемен, Семей, Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін 5 жылу электр станциясы – Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қаласындағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2009 жылы өңірде жылумен қамту көздерінің жалпы саны 198 бірлік құрады, онда орналасқан қазандар саны (энергия қондырғылары) – 686 бірлік.


2.5.2 Негізгі проблемаларды талдау

Облыс бойынша қос құбырлы есептеулерде жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1 031,6 км, олардан таратушы желілер 881,7 км құрайды (құбырлардың диаметрі 400 мм-ге дейін). Жылу желілерінің жалпы ұзындығының 183,9 км (немесе 17,8%) тез арада ауыстыруды қажет етеді.

Статистикалық мәліметтер бойынша облыстың жылумен қамту кәсіпорындары барлығы 2009 жылы – 8086 мың Гкал жылу энергиясын, соның ішінде жылу электр станциялары – 4203,4 мың Гкал, қазандықтар – 3152,7 мың Гкал өндірген, 7080,6 мың Гкал жылу энергиясы, соның ішінде жылу электр станциялары – 3912,6 мың Гкал, қазандықтар – 3151,3 мың Гкал берілді. Жылу энергиясын өндіру мен жіберу бойынша республикада облысымыз Қарағанды мен Павлодар облыстарынан кейін 3-орынды алады.

2007 жылдан 2008 жылға дейін облыстың жылу көздері өндірген жылу энергиясы 7711,5 мың Гкалдан 8106,2 мың Гкалға дейін өскені байқалды, бұл жаңадан қосылған тұрғын үй, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық объектілер санының өсуімен байланысты. 2009 жылы 8086 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 20,2 Гкал-ға кем.

2009 жылғы жылу энергиясын тұтыну құрылымында (3-сурет) тұрғындардың үлесіне – 36%, ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне – 13%, кәсіпорындардың өндірістік қажеттіліктеріне – 21%, басқа кәсіпорындар үлесіне (алып қайта сатушылар) – 30% келеді.

2009 жылы желілерде жылу энергиясы ысырабы көлемі 1112,2 мың Гкал немесе жылу энергиясын босатудың жалпы көлемінің 14,8%-ын құрады. Егер жылу энергиясы ысырабының көрсеткіштерін республика бойынша салыстырсақ, онда біздің облыс бұл көрсеткіш бойынша Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан кейін 3-орынға ие.


3-сурет
2005-2009 жылдарға тұтынушыларға жылу энергиясын босату көлемінің өзгеру динамикасы біраз ауытқуларды қоспағанда жалпы тұрақты сипатқа ие (2007 жыл – 6967,3 мың Гкал, 2008 жыл – 7167,9 мың Гкал, 2009 жыл – 7080,6 мың Гкал).

2007 жылдан 2008 жылға дейін (4-сурет) берілген жылу энергиясына шартты отын шығыны артқан. 2009 жылы бұл көрсеткіш 1383 мың тоннаны құрады, бұл 2008 жылдың деңгейімен салыстырғанда 16,2 мың тоннаға немесе 1,1%-ға төмен және 2007 жылдың дейгейінен 28,6 мың тоннаға немесе 2,1%-ға төмен.

4-сурет

2007 жылдан бастап босатылған жылу энергиясына шартты отынның үлес шығынының ұлғаю үрдісі байқалуда және 2009 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 0,9 Гкалға немесе 0,4%-ға өсумен 195,3 кг/Гкалды құрады (5-сурет).


5-сурет
Соңғы жылдары жылу көздері мен жылу желілерін қайта құру бойынша орындалған жұмыстардың көлемі оларды жаңартуға деген қажеттілікке сәйкес келмейді.

2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасының аясында жалпы сомасы 1176,6 млн. теңге болатын 9 инвестициялық жоба іске асырылды.

Бұған қоса, облыста замануи энергия үнемдеуші технологияларды, әсіресе жылу сорғы қондырғыларын енгізу тәжірибесі жүзеге асырылды.

Жылумен қамту саласы есептеу аспаптарымен өте төмен қамтамасыз етілген сала болып табылады. Сарапшылардың бағалауы бойынша жылу есептеу аспаптарына жалпы қажеттілік 3,3 мың бірлікті құрайды, 1,6 мың бірлік (50,8 %) есептеу аспабы орнатылған.
5-кесте

Жылу электр станциялары мен қазандықтардың орнатылған және

иелендірілген жылу қуаттары, Гкал/сағат


жылдар

Жыл соңына орнатылған

Жыл соңына иелендірілген

ЖЭО

қазандықтар

ЖЭО

қазандықтар

2007

2 075,6

2379,8

2 075,6

2363,9

2008

2 004,6

2548,3

2 004,6

2548,3

2009

2 004,6

2534,2

2 004,6

2519,2

2007 жылдан 2008 жылға дейін қазандықтардың орнатылған және иелендірілген жылу қуаттарының өсімі байқалды, 2008 жылдан бастап қазандықтар қуатының істен шығуы орын алған. Аталған үрдістер қазандық жабдықтарының тозуымен, жылу көздерінің энергетикалық жабдықтарын жаңалау мен жаңғыртуға берілетін инвестициялардың аз көлемдерімен байланысты (21-кестені қара).

Өңірде 2010 жылғы 1 қаңтарға жылумен қамту бойынша 55 кәсіпорын жұмыс істеді, оның ішінде 15 – мемлекеттік, 40 – жеке меншік. 2009 жылы облыстың қалалары мен аудандарында жылу энергиясына тарифтер 48,54 теңге/Гкалдан 4738 теңге/Гкалға дейін түрленіп отырды.

Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1) облыстың жылу көздерінің жылу энергиясын өндіруінің өсуі;

2) облыстың ЖЭО-лары мен қазандықтары үшін арзан отын көзі болып табылатын көмір кен орындарының облыста бар болуы;

Әлсіз жақтары:

1) Семей, Курчатов, Зырян, Риддер қалаларында, Глубокое кентінде сапасыз жылумен қамту қызметтері;

2) жылумен қамтамасыз ететін желілердің 17,8 %-ы ауыстыруды талап етеді.

Мүмкіндіктер:

1) жылумен қамтудың дәстүрлі емес көздерін дамыту болашағы.

Қауіптер:

1) ЖЭО орнатылған және иелендірілген қуаттарының жаппай төмендеуі орын алуы, қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы, негізгі қорлардың жоғары деңгейде тозуына байланысты жылу көздері агрегаттарының апаттық жөндеуде тұрып қалуы;

2) бәсекелестік ортаның дамымауы.
2.5.3 Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Өткізілген SWOT-талдаудың негізінде өңірдің жылумен қамту саласында дамуды тежейтін мынадай негізгі проблемалар анықталды.

1. Жылу көздерінің энергетикалық және қазандық жабдықтарының, магистралдік және квартал ішілік жылу желілерінің шамадан тыс тозуы.

Жоғарыда айтылғандай, бұл проблема ЖЭО мен қазандық жабдықтарының тозуымен, жылу көздерінің энергетикалық жабдықтарын жаңарту және жаңғыртуға инвестицияның аз көлемімен байланысты. Семей қаласының жылу көздері аса қауіп тудыруда. Өткен жылыту маусымдары көрсеткендей, Семей қаласының жылумен қамту жүйесі, әсіресе, сол жағалау бөлігі аса қиындықтарды бастан кешіруде. Сол жағалаудағы негізгі жылу көздері – ЖЭО-1 және РК-1 қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстарын міндетті және шұғыл түрде жүргізуді талап етеді, себебі бұл жылу көздерінің барлық қазан агрегаттары қызмет көрсетудің есепті мерзімдерін өткерген, олардың тозу деңгейі мүлдем нашар деп бағаланды және 70-93%-ды құрайды.

2. Жылу энергиясы ысырабының жоғары деңгейі

Жылу энергиясын тұтынушыларға дейін тасымалдау кезінде ысырабы бойынша 2008-2009 жылдары облыс республика бойынша Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан кейін 3-орында тұрды. Мысалы, климаттық жағдайлары ұқсас өңірлерде жылу энергиясының ысырабы біршама төмен. 2008 (2009) жылы жылу энергиясының ысырабы Ақмола облысында – 454,3 (467,6) мың Гкал, Солтүстік Қазақстан облысында – 546,4 (602) мың Гкал, Павлодар облысында – 198,1 (143) мың Гкалды құрады.

Осыған байланысты жылу желілері үшін алдын ала оқшауланған құбырларды қолдану мәселесі аса өзекті болып табылуда. Құбырларды тартудың осы технологиясын қолдану жылумен қамтамасыз етуші ұйымдардың желілік су ысырабын орнатылған нормадан жылына 50%-ға дейін азайтуға, құбыр өткізгіштерді жөндеусіз пайдалану мерзімін 30 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді, өйткені құбырларды тот басып, бұзылуы болмайды.
2.6. 6-стратегиялық бағыт. Елді мекендерді көріктендіру
2.6.1. Елді мекендерді көріктендіруді дамытудың негізгі өлшемдері

Облыс аумағында 5061,2 км көшелер мен жолдар, 421 га саябақтар, скверлер, алаңдар, аулалар, 2227 тұрғын үй кондоминиумдарының аулалары, 296 ескерткіштер мен қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жаратуға арналған орындар бар.

Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату орындары қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.


6-сурет
Жыл сайын облыс бойынша 140 мың ағаш көшеті, 40 мың погондық метр бұталар және 50 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.

Елді мекендерді көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 2007 жылдан 2009 жылға дейін 4218,5 млн. теңге бөлініп, 99,7% игерілді (6-суретті қара).

Қаржыландыру нәтижесінде 2227 аула аумағының 918-інде көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 858,8 мың ағаш көшеті, 199,1 мың погондық метр бұта, 409 мың шаршы метр гүлзар отырғызылды.
2.6.2 Негізгі проблемаларды талдау

Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1) аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Әлсіз жақтары:

1) аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.

Мүмкіндіктер:

аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік болашағы.

Қауіптер:

1) облыс елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын үй қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келбеті.

Өткізілген SWOT-талдау негізінде өңірдің жылумен қамту саласында дамуды тежейтін мынадай негізгі проблемалар анықталды.

1. Көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 40%-ы балалар мен спорттық алаңдарын салуды, ескі ағаштарды кесіп, шығаруға, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді қажет етеді.

2. Көгалмен жабылған алаңдардың азаюына байланысты елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

3. Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру конкурстарын өткізу үшін облыстық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінуін қарастыру қажет.

4. Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі – қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды ұстау болып табылады. Қоқыстар экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін және қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ресми статусы жоқ, ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге төгіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар жетіспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет