Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Пенрвороссийск селолық округі әкімінің есебі



Дата23.02.2016
өлшемі71.5 Kb.
#4176
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Пенрвороссийск селолық округі әкімінің есебі
2010 жылғы округтің әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және оның 2011 жылға дамуының болашағы туралы

Қадірлі қонақтар, қадірлі жерлестер

Сіздерді Жаңа 2011 жылдарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, сәттілік тілеймін. Әрбір отбасында жетістік және түсінік болсын.

«Тұрғындармен жергілікті орындаушы органдар басшыларының есеп беру кездесуін өткізу туралы» Елбасының 06.04.2005 жылғы Жарлығын орындауда 2010 жылғы Первороссийск селолық округі әкімінің аппаратында істелген жұмыс туралы ақпараттандыруға рұқсат беріңіздер.

2010 жыл Қазақстан үшін маңызды және табысты тарихи кезең болды.

«Жол картасы» жүзеге асырылды, жалпы Қазақстан бойынша жүз мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылды. Қалаларымыз бен ауылдырымыз жаңарды, жаңа мектептер мен ауыруханалар, жолдар, әлеуметтік және комммуналдық саладағы нысандар салынды. Азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсарды.

Еліміздің өмірінде 2010 жыл маңызды жайттармен есте қалды. Қазақстан елі үшін ең бастысы - Қазақстан Президентінің халыққа жылсайынғы жолдау - «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында, Елбасымыз - біздің жолымызға түскен қандай да болмасын қиындыққа қарамай, біз өз тапсырмамызды табысты орындап –тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты Қазақстан құрып келеміз, -деп анық және түсінікті етіп айтты.

2010 жыл Қазақстан тарихында тағы көптеген себептер бойынша айтулы болды, атап өтекендей сыртқы саясатта және ішкі оқиғалардың маңызды кілті болып , бұл жоспарда Европпада қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымға төрағалық ету болды, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65- жыл толуы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 15- жыл, Қазақстан халықтар Ассамблеиасына 15-жыл, Астанадығы ЕҚЫҰ Самиті, және де Бірлескен экономикалық кеңістік құру бойынша Ресей мен Белоруссиямен ортақ Кедендік Кеңеске кіру. Бұл біздің экономикамызды нығайта түседі, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, қазақстандықтардың өмірінің сапасын көтереді.

Қазақстан халқына ел Президенті Жолдауының негізгі ережесіне сүйене отырып, Конституцияны және облыста жергілікті басқару және өзін -өзі басқару туралы ҚР заңын басшылыққа ала отырып өткен 2010 жылға келесі сараптамалар жасауға болады.

Первороссийск селолық округі 1957 жылы құрылды. Оған үш ауыл: Первороссийское с., Дородница а., Васильевка а. кіреді. Селолық округ орталығы Первороссийское селосы. Округ аумағы 42264 га. Селолық округ аудан орталығынан 40 км., ал аудан орталығынан 129 км. орналасқан.

Жалпы округ бойынша аула саны 422, тұрғындар саны 1262 адамды құрайды, 731 адам еңбекке жарамды, соның ішінде селолық округ аумағында жұмыс істейтіндер 359 адам, басқа да аудан және облыс ұйымдарында және кәсіпорындарында 33 адам. Зейнеткерлер 238 адам, мүгедектер 30 адам, мектепке дейінгі жастағы балалар 67 адам, мектеп жасындағы балалар 210 адам, ЖОО және арнайы орта мекемелерде оқитын студенттер 16 адам, оның ішінде грант бойынша 9, көп балалы отбасы саны 5, жалғыз басты зейнеткерлер - 23. «Күміс алқа» -ға рәсімделгендер - 5 адам, «Алтын алқа» -ға 1 адам. Округте 3 ҰОС ардагері, 79 тыл еңбеккерлері, қайтыс болған жауынгер жесірі 1, интернационалист – жауынгер 1, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған – 4 адам тұрады. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.

Халқының аман-саулығы, бейбітшілігі, Қазақстанның экономикалық және саяси тұрақтылығы, көп ұлттың және көп діндік толеранттылығы, көршілермен жақсы қарым-қатнаста болуы бұл- Қазақстанның тәуелсіз жылдарында құрғаны және біз осы үшін мақтанамыз. Селолық округте бірлік пен татулықта көптеген онжылдықтар бойы 9 ұлт өкілдері өмір сүріп және жұмыс істеп келеді. Ұлт құрамы: қазақтар - 74, орыстар - 1121, немістер - 47, басқа да ұлттар - 20.

Окріг аумағында бірде - бір діни ұйымдар жоқ.

« Нұр Отан» Партиясы біздің округте өз қатарында 41 адамды құрады.

2004 – 2010 жылдарға Қазақстан Республикасындағы ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыру нәтежесінде, агроөнеркәсіп комплексі нәтежелі және заманға сай болып келеді. Диқаншылар мемлекет қолдауын көріп және өз еңбегінде айтулы нәтежелерге жетіп отыр.

Первороссийск селолық округінде тіркелген және жұмыс істейтін жеті ауыл шаруашылық құрылым бар, олар өсімдік шаруашылығымен және мал шаруашылығымен айналысады – олардың барлында сәйкес материалдық-техникалық базалары бар және өз жоспарларына сәйкес жұмыс істейді, ауылдың дамуына үлестерін қосып және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Есеп беру жылында алынған дәнді – дақыл түсімі жаман емес, ІҚМ, қой және жылқы басы өсті, мәшінді – тракторлы паркі жаңарды. Жалпы дәнді дақыл ауданы – 2125 га, осыдан алынған түсім 28923 ц., түсімділігі – 13,6 ц/га; күнбағыс 650 га, түсімділігі –8,9 ц/га, жинап алынған 5785 ц. Жалпы ауыл шаруашылық өнім 48 490 мың теңгені құрады.

Тірі салмақта 1333 ц ет, сүт - 12759 (өсім 6%) өндірілді. Былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 9% өсті, жылқы - 25% өсті.

Ең ірі ауыл шаруашылық құрылымы «Дородница», А.П. Полянский басшылығымен әртүрлі технологияларды өндіріске енгізу есебінен, өндірген өнімдерінің сапасын үнемі арттырып отырады. 2010 жылы, сағатына алты тонна астық кептіріп шығаратын астық кептіргіш сатып алып және орнатқан, Зырян аудандағы екі шаруашылықтың біреуі. Шаруашылық асыл тұқымды мал басын өсірумен айналысуда. «Ветеринария туралы» Заңын орындау шегінде шаруашылықта сою цехы салынды.

Малды қауіпсіз қыстату үшін жеткілікті азық қоры даярланған.

Ауыл шаруашылық өндірісшілерін қолдауда, егіс даласындағы жұмыс кезінде мемлекеттен арзан бағада жанар май бөлінді.

2010 жылы қоғамдық өмірге белсене араласқандары және округтің әлеуметтік – экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқандары үшін, Зырян ауданы әкімінің алғыс қатымен : «Дородница» ШҚ басшысы Полянский А.П. және «Антюхов» ШҚ басқарушысы - Вагнер Д.Л. марапатталды.

Қайта өңдеу кәсіпорны диірмен, жарма ұсатқыш және екі май цехын ұсынды.

Өмір сүру деңгейі негізінен азаматтардың жеке әр шаруашылығына тәуелді, Жеке сектордағы мал басы: 247 басты құрайды, оның ішінде сиыр 131 бас, жылқы 85 бас, қой, ешкі – 187, шошқа – 242, құс 2592 бас.

Округ тұрғындары дәндә-дақылмен және жем –шөппен жарна есебінен қамтамасыз етіледі, және де округтегі және аудандағы сауда жүйелерінен, ауыл шаруашылық құрылымдырынан жем-шөп алуға мүмкіндіктері бар. Жеке секторларда көкөніс және картоп өсіруге 48,5 га.жер өңделген.

2011 жылғы 1 қаңтарға белсенді шағын және орта бизнес субъектілері (жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қоса санағанда) 18, бұл 2009 жылғы деңгейден 2 көп. Осы өрісте жұмыс істейтіндер саны 2011 жылғы 1 қаңтарда 118 адамды құрады.

Ауылдастардың бір бөлігі шағын бизнеспен айналысуда. Округ аумағында 7 жеке кәсіпкер және 6 жеке дүкендер жұмыс істеуде. Дүкендегі тауарлар алуан түрлі, бағалары қол жетімді, Васильевка және Дородница ауылдарында наубайхана жұмыс істейді. Негізгі азық-түлікке баға мониторингі үнемі жүргізіліп отырады, негізгі азық түлікке бағаны төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Первороссийское селосына күнсайын Зырян қаласынан нан өнімдері жеткізіліп отырады.

2010 жылы, және жылсайын, селолық округттің елді мекендерін абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Арнайы бөлінген жерге 541 т. қоқыс шығарылды. Есеп беру кезеңінде 23 сембілік және 30 жеке жұмалық өткізілді, оған жалпы санағанда 701 адам қатысты. Первороссийское с. зиратына абаттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

Мектептерді де назардан тыс қалдырмаймыз. Селолық округтің аумағында 1 орта мектеп: Первороссийское орта мектебі және Васильевка мен Дородницада екі орталау мектеп, Первороссийское с. бір – музыка мектебі бар, осы мектептерде 230 оқушы оқиды, оның ішінде шағын-орталықта 15 бала, мектепке дейінгі даярлықта 22 бала бар. Педагогикалық ұжымда 43 мұғалім бар, оның ішінде 27 жоғарғы білімді ҰБТ қорытындысы бойынша біздің оқушылар жақсы көрсеткіштерге ие болды, орташа көрсеткіш 71 баллды құрады, еі жоғарғы бал 92. Барлық мектептерде компютерлік сыныптар , интернетпен байланыс бар. Первороссийское орта мектебінде мультимедиалық кабинет бар. Педагогикалық ұжым оқушыларды еліміздің индустриалды – инновациалық дамуының талаптарына жауап беретін білім жүйесінің даму шегінде тәрбиелеуге тырысады. Он үш тілектің бесеуі: Семенова Настя, Попукалова Ольга, Соловей Татьяна, Бельгибаева Мира и Шинкарева Оксана мемлекеттік грантқа ие болды. Мектеп оқушылары интелектуалды марафонға: Айналайын, Ақ Бота, Русский медвежонок белсене қатысып, жақсы қорытындылар көрсетті.

Мектептерде оқу бағдарламасынан басқа тәрбиелік, спорттық, көркем өнерпаздық бойынша және басқа да әртүрлі шаралар өткізіледі.

Жазғы демалыс аралығында мектепте жазғы денсаулықты жақсарту алаңдары жұмыс істеді. 105 бала демалды.

Округ мектептерінде 2010 жылы анықталған жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл спорт және акт залдарын жөндеу, канализация жөндеу, іргені құйу, Первороссийское орта мектебінде жылыту қазандығын ауыстыру, Дородница орталау мектебінде қазандықты жөндеу. Жөндеу және қайта тұрғызу жұмыстарының шығына 7475000 теңгені құрады.

Тұрғындарға қызмет көрсету орталығы ашылғаннан бастап барлық қызметтер: тууды , некені және қайтыс болғандарды тіркеу аудандық АХАЖ көрсетеді, селолық округте 2010 жылы туылған балалар -12 , тіркелген неке саны - 4, қайтыс болған азаматтар 26.

Первороссийск селолық округі әкімінің аппаратымен ХҚКО бірлесіп аудан орталығына көптеген себептер бойынша бара алмайтын азаматтарды құжаттау бойынша жұмыс жүргізді. Округтің 145 тұрғыны құжаттандырылды, Первороссийское с. - 105, Дородница а. - 22, Васильевка а.- 18.

77 нотариалдық іс жүргізілді, 11729,5 теңге мемлекеттік баж төленді.

Селолық округ аумағында 3 дәрігерлік пункт - Первороссийское с., Васильевка а., Дородница а. бар, 5 адам дәрігерлік қызмет көрсетеді. Дәрігер жұмысшылар аурулардың үйлерін аралап, дәрігерлік көмек көрсетеді. Ересек тұрғындарға, балаларға алдын-ала егу, дәрігерлік тексерулер жүргізеді. Ересек тұрғындарға және балаларға егу жүргізілді. Зырян қаласының №2 Дәрігерлік бірлестігінің дәрігер бригадасымен округ тұрғындарына тексеру жүргізді. Тұрғындар флюро тексеру қызметімен қамтамасыз етілген. Дәрігерлік пункітте алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін дәрілік препараттар бар. Бір жасқа дейінгі, 5 жасқа дейінгі, емдеу мекемесіндегі балалар және жеткіншектер тегін дәрі-дәрмек алды. Емдеу мекемесінде тұрған ересектер жыл бойында жеңілдетілген баға бойынша және тегін дәрі алып отырды. Инфекциалық аурмен ауыратындар жоқ.

Ауылдастар өмірінде ең маңызды орын алатын кітапхана бар, кітап қорының саны 7648 дана, оның ішінде 550 дана мемлекеттік тілде. Өткен жылы 198000 теңге соммасында 279 дана кітап түсті. Селолық кітапхана үшін мәдениет бөлімімен рәсімделген басылымдарға жазылу саны жылсайын өсуде. Кітапханашы М.Е. Шарапова округте өткізілетін барлық шараларға белсене қатысады, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ауызша журналдар, оқу конференсиялары рәсімделеіп отырады.

Спорттық шараларды өткізу үшін 1 стадион, 6 спорттық алаң, 2 спорт зал бар.

Барлық мейрамдар, Жаңа жыл, Наурыз, Жеңіс Күні, Қазақстанның тәуелсіздік Күні, қарттар және мүгедектер Күні және тағы басқа да мейрамдар ауылдық Мәдениет үйінде және мектептерде өткізіледі. Мерекені өткізуге ауыл шаруашылық құрылымдары және жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетеді. «Веселые товарушки» халықтық фольклорлық ансамблі және Халықаралық конкурстың Дипломанты және лауреаты «Узорье» фольклорлық тобы өз дарындарын шыңдауда. Қызығушылық бойынша клуб, би тобы жұмыс істейді. Биылғы жылы «Узорье» тобының үш қатысушысы Шинкарева Оксана, Попукалова Ольга және Бельгибаева Мира, Шығыс Қазақстандағы мемлекеттік университетіндегі мәдениет және спорт факультетінің музыка бөліміне түсті.

Селолық округте дене шынықтыру мен спорттың дамуына назар аударылуда. Жылсайын Первороссийск селолық округі әкімінің сыйлығына «Алтын күз» атты спорттық жарыс өткізу салтқа айналған. Дородница орталау мектебінің оқушылары, өз ісінің шебері, дене шынықтыру мұғалімі А.Д. Шишкуновтың басшылығымен, әйелдер футболы бойынша мектепте ғана емес сондай-ақ, ауданда да спорттық жетістіктерге (1 және 2 орын) жетуде. Первороссийское орта мектебінің спорт залына күрделі жөндеу жүргізілді, бұл жаңа спорттық жетістіктерге мүмкіндік туғызады.

Тұрғындарға көрсетілетін ең басты қызмет, бұл байланыс. Первороссийское с. 255 нөмірлі сандық телефон станциясы жұмыс істейді, қосылғаны 220, оның ішінде 209 телефоны пәтерлерде. Бұдан басқа тұрғындар 50 абоненттен астамы CDMA байланыс қызметін және KZKCELL мен BEELINE ұялы байланысын пайдаланады. Телефон нүктелері округтегі барлық мектептерде және ФАП терде бар.

Первороссийское селосының ұрғындарына пошта бөлімі қызмет көрсетеді, пошта жұмасына үш рет әкелінеді, жазылушыларға баспалар пошташы арқылы сол күні жеткізіледі. Барлық жазылам деушілер қалаулар бойынша қоғамдық саяси басылымға немесе танымдық әдебиетке жазыла алады. 2011 жылға мерзімдік басылымға жазылу бойынша жоспары 109% орындалды. Көп түскен басылымдар жеке сату арқылы жүзеге асырылады. 2010 жылы Первороссийское с. Пошта байланысының бөліміне 10 адамға отыратын орын әкелінді. Васильевка және Дородница ауылдарына жұмасына бір рет Зырян АПБЖ шығу бригадасы қызмет көрсетеді.

Округтің елді мекендері электр тоғымен 100% қамтылған. Электр энергиясының іркілісі жоқ, тұрғындар РЭК қызметін уақытында төлеп отырады.


Осы аралық кезеңінде, барлық ауылдарда кеңестік шаруашылықтан мұраға қалған су құбыры бойынша орталықтандырылған сумен жабыдықтау жүзеге асырылады. Первороссийское және Васильевка ауылдарында, былтырғы жылдағыдай, жаз аралығында тот басқан құбырларды жамады. Жылсайын жөндеу жұмыстары көбейуде, металдың тозуы 100% теңесуде. Васильевка және Первороссийское ауылдарында орталықтандырылған сумен жабдықтауды сақтап қалу үшін «Ауыз су» республикалық бағдарламаға қосу қажет. Қажетті құжаттар дайындалып және осы нысандардың технико – экономикалық негізін құру және жоспарлы-сметалық құжатты құру бойынша арығарайғы жұмыс үшін Зырян ауданы әкімінің аппараты «Құрылыс бөлімі» ММ қарау үшін жіберілген.

Жер асты суын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес, елді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын елді мекендерге, суды пайдалануға рұқсат берілетін құжат талап етіледі. Әрбір ауыл бойынша рұқсат берілетін құжатты алу үшін үш миллион теңгеден астам қаражат қажет. Васильевка ауылындығы жай серіктестікте, Первороссийское а. жеке кәсіпкер И.П. Левченкода, Дородница шаруа қожалығында бұндай қаражат жоқ. Осы мәселені шешу қазіргі уақытта аудан әкімдігінің мамандары округ әкімімен, балансты ұстаушылармен бірлесе отырып айналысуда.

Дородница а. су құбырының жүйесі тұрақты жұмыс істеуде. Ауыл тұрғындары атынан «Дородница» ЖШС директорына - А.П. Полянскиге, Дородница ауылындағы су құбырының жүйесін ұстағаны үшін үлкен алғыс айтмын.

Тұрғындарды жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша көп мәселелер шешілуде. 2010 жылдың қорытындысы бойынша нақты тіркелген жұмыссыздар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 20 % қысқарды, және 8 адамды құрады. 2011жылғы 1 қаңтар жағыдайы бойынша округ бойынша 12 жаңа жұмыс орны құрылған, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіргендер саны 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеді және 3 адамды құрады. Жұмыспен қамту органы арқылы 7 адам жұмысқа тұрды. Қоғамдық жұмысқа өткен жылы 10 жұмыссыз қатысты. Тұрғын үй жәрдемақысы 2010 жылға - 44, 2009 жылы - 43 іс рәсімделді. ӘМЖ, балаға жәрдемақы 11 отбасына рәсімделді.

Селолық округ аумағында кірісі кедейлік деңгейінен төмен жалғыз отбасы тұрады. Аз қамтылғын отбасы - 8, көп балалы отбасы  - 5, 2010 жылы бұл отбасылар 691800 теңге соммасында жәрдемақы алды, 151000 теңге ӘМЖ алды. Селолық округ бойынша 3 әлеуметтік жұмысшы бекітілген ережелерге және ұсынсытарға сәйкес үйде қызмет көрсетуде, жалғызбастыларға және қарттарға қызмет көрсетеді. Қызмет көрушілер жағынан әлеуметтік қызметкерлерге шағым түскен жоқ, тек-қана алғыстарын білдіруде.

Жолға қатысты мәселелерге келсек. 2010 жылы жолды жөндеуге ақшалай қаржы бөлінген жоқ. «Дородница» шаруа қожалығының есебінен тас жолдан Дородница ауылына дейінгі жолға жөндеу жүргізілді, себу және Дородница.а. көшелерін тегістеу жүргізді.

Қыс мерзімінде 20,45 км. жолды және ауыл көшелерін қардан тазарту қажет. Аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге қаржы бөлінген. Біздің округте Васильевка және Дородница аулыдарын кіретін жолдар жатады. Елді мекен пункттерінің көшелерін тазартуға қаржы бөлінбеген. Тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету нысндарына дейінгі, селолық мектептерге дейінгі жолды тазарту 4,7 км. қашықтықта жүзеге асырылады және кәсіпорын есебінен жүргізіледі. Осы мақсаттар үшін округ әкімінің аппаратымен ауыл шаруашылық құрылым ұжымымдары өзара бірлесіп ұзақ мерзім туралы меморандум жасасты. Полянский Алексей Павлович, Козлов Сергей Петрович, Байкубинов Қайырды Айткешевич, Бугубаев Жанатбек Какенович басшылығымен кәсіпорындар өздері алған міндетті толық көлемде орындауда.

Осы есептен Васильевка ауылына кіретін жолды тазартуды К.А. Байкубинов және Ж.К. Бугубаев басшылығымен кәсіпорын өзідеріне алды, ал артылған ақшалай қаржы Первороссийское ауылының көшелерін тазартуға жұмсалды. Осы мақсат үшін жеке кәсіпкерлер С. Н. Пеняевпен және А.Н. Куликовпен жалпы соммасы 277000 теңге, қыста жолды тазарту шарты жасалды.

Негізгі назарды елді мекен пункттерін жарықтандыруға бұрғым келіп тұр, бұл округ аумағындағы барлық нысандардың қызметімен байланысты мәселе. 2009 жылы округтің елді мекен пункттенің жарықтандыру бойынша жұмысты орындауда «ТҮК бөлімі, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары» ММ сметалық құжаттарды даярлау үшін құжаттар тапсырылған. 2010 жылы Первороссийское ауылының екі көшесін - бұл Грибакиных көшесі және Фрунзе көшесінің бір бөлігін жарықтандыру бойынша жұмысты жүргізуге қаржы бөлінді. Бұдан басқа біз жұмыс жоспарына Дородница ауылын егізуге қол жеткіздік. Жұмыс басталды, аяқталуы 2011 жылдың наурызында.

Әскери есепте 161 әскери міндетті тіркеуде тұр, 5 запастағы офицерлер, 58 әскер қатарына шақырушылар. Арнайы әскери аралыққа есепте 27 арнайы тағайындалғандар тұр.

Селолық округ Зырян қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкеге қатысты, ол жерде негізгі азық түлік бағасы базар бағасынан төмен. 2010 жылдың 4 қыркүйегінде біздің округ Зырян қ. жәрмекені ұйымдастырушы болды. Аудан тұрғындары қол жетімді бағамен мал және өсімдік өнімдерін, ет , май, кілегей, сүт, бал және т.б. сатып алды.

Селолық округ әкімінің аппаратында 4 штаттағы жұмысшы жұмыс істейді. 2010 жылы бюджет 100 % қамтылды. Селолық округ әкімінің аппаратында әкімшілік реформа шегінде тұрғындарға мемлекеттік қызметі нәтежелі көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Үнемі жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі, оларға сәйкес жауаптар, ұсынымдар, консультация беріліп отырады. Барлығы 74 адам тіркелді, олардың ішінде заңды және жеке тұлғалардан 74 өтініштер келіп түсті, олардың ішінен жеке тұлғалар бойынша- 61, заңды тұлғалардан - 13. Барлығы қаралды. Түскен жазбаша өтініштердің негізгі бөлігі, мал басының бары туралы анықтама беру туралы, жер мәселесі бойынша, ағаштарды кесу өтініштерін құрайды. Оларды қарау және келісу шегі бойынша жазбаша жауаптар беріледі.

Бюджетке толық көлемде салық және басқа да төлемдер жиналып өткізілді. 2010 жылы жергілікті салық жинау 102,1% орындалды, оның ішінде: жеке тұлғалардан жер салығы 197203 теңге, жеке тұлғалардан мүлік салығы 29766 теңге, барлығы 226969 теңге. Біржолғы жиын - 1900 теңге.

Жалпы округте адамгершілік психологиялық ахуал тұрақты. Үнемі селолық округ учаскелік инспекторымен жұмыс жүргізіліп отырады. Олар төлқұжаттық тәртіп бойынша, кәмілеттік жасқа толмағандармен құқұқ бұзушылықты алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Округ бойынша 3 құқұқ бұзушылық тіркелді, оның ішінде ашылғандар- 2, ашылмағаны - 1. Әр түрлі құқұқ бұзушылық үшін 79 әкімшілік хаттама құрылды, ЕМА жағыдайында емдеуге - 4 адам жіберілді. Ағымдағы жыл ішінде селолық округ тұрғындарынан учаскелік инспектор жұмысына шағым түскен жоқ.

Тұрғындармен барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кезесуі, ел Президентінің Жарлығы бойынша міне алтыншы жыл өткізіліп отыр, тұрғындармен өзара ақпарат алмасудың нәтежелі мүмкіндіктерін береді, селолық округтің әлеуметтік - экономикалық жағыдайының түйінді мәселелері көтеріледі. Бұл жерде билік пен халықтың арасында ашық диалог өтеді.

Жылсайын кездесу кезінде тұрғындар үшін негізгі және қатты бататын мәселелер көтеріледі және негізгі бөлігі жыл ішінде шешіледі. 2009 жылы есеп беру кездесуінде 7 мәселе көтерілді, оның ішінде 1 орындалмай қалды. Өткен жылдың қорытындысын қорыта келгенде біз өз жұмысымыздың қорытындысын көреміз, әрине алда шешілмеген көп істер бар, бір-ақ біз білеміз, бірлесіп барлық қиындықтарды жеңеміз. Біздің міндетіміз Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру болып табылады, халықтық демократиялық Нұр Отан паритясы біздің тұрғындарымыздың өмірін жақсартуға, жергілікті басқару және өзін өзі басқару туралы заңында көрсетілген өкілеттілік шегінде біздің мамандарымыз көрсеткен қызмет сапасын жоғарлату.

2011 жылға округтің болашақ дамуы.

1. Первороссийское с. дәріхананы ашу.

2. Дородница және Васильевка ауылдарындағы зираттарды абаттандыру

3. Первороссийское с. Зиратқа баратын жолды жөндеу.

4. Адам өміріне және үйлерге қауіп төндіретін ағаштарды (талдарды) кесу, барлығының

отыз пайызын.

5. Первороссийское с. Береговая және Советская көшелеріне себу жұмыстарын жүргізу

және түзету.

6. Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында көкөніс өндіру бригадасын құру.

Біздің округ – біздің ортақ үйіміз, округте округіміздің болашағына немқұрайлы қарамайтын адамдар тұратына сенемін және біз бірлесе отырып көздегенімізді орындаймыз.



Назарларыңызға рахмет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет