Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы»



Дата03.03.2016
өлшемі21.38 Kb.
#35657

2014 жылдағы Шығыс Қазақстан облысының

мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының

сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бойынша

ақпарат


Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы және 2011–2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша салалық бағдарламасын жүзеге асыруда, орындаушылық тәртіпті сақтауда белгілі жұмыс атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында басқарма қарамағындағы ұйым басшыларының қабылдауы облыс әкімінің қолдауымен басқарма басшысымен, басқарма қарамағындағы ұйым мамандарын жұмысқа қабылдауы басқарма басшысының қолдауымен ұйым басшыларымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі, мемлекеттік қызметке қабылдауы барлық рәсімдердің сақталуымен конкурс арқылы немесе ауысу тәртібімен жүргізіледі.

Басқармада сенім телефоны бар және тұрақты комиссия қызмет етеді, басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің ар намыс кодексін бақылау кітапшасы арналып ашылған.

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуіріндегі № 793 Жарлығынын орындалуына орай басқармада және облыстық ведомстволық бағынысты мекемелер ғимараттарындағы жалпыға қол жетімді орындарда лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері жөнінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарына арналған жәшік орнатылған. Басқарма басшысымен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіледі, азаматтарды жеке қабылдау кестесі басқарма ғимаратының стендінде орналастырылған. Басқармада қабылдауға келушілерді есепке алу және азаматтардың ауызша өтініштерін тіркеу журналдары бар, басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдаудың бақылау картотекасы жүргізіледі.



Басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы оқып білу бойынша жұмыс атқарылады. Басқарма және ведомстволық бағынысты мекемелер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеген сөздер мен басылымдар жарияланады, басқарма қызметі туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының сайтында орналастырылады.

2014 жылы бекітілген кестеге сәйкес басқарма ұжымы арасында және ведомстволық бағынысты ұйымдарда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңын оқып үйрену және оны ұстану бойынша сабақтар жүргізілді. Басқарма қызметкерлері арасында сыбайластық әрекеттердің орын алуын анықтау мақсатында қызметкерлер мен басқармаға келушілер арасында анонимдік сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық қылмыс фактісі анықталған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет