Шыңғысхан өзінің Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына үлкен мән берді, өйткені осы жерден Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашылатын еді. Сондықтан да мұқият әзірленді



Дата28.02.2023
өлшемі167.59 Kb.
#470144
Мәтін


Мәтін
Шыңғысхан өзінің Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына үлкен мән берді, өйткені осы жерден Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашылатын еді. Сондықтан да мұқият әзірленді. Шыңғысхан 1218 жылы Орта Азияға негізінен әскери барлау мақсатымен 500 түйеден тұратын керуен жібереді. Жол-жөнекей ол Отырарға келіп аялдайды. Көпестері шпион деп секем алған Отрардың әкімі Қайырхан оларды өлтіріп, мүлкін тонауға бұйрық береді. Шабуыл жасауына осы сылтау болды. Қалаға жақындағанда Монғолдың қолбасшысы өз күшін екіге бөлді: ұлдары Шағатай мен Үгедей (Үкітай) басқарған бірнеше түменді Отырарды қоршауға қалдырды, Жошы басқарған екінші бөлігін Сырдарияның бойымен төмендегі Жент пен Жаңакентке жіберді, үшінші жасақ Сырдарияның жоғарғы сағасындағы қалаларды жаулап алуға арналды, ал Шыңғысханның өзі кенже ұлы Төлеймен негізгі күшті бастап Бұқарға қарай бет алады. Отырардың қорғанысы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының монғол жалаушыларына қарсы күресі тарихының жарқын беті болып қалды. Жеңіске жеткен Шағатай мен Үгедей тұтқындарды, Отырардың тұрғындары мен оның маңындағы қоныстардың адамдарын алдына салып айдап, 1220 жылы ақпанда Бұқар мен Самарқан арасында кетіп бара жатқан Шыңғысханға барып қосылады. Шыңғысхан тірідей жеткізілген Қайырханның құлақтары мен көздеріне қорғасынды ерітіп құюға әмір етеді. Отырарды басып алып, оны жермен жексен етіп тегістеген Шыңғысханның қарақшылары Сырдарияның бойымен төмен жүріп Үзгент пен Баршынкентті алады, 1220 жылы сәуірде Жент қаласына жақындайды. Шыңғысхан басқарған монғол армиясының бас корпусы 1220 жылы мамырда Әмударияға дейінгі Орта Азия жерін түгел басып алады. 1221 жылғы көктемнен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Үндістанның солтүстігіне ойысады. Басқа бір жасақ 1220 жылы Солтүстік Иран арқылы Кавказға килігеді, онда аландарды, қыпшақтар мен орыстарды қиратып Қалқа өзенінен бір-ақ шығады, Русь жерлерінің оңтүстігіндегі шет аймақтарды тонайды. Дешті Қыпшақты басып өтіп, 1224 жылы Шыңғысханның Ертістегі Ордасына қайтып оралады. 1225 жылы Шыңғысхан Монғолияға қайтып келеді. Сөйтіп 1219-1224 жылдары монғолдар шапқыншылығы салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясына қосылады.
1. тапсырма.Орта Азияға моңғолдардың әкелген өзгерістерін анықтаңыз.Постер құрастыру

2 тапсырма. XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердің дамуындағы өзгерістерді төмендегі кестеге толтырыңыз.

Этноәлеуметтік




Шаруашылық




Территориялық




Саяси





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет