Холедохолитиаздың еміндегі ашық хирургиялық ЖӘне эндоскопиялық Әдістерді салыстыруды жүйелі шолу



бет1/6
Дата12.11.2022
өлшемі436.24 Kb.
#464649
  1   2   3   4   5   6
Хоедохолитиаз диагностикасы.41-2 топ

ХОЛЕДОХОЛИТИАЗДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫНДА ЭРХПГ ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ: ЖҮЙЕЛІ ШОЛУ

ғылыми жетекшілер: хирургия кафедрасының профессоры Абуов С.М.

«Менеджмент және денсаулық сақтау саясаты» кафедрасының ассистенті Текебаева С.У

авторлар: ЖМ15-41-02 топ


«С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ
НАО «Казахский национальный медицинский университет имени С.Д.Асфендиярова»

Тақырып өзектілігі:

  • Өт тас ауруы гастроэнтерологиядағы айтарлықтай сырқаттанушылықпен байланысты ең көп таралған мәселелердің бірі болып табылады. Ол өт қабында (холецистолитиаз) немесе жалпы өт жолында (холедохолитиаз) тастармен көрінуі мүмкін. [1] Өттас ауруына байланысты холецистэктомия жасалған пациенттердің 10-нан 18%-на дейін жалпы өт жолында тастармен зардап шегеді. [2] Жалпы өт жолындағы тастарды диагностикалау эндоскопиялық ретроградтық холангиопанкреатография (ERCP) болып табылады. [3] Холедохолитиазды хирургиялық емдеудің негізі әдісі лапароскопиялық холецистэктомия және ашық холецистэктомия. [4] Өт жолы тастарын емдеу әдістері ашық холецистэктомия және ашық жалпы өт жолы ревизиясы, немесе лапороскопиялық холецистэктомия және лапроскопиялық жалпы өт жолы ревизиясы (LP+LCBDE), эндоскопиялық ретроградтты холангопанкреатографиямен салыстырғанда (ERCP) холецистэктомияға дейін және кейін әдетте екі этаппен жүргізіледі. Аталған манипуляциялар сфинктеротомия және сфинктеропластикамен қатар жүреді.[6] Бұл шолуда холедохолитиазбен ауыратын науқастарда ашық хиургиялық, аралас және лапароскопиялық холецистэктомия кезіндегі ЭРХПГ жасау кезеңінің тиімділігін анықтау мақсатымен салыстырмалы анализ және жүйелі шолу қарастырылған.

Зерттеу мақсаты: Жалпы өт жолдарындағы тастарды емдеудің әртүрлі тәсілдерінің тиімділігін жүйелі түрде қарастыру. Шетелдік рецензияланған ресми журналдарда жарияланған жалпы өт жолдарындағы тастарды емдеу тақырыбын қамтитын зерттеулерге жалпы шолу жасау; Холедохолитиаз еміндегі қолданылатын емдеу тәсілдерін, ашық холецистэктомия және ашық жалпы өт жолы ревизиясы, лапроскопиялық холецистэктомия және лапроскопиялық жалпы өт жолы ревизиясына (LP+LCBDE) көрсеткіштерді анықтау; Холецистэктомия кезіндегі жүргізілетін эндоскопиялық ретроградтты холангопанкреатографияны (ERCP) холецистэктомияға дейін немесе кейін жасау әдістерінің тиімділігін салыстыру; Холедохолитиазды емдеу бойынша ұсыныстар беру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет