Шілікті ауылдық округінің әкімі Қ. Сағиевтің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есебінен тезистер Елбасымыз, 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»



Дата23.02.2016
өлшемі103.66 Kb.
#2495
Шілікті ауылдық округінің әкімі Қ. Сағиевтің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

есебінен тезистер
Елбасымыз, 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері қол жеткен жетістіктеріміз бен алғы күннің міндеттерін айқын көрсетіп берді.

Шілікті ауылдық округі әкімінің аппараты «Қазақстан Республикасының жергілікті және өзін -өзі мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және округтің 2013-2017 жылдарға арналған Даму бағдарламасын басшылыққа алып, жұмыстар атқаруда.

Шілікті ауылдық округінде 5 елді мекен бар. Осы ауылдарда татулықтары жарасқан 481 отбасында 2284 адам тұрады. Оның ішінде: 215 зейнеткер, 31 тыл ардагері бар. Округ бойынша 2 орта, 1 шағын жинақталған, 1 бастауыш мектеп бар. Жоғарыдағы халыққа мәдениет үйі, пошта, телеком қызметі, электр желісі, дәрігерлік емхана, 4- фельдшерлік пункт, 9- дүкен, 3 -наубайхана, 1- ЖҚС, 1- дәріхана,1- кітапхана, 1- мал сою алаңы, 1 - мұсылмандар мешіті қызмет көрсетуде.

Округтің әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттарының бірі- ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру болса: 2014 жылы ірі қара -12784, қой-ешкі -32542, жылқы- 2630 басқа жетті. 2014 жылы мал басы 2013 жылмен салыстырғанда: ірі қара - 734 басқа , қой-ешкі - 3442 басқа, жылқы -42 басқа өсті.

Мал өнімдерін өндіру бойынша 292 т ет, 6910 литр сүт, 96000 ц жүн өндіріліп, былтырғыдан ет 105 %-ға артты.

Округтегі тіркелген 92 шаруа қожалығының 42 шаруа қожалығы тікелей мал шаруашылығын дамытумен айналысып келеді.

Мал тұқымын асылдандыру бағыты бойынша 2013 жылы 21 асыл тұқымды бұқа болса, 2014 жылы 7 асыл тұқымды бұқа сатып алынып, 19 шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан субсидия алуға құжат өткізді. Шаруа қожалықтары 27 бас бұқаға, 3 шаруа қожалығы қойға субсидияға құжаттарын өткізді. «Жайлау» бағдарламасы бойынша 2013 жылы округтен 1 отбасы –Мылқыбаев Т. 100 қой алды, 2014 жылы Тасбастау ауылының тұрғындары Избайыров Ж. пен Мухамадиев Ш. 200 бас қой алды.

Мал шаруашылығын өркендету үшін егін шаруашылығының мәні зор екені белгілі. Су тапшылығына байланысты егін егілмей отыр. «Жанарбек» ш/қ жетекшісі 2 гектар картоп егіп, 240 мың теңге субсидия алды. Өткен жылы 75 га картоп және «Береке» шаруа қожалығының мүшесі Қисметов Даулет 10 га арпа егіп гектарынан 16 центнерден өнім алды. «Орта Көкбастау» ш/қ жетекшісі А. Рахимов лизингке МТЗ-82 тракторын қосалқы бөлшектерімен алды. Келешекте егін егу көлемін ұлғайтудың жолын қарастыру біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі болады. Бір сөзбен айтқанда бұл мәселе күн тәртібінен түспейді.

Өткен жылы ауа-райының қолайсыз құрғақшылық болуына қарамастан, ауыл тұрғындары мал азығын дайындау науқанын ұйымшылдықпен өткізіп, қолдағы бар малға жеткілікті мал азығы дайындалып тасылды.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға байланысты мынадай жұмыстар атқарылды. 2014 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша І- жарты жылдықта 5 адам 13 миллион 500 мың теңгенің несиесін алса, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 4 адам 8 млн 300 мың теңгенің несиесін алды. Олардың барлығы мал шаруашылығын кеңейту жұмыстарын жоспарлаған.

Округ аумағында 2 орта, 1 шағын жинақталған орталау, және 1 бастауыш мектеп бар. Оқушыларға сапалы білім беруде барлығы 81 мұғалім еңбек етеді. Мектептерде шағын жинақталған орталықтар бар. Барлық мектептің бастауыш сынып оқушылары бір мерзім ыстық тамақпен қамтылған. Өткен жылы 29 млн 400 мың теңгеге Шілікті орта мектебінің шатыры жаңартылып, спорт залы ағымдағы жөндеуден өтті. Өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден Шілікті орта мектебі аудан көрсеткішінен жоғары 78,6 % көрсеткішке жетсе, Шекарашы орта мектебі ??балл алып, төменгі деңгейді көрсетті. Алдағы уақытта білім ордалары ҰБТ тапсыруда жоғары деңгейде көрінуге барынша жұмыстар атқарулары керек. Балалардың жоғары деңгейде білім алуына және жоғары тест көрсеткішін алуына ата-аналардың да ықпал етуі керек.

Округте қыстаманы тиянақты өткізу үшін қысқа дайындық бойынша штаб құрылған, 5 рет отырыс өтті. Штаб отырысында мекемелердің қыстамаға дайындық барысы туралы мекеме басшыларының мәселелері қаралды. Шілікті ауылдық округі бойынша аса күрделі жұмыстарды қажет ететін нысандар жоқ.

Ауыл тұрғындарын аудан орталығымен күнделікті қажетті тұрмыстық жағдайларға байланысты аудан орталығына күнделікті автобус қатынап тұрады. Аптасына екі рет Жалши ауылына барып қатынап, бұл сала бойынша аудан әкімі тарапынан жасалып отырған қамқорлығына көпшілік дән-риза.

Ауыл халқын көмірмен қамтамасыз ету барысында ауыл әкімімен үш кәсіпкермен көмір тасуға байланысты меморандум жасалып, соның нәтижесінде 600 т-дан артық көмір халыққа тасылып, түсіріліп берілді. Бұл жұмыс ары қарай жалғасын табуда. Сондай-ақ, аудан тарапынан бөлінген 20 т көмір округтегі аз қамтылған және жалғыз басты 20 отбасына қараша айында жеткізіліп, комиссия арқылы бөлініп берілді. Мекемелерге көмір ақпан айына дейінгі аралыққа толық түсірілді, жылу қазандықтары қалыпты жұмыс істеп тұр. Дәрігерлік аурухана және мәдениет үйі электр пешпен жылытылады.

Азық-түлік бағасын тұрақты жағдайда ұстауға байланысты сауда дүкендері мен 3 наубайхана иелерімен меморандумдар жасалып, жы көлемінде нан бағасы 50 теңгеден сатылуда. Жыл басынан бері ауданда өткізілген сенбілік жәрмеңкелерге қатысып отырамыз. «Туған жер - алтын бесігім» аясында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Өскемен қаласына 3 рет барып, ауылшаруашылық өнімдерін саудаладық.

Кәсіпкерлік саласын дамытуда шіліктілік кәсіпкерлердің де атқарып отырған жұмыстарын атап өткен жөн. Олар ауылдық округтің халқын күнделікті қажет тауарлармен қамтамасыз етуде: Бұлар: А. Мыңжасаров, С. Пазылов, Б. Келемеденов, К. Сапарғалиева, М. Рахымбаев, М. Жақыпбаев, Н. Мағжаев, Т. Сарышев, А. Сепсекенова, ал ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде, мал басын өсіруде ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына шаруа қожалықтарының басшылары С. Пазылов, Б.Тұрғынов, А. Рахимов, Б. Тусупбаев, Д. Мадиев, Б. Қабылбаев, М. Жүрекбаев, Қ. Бекетаев, Д. Қисметов өз жұмыстарын ұйымдастырып, өз үлестерін қосуда.

Округте қоғамдық ұйымдардан ардагерлер, әйелдер кеңесі және әжелер алқасы тұрақты жұмыс істейді. Бұл ұйымдар халық арасында өтетін мәдени шараларға қатысып отырады.

Өткен жылы Халықаралық қарттар мерекесіне орай округке қарасты барлық елді мекендерден 70-тен асқан 95 қарттарымыздың басын қосып, салтанатты түрде құттықтап, сый-құрмет көрсетіп, мерекелік дастархан жасадық. Сондай-ақ, аудандық «Бәйтерек» сауықтыру орталығында тыл ардагерлері мен батыр аналардан алты адам демалып қайтты. Ауыл әкімшілігінен демалып жатқандарға дәм-тұзымызды апарып, концертімізді қойып қайттық.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 4 фельдшерлік пункт және 1 ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 10 орындық күндізгі стационар халыққа қызмет көрсетуде. Тұрғындарды дәрі-дәрмектің тұрақты бағасымен қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкер А. Сепсекенованың дәріханасы жұмыс істеп тұр. Халыққа дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуде ауылдық емхана ұжымы да жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарды. Емханада 1 бас дәрігер, 11 орта буынды мамандар қызмет етеді. Өткен жылы 273 адамға 31 млн 847 мың 292 теңгенің тегін дәрі –дәрмегі берілді. Жыл көлемінде 17 адам қайтыс болып, 40 бала дүниеге келді. Сондй-ақ, бірнеше жыл халықтың көкейінде жүрген, халыққа жедел жәрдем қызмет көрсетуге жаңадан Уаз авто көлігі алынып берілді.

Мәдени – көпшілік жұмыстарға үнемі бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп келеміз. Мәдениет саласында 10 адам қызмет істейді. Жыл көлемінде мәдени шаралар, даталы күндер жоспарлы аталып өтеді. Шефтік Көктекше заставасына Шекарашылар күніне ауылымыздан мәдениет қызметкерлері барып, концерт қойып, бағалы сыйлықтар тапсырып, үнемі қарым-қатынаста болып келеміз. Жуықта Шілікті ауылының мәдениет қызметкерлері А.Дутбаев, Б.Ноғайбаев, А.Досанова Алматы қаласына барып, «Қазақзағиптар қоғамында» болып, қайырымдылық акциясын өткізіп, концерт беріп, қоғамның ризашылығына бөленіп қайтты.

Аудан әкімі Алмас Оңдақановтың қолдауымен ақиық ақынымыз Хамит Балшабековтың туғанына 75 жыл толуына орай Шілікті ауылында ақынды еске алуға бағытталған мәдени шара аймақтық жыр мүшайрасы өтті. Көршілес Тарбағатай ауданынан 9 ақын келіп, өз өнерлерін ортаға салды. Мүшайрада оқушылар, ақындар, достары ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқатты. Жеңімпаздар аудан әкімінің сыйлықтарымен марапатталды. 30 желтоқсан күні «Ардагер» көшесінің тұрғындары мұз қалашығын ұйымдастырып, халыққа тарту етті. Әр түрлі ойындар, Жаңа жылдың Аяз атасын қарсы алып, би кеші ұйымдастырылды. «Қош келдің Жаңа жыл» -атты бал маскарадты бүкіл ауыл болып тамашаладық. Ауыл тұрғындарын ынталандыру мақсатында ауыл әкімінің тарапынан белсенділік көрсеткен тұрғындарға ауыл әкімінің алғыс хаты, ақшалай сыйлығы берілді. Ауылымызда өнерлі тұрғындар баршылық, бірақ солардың басын қосып, жоғары деңгейде ұйымдастыруға мәдениет қызметкерлері ат салысуы қажет. Ауылдық клуб үйі музыкалық аспаптармен толық қамтамасыз етілген, алайда көрсетілетін мәдени шаралар бір сарынды болып келеді, ақылы қызмет түрлері толық орындалмайды. Сондықтан, ұжым бұл кемшіліктен қортынды шығару керек.

Ауылымызда спортты дамытуға да жақсы көңіл бөлініп, ауыл жастары, мектеп оқушылары үнемі белсенділік көрсетіп келеді. Жыл көлеміндегі даталы күндерде спорттың әр түрінен ауыл жастары арасында жарыстар өткіземіз және спорттық шараларға толық қатысамыз. Ауданда өтетін спорт жарыстарында үнемі жоғары жетістіктерге жетіп келеміз. Өткен жылы аудан әкімінің жүлдесіне арналған ХVІІІ аудандық халықтық спорт ойындарында жүлделі бірінші орынды иелендік. Мүгедектердің ХІV спартакиадасында жүлделі 2 орынды жеңіп алып, жекелеген азаматтар командалық есепте, жекелей ақшалай сыйлыққа және мараптақа ие болды.

«Туған жерге - тағзым» акциясы жалғасын табуда. Шілікті орта мектебінің бір сыныбы толық жөндеуден өтіп, жаңадан заманауи жиһаздармен жабдықталып, жаңа оқу жылында жерлесіміз Бүйрекбаев Бақыт демеушілік көрсетіп, Шілікті орта мектебінен 20 оқушы оқу формасымен қамтылды. Ауыл халқына елімізге аты әйгілі МУЗАРТ тобының концерті әкелініп көрсетілді, демеушілік көрсеткен Байырханов Жандос. Жиыны 3,5 млн теңгенің демеушілігі жасалды.

Мемлекеттің «Жұмыспен қамту - 2020», «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жалши ауылының орталық Зейнолла Бұтабайұлы көшесі 1млн 254 мың теңгеге жарықтандырылды, сондай-ақ осы көшеге құны 7 млн 207 мың теңгеге 3 колонка және «Шекарашы» орта мектебіне таза су тартылып берілді. Шілікті ауылында Сепсекенов З., Алматы, Тәуелсіздік көшелеріне құны 1млн 960 мың теңгеге жарықтандырылу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Мемлекеттік сатып алуға байланысты Ауылдың санитарлық тазалығы елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша қоқыс төгетін орындарды тазалау үшін 300000 теңге, ауыл шегіндегі автомобиль жолдарын қардан тазалауға 300000 теңге бөлініп, орындалды.

Өткен жылы көктем айында төтенше жағдайға байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен 1 млн 30 мың теңге қаржы бөлініп, Жалши ауылының сыртынан тасқын суға қарсы арық қазылып, көктем кезінде қырдан аққан тасқын судан ауылды қорғап қалып, бұл жұмыс нәтижесін берді. Баспасөзге жазылу бойынша 2014 жылға жазылу 100 пайыз орындалып, бұл салада пошта бөлімшесінің бастығы Г. Көпшікбаеваның, таратушы А.Батқанова , Б.Қалиянова , Б. Бозтайлақовалардың және мектеп ұжымдарының жұмыстарын атап өткім келеді. Баспасөзге 2015 жылдың І жарты жылдығына жазылу жоспары да толық орындалуда.Қазіргі уақытта аудандық «Достық» газетіне жазылу жоспары тұр. Соған мекеме басшылары, ұжымдар, қожалықтар, әрбір отбасы жаздырып алуларыңызды сұраймын.

Ауыл әкімінің аппаратында 5 мемлекеттік қызметкердің штаты бар, қазіргі уақытта 4 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқаруда. Өткен жылы 2 жас маман мемлекеттік қызметке кірді. Барлықтарына да лауазымдық міндеттері бөлініп, берілген. Алдағы уақытта сол міндеттері бойынша жұмыстар атқарылуы керек.

Бюджетке түсетін жер, мүлік, көлік салықтары толық түсті. Жиыны 854667/ сегіз жүз елу төрт мың алты жүз алпыс жеті/ теңге.



Салық жинау бойынша 2014 жылға:




Салық түрі

Жоспар

Орын

далуы


%

Ескерту

1

Мүлік салығы

46800

46800

100




2

Жер салығы

180867

180867

100




3

Көлік салығы

627000

627000

100







БАРЛЫҒЫ

854667

854667






Қосымша табыс түрінен бюджетке 111 мың 992 теңге салық түсті.

Ауылдық округ әкімшілігінде нотариаттық 107 іс тіркелді, бюджетке 19097 теңге қаржы түсті. Жыл ішінде 291 құжат келіп түсті, 306 құжат шығарылды, 81 өкім, шешім жоқ, 39 өтініш түсті барлық өтініштерге мерзімінде жауап берілді. Жыл көлемінде барлығы 1069 дана анықтамалар берілді. Жеке қосалқы шаруашылығы жөнінде берілген анықтамалар-985. Ауыл әкімінің жеке қабылдауына 22 адам арыз шағыммен келді, оның жиырмасы өз шешімін тапты.

Округ бойынша мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек 2014 жылы 12 отбасының 49 мүшесіне 2 млн 098 мың 300 теңге, балалар жәрдемақысы 30 отбасының 83 алушысына 1 млн 420 мың 500 теңге қаражаты тағайындалды.

«Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» мен Өрлеу жобасын сабақтастыру мақсатында аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмектің жаңа белсенді үлгісін ұсынады. Келісілген ақшалай көмек аз қамтылған отбасыларының ішінде күнкөріс деңгейі 60 % -дан т-мен отбасыларына төленеді. Шілікті ауыл округі бойынша «Өрлеу» жобасына 9 тоғыз отбасы қатысып, тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.Олар: Ахатаев Р., Ахметжанова А., Ахат Е.,Избайыров Ж., Күлзайыр К., Рахметова Г., Салқынбаева М., Сапанова Р.,Сүлейменова К., Ахтанова Д. 2014 жылғы сәуір айынан бастап, ШАК алушыларға 1 млн 610 мың 430 теңге төленді.

Жыл көлемінде Зайсан аудан әкімі аппараты мәжілісінде берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, орындау қадағаланды. Әскери есеп столының есебінде 296 әскери міндетті, 4 офицер, 116 әскер қатарына шақырылушы есепте тұрады. Комиссияға шақырылғаны 28 адам, өткені 20 адам, кеткені 6 адам.


Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қалыптастыру қылмыстың алдын-алу мақсатында 2 учаскелік полиция қызметкері, бір қоғамдық көмекші қызмет етеді.

2014 жылы 8 қылмыстық іс қозғалып, 5-еуі ашылып 3-еуі ашылған жоқ.Оның ішінде мал ұрлығы-3, ашылғаны 1. 15 адам әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды. Олар қоғамдық орында ішімдік ішіп ұсталғандар, ит ұстау ережесін бұзғандар және жанұя шырқын бұзғандар. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін келешекте қылмыстың алдын алу мақсатында учаскелік полиция қызметкерлері мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, жұмыс атқаратын болады.



Аудан әкімі аппараты және бөлімдерден ауыл әкімшілігіне тиісті адамдар келіп, мекемелердің қысқа дайындығын көріп, халықпен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде қосымша хабардар етті. Құжаттармен танысып, тәжірибе алмастық. Аудан әкімдік мәжілісінде қараша айында ауыл әкімінің есебі тыңдалды. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша биылғы жылы екі көшені жарықтандыру жоспарлануда. «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы Шілікті ауыл орталығының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары басталмақ, көшелер жөнделмек. Өздеріңіз білесіздер, биылғы жыл үлкен мерекелерге толы жыл. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекелері атап өтілмек. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты ауылымызда ардагерлерге көрсетілетін құрмет, яғни оларға ескерткіш орнатылған жоқ. Осы жұмысты ауыл тұрғындары, ауылымыздың белсенді жерлестеріміз, мекеме басшылары дұрыс түсініп, нақтылы көмектер көрсетулеріңізді сұраймыз. Бұл игі ісімізді қолдап, Алматы қаласында тұратын жерлесіміз Б. Бүйрекбаев өз есебінен 400 000 мың теңге ақшалай демеушілік көрсетіп отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет