Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызы бақ-тағы жарнама технологиясы (Оқу құралы)



бет11/11
Дата29.05.2016
өлшемі0.89 Mb.
#101858
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Глоссарий

Ақпарат – информация /лат. Informatio-түсіндіру, баяндау, хабардар ету/. 1) істің жағдайы, қандайда болмасын оқиға немесе біреудің қызметі туралы хабарлау, мәлімет беру.

Ақпарат құралдары – мемлекет тәуелсіздігінің саяси-экономикалық және ғылыми-техникалық дербестігімен пара-пар басты белгілерінің бірі.

Ақпарат саясаты – мемлекеттік органдардың қоғамдағы ақпараттар желісін дамытуға бағытталған реттеушілік қызметі. Бұл тек телекоммуникацияларды ақпараттық жүйелерді немесе БАҚ-ын ғана емес, барлық түрдегі – іскерлік, ғылыми-танымдық, хабарламалық т.б сипаттағы ақпараттарды жасауға, сақтауға, өңдеуге, көрсетуге, таратуға байланысты өндірістік үрдістер мен қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын қамтиды.

Журналистика – қоғамдық институт, қоғам айнасы. Қазіргі заман тақырыптары мен проблемаларын қамти отырып, оқырман қауымның әртүрлі өкілдерінің қажеттілігін күнделікті қоғамдық ақпаратпен негізінен публицистика формаларын пайдалана отырып қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қоғамдық өзекті проблемаларды қозғаған ғылыми, көркемдік әртүрлі туындыларды жариялайды.

Публицистика – публицистика мерзімді басылымдарды мазмұны жағынан байыпты, қоғамдық-саяси материалдық ой идеяларды жазбаша әшкерелеп, замана талабын бейнелейді. Зерттеушілер публицистика журналистиканың пайда болуына алғы шарт болған деп пайымдайды. Публицистика – қоғамдық өмірдің ең өзекті проблемаларын көтеріп, саяси іс қызметке белсенді араласады және ғылым мен өнерге де тікелей сабақтастығы бар.

Публикацияның тиімділігі - бастапқы кезеңде таңдап алынған фактінің қоғамдық мәнін, саяси маңызы, әлеуметтік бағытын қаншалықты бейнелей алды дегенмен тығыз сабақтасады. Сондай-ақ, тиімділік – публикация тақырыбының мезгілін тапқандығы, практикалық өзекті проблемаға берген жауабы, қоғамдық өмірге байланысты белсенділігінің деңгейі т.б. Жалпы публикация тиімділігі редакция жұмысының алыс және таяу мерзімде жасалатын жоспарлардың біртұтас сапасы, ғылыми негізділігі, кәсіби шеберлігі, өзара үйлесімі және мақсаттың орындалуына сай туындайды.

Принцип – латынның - негіз, бастау деген сөзінен шыққан, өзара байланысты бірнеше мағына мен қоғамдық-саяси қызметтің барлық саласында кеңінен қолданылады. П. - ғылыми, қоғамдық, саяси шығармашылық аумақтағы барлық іс әрекеттің теориялық-методикалық түп негізі. Принцип осылайша журналистиканың да іс-қимылының теориялық негізі болатындықтан істі жүргізуші сол аумақтағы мағлұматтан бастау алады. Принцип - журналистиканың дамуы мен іс қимылы заңдылықтарының жиынтығы. Сонымен қатар танымдық процесс, көзқарасты қалыптастыру мен ұйымдастыру ісінің бірлігін қамтамасыз етудегі журналистикалық қызметтің методикалық негізі болып табылады.

Саясат – алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекетті басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді. Саясат - өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі.

Тиімділік - латынның «эффективность» яғни орындау, нәтиже деген сөзінен шыққан. Саяси сөздік анықтамаларында көзделген мақсаттың орындалу мөлшері іс-қимылдың нәтижесін мақсатпен теңестіру немесе мақсаттың орындалу өлшемі деп анықтаған. Ал, басқару теориясында тиімділік принципі алға қойған мақсатты, еңбек, материал, қарыз жағынан ең аз бөлігін жұмсап, ең қысқа мерзімде нәтижеге жету деп түсіндіреді. Көптеген ғалымдар тиімділікті алға қойған мақсаттың орындалған мөлшері деп тұжырымдаған

Функция - латынның істеу, жасау, атқару, орындау іс-әрекеттің мақсаты деген мағынаны білдіретін сөзі. Екі обьектінің бірі өзгергенде келесісі де бірге өзгеру қатынасын да функция деп атайтыны тағы бар. Олай болса, қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің бірі өзгергенде келесісінің де бірге өзгеруін де функция деп атайды. Олай болса қарым-қатынас жүйесіндегі белгілі обьектінің қажетті талабын функция деп көріп оны элемент ретінде өз аумағында өзара сабақтастықтарымен тану дұрыс. Функция нендей бір ұғымның теориялық ішкі сипатын көрсетеді. Белгілі жүйенің іс-әрекеттік тәсілі мен оның ішкі құрылымын функция анықтайды деген де тұжырым бар.

Сапалы басылым - интелектісі жоғары қоғам өкілдеріне және бұқаралық оқырманға арналған басылым;

Мемлекеттік басылым – қазынадан қаржы алатын және Коммерциялық басылым - өз тапқан қаржысына өмір сүретін басылым;

Ресми баспасөз - үкіметтің және тәуелсіз баспасөз құрылтайшылары мен меншік иелерінің көзқарасын айқындайтын;

Басқару функциясын атқарушы басылым - саяси және экномикалық билік құрылымдарының жұмыстарына үгіт-насихат жасауға бағытталған, сонымен қатар оппозициялық басылым, билік басындағыларды сынап, қоғамды дамыту үшін әзірлеген өз жобаларын ұсынатындар;

Саясиланған басылым - негізінен қандай да бір партия мен қозғалыс арасында саяси күресті көрсетуге бағытталған және бейсаяси - саясаттан бойын аулақ ұстайтын басылым;

Іскер, экономикалық басылым – іскер адамдар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсететін және көңіл көтеруге арналған – оқырмандарға демалыс ұйымдастыруға арналған;

Легитимді басылым –ақпарат министрлігінде ресми түрде тіркелген және легитимді емес – билік құрылымдарын мойындамайтын басылым;
Ұлттық – республиканың барлық аймағын қамтитын және Трансұлттық – алыс және жақын шетелдерде шығарылатын басылым.

Имидж - қойылған мақсат бойынша өңдеп шығарылған және үгіттелген бейне.

Инновациялар - ғылым мен тәжірибенің жетістігіне байланысты техника, технология, еңбекті ұйымдастыру және басқару аймақтарына жаңалықтар енгізу, сонымен қатар, бұл жаңалықтарды әртүрлі аймақтар мен орталарда қолдану.

Ақпаратты технология - ақпаратты техникалық тәсілдер мен әдістер кешені арқылы алу, сақтау, өңдеу және қолдану.

Менеджмент - бұл басқару ғылымының жетістіктерін қолдана отырып, өндірісті және өндірістік персоналды бсқару құралдарының, әдістерінің, формаларының, принциптерінің жиынтығы. Менеджменттің негізгі мақсаты-өндіріс тиімділігін арттыру, кәсіпорынның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану.

Ынталандыру - адамның ұйымда жемісті қызмет етуі үшін оның ынтасын тудыру мақсатындағы басқару функциясы.

Шешім қабылдау үрдісі – шешімді қабылдау мен оны жүзеге асыру, альтернативаларын жинақтау, жағдайды талдау мен ұйым мәселелерін шешуге бағытталған басқару субъектісінің сатылай іс-әрекеттері.

Басқару стилі - басқарушының қызметкерлермен қарым-қатынас жасау тәсілі, жұмыс міндеттемелерін орындау барысындағы қарым-қатынастар сипаты.

Стратегия - үкіметтің, аймақтардағы әкімшіліктің өндірудегі кәсіпорынның әрекеттері, кірістер мен шығыстар, салық бюджеті, бағалар, капитал салу, әлеуметтік сақтау жоспарларын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі.

Тактика - қазіргі жағдайға бағытталған салыстырмалы қысқа мерзімге арналған экономикалық әрекеттер тізбегі, экономикалық іс-әрекет.

Технократия - әлеуметтік- экономикалық факторларды және техникалық шешімдерді қабылдаудан туындайтын экономикалық салдарды ескермей, экономикалық құбылыстар мен процестерге техникалық тұрғыдан қарау.

Басқару технологиясы - басқару қызметінде шешім қабылдау үшін бір-бірімен қажетті операциялардың орындалу тізбегі.

Басқару - экономикалық субъектілер мен адамдарға саналы түрде тікелей әсер ету арқылы күтілген нәтижелерді алу мақсатында іс- әрекеттерді көзделген мақсатқа бағыттау.

Басқару шешімдері - ұйымның мақсаттарға жету жолында басшы қызметінің шегінде жүргізілетін альтернативті таңдау.

Агенттер - сатушының немесе сатып алушының мүддесін қолдайтын, жұмыстары брокерлерге қарағанда тұрақты болатын делдалдар.

Әлеуметтік таптар - қоғам шеңберіңде сатылық тәртіппен орналасқан, табысы, байлығы, білімі, тұрғылықты мекенінің көлемі мен орны, меншігі, айналысатын ісі арқылы анықталатын салыстырмалы тұрақты адам топтары.

Бақылау - таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі.

Бренд - атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.

Жарнама- қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Жарнама агенттіктері - жарнама қызметін ұсынатын делдалдар.

Жарнама құралдары - жарнама таратушылардың жиынтығы: баспасөз, телеарна, радио, кино жатады.

Жарнамалық хабар – компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы.

Жарнамалық сөз мәнерітауар сапасын, фирманың тура немесе абстрактылы түрдегі бейнесін көрсететін қысқа лозунг немесе ұран.

Жарнаманы қамту ауқымы – берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы.

Жарнама жеткізушілері – жарнаманы тарататын нақты құралдар: нақты журналдар, телешоу, радиобағдарламалар және т.б.

Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өңдірушіден тәуелсіз делдалға , одан кейін –тұтынушыға жылжыуына байланысты құрылатын арналар.

Купондар – тауарларды сатып алған кезде берілетін жеңілдіктер мен шегерімдер сертификаттары.

Қызмет көрсету – тұтынушылар сатып алаты, бірақ меншік құқығына ие бола алмайтын сезілмейтін игілік.

Лицензиялау – шетел фирмаларына белгілі бір төлем немесе роялти орнына өзінің өндірістік және сауда құпияларын, ноу-хау тауар белгісін, потентін қолдануға беретін құқық.

Маркетинг – нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабідеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріктірілген қызмет. Тауарды өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас арқылы жеке адамдар тобының және тұтынушылар мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару прцесі. (Ф.Котлердің анықтамасы).

Маркетингтік зерттеулер – басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, компанияның алдына қойған маркетинтік міндеттеріне сәйкес ақпарат жинап, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындылар ұсыну.

Маркетингтік логистика – сұраныстарын неғұрлым тиімді қанағаттандыру мақсатымен өндіріс орнынан бастап тұтынушыларға жеткізумен аяқталатын материалдар мен дайын өнімнің заттай ағымын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.

Маркетингтік коммуникация – тұтынушыға ықпал ету мақсатында тауар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі.

Маркетинг бюджетіфирманың табысының, шығынының және пайдасының жоспарлы мөлшері.

Маркетинг жоспары – бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленетін жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы, нысандандырылған құжат.

Мәміле – белгіленген шартқа сәйкес тауар мен қызметті өткізуді іске асырудағы екі немесе бірнеше тараптардың өзара келісімі.

Миссия компанияның қайсыбір қызмет түрін және нарықтағы алатын орнын анықтайтын ұзақ мерзімді бағдар.

Нарық (маркетинг тұрғысынан) – нақты және әлеуетті (потенциалды) тұтынушылар жиынтығы.

Өмір стилі – тұтынушының тұрақты әдеттерін, талғамдарын, мүддесін білдіретін өмір сүру бейнесі және мінез-құлықтың белгілі бір түрі.

Өмір сүру салты – жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, қарым-қатынастары мен тауар тұтынудағы өзіндік ережесімен айқындалатын өмір мәні.

Өткізуді ынталандыру – тауарлар мен қызметтерді сатуды ынталандыратын шаралар кешені.

Паблик рилейшнз (PR) – бұл ұйым мен қоғам арасындағы өзара ұғысу, оң қарым-қатынасты және оны қолдауға бағытталған, жоспарланатын шараларды құру.

Пікір сұрау (опрос) – бастапқы ақпаратты алу мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі.

Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын мүмкіндіктерін ресурстарын және жаңа нарықтық мүмкіндіктерінді сәйкестіріп үйлестіру және олардың тепе-теңдігін ұстап тұруды басқару процесі.

Сапа – тұтынушы сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін тауардың не қызметтің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы.

Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы.

Сипаттама зерттеулер – маркетингтік мәселелерді, әр түрлі жағдайларды, нарықтарды тұтынушының өнімге қатысын сипаттауға бағытталған маркетингтік зерттеулер.

Сұраныс – сатып алу қабілеті бар қажеттілік.

Тұрақты шығындар - өндіріс пен өткізу көлеміне қатыссыз қосымша шығындар.

Тұтыну тауарлары – негізгі тұтынушының қолдану үшін сатып алынатын тауарлар. Күнделікті сұранымдағы, алдын ала таңдалынатын, ерекше сұраныстағы және бәсең сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.

Тұтынушы ұйымдар – тауарларды өндіріс процесіне пайдалануға алатын кәсіпорындар қайта сату үшін алатын көтерме тұтынушылар, бөлшек сауда орындары, мемлекеттік органдар және т.б.

Эксперимент – бір немесе бірнеше айнымалы факторлар өзгерісінің бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалын анықтайтын маркетингтік зерттеу әдісі.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе .......................................................................................................................

І бөлім. Жарнаманың қысқаша тарихы

Жарнама туралы түсінік .........................................................................................

Батыс Еуропадағы ортағасырлық жарнама ..........................................................

Қазақ баспасөзінде жарнаманың пайда болуы ....................................................

Кеңестік кезеңдегі жарнама ...................................................................................

Қазіргі БАҚ-тағы жарнама ......................................................................................

Жарнаманың зерттелуі

ІІ бөлім. Жарнама теориясы мен әдістемесі

Жарнаманың мақсаты мен функциясы

Жарнаманың түрлері

Жарнама технологиясы

Кері байланыссыз жарнама технологиясы

Жарнама мәтінінің графикасы

Жарнаманы безендіру технологиясы

Жарнама мәтінінің тақырыбы және ұрандар

Жарнама мәтінінің лингвистикасы

БАҚ -тағы жарнама ерекшеліктері

Баспасөздегі жарнама

Радиодағы жарнама

Теледидардағы жарнама

Нарықтағы жарнама уақытын сату

ІІІ бөлім. Нарық және жарнама агенттіктері

Маркетингтік коммуникациядағы жарнаманың функциясы

Қазақстандық компаниялардың жарнама шығындары

Жарнама - бұқаралық ақпарат құралдары экономиканың

қозғаушы күші

Жарнама компаниясының мақсат-мүддесі

Жарнама агенттігі және оның рөлі

Жарнама агенттіктігінің қызмет түрлері

Жарнама агенттігінің қызметкерлері

БАҚ және қоғаммен байланыс

Саяси жарнама

Саяси жарнама және бұқарамен байланыс

Саяси жарнама имиджі

Саяси имидж құрылымы

Қорытынды

Негізгі пайдаланған әдебиеттер

Қосымша әдебиеттер

«БАҚ-тағы жарнама технологиясы» пәнінен тест сұрақтары

Глоссарий








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет