Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі46 Kb.
#7693
Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

2) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. «Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1270 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 628-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жариялануы тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

«Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу

жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және

оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА





Рет №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқылық салдарлар

Жобаны қабылдау шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметпен айналысуға берілген бас лицензияларды беру, қайта рәсімдеу, айыру, күшін тоқтата тұру, жаңғырту және жою тәртібін реттеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Қазақстанда мақта саласын дамытуға септігін тигізеді.

4.

Жобаны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығындары

Қосымша қаржы шығынын көздемейді.

5.

Жоба қабылданған жағдайда күтіліп отырған нәтижелердің нақты мақсаттары, мерзімдері және тиімділігі

Осы қаулы жобасының мақсаты «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру, шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеуді жүзеге асыратын рынок субъектілерінің қызметін тиімді реттеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ осы салада шынайылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Күтіліп отырған нәтижелер мерзімдері – 2007 жыл және келесі жылдар.



6.

Жобада қаралып отырған мәселелер бойынша бұдан бұрын қабылданған Прези-денттің және/немесе Үкіметтің кесімдері және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

«Шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 1270 қаулысы. Оған сәйкес 2006 жылы 23 мақта өңдеу ұйымы лицензияланды.


7.

Соңынан заңнаманы жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қажет емес.


8.

Премьер-Минстрдің тапсырысы бойынша басқа ұйымдарда жүргізілген жағдайда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) нәтижелері

Жоқ.

9.

Басқа мәліметтер

Жоқ.

Қазақстан Республикасының



Ауыл шаруашылығы министрі А. Есімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет