ШҚо зырян ауданы Прибрежный кентінің әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша 2013 жылдың 9 айына есеп беру баяндамасы



Дата29.02.2016
өлшемі90.95 Kb.
#33852
ШҚО Зырян ауданы Прибрежный кентінің әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша 2013 жылдың 9 айына есеп беру баяндамасы
Құрметті Прибрежный кентінің тұрғындары!

2012 жылдың 16 желтоқсанында біз еліміздің Тәуелсіздігіне жиырма бір жыл болғанын атап өттік. Осы уақытта біздің еліміз жаңа, бәсекеге қабілетті, қоғамның әртүрлі салаларында ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыратын мемлекетке айналды. Осы уақытқа дейін экономиканың нарықтық еңбек жағдайына көшуі, еліміздің ядросыз статусы, 2030-Стратегиясын қабылдауы және басқалар туралы қабылданған шешімі өзінің тарихи құралған және нәтежелі екенін көрсетті.

Қазақстан ТМД және бүкіл әлемдегі елдердің ішіндегі позетивті жаңғыртудың басшысы болып табылады.

Қазақсан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты атты Жолдауын, барлық қазақстандықтар зор мақтанышпен қабылдады, оның терең мағынасы біздің мемлекетіміз жаңа дамыған дәуірге көшу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында, «Қазақстан -2030» Стратегиясында белгіленген міндеттердің көбісі сәтті шешілді, енді еліміздің алдында жаңа міндеттер – «Қазақстан 2050» Стратегиясын және әлемдегі ең серпінді 30 мемлекеттің санына кіру деп атап өтті.

2050 дейінгі жобасында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды қалай болжайды?

- Бұл қуатты да, тұрақты мемлекет, әлеументтік негізін орта буындағылар құрайтын болады.

- Бұл мемлекет, заманауи ең жаңа технологияларды игеретін болады.

- Бұл мемлекет демократиялық пинцип және адал бәсекелестік негізіндегі икемді және нәтежелі саяси жүйеленген мемлекет.

Бұның барлығы жиынтықта ең бейнелі мақсатқа жетуді қамтамасыз етуі керек, Нұрсұлтан Назарбаев айтқан «ХХІ ғасыр Қазақстан үшін алтын ғасыр».

«Жергілікті орган басшыларының тұрғындармен есеп беру кездесуін өткізу туралы» мемлекет Басшысының 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында жылсайын барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беру кездесуі өткізіледі. Әрбір елді мекенде мақсаттарға жету және міндеттер қалай шешіледі, аймақтар бойынша есеп беру кездесулерінде жыл сайын анықталады.

Алдыңғы есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша Прибрежный кенті бойынша 4 ескертулер мен ұсыныстар енгізілді.

Олардың ішінде

1. Республикалық трассадан кентке дейін 7 км жолға белгіленген жөндеу жүргізу жоспарлануда.

2. Сумен жабдықтау және су қайырғы нысандарына ағымды жөндеу бойынша жұмыс жүргізу.

3. Кент көшелерін жарықтандыру бойынша жұмысты жалғастыру.

4. Салт-жора қызметін көрсететін дүкен ашу.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар орындалды.

Белсенділер мен қоғамның күшімен кентте келесі жұмыстар орындалды:

- қыс мерзімінде бораннан жолды қорғау үшін жол бойына 7 км 1000 көшет отырғызылды.

- 7 км жолға белгіленген жөндеу жүргізілді.

- кенттің сумен жабдықтау жүйесіне апаттық және ағымды жөндеу жүргізілуде.

- қосымша кентің екі көшесі жарықтандырылды

- Салт-жора қызметін көрсететін дүкен ашу бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

9 айға салықтың барлық түрі бойынша тапсырмалар толық орындалды. Жыл басында салық төлеушілерді, үйлерді, жер учаскелерін, көліктерді нақтылау мақсатыда аулаларды аралау жүргізілді. Анықталған өзгертулер салық есебінің кітабына енгізілді.

Барлық салық төлеушілер 2013 жылға 9 айға міндетті төлемдерді төледі. Мүлік салығы, жер салығы 100,964 теңгені құрады.

Жалпыға бірдей әскери міндет туралы заңнаманы орындау бойынша шаралар қабылданды, әскери міндеттілердің, әскерге шақырушылардың және әскерге шақырылатын жастардың есебі жүргізілді.

Барлығы, 2013 жылдың 9 айында 96 нотариалдық іс жүргізілді. АХАЖ органының қатысуымен некеге тұру, бала туу тіркеу қызметі жүргізілді.

Кентте 13 көше және 3 квартал бар, олардың ұзындығы 8 км. Қыс мерзімінде бюджет есебінен 12 км автомобль жолы қардан тазартылды. Қардан тазарту бойынша жұмыс «Плюс» ЖШС (Смирнов С.И.) техникасымен жүргізілді. .

Көшелерді қардан тазартуды «ВКССРЗ» ЖШС (Иванов Ю.А), РГК ВК ПВП, және де кент аумағында орналасқан кәсіпорын техникаларымен жүргізілді.

Прибрежный және Заводинка жолдарын тазарту уақытында және сапалы тазартылады.

213 жылғы 9 айда кент әкімімен негізгі қызмет бойынша – 37 құқықтық акті және 25 нормативтік құқықтық акті қабылданды.

Кент тұрғындарының саны нақты 900 адам.

01.07.2013 ж. ірі қара мал саны 169 бас, ешік – қой саны 118 бас, шошқа 51 бас, құстың барлық түрі 940 бас.

Кент округінің аймағы бойынша 8 – ЖМ, 1- ЖШС,1 РГК тіркелген, жұмыс істейтін тұрғындар саны 301 адам.

Прибрежный кентіндігі «Войтас М.В.» ЖМ шағын наубайхана жұмыс істейді, онда 2 адам жұмыспен қамтылған.

Барлық мемелкеттік ұлттық мерекелер бойынша шаралар өткізілді.

Көпшілікпен бірге «Халықаралық Әйелдер күні», «Наурыз мейрамы», «Жеңіс күні» «Балаларды қорғау күні», «Астана күні», «Конституция ккүні», «Қарттар күні» мерекелері өткізілді.

Мектеп ұжымы мағыналы мерекелік бағдарлама дайындады.Осындай шаралар кент белсенділілердің мүмкіндіктерін көрсетті, белсенділермен әкімшілік биліктің осындай қарым –қатынастары барлық округ тұрғындардың қолдауымен текқана мәдени – бұқаралық мәселелерді ғана шешпей, сондай ақ қоғамдық- саяси, шаруашылық, әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерді де шешеді. Кеме құрастыру және кеме жөндеу зауытының ұжымы округтің әлеуметтік- саяси дамуына басты рөл атқарады. Кеме құрастыру және кеме жөндеу зауытының ұжымын, су жолдарының кәсіпорнын, Войтас кәсіпкерлері Марина Викторовнаны, Петров Владимир Владимировичті, Войетенко Елена Александровнаны, Кузнецов Иван Ильичті демеу көрсеткендері және қайырымдылық істері , белсенділік көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін.

Медициналық қызмет көрсетуді 3 медидцналық жұмысшылар жүзеге асырады, меңгеруші Требущук Л.П.

Прибрежный ентінің ФАП жайы қолайлы жерде, ауруларды емдеу және қабылдау үшін қажетті барлық жағдайы бар жерде орналасқан.

ФАП толық көлемде жұмысшылармен қамтылған.

Заводинка ауылының ФАП қажеттік жағдайлармен , отынмен қамтылған.

Медицна жұмысшыларының қабылдаған шараларымен округ тұрғындарының барлық жоспарлы тексеруі өткізілді.

Алдын алу медициналық тексеруі көшпелі автопойызбен тұрғындарға тексеру жүргізді.

Жыл ішінде Зырян МТБ телефон байланысының қызметін кеңіту бойынша жұмыстарды жалғастырды. Қазір кентте 250 телефон бар, және де тұрғындардың 50% байланыс қызметін пайдаланады.

Үялы байланыс та бар.

Кентте компьютерлік техниканы пайдаланушылар саны 75 таяу. Енді интернет байланысын орнату туралы мәселе тұр, өйткені Интернет байланысының жылдамдығы өте төмен болу салдарынан көп мәселелерді шешу қиындық туғызады.

Президентіміздің күнделікті қамқорлығындағы ерекше орында тұратын білім беру жүйесі.

Білім беруде басты рөлді Первомайка ОМ балаларды тәрбиелеуде атқарады, директор Рыбина Н.Н.

Мектепте 83 оқушы оқытылады, мектеп алды даярлық сыныбы бар. Мин-орталық жұмыс істейді, тәрбиеленушілер саны 20 бала. Мектепте спорттық секциялар жұмыс істейді. Жаз мерзімінде жазғы лагер ұйымдастырылды, онда аз қамтылған отбасылардың балалары демалды, жоз бойында 326 жуық бала дем алды.

Кенттегі барлық мәдени-бұқаралық, спорттық, шаралар,мерекелер: «Халықаралық Әйелдер күні», «Наурыз мейрамы», «Жеңіс күні» «Жаңа Жыл» мұғалімдердің және мектеп оқушылардың, кент белсенділерінің қатысуымен өткізіледі.

Кент кітапханасының кітапханашысы Н.Ф Капичникованы, оның тұрғындар арасында жіне оқушылар арасында ақпараттандыру жұмысын өткізгені үшін атап айтқым келеді.

2012 жылғы 27 қаңтардағы жолдауында ел президенті тұрғындарды жаппай спортқа тарту мәселесін айқындады.

Жаз мерзімінде бұл футбол, волейбол алаңдары, жеңіл атлетикадалық кростар, қыс мерзімінде қар мүсіндерін, сырғанақ тұрғызу, шаңғымен тебу, спорт залдарында болейбол ойнау.

Біздің табиғитымыз осндай, қыста да жазда да спорт түрлеріен оқушылардың, жастардың тұрғындардың қатысуымен жарыстар өткізуге болады. Бірақ бұл жерде де әрбіреуінің жеке бас қызығушылығы және қатысуға құлшыныс керек.

Кент тұрғындары елді мекен округін санитарлық тазарту бойынша шараларға қатысты. Қоқыс шығарылып, алеяда және орталық көшеде қауіп төндіретін ағаштар кесіліп, ескерткіш аумағы тазартылып отырды.

Прибрежный кентінің тағы 2 көшесі жарықтандырылып жұмыс толық аяқталды және келесі жылы кенттің басқа көшелерін де жарықтандыру бойынша жұмыстары жалғастырылады.

2013 жылдың басты оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіске 68 жыл толуы.

Осы атап өтерлік күн мерекелеуге дайындыққа, мұғалімдер Первомайка мектебінің мектеп ұжымы, ардагерлер кеңесі, кәсіпорын басшылары қатысты.

Қоғамдық жұмысқа тартылған жұмысшылар ескерткішті және оның айналасын санитарлық тазалыққа сай тазартып отырды.

Оқушылар мен ҰОС ардагарларі, тыл еңбеккерлері арасында кездесу өткізілді. Меджұмысшылар, ардагерлер кеңесінің мүшелері ҰОС ардагерлерінің үйлеріне барып, оларға қолдау көрсетті.

9 Мамыр күні митинг жас әскерилер параты өткізіліп, ҰОС жылдарындағы қаза болғандарға, әскерилерге ескерткіш алдына гүл қойу рәсімі жүргізілді.

30 тамызда, біз еліміздің Конституциясының 18 жылдығын атап өттік.

Конституция – азаматтардың бостандығы мен құқығының кепілі. Ондағы белгіленген нормалар арқасында, біз азаматтық қоғамның дамуына және демократияны күшейтуге жұмыс жасаймыз.

Еліміздің негізгі Заңын сақтау біз үшін текқана патриоттық міндет емес, сондай ақ халық аралық татулық іргетасы және арықарайға әлеуметтік – экономикалық даму.

Кентте ҰОС ардагерлер кеңесі және еңбеккерлері жұмыс істейді.

Көктем және әсіресі күз маусымы кезінде өрт қауіпсіздігінің мәселесі алға қойылады.

2013 жылы округ бойынша 1 өрт болды және ол жергілікті тұрғындармен және ерікті халқ тобымен жойылды.

Жыл ішінде айсайын тұрғындармен кездесулер, жиындар өткізіліп отырды. Кент тұрғындарының әр уақытта сұрақ қоюына болады, немесе жеке әкім қабылдауына келуіне, әкім аппаратының жұмысшыларына өтінуге болады

Азаматтардың әрбір өтінішке уақыт бөлінеді.

Былтырғы жылы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздарды орналастыруға шар жасау бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Жұмыспен қамту орталығының тізіміне 1 адам өтініш білдірді, қоғамдық жұмысқа 3 адам қабылданды.

Қоғамдық жұмысқа алынған жұмыссыздар күшімен көшелерді қоқыстан және тұрмыстық қалдықтарды тазарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Автомобли жолының жиегіндегі өсіп кеткен шөптерді шабу жұмыстарын да солар атқарды. Оралғыны анықтау карантин ошағын анықтау және жою жүргізілді. Қоғамдық жұмысшылармен кент көшелерін санитарлық жағдайын тексеру бойынша рейд жүргізілді.

«Тұрғын үй көмегі туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру мақсатында , тұрғындар арасында кездесу өткізілді, оларға ақшалай көмек алу үшін құжаттарды жөндеу тәртібімен таныстырды. Көмек көрсету өтініші түсу бойынша өтініш берушінің тұрмыстық жағдайын тексеру өткізіліп, акт жасалып, әлеуметтік карта толтырылды.

Учаскелік инспектор жұмысына тоқталсақ.

Құқық бұзушылық және қылмысты алдын алу мәселесіне көңіл бөлінді. «Қиын» жеткіншектердің үйлерін аралау, кекі уақытта көшелерді аралау өткізілді. Айсайын кент әкімі аппаратында қолданыстағы заңнаманы бұзушылар арасында алдын алу әңігмелесулері учаскелік инспектордың қатысуымен өткізіліп отырды.

2013 жылы азаматтарды тіркеу, салық төлеушілер, жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін тіркеу органдарынмен сәйкестендіру актысы жүргізілді. Шаруашылықты тіркеу жасалды. Бұл үлкен және жауапты жұмыс. Жеке ауларардағы ауыл шаруашылқ малдарын және құстарды санау жүргізілді, жергілікті жерде тұру фактысы бойынша тұрғындар санағы нақтыланады. Санақ бойынша жеке аулаларда 48 отбасы, немесе 16 пайыз тұрғындар мал ұстайды.

Сауда қызметін 6 сауда нысандары жүзеге асырады. Дүкендерде азық-түліктің барлық түрлері бар. Кент әкімімен 2013 жылы дүкен иелерімен алғашқы қажеттіліктегі азық-түлікке 10-15 пайыздан аспайтын үстеме сауда туралы меморандум жасасты.

( ЖК «Войтас М.В.») «Волна» дүкенінде 1 сұрыптағы нан 55 теңге.

2013 жылы меморандумдардың мерзімі ұзартылды.

Жұмасайын баға мониторингі жүргізіледі.

Баға туралы ақпарат Зырян ауданының кәсіпкерлік бөліміне жіберіледі.
Прибрежный кенті бойынша бүгінгі күннің түйінді мәселесі болып:

- сумен жабдықтау инженерлік жүйесін толық жөндеу, қазіргі жүйе 40 жыл бұрын салынған және үлкен техникалық ескірген.

- иесіз ЭСЖ – 0.4 кВт электр жарықтандыру жүйесін ШҚ АЭК балансына беру.

2013 жылғы 3 тоқсанға жұмыс қорытындысын шығара келе, 2013 жылдың аяғына дейін келесі міндеттер белгілеу керек :


  1. Кенттің ішіндігі жолды 2 км аралықта жөндеу.


Қадірлі кент тұрғындары !

Есеп беру баяндамамды аяқтай отырып, біздің елімізде бүгінгі таңда экономикада реформа құрылымы аяқталғанын, мемлекеттік меншіктерді приватизациялау жүзеге асырылғанын, дамыған нарық стандарттарына сай шаруашылық саласы қалыптасқанын, атап өткім келеді. Экономикалық нарық жағынан дамыған мемлекеттердің ішінде ТМД еледінің арасында Қазақстан алғашқы мемлекеттердің бірі болып саналады.



Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің халыққа «Қазақстан -2050» Стратегиясы, қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты атты Жолдауына сәйкес, басты мақсат –халықтың әл-ауқанын жақсарту, сонда ғана барлық бөлік басшылары нәтижелі жұмыстың арқасында, біздің облыстың, ауданның, кенттің алдына қойған мақсаттары жүзеге асырылып және әлеуметтік көрсеткіштерді мемлекетіміздің экономикалық – саяси тұрақтылығын жақсартамыз.

Назарларыңызға рахмет !

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет