Ет ӛнімділігі. Шошқаның қабандары 320-350 кг салмақ тартады.
Сойыс шығымы 60-65 % құрайды. 6 айлығында торайлар 90 – 120 кг салмақ тартады. Шошқа етінің құрамында дәнекер ұлпаның үлесі аз болады, осы себептен толық құнсыз және нашар қорытылатын ақуызтар да (коллаген, эластин) аздау болады: шошқа ұшасында толық құнды ақуыздар үлесі 90%- дай болса, басқа мал түлігінің ұшасында 75-85% арасында болып, олардың ақуыз пайдалану коэффициенті 70-75% аралығында болса, шошқа етінікі 90 %-ға жетеді.
Шошқаның бұлшық ет ұлпасында май мӛлшері 3%, май ұлпасында 60- 94%, шеміршек ұлпасында 1,3-3%, сүйек ұлпасында 3,8-24% жиналады. Оның 62% қанықпаған май қышқылдарының үлесіне тиеді. Тұз, селитра, эссенциялар, дәмдеуіштер секілді түрлі консерванттарды жақсы сіңіретіндіктен шошқа еті жақсы сақталып, кӛптеген тағамдар дайындауға пайдаланылады. Бірақ етінде гельминттер жұмыртқаларының сақталу қаупіне байланысты шошқа етін мұқият термикалық ӛндеуден ӛткізу қажет Бірқатар ӛнімдерге пайдаланылатын шошқа терісінің шығымы 6%
Достарыңызбен бөлісу: |