7. Ұшуға тыйым салу
132. Түрлі себептерге байланысты ұшуды орындау мүмкін болмаған жағдайда, әуе кемесінің экипажына ұшуға тыйым салу және ҰҚЖ-ны босату тәртібі туралы нұсқау беріледі.
133. Ұшуға тайым салу бұйрығында мынадай мәліметтер болуы тиіс:
ұшуға тыйым салу туралы екі рет қайталанған талап;
әуе кемесі экипажының әрекеттері туралы нұсқау;
себеп туралы ақпарат (уақыт аз болған жағдайда, себеп туралы ақпарат және қосымша нұсқаулар берілмеуі мүмкін).
134. Қолданылатын фразеология төмендегі жағдайларда көзделген:
1) әуе кемесі қозғалысты бастамаған болса. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 64-кестеде келтірілген;
2) әуе кемесі қозғалысты бастаған болса. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 65-кестеде келтірілген.
135. Экипаж ұшуды өзі тоқтатқан жағдайда, ұшуды тоқтату себебін көрсетіп, мүмкіндігінше бұл туралы диспетчерге хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 66-кестеде келтірілген.
8. ҰҚЖ-ны қиып өтуге және қонғаннан кейін оны босатуға рұқсат сұрау
136. ҰҚЖ-ны қиып өту «Мұнара» («Старт») диспетчерінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
Әуе кемесінің экипажы ҰҚЖ-ны босата сала бұл туралы дереу «Мұнара» («Старт») диспетчеріне баяндайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 67-кестеде келтірілген.
137. Қонғаннан кейін диспетчер ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен басқа жағдайларда, әуе кемесінің екпін алуды аяқтағанға дейін экипажға рульдеуге қатысты нұсқаулар бермейді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 68-кестеде келтірілген.
138. Көру мүмкіндігі нашар болған жағдайда, диспетчер әуе кемесінің ҰҚЖ-ны босатқанын көзбен көре алмаған немесе ұшу алаңын шолу локаторымен бақылай алмаған жағдайда, әуе кемесінің экипажынан ҰҚЖ-ны босатқаны туралы баяндауды талап етеді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 69-кестеде келтірілген.
9. Маңызды әуеайлақ ақпараты
139. Әуеайлақ ақпаратын, мүмкіндігінше, қозғалтқыштарды іске қосқанға дейін немесе қонуға бет алудың соңғы кезеңі басталғанға дейін хабарлау қажет. Оған осы Ереженің 2-қосымшасындағы 70-кестеге сәйкес мәліметтер кіреді.
10. Ұшып шыққаннан кейін
140. Ұшып шығып, 200 метр (белгіленген) биіктікке көтерілгеннен кейін, ЖӘЖ төменгі эшелоннан төмен ұшып өту кезінде, қауіпсіз авиациялық жұмыстар ауданында, әуе кемесінің экипажы диспетчерге ұшып шыққаны және әуеайлақ ауданынан шығу үшін маневр жасау туралы баяндап, одан биіктік алу талаптарын алады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 71-кестеде келтірілген.
141. Әуе кемесінің ӘҚҚ-ны тапсыру межесіне жеткені туралы хабарланғаннан кейін, экипажға өзінің шақыру белгісі мен жұмыс жиілігін хабарлап, шектес диспетчерлік пунктпен байланысқа ауысуы туралы нұсқау беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 72-кестеде келтірілген.
142. Келiсiлген сатысыз биiктiк алуды немесе төмендеудi қамтамасыз ету үшiн екiншi реттiк радиолокациялық бақылау болған жағдайда, диспетчер әуе кемесiнiң тiк жылдамдығына қарай, ӘҚҚ-ны тапсыру (биiктiгiн) эшелонын қиып өткенге дейiн шектес диспетчерлiк пункттiң жиiлiгiне ауысу туралы бұйрық бередi.
Ескерту. 142-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
11. Қонуға бет алу кезінде
143. «Шеңбер» диспетчерімен байланыс орнағаннан кейін экипаж тапсыру межесінен ұшып өткенін және әуе кемесі командирінің қонуға бет алу жүйесін таңдау (егер ол ATIS арқылы берілетін ұшуға бет алу жүйесінен ерекше болса) жөнінде қабылдаған шешімін хабарлайды.
144. Диспетчер экипажға мыналарды хабарлайды:
1) әуе кемесінің орнын (белгіленген бағыттан ауытқыған жағдайда);
2) әуеайлақтағы қысымды және оған дейiн төмендеуге болатын биiктiктi.
Егер экипаж таңдалған қонуға бет алу жүйесiн баяндамаса, диспетчер әуе кемесiнiң осы түрi үшiн және қолданылатын ұшуды орындау ережелерiне қарай сол әуеайлақта мүмкiн болатын жүйелердiң iшiндегi ең жоғарғы жүйе бойынша қонуға бет алуға рұқсат бередi.
Ескерту. 144-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
145. ATIS немесе МВ арнасының кезектен тыс жазбасына кірмеген шұғыл және метеорологиялық ақпарат өзгерген жағдайда, диспетчер бұл ақпаратты экипажға хабарлайды.
146. Метеожағдайлар, ҰҚЖ-ның жай-күйi, тiркелу коэффициентi (тежеу тиімділігі), ауысу эшелоны туралы деректер экипажға әуежайда ATIS немесе МВ арнасының ақпараты болмаған жағдайда және экипаждың сұрауы бойынша барлық жағдайларда хабарланады.
Ескерту. 146-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
147. Экипаждың сұрауы бойынша QNH қысымы (әуеайлақтың теңіз деңгейіне келтірілген қысымы) беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 74-кестеде келтірілген.
148. Диспетчер экипажға мынадай ақпарат бередi:
1) әуедегi жағдай туралы (қажетiне қарай);
2) жердегi жел бағыты мен жылдамдығы туралы;
3) ҰҚЖ-да 2000 метр және одан кем көрiну туралы;
4) қауiптi метеожағдайлар және оларды айналып өту тәртiбi, жерге жақын қабаттағы желдiң ұйытқуы (болған жағдайда) туралы;
5) бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi туралы, егер ол 200 метр және одан кем болса;
6) ҰҚЖ-ның жай-күйi және егер олар берілген болса тiркелу коэффициентi (тежеу тиімділігі) туралы;
7) қону ҰҚЖ-сы туралы (оң жақ/сол жақ). Қону топырақты ҰҚЖ-да жүргiзiлсе, оның негiзгi ҰҚЖ-ға қатысты орналасуы және белгiсi туралы;
8) құстардың ұшып келуi туралы мәлiметтер.
Диспетчер бұлттылық биiктiгi, көрiну, жел бағыты мен жылдамдығы, ҰҚЖ-ның жай-күйi және егер олар берілген болса тiркелу коэффициентi (тежеу тиімділігі), сондай-ақ топырақты ҰҚЖ-ның орналасуы мен олардың таңбалануы және құстардың ұшып келуi туралы мәлiметтердi әуежайда мыналар болмаған жағдайда хабарлайды:
ауа-райын МВ арнасы арқылы автоматты түрде беру;
ATIS ақпараты;
экипаждың сұрауы бойынша барлық жағдайларда.
Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
149. Қауіпсіз аралық жасау үшін, диспетчер экипажға бағытты, жылдамдықты өзгерту немесе қосымша маневрлар жасау туралы нұсқау береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 75-кестеде келтірілген.
150. Экипаж таңдаған жүйемен қонуға бет алу мүмкін болмаған жағдайда, диспетчер бұл туралы экипажға хабарлап, тиісті ұсынымдар береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 76-кестеде келтірілген.
151. Әуеайлақта қонуға бет алуды радиолокациялық бақылау құралдары болмаған немесе істен шыққан жағдайда, диспетчер экипаждан әуе кемесімен қонуға бет алу жүйесінің бақылау нүктелерінен ұшып өткені туралы баяндау алады.
152. Параллель ҰҚЖ-ларға тәуелсіз және тәуелді қонуға бет алу кезінде манервлеу жасаған жағдайда, диспетчер осы Ереженің 2-қосымшасындағы 77-кестеге сәйкес фразеология үлгісін қолданады.
Қонуға рұқсат беру кезінде қолданылатын фразеология үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 78-кестеде келтірілген.
153. «Мұнара» диспетчерімен байланысқа ауысу туралы нұсқау тапсыру межесіне жеткен кезде, оның жұмыс істеу жиілігімен бірге беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 79-кестеде келтірілген.
12. Қонуға бет алудың соңғы кезеңі және қону
154. Әуе кеңісітігінің құрылымына, әуе қозғалысының қарқындылығына қарай қонуға бет алудың соңғы кезеңінде ӘҚҚ-ны «Мұнара», «Шеңбер» немесе «Жақындау» диспетчерлік пункттері жүзеге асырады.
155. Бірнеше ҰҚЖ қолданылған жағдайда қонуға, жаттығу ұшулары кезінде («конвейрден ұшу») ҰҚЖ-ға тоқтамай ұшуға, төмен биіктікте өту арқылы қонуға бет алуға берілетін рұқсатқа жұмыс ҰҚЖ-ның нөмірі кіруі тиіс.
13. Аспаптар бойынша қонуға бет алу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
156. ҰОЕ бойынша ӘҚҚ бақылау жүйесін пайдалану арқылы қонуға бет алу кезінде диспетчер ӘК экипажына ҰҚЖ басынан кетуін хабарлайды және қонуға бет алуды жалғастыруға бұйрық береді. Қонуға бет алу барысында диспетчер қону бағытының желісіне қатысты әуе кемесінің жағдайын бақылайды және ауытқулар болған кезде ӘК экипажын ақпараттандырады. Тиісті жағдайлар кезінде қонуға рұқсат береді. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 80-кестеде келтiрiлген.
Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
157. ҰОЕ бойынша ӘҚҚ бақылау жүйесін пайдаланбастан қонуға бет алу кезінде диспетчер ӘК экипажына қонуға бет алуды жалғастыруға бұйрық береді. Тиісті жағдайлар кезінде қонуға рұқсат береді. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 81-кестеде келтiрiлген.
Ескерту. 157-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
158. Орын алған жағдайға байланысты қонуға рұқсат беру мүмкін болмаған жағдайда диспетчер бұл туралы экипажды ақпараттандырып, «қону қосымша» («continue approach») хабарлайды. Бұл жағдайда қонуға рұқсат әуе кемесі шешім қабылдау биіктігінен (ШҚБ) ұшып өткенге дейін, бірақ ҰҚЖ шегінен 1000 метрден кем емес қашықта берілуі тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 82-кестеде келтірілген.
159. Диспетчердiң қонуға бет алуды жалғастыру туралы нұсқауы («continue approach») қонуға берiлген рұқсат болып табылмайды. Экипаж қонуға рұқсатты күтедi немесе рұқсат уақтылы берiлмесе, екiншi айналымға кете бастайды.
Ескерту. 159-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
160. Ауа-райы әуеайлақтағы минимумінен төмен болған және/немесе басқа да қауiптi құбылыстар мен ауа-райы жағдайлары орын алған жағдайда, диспетчер бұл туралы қонуға бет алған әуе кемесiнiң экипажын ақпараттандырады және оған қонуға рұқсат бередi, бұл:
1) төмендеу жолындағы әуе кеңiстiгi мен ұшу жолағы бос екендiгiн;
2) қону алдындағы түзуде әуе кемелерi арасындағы белгіленген аралықты бұзатын еш қауiп жоқ екендiгiн;
3) ҰҚЖ-ның жай күйi әуе кеменiң экипажына мәлiм екендiгiн бiлдiредi.
Ескерту. 160-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
161. Қонуға берілетін диспетчерлік рұқсат әуе кемесінің командирін қонуға мәжбүрлеу емес. Әуе кемесінің командирі минимумнан төмен метеожағдайларда қону туралы шешімді өзбетінше қабылдайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 83-кестеде келтірілген.
162. Әуе кемесінің командирі екінші айналымға кету туралы шешім қабылдаған жағдайда немесе диспетчер әуе кемесін екінші айналымға жіберген жағдайда, соңғысы экипажды «Шеңбер» диспетчерінің ӘҚҚ-на ауыстырады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 84-кестеде келтірілген.
163. Екінші айналымға кеткен жағдайда, аспаптар бойынша қонуға бет алған әуе кемесі диспетчерден басқа нұсқау түспеген болса, аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған тәртіптемелерге сәйкес әрекет етуі тиіс.
164. Экипаждың қарқындылығы жоғары шамдардың жарығын көтеру немесе азайту туралы талабы бойынша диспетчер олардың жарығын өзгертеді, бұл ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің нақты мәндеріне сәйкес және белгіленген минимумнан төмен болмауы тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 85-кестеде келтірілген.
14. Қонуға көзбен шолып бет алу
165. Қонуға көзбен шолып бет алған жағдайда экипаж жер үстіндегі бағдардың және ҰҚЖ-мен көзбен шолу мүмкiндiгiнiң орнағанын хабарлайды. Диспетчер қонуға көзбен шолып бет алуға рұқсат бередi, ҰҚЖ нөмiрiн көрсетедi.
Ескерту. 165-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
166. «Мұнара» диспетчерімен байланысқа ауысу туралы нұсқау, жиiлiктi көрсетiп, ӘК тапсыру межесiне жеткен кезде берiледi. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 86-кестеде келтiрiлген.
Ескерту. 166-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
15. Ұшып шыққан кезде жақындау аймағындағы радиоалмасу
167. Әуе кемесiнiң экипажы байланысқа шыққан кезде, «Жақындау» диспетчерi әуе кемесін таниды және ол туралы ӘК экипажын (РЛК болған кезде) ақпараттандырады, ӘК экипажына әуеайлақ ауданынан шыққан эшелонды (биіктігін) және бағытын (SID қолданған кезде – баяндалынбайды) баяндайды. Қажет болған кезде диспетчер ӘК экипажынан ӘҚҚ қабылдау-тапсыру межесін ұшып өтудің есептік уақытын алады, әуе жағдайы туралы ӘК экипажын ақпараттандырады, жедел түрде және/немесе метеоақпараттарды баяндайды.
Ескерту. 167-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
168. Эшелонға сатыламай көтерілуге рұқсат берген кезде трассаға шығу талаптары мен онда ұшу эшелоны «ӘҚҚА» диспетчерімен келісіледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 87-кестеде келтірілген.
16. Ұшып келген кезде жақындау аймағындағы радиоалмасу
169. Әуе кемесінің экипажы байланысқа шыққан кезде «Жақындау» диспетчері одан тапсыру межесінен ұшып өткендігі, ұшу эшелоны (биіктігі) және ATIS немесе МВ арнасынан ақпарат қабылдағаны туралы баяндау алады. Диспетчер әуе кемесінің ұшып келе жатқан жерін (белгіленген бағыттан ауытқыған жағдайда), оған дейін төмендеуге рұқсат берілетін эшелонды (биіктікті) және ұшып шығу мен қону аймағына бет алу бағытын (белгіленген STAR-дан өзгеше болса) хабарлайды.
170. Экипаж диспетчерге ATIS немесе МВ арнасы арқылы ауа-райы ақпаратын алғаны туралы баяндайды. Егер экипаж ATIS немесе МВ арнасы ақпаратын алғаны туралы баяндамаса, экипаждан оны тыңдауды талап етеді.
Кезектен тыс ATIS ақпаратына немесе МВ арнасы мәтініне енгізілмеген шұғыл және метеорологиялық ақпарат өзгерген жағдайда, диспетчер бұл туралы экипажды ақпараттандырады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 88-кестеде келтірілген.
17. ӘҚҚ ауданындағы радиоалмасу
171. ӘҚҚ ауданына кірген кезде экипаж диспетчерге тапсыру межесі мен эшелонына шыққан уақытын, кезекті міндетті жеткізу пунктіне шыққан уақытын баяндайды.
172. Әуе кемесімен жауапкершілік аймағына кірген кезінде байланыс орнатқан кезде оған борттың танылғаны туралы хабарлап, диспетчерлік рұқсат береді. Диспетчерлік рұқсатты ұшқыш берілген түрінде растайды. Растауда үнемі ол жіберілген әуе кемесінің шақыру белгісі болуы тиіс.
173. Диспетчерлік рұқсатқа мыналарға кіреді:
1) әуе кеменің шақыру белгісі;
2) «cleared» («рұқсат етілді») сөз алды қосымша сөзі;
3) диспетчерлік рұқсаттың шекарасы (пункті, уақыты немесе шарты);
4) ұшу бағыты;
5) ұшу эшелоны;
6) қосымша нұсқаулар.
174. Егер қону әуеайлағы ӘҚҚ ауданында орналасқан болса, оған дейін ұшудың есептік уақыты мен қосалқы әуеайлақ қосымша хабарланады, ал метеожағдайлар қиын болған жағдайларда - әуе кемесі командирінің минимумы мен ШҚБ-дағы отынның қалдығы сағаттар мен минуттарда хабарланады.
175. Диспетчер әуе кемесі ұшып келе жатқан эшелондағы трассамен ұшуды растайды немесе әуедегі жағдайға қарай эшелонды өзгертуге нұсқау береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 89-кестеде келтірілген.
176. Егер диспетчерлік рұқсаттың шекарасы осы ӘҚҚ органының жауапкершілік аймағынан тыс жерде болса, онда мұндай рұқсат бағыт өтетін ӘҚҚ-ның тиісті органынан (тиісті органдарынан) алдын ала алынуы тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 90-кестеде келтірілген.
177. Осы Ереженің 176-тармағында келтірілген «cleared» «рұқсат етілді» деген сөз алды қосымша сөзі жоқ әуе кеменің ұшуына рұқсат етілген бағыт пункті диспетчерлік рұқсаттың шекарасы болып табылады.
178. Ұшып баратын әуеайлақтағы метеожағдайлар минимумнан төмен болған жағдайда диспетчер әуе кемесінің экипажына нақты ауа-райын (жел бағыты мен жылдамдығын, көру мүмкіндігін, бұлттардың төменгі шегінің биіктігін), сондай-ақ қосалқы әуеайлақтардағы нақты және болжамды ауа-райын, олардың техникалық жарамдылығын және қабылдауға келісімді хабарлайды.
179. Егер қосалқы әуеайлақ оған есептік межеден кету үшін таңдалған болса, онда экипаж метеожағдайларға қарамастан диспетчерге кету межесінен ұшып өтудің есептік уақытын және әуе кемесі ұшып баратын қосалқы әуеайлақты хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 91-кестеде келтірілген.
180. ЖДП ауданында ұшып келе жатып, диспетчермен байланысқа шыққан кезде экипаж оған міндетті жеткізулер пункттерінен ұшып өткендігі туралы, биіктік өлшеуіште белгіленген қысымда ұшу биіктігін, оның сұрауы бойынша ауа-райы жағдайларын да хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 92-кестеде келтірілген.
181. Көзбен шолып ұшу ережелерi (бұдан әрі - КҰЕ) бойынша ұшуды жалғастыруға болмайтын жағдайлар туындаған кезде, экипаж диспетчерден көзбен шолып ұшудың арнайы ережесі бойынша немесе аспап арқылы ұшу ережесі (бұдан әрі АҰЕ) бойынша ұшуға ауысу туралы рұқсат сұрайды.
Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
182. Трассадан (ЖӘЖ) тыс бағытпен ұшатын азаматтық авиация әуе кемесінің трассамен ұшуға кіруі үшін диспетчер экипаждан 5 минуттан кешіктірмей ұшып келе жатқан жерін және ұшу эшелонын (биіктігін), орнын, ұшып кірудің есептік уақытын және әуе трассасына (ЖӘЖ) кіру эшелонын (биіктігін), ұшу бағытын алады. Әуе кемесі трассаға (ЖӘЖ-ға) жақындаған кезде диспетчер 5 минуттан кем емес уақытта экипажға ұшып кіру талаптарын хабарлап, кіруге рұқсат береді.
183. Мемлекеттік авиациядағы әуе кемесі трассадан (ЖӘЖ-дан) шығуын қамтамасыз ету үшін экипаж диспетчерге орны мен есептік уақытын және ұшу эшелонын (биіктігін), қажет болған жағдайда ұшу бағытын хабарлап, одан шығуға рұқсат алады.
184. Әуе кемесіне бағытта күтуі талап етілсе, диспетчер ұшуды әрі қарай жалғастыруға рұқсатты күтуге болатын уақытты көрсетіп, кідіре тұру туралы нұсқау береді. Ол мүмкін болмаса, кідіру себебі көрсетіледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 93-кестеде келтірілген.
185. Егер кідіре тұру ұзаққа созылады деп күтілсе, ұшқыш кеңейтілген схема бойынша ұшуға рұқсат сұрауына немесе алуына болады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 94-кестеде келтірілген.
186. Авиациялық жұмыстар орнына келген кезде әуе кемесінің экипажы диспетчерге басталуы, биіктік және жұмыстардың аяқталуының болжамды уақытын немесе жоспардың өзгергенін баяндайды. Диспетчер экипажға байланысқа шығу уақытын (уақыт аралығын) белгілейді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 95-кестеде келтірілген.
187. Жұмыс орнындағы алаңға қону көзделген жағдайда, әуе кемесінің экипажы диспетчерге қону, онда болудың болжамдық уақытын және өзінің әрі қарайғы әрекеттерін хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 96-кестеде келтірілген.
4-тарау. Радиолокаторды қолдану кезіндегі фразеология 1. Әуе кемесін тану
188. Радиолокациялық қызмет көрсетпес бұрын, әуе кемесі танылуы тиіс. Әуе кемелерін радиолокаторлардың индикаторларынан тану, оның әдістерін кешенді қолдану жолымен жүзеге асырылады:
1) пеленгациялау (автоматты радиопеленгатор пеленгісі мен әуедегі жағдай индикаторындағы (бұдан әрі – ИКО)) белгі азимутын салыстыру);
2) байлау (экипаждың МЖП-дан (әуе кемесінің орны) ұшып өткендігі туралы баяндамасын ИКО-дағы танылатын белгі координаттарымен салыстыру);
3) маневр (экипаж белгілеген және экипаж орындайтын маневрдің дәл келуі);
4) ҚШРЛ құралдарын қолдану (экипаж беретін және сүйемелдеу формулярында көрсетілетін ақпараттың сәйкес келуін салыстыру).
189. Әуе кемесін тану үшін қолданылатын әдіске қарай, диспетчер әуе кемелерінің экипаждарына тиісті нұсқаулар береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 97-кестеде келтірілген.
190. Егер тану жоғалып кетсе немесе жақында жоғалатын болса, ұшқышқа бұл туралы хабарланып, тиісті нұсқаулар беріледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 98-кестеде келтірілген.
2. Радиолокациялық векторлау
191. Әуе кемелерін айыру үшін (тану, кідірту үшін, әуе кемесі белгіленген бағыттан ауытқыған жағдайда немесе әуе кеменің экипажының сұрауы бойынша), диспетчер ұшу бағытын (радиолокациялық векторлауды) бере алады. Векторлау диспетчер әуе кемесін танып, бұл туралы әуе кеменің экипажына хабарлағаннан кейін орындалады. Векторлауды қолдану қажеттігін диспетчер нақты және болжамды әуе жағдайын талдау арқылы анықтайды. Бұл жағдайда ӘК экипажына бағыттың өзгеру себебі хабарланады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 99-кестеде келтірілген.
192. Әуе кемесін векторлау аяқталғаннан кейін диспетчер әуе кемесінің экипажына әуе кемесінің ұшып келе жатқан жерін хабарлап, ұшақты дербес жүргізуді қайта бастау туралы нұсқау береді. Дербес навигациялауды қайта бастауға берілген нұсқау, әуе кемесі экипажының ұшақ жүргізуді өз бетінше қамтамасыз ететіндігін білдіреді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 100-кестеде келтірілген.
Әуе кемесi қонуға бет алу үшiн оны векторлау кезiнде әуе кемесiнiң экипажына алдын ала тура қонуға бұрылыс жасаған кезде дербес навигациялауды қайта бастауға нұсқау берiлмейдi.
Ескерту. 192-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
193. Ұшып шығатын әуе кемесін векторлауды жоспарлау кезінде диспетчер ұшар алдында әуе кемесінің экипажын болжамды векторлау туралы ақпараттандырады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 101-кестеде келтірілген.
194. Әуе кемесін радиомаяктық қондыру жүйесі (ILS), VOR/DME, қондыру жүйесі жабдығы (NDB) бойынша қонуға бет алудың соңғы кезеңінің жол сызығына векторлау кезінде стандартты жағдайлар үшін:
1) диспетчер әуе кемесін таниды, бұл туралы әуе кемесінің экипажын ақпараттандырады;
2) әуе кемесінің экипажына қонуға бет алу типін, сондай-ақ қону МЖБ (ҰҚЖ-ның таңбаланған нөмірін) хабарлайды;
3) әуе кемесінің экипажын векторлаудың басталуы және оның мақсаты туралы ақпараттандырады;
4) әуе кемесін көлденең ұшу кезінде қону бағыты желісінде тұрақтандыру үшін әуе кемесі глиссадаға (FAF, FAP) кіру нүктесіне дейін кем дегенде 4 километр бұрын қону алдындағы түзуге шығуы үшін 450-тан (тиімді мәні - 300) кем емес бұрышпен қонуға бет алудың соңғы кезеңінің жол сызығына шығу бағытын немесе бағыттар тобын береді. Ұшу бағыттарының мәндері үш мәнді цифрлармен көрсетіледі;
5) әуе кемесінің экипажын оның ұшып келе жатқан жері туралы қонуға бет алудың соңғы учаскесінде ұшар алдында кемінде бір рет ақпараттандырады;
6) қонуға бет алудың соңғы кезеңінің жол сызығына шығу бағытын белгілеумен қатар қонуға бет алуға рұқсат пен радиомаяктық қондыру жүйесі бағыттық маягын (VOR немесе ҚЖЖ (NDB) бойынша белгілеу) «ұстағанын» растау туралы команда беріледі.
195. Қонуға бет алуды орындауға берілген рұқсат әуе кемесінің экипажы үшін жарияланған схемаға сәйкес дербес навигациялауды қайта бастауды білдіреді және диспетчердің көмегінсіз, қондыру жүйелерінің деректерін қолданып, қону бағытына бұрылуға ерік береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 102-кестеде келтірілген.
196. ӘҚҚ мақсатында әуе кемесінің бағыты туралы деректер қажет болуы мүмкін, себебі бүйірлеп эшелондауды көбінесе әуе кемесінің бортына бұрынғы бағытты сақтау туралы нұсқау беру арқылы белгілеуге болады. Бұл жағдайда бүйірлеп эшелондауды қарсы қозғалыс үшін белгілеуге болады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 103-кестеде келтірілген.
197. Диспетчер әуе кемесінің ағымдағы бағытын білмеген жағдайда, әуе кемесінің экипажына ұшуды белгілі бағытта орындау туралы нұсқау береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 104-кестеде келтірілген.
198. Векторлау статусындағы әуе кемесін ӘҚҚ-ны шектес диспетчерлік пунктке тапсырған жағдайда, диспетчер экипажға тиісті диспетчерлік пунктпен байланысқа ауысу туралы және осы диспетчерлік пунктпен байланысқа шыққан кезде белгіленген бағытты баяндауы туралы нұсқау береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 105-кестеде келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |