Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының ережесін бекіту туралы


Әуе кемелерінің басқа әуе кемесіне соқтығысып қалуын ескертетін борттық жабдық



бет4/10
Дата08.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#122395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Әуе кемелерінің басқа әуе кемесіне соқтығысып қалуын ескертетін борттық жабдық
      199. Әуе кемелерінің басқа әуе кемесіне соқтығысып қалуын ескертетін борттық жабдық (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы  CAS/TCAS) осы аудандағы басқа әуе кемелерінің қабылдау-жауап беру құралдарына әсер етіп, орын алуы мүмкін соқтығысу жағдайының барын анықтайды. Traffic Advisory (TA) дабылнамасы ұшқышқа соқтығысуы мүмкін деген кемені анықтап, Resolution Advisory (RA) дабылнамасы кезінде айырылу маневрын жасауға мүмкіндік береді.
      Ұшқыш жасалған маневрлар туралы TCAS арқылы баяндайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 106-кестеде келтірілген.
      200. Егер TCAS-тың іске қосылуының нәтижесінде ұшқыш берілген рұқсатқа сәйкес ұша алмайтын болса, бұл туралы баяндайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 107-кестеде келтірілген.
4. Әуе кемелерінің өзара орналасқан жері туралы ақпарат  және әуе кемелерін айыру
      201. Соқтығысу жағдайы орын алуы мүмкін траекторияда ұшып келе жатқан әуе кемесі туралы ақпарат мынадай түрде беріледі:
      1) шартты 12-сағаттық шкала бойынша соқтығысып қалу қаупі бар әуе кемесінің салыстырмалы пеленгі; немесе, егер әуе кемесі бұрылып жатса, соқтығысып қалуы мүмкін әуе кемесінің жер шарының бөліктеріне қатысты салыстырмалы орны;
      2) әуе кемесінің қашықтығы;
      3) салыстырмалы орын ауыстыруы;
      4) басқа қажет ақпарат.
      202. Салыстырмалы орын ауыстыруын төмендегі тиісті терминдердің бірімен сипаттаған дұрыс:
      «сlosing» (жақындап келе жатқан), «converging» (қиылысу траекторияларында), «parallel» (параллель), «same direction» (ілеспе), «opposite direction» (қарсы ұшып келе жатқан), «diverging» (ажырайтын траекторияларда), «overtaking» (басып озатын), «crossing left to right» (солдан оңға қарай кесіп өтетін), «crossing right to left» (оңнан солға қарай кесіп өтетін). Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 108-кестеде келтірілген.
      203. Диспетчер экипажды даулы жағдайдың енді жоқ екені туралы ақпараттандырады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 109-кестеде келтірілген.
      204. Әуе кемесі соқтығысады деген қауіп болған жағдайда, диспетчер ұшқышқа айырылысу үшін тиісті маневр жасау туралы нұсқау береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 110-кестеде келтірілген.
5. Қайталама шолу радиолокаторы (ҚШРЛ)
      205. Диспетчер мен экипаж арасындағы радиоалмасуда қайталама радиолокация құралдарын қолданған жағдайда борттық ҚШРЛ қабылдау-жауап беру құралдарының жұмыс режиміне қатысты осы Ереженің 2-қосымшасындағы 111-кестеде белгіленген стандартты сөз тіркестері қолданылады.
      206. Егер ӘК экипажының баяндауы бойынша биiктiк көрсеткiштерi мен әуе жағдайының индикаторында берілген мәліметтер RVSM және RVSM-мен әуе кеңістігінде 60 метр (200 фут) қолданылмайтын жердегі әуе кеңістігіндегі 90 метр (300 фут) көп айырмашылықта болады, бұл туралы пилотты ақпараттандырып, эшелонды қайта баяндауын сұрау қажет. Әуе жағдайындағы индикаторда көрсетілген биіктік туралы диспетчердің пайдаланған мәліметтеріндегі жіберген ауытқулар шектен шыққан кезде рұқсат етілмейді. Диспетчер бұл туралы экипажды ақпараттандырып, тиiстi нұсқаулар бередi. Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 112-кестеде келтiрiлген.
      Ескерту. 206-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      207. ҚШРЛ қолдану кезіндегі диспетчерлік нұсқауларды ұшқыш қайталауы тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 113-кестеде келтірілген.
      208. Қайталама радиолокациялық ақпаратты қолдану арқылы әуе кемесiнiң қозғалысын тұрақты бақылау кезiнде радиобайланыстың мiндеттi сеанстарын қысқарту мақсатында диспетчер нақты әуе кемелерiне «қайталама бақылау» режимiн енгiзедi. Мұндай режимде экипаждар кезектi МЖП-дан ұшып өткендiгi және ӘҚҚ аймағынан (ауданынан) шықандығы туралы диспетчердiң нұсқауы (сұрауы) бойынша ғана баяндайды. Егер ұшу эшелонын (биiктiгiн) өзгерту қажет болса, онда мұндай өзгерту диспетчердiң рұқсатымен немесе диспетчердiң нұсқауымен экипаждың сұрауы бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 208-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      209. «Қайта бақылау» режимі енгізілген сәттен бастап, экипаж ұшуды жоспарға сәйкес орындап, диспетчермен радиобайланыс арнасын (жиілігін) үздіксіз тыңдап отырады.
6. Радиобайланыстың істен шығуы
      210. Егер диспетчер әуе кемесін хабарларды қабылдай алады, бірақ жібере алмайды деп болжаса, ұшқыштың нұсқауларды алғанын растау үшін радиолокаторды қолдануға болады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 114-кестеде келтірілген.
7. Күту аймағында ұшу
      211. Күту аймағында ұшу схемасы аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады, ұшқыш құралдарды көрсетіп, схеманың толық сипаттамасын (күту бойынша нұсқаулар) сұраған болса, осы Ереженің 2-қосымшасындағы 115-кестеге сәйкес үлгідегі фразеологияны қолдану қажет.
      212. Күту аймағындағы тәртіптемелер қатаң бекітілген тәртіпте берілуі тиіс:
      1) оған қатысты күту тәртіптемесі (fix) орындалатын нүкте (РНТ);
      2) биіктік/эшелон (level);
      3) нүктеге бағыттау (inbound track);
      4) бұрылу жақтары (right / left turns);
      5) бұрылу арасында ұшулар уақыты (time of leg).
      VOR/DME-ге байланысты күту туралы нұсқауларда, осы Ереженің 212-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген уақыттың орнына қашықтықты көрсетуге болады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 116-кестеде келтірілген.
      213. Әуе кемесінің экипажына күту аймағы схемасының кез келген нүктесінде диспетчердің күту аймағынан шығу командасы берілуі мүмкін.
8. Жылдамдықты басқару
      214. Қонуға бет алу кезектілігін реттеу үшін, сондай-ақ әуе кемелері арасында бойлық ара қашықтықты қамтамасыз ету үшін әуе кемелерінің үдемелі аспаптық жылдамдығын және тік бағыттағы жылдамдығын реттеу қолданылады.
      215. Әуедегі жағдайға қарай отырып, диспетчер әуе кемесінің экипажынан ағымдағы аспаптық жылдамдық мәнін сұрап, басқа әуе кемелеріне аспаптық жылдамдықтың тиісті мәндерін береді.
      216. Үдемелі аспаптық жылдамдықты реттеу кезінде әуе кемесінің біреусіне ең жоғары жылдамдықты мүмкіндігінше ұстап тұруға, ал екіншісіне жылдамдықты азайтуға нұсқау беріледі:
      1) таза қанатының (қанатты механикаландырмай және шассиді шығармай) ең төменгі жылдамдығын;
      2) қонуға бет алудың ең төменгі жылдамдығын (шассиді шығарып және қанатын аралық жағдайға механикаландырып 1500 метрден төмен биіктікте қолданылады);
      Аспаптық жылдамдық мәні 20 км/сағат (10 уз) еседе көрсетіледі.
      217. Жылдамдықты басқару жөнiндегi диспетчерге берiлетiн ұсынымдар:
      1) әуе кемесiнiң экипажынан жылдамдықты талап етiлетiн шамаға дейiн азайту мүмкiн бе екенiн анықтау қажет, үдемелi жылдамдықты көтерiп-азайтуға берiлетiн жалпы бұйрықты қолдану тиiмсiздеу болып табылады, себебi әуе кемесiнiң экипажына жылдамдықты қаншалықты өзгерту дәрежесi туралы ештеңе айтылмайды;
      2) 7600 метр биіктікте (250 эшелон) немесе одан жоғары жылдамдықты түзетуді 0,01 Маха еселік мөлшерде, ал 7600 метрден төмен биіктікте (250 эшелон) - 20 км/с (10 торап) еслік аспаптық жылдамдық (IAS) мөлшерінде көрсету қажет;
      3) әуеайлақ ауданына әуе кемесі кірген кезде жылдамдықты жайлап азайту кезінде сағатына 500 километрге (270 торап) дейін азайтудан басталу керек (Indicated Air Speed – IAS);
      4) үлкен тiк жылдамдықпен түсу кезiнде үдемелi жылдамдықты азайту қиынырақ болады және үдемелi жылдамдықты азайту ресурстары кейбiр әуе кеменiң түрлерiнде шектеулi екенiн ескерген жөн;
      5) 150 (4550 метр) эшелоннан төмен биiктiкте турбореактивтi әуе кемелерi үшiн жылдамдықты механикаландыруы және шассиi алынып тасталған турбореактивтi ӘК-ның ең төмен жылдамдығына сәйкес келетiн IAS 410 км/сағатқа (220 уз) дейiн және 1500 метрден төмен биiктiкте механикаландыруды шығару кезiнде 350 км/сағатқа (190 уз) дейiн азайтуға болады.
      Ескерту. 217-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      218. Үдемелі аспаптық жылдамдықты (IAS) сұрау оны ұстап тұруға берілген нұсқау емес. Ағымдағы үдемелі жылдамдықты сақтау қажет болған жағдайда, диспетчер әуе кеменің экипажына тиісті нұсқаулар береді.
      219. Жылдамдықты басқаруды әрі қарай шектеу қажет болмаса, тиісті әуе кемелері бұл туралы ақпараттандырылады.
      220. Жылдамдықты басқару күту аймағына ұшып келе жатқан немесе сонда тұрған әуе кемелеріне қатысты қолданылмайды.
      221. Тік бағыттағы жылдамдықты реттеу кезінде диспетчер әуе кеменің тік бағыттағы жылдамдығын сұрап, осы әуе кеменің экипажына осы жылдамдықты ұстап тұру туралы нұсқау береді немесе оның жаңа мәнін хабарлайды. Соқтығысу жағдайын тудыратын басқа әуе кемлеріне қолданыстағы тік аралықты сақтауға немесе көбейтуге мүмкіндік беретін тік бағыттағы жылдамдық белгілейді.
      222. Тік бағыттағы жылдамдықты сұрау оны ұстап тұруға берілген нұсқау емес. Ағымдағы тік бағыттағы жылдамдықты сақтау қажет болған жағдайда, диспетчер ӘК экипажына тиісті нұсқаулар береді.
      223. Жылдамдықтарды басқару барлық жағдайларда ҰҚЖ-ға 7 километр қалған қашықтықта аяқталуы тиіс.
      224. Жылдамдықты басқару кезінде осы Ереженің 2-қосымшасындағы 117-кестеге сәйкес үлгідегі фразеология қолданылады.
9. Тік эшелондаудың қысқартылған минимумын қолдану арқылы ұшу
      225. Тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы RVSM (бұдан әрі – RVSM) қолданылатын әуе кеңістігінде ұшу кезінде немесе осы әуе кеңістігін тігінен қиып өту кезінде RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшуға бекітілмеген әуе кемелерінің ұшқыштары мұндай рұқсаттың жоқтығы туралы «negative RVSM (RVSM жоқ)» төмендегідей хабарлайды:
      1) RVSM қолданылатын әуе кеңістігі шегіндегі кез келген арнадан бастапқы шақыру кезінде;
      2) ұшу эшелонын өзгерту туралы барлық сұраулар кезінде;
      3) ұшу эшелонына қатысты диспетчерлік рұқсаттарды барлық қайталаулар кезінде.
      Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 118-кестеде келтірілген.
5-тарау. Авариялық байланыс жүргізу тәртібі
1. Жалпы ережелер
      226. Авариялық байланыс хабарлары былайша сыныпталады:
      1) апат – аса ауыр және/немесе тікелей төнген қауіпті жағдай және шұғыл жәрдем беру талап етіледі;
      2) қауырттық – әуе кемесінің немесе басқа көлік құралының немесе борттағы немесе көрінетін жердегі қандай да бір адамның қауіпсіз, бірақ шұғыл жәрдем беруді талап етпейтін жағдай.
      227. Хабар басында «mayday (апат)» сөзiн қолдану апат туралы хабарды бiлдiредi, ал хабар басында «pan pan pan (шұғыл)» шұғыл хабар екенiн бiлдiредi. Орын алған жағдайға байланысты, бұл сөздердi апат жағдайына және шұғылдығына қарай бастапқы шақыру кезiнде үш рет айтқан дұрыс.
      Ескерту. 227-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      228. Апат туралы хабар қалған хабарлардың барлығынан маңызды, ал шұғыл хабарлар апат туралы хабардан басқа хабарлардың барлығынан да маңызды.
      229. Апат немесе шұғылдық сигналын қолданатын экипаждар қажет емес қайталаулар жасамас үшін, баяу және анық сөйлеулері тиіс.
      230. Экипаждар ұшу қауіпсіздігіне қатысты күмән болған жағдайлардың барлығында да жәрдем сұрайды. Бұл аса қауіпті жағдайдың орын алу қаупін болдырмауды қамтамасыз етеді.
      231. Апат немесе шұғылдық сигналы сол уақытта қолданылып отырған жиілікте немесе халықаралық авиациялық апаттық жиілігінде 121,5 мегагерц, теңіз үстінде – 2182 килогерц немесе 4125 килогерц жиілікте берілуі тиіс. Қажет болған жағдайда, әуе кемесі басқа жиілікке ауыстырылуы мүмкін.
      232. Егер апатқа ұшыраған немесе шұғылдық жағдайындағы әуе кемесі шақырып жатқан, жердегі станция жауап бермесе, онда жердегі кез келген басқа станция немесе әуе кемесі жауап беріп, қолдан келгенше кез келген көмек көрсетеді.
      233. Апат немесе шұғылдық жағдайына ұшыраған әуе кемесінің экипажына жауап беретін станция ұшқышқа көмектесетін ақпарат, кеңес немесе нұсқау ғана беруі тиіс. Шамадан тыс ақпарат беру, уақыты өзі де тығыз әуе кемесі экипажының назарын басқаға аударуы мүмкін.
      234. Көмек көрсетуге тікелей жұмылдырылмаған станциялар, апатқа ұшыраған ӘК тыңдалып жатқан жиілікті қолданбай тұра тұрулары тиіс.
      235. Анық жеткен, бірақ жеткені расталмаған апат туралы хабар басқа әуе кемесіне түссе, апат туралы мұндай хабар түскен әуе кемесі уақыты болса және шамасы келсе оны растап, радио арқылы хабарлауы тиіс.
      236. Әуе кемелері экипаждарының өзара және авариялық-құтқару жұмыстарымен айналысып жатқан жер үсті қызметтерімен байланысы 123,1 мегагерц жиілікте жүзеге асырылады, оған ауысу 121,5 мегагерц жиілікте байланыс орнағаннан кейін жүргізіледі.
2. Апат туралы хабарлар
      237. Апатқа ұшыраған әуе кемесі мына жағдайларда апат белгісін береді:
      1) қозғалтқыш (қозғалтқыштар) істен шыққан кезде;
      2) әуе кемесінде өрт шықса;
      3) бағдардан адасқан болса;
      4) радиобайланыс істен шыққан кезде;
      5) тұрақтылығын жоғалтқан, ұшақ басқарылудан қалған, беріктігі бұзылған кезде;
      6) экипажға (жолаушыларға) шабуыл жасалған кезде;
      7) әуеайлақтан тыс жерге мәжбүрлі қонатын болса;
      8) күрт төмендеп кетсе.
      238. Апат туралы хабарда мынадай элементтер көбірек және мүмкіндігінше мынадай тәртіпте болуы тиіс:
      1) «mayday/апатқа ұшырадым» – үш рет қайталанады;
      2) диспетчерлік пункттің шақыру белгісі;
      3) әуе кемесінің тану индексі;
      4) апат түрі;
      5) әуе кемесі командирінің әрі қарайғы ойы (шешімі) және экипаждың әрекеті;
      6) әуе кемесінің ұшып бара жатқан жері,
      7) әуе кемесінің ұшу эшелоны (биіктігі) мен бағыты;
      8) басқа да кез келген пайдалы ақпарат.
      239. Диспетчер экипаждан апат белгісін алған кезде оның ұшып бара жатқан жерін анықтап, сигналды алған уақытын жазып, талап етуі бойынша экипажға хабарлайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 119-кестеде келтірілген.
      240. Апатқа ұшыраған әуе кемесі өзіне назар аударттыру үшін және жағдайын хабарлауы үшін (ҚШРЛ 7700 тиісті кодын қолдануды қоса) қолындағы кез келген құралдарды қолданады.
      241. Апат туралы хабар алған кез келген авиациялық станция осы хабарды ӘҚҚ органына хабарлайды, егер апатқа ұшыраған әуе кемесі онымен өзі байланыса алмаса. Бұл жағдайларда осы хабарды хабарлайтын станция апатқа ұшыраған өзі емес екенін анық білдіруі тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 120-кестеде келтірілген.
3. Радиобайланысты өшіру режимін енгізу
      242. Авариялық әуе кемесінің ӘҚҚ жүзеге асыратын диспетчер, осы жиілікте жұмыс істеп отырған барлық әуе кемелері үшін немесе нақты бір әуе кемесі үшін радиобайланысты өшіру режимін енгізе алады. Радиобайланысты өшіру режимі диспетчерден радиобайланысты өшіру режимін жою туралы хабар келіп түскенше сақталады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 121-кестеде келтірілген.
      243. Радиобайланысты өшіру режимін енгізу кезінде экипаждар:
      1) авариялық жағдайлар орын алмаған жағдайлардан басқа жағдайларда осы диспетчерлік пункттің ӘҚҚ радиожелісінде хабараламарды таратудың барлығын тоқтатып, оларды қабылдауға ғана жұмыс істейді;
      2) диспетчердің сұрауы бойынша ғана байланысқа шығады;
      3) ерекше қажеттілік туындаған жағдайда, жұмыс жиілігінде апатқа ұшыраған әуе кемесін ғана қалдыруға болады. Қалған барлық әуе кемелері басқа жиілікке ауыстырылады. Апатқа ұшыраған әуе кемесінен келетін хабарларға келетін кедергілерді жою мақсатында, қалған әуе кемелерінен растау жаңа жиілікте жүргізіледі.
      Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 122-кестеде келтірілген.
4. Апат сигналын және радиобайланысты өшіру режимін сөндіру
      244. Егер әуе кемесі апатқа ұшырамаған болса, оның экипажы апат жағдайын жоққа шығаратын хабар жібереді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 123-кестеде келтірілген.
      245. Диспетчерге әуе кемесі енді апат жағдайында емес екенін білген жағдайда немесе әуе кемесі жауапкершілік аймағынан шыққан жағдайда радиобайланысты өшіру режимін сөндіреді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 124-кестеде келтірілген.
5. Шұғыл хабарлар
      246. Шұғылдық сигналы бойынша хабарда, мүмкіндігінше, төменде келтірілген тәртіппен хабарланатын элементтер болуы тиіс:
      1) шұғылдық сигналы – «pan/пан» (үш рет хабарланады);
      2) диспетчерлік пункттің шақыру белгісі;
      3) әуе кемесінің тану индексі;
      4) хабарды беру себебі;
      5) әуе кемесі командирінің әрі қарайғы ойы (шешімі) және экипаждың әрекеті;
      6) әуе кемесінің ұшып келе жатқан жері,
      7) әуе кемесінің ұшу эшелоны (биіктігі) мен бағыты;
      8) басқа да кез келген пайдалы ақпарат.
      Ескерту. 246-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      247. «pan/пан» сигналы бойынша әуе кемелерiнiң немесе борттағы қандай да бiр адамдардың ұшу қауiпсiздiгiне қатысты хабарлар берiледi.
      Ескерту. 247-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      248. Хабар сол кезде қолданылып отырған жиілікте беріліп, осы әуе кемесі ұшып бара жатқан ауданға жауапты диспетчерлік пунктке жіберіледі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 125-кестеде келтірілген.
      249. Шұғылдық жағдайлары мен сипатына қарай диспетчер әуе кемесінің экипажына хабар себептерін нақтылау үшін қосымша сұрақтар береді.
6. Авариялық құлдилау
      250. Әуе кемесінің экипажы авариялық құлдилау туралы баяндаған кезде, диспетчер осы әуе кемесінің қауіпсіз төмендеуін қамтамасыз ету үшін қолдан келгенше барлық әрекеттерді орындайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 126-кестеде келтірілген.
      251. Әуе кемелерінің экипаждары авариялық құлдилау туралы жалпы хабар бергеннен кейін нақты нұсқаулар беріледі.
7. ӘК экипажымен байланысты жоғалту
      252. Егер экипаж соған бөлінген жиілікте диспетчерлік пунктпен байланыса алмаса, ӘҚҚ-ның осы ауданындағы (аймағындағы) шектес диспетчерлік пункттің жиілігінде байланысып көруі тиіс. Осы жиілікте жұмыс істейтін басқа да әуе кемелерімен байланысып көруді қатар жүргізуі тиіс.
      253. Егер байланыс орнату мүмкін болмаса, экипаж хабар жіберіліп отырған адресатты (адресаттарды) қоса, «блиндпен хабарлаймын (Transmitting blind)» деген сөз тіркесін айтып, хабарын соған бөлінген жиілікте (жиіліктерде) екі рет қайталайды.
      254. Борттағы қабылдағыш құралдың iстен шығуына байланысты, екi жақты байланыс болмаса, экипаж белгiленген тәртiпте қолдануға белгiленген жиiлiкте жеткiзулерiн берудi жалғастыра бередi. Мұндай хабарлар «қабылдағыштың iстен шығуына байланысты блиндпен хабарлаймын (Transmitting blind due to receiver failure)» деген сөз тiркестерiнен кейiн екi рет қайталанады. Хабарларда кезектi хабарлау уақыты немесе орны, сондай-ақ әуе кемесi экипажының ұшуды орындау тәртiбiне қатысты әрi қарайғы ойы көрсетiледi.
      Ескерту. 254-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      255. Борттық жабдықтың істен шығуы салдарынан байланыс бұзылған жағдайда, ұшқыш жауап берушінің кодын ҚШРЛ 7600 белгілейді (әуе кемесінің бортында тиісті қабылдау-жауап беру құралы болған жағдайда).
      256. Егер диспетчерлік пункт экипаж тыңдайды деген жиіліктерде шақырғаннан кейін әуе кемесімен байланыс орната алмаса, онда бұл диспетчерлік пункт:
      1) әуе кемесінің хабарларын қайта тарату қажет болса, әуе кемесін шақыру мақсатында ӘҚҚ-ның шектес органдарымен байланысады;
      2) хабарларды қайта тарату қажет болса, осы аудандағы басқа әуе кемелері арқылы байланыс орнатып көреді.
8. Ұсталу кезіндегі радиоалмасу
      257. Әуе кемесі ұсталған кезде экипаж 121,5 мегагерц авариялық жиілігінде ұстап алушымен немесе ұстауды басқарудың тиісті органымен байланыс орнатып, ұстап алушының бұйрықтарын орындайды.
      258. Егер экипаж әуе кемесінің ұсталғанын білсе, бұл туралы өзі ұшып келе жатқан ӘҚҚ-дағы диспетчерлік пунктке баяндайды.
6-тарау.
Метеорологиялық ақпарат
      259. Хабарлар, болжамдар немесе ескертулер түріндегі метеорологиялық ақпаратты ӘҚҚ органдары немесе радиохабар тарату арналары арқылы ұшқыш ұсынады. Бұл жағдайда арнайы метеорологиялық терминдер қолданылуы тиіс, ал ақпарат, қабылдаушы ұшқыш (әуе кемесінің экипажы) осы деректерді жазып үлгеретіндей асықпай хабарланып, анық айтылады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 127-кестеде келтірілген.
      260. Бұлттылық туралы ақпаратты төмендегідей түрде беруге болады:
      «scattered at one thousand eight hundred metres, scattered cumulonimbus at 600 metres, broken at 1000 metres » «1800метрде шашыранды бұлттар, 600 метрде шашыранды түйдек-жауынды бұлттар бар» Жоғарыда келтірілген мысалдағы «scattered» 3-4 октантке, «broken» - 5-7 октантке сәйкес келеді.
      Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 128-кестеде бұлттылық мөлшерінің сәйкестігін анықтау терминдері келтірілген.
      261. ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы туралы хабар беру кезінде әр әріп үшін фонетикалық сөзді қолданбай, RVR қысқартуы қолданылады. Дұрыс түсінбей қалу қаупі болмаса, ҰҚЖ нөмірін жіберуге болады.
      262. Аспаптық өлшеу жасалған жағдайда, RVR-дің бірнеше мәнін хабарлауға болады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 129-кестеде келтірілген.
      263. Егер жел ұйытқиды деп күтілсе немесе ол туралы басқа әуе кемесі хабарлаған болса, диспетчер келесі әуе кемелері бұл құбылыстың орын алмағанын хабарлағанынша, басқа әуе кемелерін ескерте береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 130-кестеде келтірілген.
7-тарау. ҰҚЖ бетінің жай-күйі
      264. ҰҚЖ беті су екені туралы ақпарат, ҰҚЖ-дағы су мөлшеріне қарай, «ылғал»(«damp»), «сулы»(«wet»), «шалшықтар»(«water patches»), «су төгілген» («flooded») деген терминдерді қолдану арқылы хабарланады.
      265. Тiркелу коэффициентi («braking coefficient») немесе тежеу тиiмдiлiгi («braking action») тиiстi өлшеу деректерi болған жағдайда хабарланады.
      Ескерту. 265-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      266. Ұшқыштардың нақты тежеу тиімділігі туралы хабарларын ӘҚҚ органы келесі ӘК-ға мына нысанда хабарлайды: «Braking action reported (тип ВС) at (уақыт) (тежеу тиімділігін бағалау)».
      267. ӘҚҚ органдары ҰҚЖ бетінің және әуеайлақтың нақты жай-күйі туралы басқа деректерді осы Ереженің 2-қосымшасындағы 131-кестеде келтірілген үлгі бойынша хабарлайды.
8-тарау.
Әуе кемелерінің жақындасулары туралы баяндау
      268. Егер әуе кемесінің экипажы әуе кемелерінің жақындасып кеткенін байқаса, ал бұл жағдай әуе кемелерінің ұшып келе жатқан жерлері мен салыстырмалы жылдамдықтарын ескергеннің өзінде, осы әуе кемелерінің қауіпсіздігіне қауіп төндірсе немесе төндіруі мүмкін болса, ол диспетчерлік пунктке «airprox» баяндайды.
      269. Осы әуе кемесінің әуе қозғалысына қызмет көрсетіп отырған диспетчерге бұл туралы бірінші рет радиотелефон байланысы арқылы баяндайды. Егер диспетчердің жұмысы өте көп болып, баяндауды сол сәтте қабылдай алмаса, бұл туралы әуе кемесінің экипажына хабарлайды. Бұл жағдайда әуе кемесінің экипажы әуе кемесі қонғаннан кейін баяндайды.
      270. Ұшқыштың баяндамасы «airprox report» сөздерінен басталып, мынадай тармақтарды қамтиды:
      1) әуе кемесінің шақыру белгісі;
      2) ҚШРЛ коды;
      3) жақындасу жері;
      4) әуе кемесінің бағыты;
      5) эшелоны немесе биіктігі;
      6) биіктік өлшегіш құралында белгіленген қысым;
      7) әуе кемесінің жағдайы (көлденең ұшу/биіктік алу/төмендеу/бұрылу);
      8) метеожағдайлар;
      9) жақындасу күні мен уақыты (UTC);
      10) басқа әуе кемесінің сипаттамасы;
      11) әуе кемесi байқалған қашықтық және өзi мен байқалған әуе кемесiнiң нақты ұшу траекториясы.
      Ескерту. 270-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
9-тарау. Автокөлік және әуеайлақ құралдарымен радиоалмасу жүргізу
      271. Радиотелефон байланысын жүргізу ережесін әуеайлақтың ұшу алаңындағы жұмыстарды ұйымдастыратын және бақылайтын барлық адамдар, сондай-ақ әуеайлақтағы автокөлік құралдарын жүргізушілер де сақтайды.
      272. Мұндай жұмыстар атқаратын адамдар, сондай-ақ автокөлік пен әуеайлақ құралдары жүргізушілер әуежай ішіндегі байланыс жиілігін, ал ұшу жолағы мен РЖ учаскелерінде және оған жапсарлас жатқан жерлерде жұмыстар жүргізу кезінде «Рульдеу» немесе «Мұнара» («Старт») диспетчерлік пункттерінің жиілігіндегі радиоалмасуды үнемі тыңдап жүрулері тиіс.
      273. «Рульдеу» немесе «Мұнара» («Старт») диспетчерлік пункттерінің әуежай ішіндегі байланыс жиіліктерін тыңдау ұшу алаңында жүру тәртібі туралы қосымша нұсқаулар алу үшін және жердегі жылжымалы техника және әуе кемелері туралы ақпаратты білу үшін жүргізіледі.
      274. Радиотелефон байланысын жүргізу үшін әр абонентке (ұшу алаңына шығатын машиналарға) тиісті шақыру белгілері беріледі.
      275. Жүргізушілер диспетчермен байланысқан кезде өзіне берілген шақыру белгісін қолданып өзін атаулары, келе жатқан жері мен жұмысқа бару бағытын көрсетулері тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 132-кестеде келтірілген.
      276. Егер жүргізуші байланысқа шыққан кезде диспетчер бос емес болса, бұл туралы «күте тұрыңыз» деп хабарлайды. Бұл жүргізушінің диспетчер қоңырауын күтіп, диспетчерден рұқсат алғанша жүрісті бастамауын білдіреді.
      277. Автокөлік құралдарына қажет жеріне дейін баруына рұқсат беру мүмкін болмаған жағдайда, диспетчер өзі белгілеген пунктке баруға рұқсат бере алады, сол жерге тоқтағаннан кейін жүргізуші белгіленген (жұмыс) орнына баруға тағы рұқсат сұрайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 133-кестеде келтірілген.
      278. Қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, перронда жүруге берілетін рұқсатқа басқа көлік құралдарына қатысты барлық қажет ақпаратты қосуға болады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 134-кестеде келтірілген.
      «Жалғастыра беріңіз» сөзі көлік құралдарымен радиоалмасу кезінде қолданылмайды.
      279. Кез келген автокөлік және әуеайлақ құралының жүргізушісі рұқсат алмайынша және сол рұқсатты алғанын растамайынша ұшу-қону жолағын ешбір жағдайда да қиып өтпейді. Ұшу жолағының босағаны туралы баяндау ол босағаннан кейін дереу хабарланады.
      280. Диспетчер қонуға бет алған әуе кемесінің жерге қонғанға дейін немесе қонғаннан және ұшу алаңын қиып өту орнынан жүріп өткеннен кейін 5 минуттан көп уақыт аралығы болған жағдайда, автокөлік және әуеайлақ құралдарына ұшу жолағын қиып өтуге рұқсат береді.
      281. Жүргізуші ұшу алаңын қиып өтуге рұқсатты ҰҚЖ-ның жоспарланған учаскесіне (РМЖ-ның шекті аймағының шекарасы) жетпей тоқтағаннан кейін сұрайды. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 135-кестеде келтірілген.
      282. Егер автокөлік немесе әуеайлақ құралы ұшу жолағында тұрып, оны босату қажеттілігі туындаса, диспетчер осы құралдың жүргізушісіне босату туралы нұсқау береді.
      283. Ұшу жолағы барлық жағдайларда да әуе кемесінің есептік (нақтыланған) қону (ұшу) уақытына 5 минут қалғанға дейін автокөлік және әуеайлақ құралдарынан босатылуы тиіс. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 136-кестеде келтірілген.
      284. Автокөлік және әуеайлақ құралы әуеайлақтың жұмыс алаңымен жүріп бара жатса, оның жүргізушісін орын алуы мүмкін қауіпті жағдай туралы ақпараттандыру үшін, диспетчер оның жүргізушісіне шұғыл әрекеттер жасауға нұсқау береді. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 137-кестеде келтірілген.
10-тарау. Диспетчерлер арасында ӘҚҚ барысында
ақпаратпен алмасу
      285. ӘҚҚ барысында шұғыл хабарлармен және ақпаратпен алмасу шектес пункттердің диспетчерлері арасында жұмыс технологияларына сәйкес тиісті байланыс арналары арқылы жүргізіледі.
      286. Диспетчерлік пункттер арасында шұғыл хабарлармен және ақпаратпен алмасу кезінде олардың әрқайсысын шақыру үшін белгіленген шақыру белгілері қолданылады. Диспетчерлік пункттерде бағыттар, секторлар ұйымдастырылған жағдайда, берілген цифрлық индекс қоса айтылатын негізгі шақыру белгісі қолданылады. Қолданылатын фразеология үлгілері: «Бақылау-1», «Бақылау-2», «Жақындау– 1», «Жақындау – 2», «Мұнара».
      287. ӘҚҚ-ның шектес (өзара әрекеттесетін) пункттерінің диспетчерлері арасында хабарлармен және ақпаратпен алмасу кезінде, бақылау мақсатында, хабарды және ақпаратты қабылдайтын диспетчер:
      1) әуе кемесінің түрін және шақыру белгісін;
      2) міндетті жеткізулер пунктінен (МЖП), тапсыру межесінен ұшып шығу, ұшып өту уақытын;
      3) ұшу эшелонын (биіктігін);
      4) ұшып шығуға, қонуға берген рұқсатты немесе тыйым салуды қайталайды.
      ӘҚҚ-ның шектес (өзара әрекеттесетін) пунктінің диспетчері мұндай хабарды қайталамаған жағдайда, хабар беруші диспетчер одан хабарды түгелдей немесе жартылай қайталауын талап етеді.
      288. Әрбір әуе кемесінің ұшуын қамтамасыз ету барысында ӘҚҚ пункттерінің диспетчерлері шектес ауданға (аймаққа) кіру (шығу) талаптарын өзара келіседі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 138-кестеде келтірілген.
      289. Шектес ӘҚҚА-ға кіру талабы ӘҚҚ-ны тапсыру межесінен шығуға 5 минут қалғанға дейін келісіліп, хабарлануы тиіс.
      290. ӘҚҚА диспетчерi әуе кемесi ауданға кiрер алдында ЖДП диспетчерiне мыналарды хабарлайды:
      1) әуеайлақ ауданына кіру орны;
      2) әуе кемесінің келіп қонуының есепті уақыты;
      3) рейстің нөмірі және литері;
      4) әуе кемесін шақыру және ВОРЛ жауап берушінің коды;
      5) ұшу эшелоны (биiктiгi);
      6) қону әуеайлағы және әуе кемесінің түрі (қажет болған жағдайда).
      Үлгiсi осы Ереженiң 2-қосымшасындағы 139-кестеде келтiрiлген.
      Ескерту. 290-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      291. Әуе кемісінің қону алдындағы түзуге шығуын қамтамасыз ету үшін «Шеңбер» диспетчері «Мұнара» диспетчерін оның схема бойынша ұшып келе жатқан жері туралы ақпараттандырады. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 140-кестеде келтірілген.
      292. «Мұнара» диспетчері «Рульдеу» диспетчерімен ӘК-ның ҰҚЖ-ны босату бағытын келіседі. Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 141-кестеде келтірілген.
      293. Ұшу кезінде ерекше жағдайлар орын алған жағдайда, әуе кемелері қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ӘҚҚ пункттерінің өзара әрекеттесуші диспетчерлеріне, ұшу басшыларына, авариялық-құтқару қызметіне және басқа да мүдделі қызметтерге бұл туралы уақтылы және анық хабарлау арқылы жүзеге асырылады.
      Хабарлармен алмасу кезінде нақты орын алған жағдайды ескерген жөн. Хабарда мынадай элементтер болуы тиіс:
      1) хабардың кімге арналғаны;
      2) кім хабарлап отырғаны;
      3) диспетчерлік пункттің шақыру белгісі;
      4) әуе кемесінің тану индексі;
      5) апат сипаты;
      6) әуе кемесі командирінің әрі қарайғы ойы (шешімі) және эеипаждың әрекеті;
      7) әуе кемесінің ұшып келе жатқан жері,
      8) әуе кемесінің ұшу эшелоны (биіктігі) мен бағыты;
      9) басқа да кез келген пайдалы ақпарат.
      Үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасындағы 142-кестеде келтірілген.
      294. Үйлестіру тәртіптемелері шектес мемлекеттердің ӘҚҚ органдары арасында жасалған келісімдермен анықталады.
Ұшуды орындау         
және әуе қозғалысына      
қызмет көрсету кезінде радиоалмасу
фразеологиясының ережесіне  
1-қосымша          
Авиациялық ағылшын тілінде қабылданған қысқартулар
      «*» белгісімен белгіленген қысқартулар ағылшын тілінде айту ережесі бойынша әдеттегі сөз сияқты айтылады. Қалған қысқартулар, әдетте, әріп атауларын (А – [эй] B – [би] және т.с.с., сирек – радиотелефон алфавитін қолдану арқылы айтылады [Альфа, Браво және т.с.с.]) қолдану арқылы айтылады.
А
AAL - Above Aerodrome Level - Над уровнем аэродрома - Әуеайлақ деңгейінің үстінен
ACAS* - Airborne Collision Avoidance System - Бортовая Система
Предупреждения Столкновений (см. TCAS) - Соқтығыстардың алдын алудың борт жүйесi (САБЖ)
ACC - Area Control Centre - Районный Диспетчерский Центр – Аудандық Диспетчерлік Орталық
ADF- Automatic Direction-Finding Equipment- Автоматический радиопеленгатор – Автоматты радиопеленгатор
ADR - Advisory Route - Консультативный маршрут – Консультациялық бағыт
ADT - Approved Departure Time- Одобренное (разрешенное) время вылета – Мақұлданған (рұқсат етілген) ұшып шығу уақыты
AFTN - Aeronautical Fixed Telecommunication Network - Сеть Авиационной фиксированной электросвязи (АФТН) – Авиациялық бекітілген электр байланыс желісі
AGL - Above Ground Level - Относительно поверхности земли – Жер бетіне қатысты
AIC - Aeronautical Information Circular - Бюллетень аэронавигационной информации – Аэронавигациялық ақпараттар бюллетені
AIRPROX* - Aircraft Proximity - Кодовое слово, применяемое в отчетах об инциденте при воздушном движении для обозначения сближения воздушных судов - Әуе кемелерінің жақындасуын белгілеу үшін әуе қозғалысы кезіндегі қақтығыс туралы есеп беруде қолданылатын шартты сөздер
AIP - Aeronautical Information Publication - Сборник Аэронавигационной Информации – Аэронавигациялық ақпараттар жинағы
AIS - Aeronautical Information Service - Служба Аэронавигационной Информации – Аэронавигациялық ақпараттар қызметі
AMSL - Above Mean Sea Level - Над средним уровнем моря – Орташа теңiз денгейiнiң үстiнен
ATA - Actual Time of Arrival- Фактическое Время Прибытия – Ұшып келудің нақты уақыты
АTC - Air Traffic Control - Управление Воздушным Движением - Әуе қозғалысын басқару
ATD - Actual Time of Departure - Фактическое Время Вылета – Ұшып шығудың нақты уақыты
ATIS* Automatic Terminal Information Service - Система Автоматической Трансляции Информации - Ақпаратты автоматты түрде беру жүйесі
ATS - Air Traffic Service - Обслуживание Воздушного Движения - Әуе қозғалысына қызмет көрсету
ATSU - Air Traffic Service Unit - Орган Обслуживания Воздушного Движения - Әуе қозғалысына қызмет көрсету органы
ATZ - Aerodrome Traffic Zone - Зона Аэродромного Движения - Әуеайлақтық қозғалыс аймағы
C
CAVOK*- Visibility, cloud and present weather better than prescribed values or conditions (pronounced Cav-okay) - Видимость, облачность и фактическая погода лучше предписанных значений или условий (произносится Кав-окей) – Көру мүмкіндігі, бұлттылық және нақты ауа-райы нұсқаудағы мәндерден немесе жағдайлардан жақсы (Кав-окей болып айтылады)
CTA - Control Area - Диспетчерский район – Диспетчерлік аудан
CTR - Control Zone - Диспетчерская зона – Диспетчерлік аймақ
D
DF - Direction Finding-Пеленгатор - Пеленгатор
DME - Distance Measuring Equipment - Дальномерное Оборудование – Алысты өлшеу жабдығы
DR - Dead Reckoning - Метод Отсчета – Есептеу әдісі
E
EAT - Expected Approach Time - Ожидаемое Время (начала) Подхода – Жақындаудың күтілетін уақыты (басы)
ETA - Estimated Time of Arrival - Расчетное Время Прибытия – Ұшып келудің есептік уақыты
ETD - Estimated Time of Departure - Расчетное Время Вылета – Ұшып шығудың есептік уақыты
F
FAF - Final Approach Fix-Контрольная точка конечного этапа захода на посадку – Қонуға бет алудың соңғы кезеңінің бақылау нүктесі
FAР - Final Approach Point - Точка конечного этапа захода на посадку - Қонуға бет алудың соңғы кезеңінің нүктесі
FIR - Flight information Region - Район Полетной Информации – Ұшу ақпараты ауданы
FIS - Flight Information Service - Служба Полетной Информации – Ұшу ақпараты қызметі
FL - Flight Level - Эшелон ПолҰта – Ұшу эшелоны
Ft - Foot (feet)- Фут (ы)
G
GAT - General Air Traffic-Основное Воздушное Движение – Негізгі әуе қозғалысы
H
H24 - Continuous day and night service (pronounced Aitch Twenty Fower)- Круглосуточная Служба (произносится Эйч Туенти Фауэр) – Тәулік бойғы қызмет (Эйч Туенти Фауэр деп айтылады)
HF - High Frequency-Высокая Частота – Жоғары жиілік
HJ - Sunrise to Sunset-Светлое Время – Күндізгі уақыт
I
IAF - Initial Approach Fix - Точка Начального Этапа Захода на посадку – Қонуға бет алудың бастапқы кезеңінің нүктесі
ICAO* International Civil Aviation Organization - Международная Организация Гражданской Авиации – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы IF - Intermediate Approach Fix - Точка Промежуточного Этапа Захода на посадку – Қонуға бет алудың аралық кезеңінің нүктесі
IFR - Instrument Flight Rules - Правила Полетов по Приборам – Аспаптар бойынша ұшу ережесі
ILS - Instrument Landing System - Инструментальная Система Посадки – Аспаптар бойынша қондыру жүйесі
IMC - Instrument Meteorological Conditions-Инструментальные Метеорологические Условия – Аспаптық метеорологиялық жағдайлар
K
KG - Kilogram (s)- Килограмм (ы)
KM - Kilometre (s)- Километр (ы)
KT - Knot (s)- Узел (узлы)
M
MAPt - Missed Approach Point - Точка ухода на второй круг – Екінші айналымға кету нүктесі
MATZ*-Military Aerodrome Traffic Zone - Зона Полетов Военного Аэродрома - Әскери әуеайлақ ұшуларының аймағы
MDA/H-Minimum Descent Altitude/Height - Минимальная Высота Снижения (абсолютная/относительная) - Төмендеудiң ең төменгi биiктiгi (абсолюттi/салыстырмалы)
MEDA* - Military Emergency Diversion Aerodrome - Военный Аварийный Запасной Аэродром - Әскери авариялық қосалқы әуеайлақ
MET* - Meteorological or Meteorology - Метеорологический/Метеорология – Метеорологиялық/Метеорология
METAR* - Routine aviation aerodrome weather report - Стандартное Сообщение о погоде на аэродроме - Әуеайлақтағы ауа-райы туралы стандартты хабар
Mb - Millibars-Миллибар (ы)
N
NDB - Non-Directional Radio Beacon - Ненаправленный Радиомаяк – Бағытталмаған радиомаяк
O
OCA/H - Obstacle Clearance Altitude / Height - Безопасная Высота Пролета над Препятствиями (абсолютная /относительная) - Кедергілердің үстімен ұшудың қауіпсіз биіктігі (абсолютті/салыстырмалы)
P
PAPIS* - Precision Approach Path Indicating System (pronounced Pa-pee) - Световая Система Точного Захода на посадку (произносится Па-пи) – Қонуға дәл бет алудың жарық жүйесі (Па-Пи деп айтылады)
PAR - Precision Approach Radar-Посадочный Радиолокатор – Қону радиолокаторы
Q
QDM - Magnetic heading (zero wind) (Sometimes employed to indicate magnetic heading of a runway) - Магнитное направление (штилевой) (Иногда применяется для обозначения магнитного направления ВПП) – Магнитті бағыт (желсіз) (Кейде ҰҚЖ-ның магнитті бағытын белгілеу үшін қолданылады)
QDR - Magnetic bearing - Магнитный пеленг – Магнитті пеленг
QFE - The observed pressure at a specified datum (usually aerodrome or runway threshold elevation) corrected for temperature- давление на определҰнном уровне (обычно аэродрома или превышении порога ВПП) – белгілі бір деңгейдегі қысым (әдетте әуеайлақтағы немесе ҰҚЖ шегінен асқанда)
QNH - Altimeter sub-scale setting to obtain elevation when on the ground and indications of elevation when in the air - Давление на аэродроме, приведенное к уровню моря - Теңiздiң орташа деңгейiне келтiрiлген әуеайлақтағы қысым
QTE - True bearing - Истинный пеленг – Ақиқат пеленг
R
RA - Resolution Advisory (see TCAS) - Рекомендация по разрешению угрозы столкновения (см. TCAS) – Соқтығысу қаупін шешу жөніндегі ұсыным
RCC - Rescue Co-ordination Center - Центр Поиска и Спасания – Іздестіру және Құтқару Орталығы
RTF - Radiotelephone/Radiotelephony - Радиотелефонный/Радиотелефония – Радиотелефондық/Радиотелефония
RVR - Runway Visual Range - Видимость на ВПП – ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігі
RVSM - Reduced Vertical Separation Minimum - Сокращенный минимум вертикального эшелонирования – Тік эшелондаудың қысқартылған минимумыS
SAR - Search and Rescue-Поиск и Спасание – Іздестіру және Құтқару
SID* - Standard Instrument Departure - Стандартный Маршрут Вылета по приборам – Аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағыты
SIGMET* - Significant information concerning en-route weather phenomena which may affect the safety of aircraft operations - Важная информация о явлениях погоды по маршруту, которая может повлиять на безопасность полетов – Ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін бағыттағы ауа-райы құбылыстары туралы маңызды ақпарат
SMGCS - Surface Movement Guidance and Control System - Система управления наземным движением и контроля за ним – Жердегі қозғалысты басқару және оны бақылау жүйесі
SRA - Surveillance Radar Approach - Заход по обзорному локатору – Шолу локаторы бойынша қонуға бет алу
SSR - Secondary Surveillance Radar - Вторичный обзорный Радиолокатор – Қайталама шолу радиолокаторы
STAR* - Standard (instrument) Arrival Route - Стандартный Маршрут Прибытия по приборам – Аспаптар бойынша ұшып келудің стандартты бағыты
T
TA - Traffic Advisory (see TCAS) - Консультативная информация о воздушном движении (см. TCAS) - Әуе қозғалысы туралы консультациялық ақпарат
TAF* - Terminal Aerodrome Forecast - Прогноз погоды по Аэродрому - Әуеайлақтағы ауа-райы болжамы
TCAS* - Traffic Collision Avoidance System (Tee-kas) - Бортовая Система Предупреждения Столкновений (Ти-кас) - Соқтығыстардың алдын алудың борт жүйесi
TMA - Terminal Control Area - Район Аэродрома (Аэроузла) - Әуеайлақ (аэроторап) ауданы
U
UAS - Upper Airspace - Верхнее Воздушное Пространство – Жоғарғы әуе кеңістігі
UHF - Ultra High Frequency-Ультра Высокая Частота – Ультра жоғары жиілік
UTC - Co-ordinated Universal Time - Всемирное Координированное Время – Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт
V
VASIS* - Visual Approach Slope Indicator System (pronounced Var-zi) - Система Индикации Глиссады Визуального Захода на посадку (произносится Ва-зи) – Көзбен шолып қонуға бет алу глиссадасын бейнелеу жүйесі (Ва-зи деп айтылады)
VDF - Very High Frequency Direction Finding Station - ОВЧ радиопеленгатор - ӨЖЖ радиопеленгатор
VFR - Visual Flight Rules - Правила Визуальных Полетов – Көзбен шолып ұшу ережесі
VHF - Very High Frequency (30 to 300 MHz)- Очень Высокая Частота - Өте жоғары жиілік
VMC - Visual Meteorological Conditions - Визуальные Метеорологические Условия - Көзбен шолу метеорологиялық жағдайы
VOLMET* - Meteorological information for aircraft in flight - Метеорологическая информация для ВС в полете – Ұшып бара жатқан ӘК-ға арналған метеорологиялық ақпарат
VOR - VHF Omnidirectional Radio Range - ОВЧ Всенаправленное угломерное оборудование - ӨЖЖ барлық жаққа бағытталған бұрышты өлшеу жабдығы
Ұшуды орындау және    
әуе қозғалысына қызмет  
көрсету кезінде радиоалмасу
фразеологиясының ережесіне
2-қосымша        
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012.08.03 № 489 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Таблица 1



Латинский алфавит

Русский алфавит

Буква

Слово

Произношение, выраженное буквами русского алфавита (подчеркнутые слоги являются ударными)

Буква

Слово

A
B
C
D
E
F
G
H
I
J
K
L
M
N
O
P
Q
R
S
T
U
V
W
X
Y
Z

Alpha
Bravo
Charlie
Delta
Echo
Foxtrot
Golf
Hotel
India
Juliet
Kilo
Lima
Mike
November
Oscar
Papa
Quebec
Romeo
Sierra
Tango
Uniform
Victor
Whiskey
X-ray
Yankee
Zulu

Алфа
Браво
Чарли или Шарли
Дэлта
Эко
Фокстрот
Голф
Хотэл
Индиа
Джульет или Джулиэт
Кило
Лима
Майк
Новембер
Оскар
Папа
Кэбек
Ромео
Сьерра
Танго
Юниформ или Униформ
Викта
Уиски
Эксрэй
Янки
Зулу

А
Б
В
Г
Д
Е
Ж
З
И
Й
К
Л
М
Н
О
П
Р
С
Т
У
Ф
Х
Ц
Ч
Ш
Щ
Э
Ю
Я
Ы
Ь
Ъ

Анна
Борис
Василий
Григорий
Дмитрий
Елена
Женя
Зинаида
Иван
Иван краткий
Константин
Леонид
Михаил
Николай
Ольга
Павел
Роман
Семен
Татьяна
Ульяна
Федор
Харитон
Цапля
Человек
Шура
Щука
Эхо
Юрий
Яков
Еры
Мягкий знак
Твердый знак

Таблица 2





Число или элемент числа

Русский язык

Английский язык

Произношение, выраженное буквами русского алфавита

0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Десятая доля (запятая)
Сотня
Тысяча

ноль
один
два
три
четыре
пять
шесть
семь
восемь
девять
запятая

сто
тысяча



zero
one
two
three
four
five
six
seven
eight
nine
decimal 

hundred
thousand



Зи-ро
Уан
Ту
Три
Фо-эр
Файв
Сикс
Сэв-эн
Эйт
Найн-эр
Дэ-си-мал 

Хан-дред
Тау-зэнд


Таблица 3





Число

Передается на английском как:

Передается на русском как:

0
03
5
10
75
100
583
2 500
 
5 000
11 000
25 000
38 143

зи-ро
зи-ро три
файв
уан зи-ро
сэв-эн файв
уан хан-дред
файв эйт три
ту тау-зэнд файв
хан-дред
файв тау-зэнд
уан уан тау-зэнд
ту файв тау-зэнд
три эйт уан фо-эр три

ноль
три
пять
десять
семьдесят пять
сто
пятьсот восемьдесят три
две пятьсот
 
пять тысяч
одиннадцать тысяч
двадцать пять тысяч
тридцать восемь тысяч сто сорок три

      Ескерту: Бағытты ағылшын тiлiнде айтқан кезде, үнемі үш сан пайдаланылады, мысалы: «heading 050 (зиро-файв-зиро)»; «heading 275 (ту-сэвен-файв)». Ұшу эшелонын, 90 эшелонға дейін қоса айтқан кезде екі сан пайдаланылады, мысалы: «flight level 70 (сэвен-зиро)». Ұшу эшелонын, 100 эшелонға дейін және одан жоғары айтқан кезде үш сан пайдаланылады, мысалы: «flight level 270 (ту-сэвен-зиро).»;    


Таблица 4



Число

Передается на английском как:

Передается на русском как:

0
03
5
10
75
100
583
2 500

5 000
 


11 000
 
25 000

38 143


зи-ро
зи-ро три
файв
уан зи-ро
сэв-эн файв
уан зи-ро зи-ро
файв эйт три
ту файв зи-ро зи-ро

файв зи-ро зи-ро зи-ро
уан уан  зи-ро зи-ро зи-ро
ту файв зи-ро зи-ро зи-ро
три эйт уан фо-эр три

ноль
ноль три
пять
один ноль
семь пять
один ноль ноль
пять восемь три
две тысячи пять ноль ноль

пять тысяч


 
один один тысяч
 
два пять тысяч 

три восемь один четыре три


Таблица 5





Число

Передается на английском как:

Передается на русском как:

118,1

уан уан эйт дэ-си-мал уан

Сто восемнадцать, запятая один.

Таблица 6





Время

Передается на английском как:

Передается на русском как:

08.03

13.00


20.57

ЗИ-РО ТРИ или
ЗИ-РО ЭЙТ ЗИ-РО ТРИ
УАН ТРИ ЗИ-РО ЗИ-РО
 
ФАЙВ СЭВ-эн или
ТУ ЗИ-РО ФАЙВ СЭВ-эн

Три минуты 

Тринадцать часов 

Двадцать часов
пятьдесят семь минут

Таблица 7





Диспетчер

Пилот

Аstanа Line 504, time 0611

Аstanа Line 504, request time check

Астана Лайн 504, время 7 часов 25 минут

Астана Лайн 504, прошу проверку времени


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет