Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар-халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын «Мектеп дарабозы» атты сайысымызды бастаймыз.
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды,мазасызданбайды. Әр уақытта да батыл.
Өмірдің өзі тірестірген,
Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ.
Азаматын өзара күрестірген
Сахна төріне бүгінгі сайысқа шығатын білімді тұлпарларымызды шақырайық.
Ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
Ойынның барысына тоқталсақ, сайыс 7 кезеңнен тұрады.
Сайыс бағдарламасы
-
Таныстыру
-
Ұрандары
-
«Бәйге»(оқушыларға сұрақтар қойылады)
-
« Тіл-өнер»(мақал-мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтады)
-
«Жеті жұмбақ» (9 тапсырма)
-
«Ділмар»(бірнеше тақырыптар ұсынылады. Қалаған тақырыбы бойынша, яғни таңдаған кеспе қағазда қандай тақырып бойынша шешендік өнерін байқатады. Оқушының өй өрісі, тіл байлығы ескеріледі)
-
«Жорға» (соңғы кезеңге ұпай саны көп екі оқушы шығады)
Ескерту: Әр кезеңнен кейін оқушылардыі ұпай саны хабарланып отырады.
I кезең: «Сәлем-сөздің анасы»
Қатысушылар рет-ретімен өз таныстыруларын айтады.
II кезең: «Ұрандары»
Қатысушылар ұрандарын айтады.
1-оқушы: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп»
2-оқушы: «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі»
3-оқушы: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
4-оқушы: «Қандай сынақ болса-дағы беріспе, әрқашанда үміткер бол жеңіске»
5-оқушы: «Ал, балақай, кұш жинаудан қалыспа, содан кейін қыран болып қалықта»
6-оқушы: «Достықта: досқа жан тәнімен берілу, өмірде: сенімді тірек»
7-оқушы: «Асау тұлпар желдей ескен арынды, оқу менен еңбекке сал барынды»
Ұпай сандары хабарланады,
III кезең: «Бәйге сұрақтары»
-
Қазақтың тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? (Жәңгір Бөкейханұлы. (1801-1845 ж.))
-
Қазақта жазба әдебиетінің негізін салушы. (Абай)
-
Қазақтың тұңғыш ағартушы ұстазы. (Ыбырай Алтынсарин. (1841-1889 ж.))
-
Қазақтың тұңғыш саяхатшысы, (Шоқан Уалиханов)
-
Қазақтың тұңғыш тархан атағын алған батыр. (Шақшақ Жәнібек батыр)
-
Қазақтың шипагер ғалымы. (Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы)
-
Ұрып-соғатын қару.(Шоқпар)
-
Жарқайың аудандық газеті (Целинное знамя)
-
Адам үндес музыкалық аспап. (қобыз)
-
Республикамыздың рәміздері (ту, елтаңба, гимн)
-
Көне заттарды сақтайтын орын (мұражай)
-
Аспан денелеріне аты берілген ғалым (Қаныш Сәтбаев)
-
Қазақта тұңғыш эпопея жазған(Сұхтар Әуезов)
-
Студентке төленетін айлық (стипендия)
-
Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын (Жамбыл)
-
Шоқан Уәлихановтың өмір сүрегн жылдары (1835-1865 ж.)
-
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заңның қабылданған уақыты (1991 ж. 16- желтоқсан)
-
Абайдың аса дарынды шәкірті. (Шәкәрім Құдайбердиев)
-
Қасиетті тағам (нан)
-
Мұсыман діні (ислам)
-
Жердің табиғи серігі (ай)
-
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашщан қабылданды? (11995 Ж.тамыз)
-
Адам алғашқы құралды неден жасады (тастан)
-
Грек авторлары «Азиялық скиф» деп таған тайпалар (сақ тайпасы)
-
Орта ғасырда Түркістан қаласы қалай аталды? (Йассы)
-
«Жетә жарғы» Заңдар ережесін кім шығарды? (Тәуке хан)
-
Үш кемеңгер би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
-
Ең киелі құс (аққу)
-
Оңтүстік астана (Алматы)
-
Үйленген ұлға беретін үлес (енші)
-
Ғалымдар күні (12 сәуір)
-
Оқушы жанының бағбаны (мұғалім)
-
Тісі түскен адам (кетік)
-
«Аттандыру» өлеңінің авторы (Жамбыл)
-
«Дала» поэмасының авторы (І.Жансүгіров)
-
«Вальс королі» (Ш.Қалдаяқов)
-
Аққудың баласы (көгілдір)
-
Ер қанаты (ат)
-
Республикамыздың облыс саны (14)
-
Алматының алмасы (апорт)
-
«Тоғызқұмалақ» ненің атауы? (ойын)
-
ҰБТ қандай сөз (қысқарған сөз, ұлттық біріңғай тестілеу)
-
Дүние жүзіндегі ең терең көл. (Байкал)
-
«құрық» сөзінің мағынасы (жылқышының мал баққанда ұстайтын құралы)
-
Томирис ким? (сақ патшайымы)
-
Тілдер мерекесі (22 қыркүйек)
-
«Дала аруы» атанған өсімдік(жүгері)
-
Картоптың отаны (Оңтүстік Америка)
-
Сөздің ең түпкі бөлшегі (түбір)
-
Ұлттық аспап (домбыра)
-
Қазақстанда ядролық апаттын ошағы болған жер. (Семей)
-
Қой пірі (Шопан ата)
-
Алматы облысының орталығы(Талдықорған)
-
Асықтың ең үлкені (сақа)
-
Республикалық балалар газеті («Ұлан»)
-
Екі кісінің сойлесуі (диалог)
-
Үш арыс (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
-
«Алтын адам» табылған жер (Есік обасы, Алматы облысы)
-
Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді? (3)
-
100 жыл(ғасыр)
-
Түйе пірі (Ойсылқара)
-
Ең кішкентай құс (колибри)
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)
-
Игерілмеген жер (тың)
-
Қазақтың тұңғыш шешені (Жиренше)
-
Қазақта тұңғыш дүние жүзінің чемпионы атағын алған палуан (Қажымұқан Мұңайтбасов)
-
1917-1920 жылдарда Алаш партиясын ұйымдастырушы (Ә.Бөкейханов)
-
Қазақ әліппесін жасаған жіне алғаш оқу құралын жазған кім? (А.Байтұрсынұлы)
-
Тұңғыш рет қазақ әнін шетелге орындап, күміс жүлде алған әнші (Ә.,Қашаубаев)
-
Қазақтың тұңғыш профессоры (С.Асфандияров)
-
Арабиядағы қасиетті бас қала (Мекке)
-
Жабайы аңдарды өсіретін жер (қорық)
-
Сөз өнер жарысы(айтыс)
-
Жылқы пірі (Қамбар ата)
-
Ел басқару саласындағы ең жоғары лауазым (президент)
-
«Абай жолы» романының авторы кім? (М.Әуезов)
-
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді? (1993 жылы 12 қарашада)
Әр баланың ұпай саны есептегенше Топалова Динараның орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.
IV кезең: «Тіл өнері»
-
Ауылдан асқан байлық жоқ, неден қымбат қазына жоқ. (кітап-книга-book)
-
Талапсыз жас, қанатсыз не? (құс)
-
Кім қылығымен көркем? (қыз)
-
Бас кеспек болса да, не кеспек жоқ (тіл)
-
Көңілдегі сырды не білдіреді? (көз)
-
Білім-теңіз, не кеме (мектеп)
-
Отансыз кім-ормансыз бұлбұл (адам)
-
Өнер алды қандай тіл? (қызыл)
-
Көсел ел бастар, шешен не бастар(сөз)
-
Кімнің көңілі балада? (ана)
V кезең: «Жеті жұмбақ»
20 ұпай-тарих пәнінен сұрақ.
Адамзат қоғамының алғашқы кезеңі не деп аталады? Неліктен олай аталады?
(тас дәуірі деп аталады. Еңбек құралдары тастан жасалғандықтантас дәуірі деп аталады)
20 ұпай- жаратылыстану пәнінен сұрақ.
Жер шарында неше материк бар? Атап бер.
(6 материк бар: Азия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Антрактида, Австралия)
20 ұпай-арнайы сұрақ.
Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шықты?
(1977 ж)
30 ұпай-орыс тілінен сұрақ.
Сколько падежей в русском языке? Назовите падежей с вопросами?
Именительный падеж-кто?что?
Родительный падеж-кого? чего?
Дательный падеж-кому? чему?
Винительный падеж-кого?что?
Творительный падеж-кем?чем?
Предложный падеж-о ком?о чем?
30 ұпай –математика пәнінен сұрақ.
Ондық бөлшек дегеніміз не?
(бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады)
30 ұпай-ағылшын тілі пәнінен сұрақ.
Do you know 12 months and 4 seasons in English? Please name them?
(12 months- September, October, November, December, January, February, march, april, may, june, july, august. 4 seasons-winter, spring, autumn, summer.)
40ұпай-қазақ тілі пәнінен сұрақ
Фонетика нені тексереді?
(фонетика-тіл ғылымының бір саласы. Ол тіл дыбыстарын тексереді.)
40 ұпай- қазақ әдебиеті пәнінен сұрақ.
Кейіптеу дегеніміз не? Мысалмен дәлелде.
(шығармадағы жансыз заттарды жандандыра суреттеу. Мысалы Абайдың «Қыс» өлеңі)
40 ұпай- арнайы сұрақ.
«Балалар, аманбысың шырақтарым...» өлеңінің авторы кім?
-
Абай
-
Ыбырай
-
Жамбыл
Алған ұпай саны есептеледі, хабарланады.
VI кезең: «Ділмар»
Ереже еске түсіріледі. Оқушы үстел үстіндегі кеспе қағазды таңдайды. Қай тақырып өзіне түссе, сол тақырып бойынша сойлейді.
VII кезең: «Жорға»
Бұл сайысқа екі оқушы ғана қатысады.
1-оқушыға: 1. Репрессия құрбандарын еске алу күні.(31 тамыз)
2. теңіз құсы(шағала)
3. шешендіктану(риторика)
4. «Бөтен» сөзінің синонимі. (жат)
5. шөл кемесі (түйе)
6. оптикалық прибор(микроскоп)
7.сауат ашатын кітап (әліппе)
8. Абылай ханның лақап аты (Сабалақ)
9. мұсылмандардың қасиетті кітабы(құран)
10. жасанды арна (канал)
11. I дүние жүзілік соғыстың басталған жылы (1914 ж)
12. қара сөзбен жазылатын әдеби жанр (проза)
13. шешендіктің тұрлері (әлеуметтік-саяси, сот ісіндегі шешендік, діни шешендік, әлеуметтік- тұрмыстық, академиялық шешендік)
2-оқушыға: 1. «Қарлығаш би» атанған адам. (Төле би)
2. Атилла кім?(ғұндардың билеушісі)
3. Сәкеннің романы(«Тар жол, тайғақ кешу»)
4. шешендік сөз (ораторство)
5. би падишасы (Шара)
6. Қан тоқтататын элемент (йод)
7. байланыс аппараты(телефон)
8. мұсылмандардың діни ғимараты (мешіт)
9. жамбыл мен құлмамбет айтысы қай жылы өтті? (1881 ж)
10 шөлмек ыдыстың қақпағы(тығын)
-
II дүние жүзілік соғыс қай жылы басталды? (1939 ж)
-
Жерді қоршап тұрған газ қабаты (атмосфера)
-
Қазақ шешендік өнерінің даму тарихы неше кезеңге бөлінеді? (3)
Осымен сайыстың шарттары аяқталды. Әділқазылар алқасы жалпы ұпай санын есептегенше ән шашауды қабыл алыңыз.
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да, оған да үкі, тұмар тағылса да,-дегендей, сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаз марапатталады.
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.
Баранкөл негізгі мектебі
Мектеп дарабозы
(танымдық ойын)
Өткізген: Жүсіпова А.Ш.
Достарыңызбен бөлісу: |