Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады



Дата26.01.2022
өлшемі51.65 Kb.
#454864
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады-Мет-13-3


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі.

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «...жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы».БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары мыналар;


1.Заңның және соттың алдында баршаның теңдігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өте маңыздысы қағидалардың орындалуы және іске асырылуы. Өкінішке орай бұл заң біреулерге дұрыс,біреулерге жұмыс жасамайды.Сонымен бірге жеке судьялар,құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметкерлері де сыбайластық жемқорлыққа ұшыраған.
2. Мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметінің заңға сүйенетін регламентін, заңдылығын және жариялылығын қамтамасыз етуі.
3. Мемлекеттік ақпараттың құрылымы,кадрлік жұмысты жетілдіру және мәселелердің шешімін жеке және заңды тұлғалардың құқық және заңды түрде мүдделеріне қатысты заң құру.
Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.



Қорытынды сөзім, салық төлеушілер мен салық органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы біріге күрес жасап жоғарыда айтылып кеткен қағидаларды орындап, кемшіліктерді болғызбауы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет