Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде аудандық комиссия құру туралы



Дата28.06.2016
өлшемі72.32 Kb.
#163433
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері

жөнінде аудандық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.

2.Комиссияның қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.

3.Комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.

4.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа жүктелсін.



Аудан әкімі Б.Қаниев

Аудан әкімдігінің

2012 жылғы __________№___

қаулысымен БЕКІТІЛДІ



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі

аудандық комиссияның құрамы

Қаниев аудан әкімі,

Бауыржан Нұралыұлы комиссия төрағасы
Қалауов аудан әкімінің орынбасары

Нұржауған Серікұлы комиссия төрағасының орынбасары

Сатаев «Темір аудандық әкімі аппараты»

Еділ Маратұлы ММ ұйымдастыру- құқықтық және

кадрлармен жұмыс бөлімінің

меңгерушісі, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері:
Есмұханов Темір ауданының прокуроры Есімғали Есмұханұлы (келісім бойынша)

Дәулетов Темір аудандық ішкі істер

Арман Елеубайұлы бөлімінің бастығы

(келісім бойынша)


Ерекенов Темір аудандық әділет

Ақтілеу Қуанышұлы басқармасының бастығы

(келісім бойынша)
Өтепов Темір аудандық мәслихаттың

Нұрмұхан Исаұлы хатшысы (келісім бойынша)

Әділханов «Темір аудандық әкімі аппараты»

Бердіхан Меңдіханұлы ММ жетекшісі

Қалмағанбетов Темір аудандық білім, дене

Жолдас Нұрланұлы шынықтыру және спорт бөлімінің

бастығы

Айжарықов Темір ауданы бойынша салық



Серғали Кәрімұлы басқармасының бастығы

(келісім бойынша)

Әділханов «Темір» аудандық газетінің бас

Меңдіхан Әділханұлы редакторы (келісім бойынша)

Бақаев Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Амангелді Сәлімгерейұлы (келісім бойынша)

Аудан әкімдігінің

2012 жылғы __________№___

қаулысымен БЕКІТІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі

аудандық Комиссияның Ережесі
1.Жалпы ережелер
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2.Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.


2.Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары
3.Мыналар:

1) ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жағдайын және Темір ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының асырылуын талдау;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар, орлатық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және басқа ұйымдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде жоспарлы, жүйелі және мақсатты шараларды қабылдау туралы ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің және басқа да ұйымдардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуды жақсартуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарау, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алуды жақсартуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша оның жұмыс тобымен өзара іс-қимыл жасау;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа формалары мен әдістерін енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында мемлекеттік саясат туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары және сыбайлас жемқорлықтың көріністерінің алдын алу жөнінде халықты тұрақты түрде хабарландыру;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады.

4.Комиссия өз құзіреті шегінде:

1) отырысқа Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің және басқа ұйымдардың басшылары мен өзге тұлғаларын шақыруға және тыңдауға;

2) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдау туралы, сондай-ақ Комиссия құзыретіне кіретін өзге мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия аудан әкімдігінің қаулысымен құрылады.

6. Комиссия төрағадан және Комиссияның басқа мүшелерінен құрылады. Комиссияның хатшысы, Комиссияның жұмыс органының өкілі немесе аудан әкімімен белгіленетін өзге тұлға болып табылады.

7. Комиссияның дербес құрамы аудан әкімдігімен айқындалады және аудандық мәслихатпен бекітіледі.

8. Комиссияның құрамы келісім бойынша аудандық мемлекеттік және құқықтық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің басшыларынан, мәслихат депутаттарынан, өзге лауазымды тұлғалар есебінен құрылады. Комиссия құрамына азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енгізіледі.

9.Комиссияны аудан әкімі басқарады.

10. Комиссиының кезекті отырысының тақырыбы, сонымен қатар өткізілетін орны, уақыты, тәртібі және өткізілу мерзімі Комиссияның төрағасымен белгіленеді.

11.Комиссияның отырыстары:

1) қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі;

2) егер оның мүшелері құрамының жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда, өткізілген болып есептеледі;

3) ашық түрде өткізіледі, қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларды қозғаса, Комиссия төрағасының шешімі бойынша жабық түрде өткізілуі мүмкін.

12. Комиссия отырысына мүдделі тұлғалар, бизнес, жұртшылық, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және өзге тұлғалар шақырылуы мүмкін.

13. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе шешімдер қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

14. Комиссия мүшелерінің ереекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жасалуы және Комиссия хаттамасына қоса берілуі тиіс.

15. Комиссия отырысының нәтижесі бойынша хаттама жасалады. Хаттамаға Комиссия төрағасы қол қояды.

16. Комиссия шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

17. Комиссия төрағасы Комиссия қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді.

18. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, Комиссия отырыстарында төрағаның орынбасары төрағалық етеді.

19. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-құқықтық және кадрлармен жұмыс бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады және Комиссия шешімдерінің орындалуын бақылайды.


4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
20. Комиссия қызметінің тоқтатылуына, аудан әкімдігінің Комиссия қызметін тоқтату туралы қаулысы негіз болып табылады.

Аудандық мәслихат

хатшысы Н.Өтеповке

Ұсыныс

Сізге аудан әкімдігімен құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекітуіңізді сұрайды.


Қоса тіркеледі 2 бет Комиссия құрамы.

Аудан әкімі Б.Қаниев

Орын:Ж.Төлегенов

Тел:871/346/22576

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет