Жылдарға арналған аудандық бюджет туралы



Дата25.02.2016
өлшемі75.1 Kb.
#26178



2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 292 шешімі. Аќтөбе облысының әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтарда № 3-10-154 тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95 Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. 2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер 3 915 184 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдері бойынша 2 209 965 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша 28 430 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін

түсімдер 3 275 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша 1 673 514 мың теңге;

2) шығындар 3 915 184 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру 17 516 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 19 416 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 1900 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын

операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы - 17 516 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру 17 516 мың теңге.

2. 2012 жылға бөлінген салықтардан түскен жалпы соманы бөлу ауданның бюджетіне мынадай мөлшерде белгіленсін:

1) төлем көзінде кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша: 71 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша: 71 пайыз;

3) төлем көзінде салық салынатын кірістерге жеке табыс салығы бойынша, қызметін бір жолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша түсімдер аудандық бюджетте толығымен есептеледі.

3. Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

заңды тұлғалардның және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;

жер салығы;

заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;

бірыңғай жер салығы;

бензин (авиациялықты қоспағанда) мен дизель отынын сатудан тусетін акциздер;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;

жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық алым;

заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алынатын алым;

жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларда қайта тіркегені үшін алым;

жылжымайтын мүлікке және олармен мәмле жасау құқығына мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;

жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолығында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін төлем;

белгіленген салық;

жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық түсімдер;

мемлекеттік баж;

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға басқадан түсетін кірістер;

жергілікті мемлекеттік органдар салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар;

аудандық бюджетке түсетін салыққа жатпайтын басқа түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер.

4. Қазақстан Республикасының «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 5 бабына сәйкес жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктілігі мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекет­тік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомаларынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.

5. Қазақстан Республикасының «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес:

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 17 439 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 1 618 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 17 439 теңге мөлшерінде белгіленгені еске және басшылыққа алынсын.

6. Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет саласы мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсетуге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдем ақы төленсін.

7. Қазақстан Республикасының «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес 2012 жылға облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция 399 037 мың теңге сомасында көзделді.

8. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 31 894 мың теңге;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға 40 346 мың теңге;

негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға 8 194 мың теңге;

үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге 1 300 мың теңге;

ата-анасының қарауынсыз қалған баланы (балаларды) және жетім баланы (жетім балаларды) асырап бағу үшін қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақша қаражаттарын төлеуге 7 985 мың теңге.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

9. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін:

мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының мөлшерін арттыруға 21 198 мың теңге;

«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыны арттыруға 1 877 мың теңге.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

10. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға жалпы сомасы 27 901 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін, оның ішінде:

жалақыны ішінара субсидиялауға – 11 020 мың теңге;

жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 9 448 мың теңге;

жастар практикасына 7 433 мың теңге.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

11. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мынадай мөлшерде нысаналы даму трансферттер түскені ескерілсін:

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруда ауылдық (селолық) округтарды жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыруға 1 392 мың теңге.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

12. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыруға сомасы 6 094 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін 19 416 мың мың теңге сомасында Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын талаптарға сәйкес бюджеттік кредиттер түскені ескерілсін.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

13. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері көзделсін, оның ішінде:

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алуға 30 100 мың теңге;

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және тұрғын-үй салу және (немесе) сатып алуға 54 300 мың теңге;

білім беру объектілерін салу және реконструкциялауға 677 012 мың теңге.

Нысаналы даму трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

14. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер және нысаналы даму трансферттері көзделсін, оның ішінде:

білім беру объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге 118 700 мың теңге;

бір жолғы талондарды беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға 2 488 мың теңге;

бiлiм беру объектiлерiн салуға және реконструкциялауға 210 195 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алуға 3 345 мың теңге;

мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алуға (ЖСҚ жасауға) 1 505 мың теңге;

инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алуға 4 151 мың теңге;

коммуналдық шаруашылықты дамытуға 17 000 мың теңге;

сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 7 500 мың теңге.

Ағымдағы нысаналы трансферттердің және нысаналы даму трансферттердің аталған сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

15. 2012 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

16. 2012 жылға арналған аудандық бюджетте қалалық, кенттік, селолық округтері бағдарламасының тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.



17. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың


сессиясының төрағасы: хатшысы:

В.ЕРНАЗАРОВ Н.ӨТЕПОВ



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет