Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
1-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, — деп алтын ұя
мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 11 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Абдукаримов Ерік ағаймен
Алдарыңызда 11 «Ә» сынып оқушылары. Сынып жетекші: Анетова Баян апай 2021-2022 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.????
1-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн ардагер ұстаздарымыз да ортамызда:
1.Батырбекова Нағима апай
2. Орынбаева Тілла апай
3.
1-жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, — дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Жанбулатов ақытжан Еркінбекұлына беріледі.
1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, — демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:
1.
2.
3.
2-жүргізуші: Ән.
1-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, — деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан.......................................
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,
түлектердің алғашқы ұстазы әрі ардагер ұстазымыз .................................. сөз беріледі.
2-жүргізуші: қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі — жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз кезегі ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі ................................беріледі.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт! Осы сәтті пайдаланып, бітіруші түлектерімізге Батырбекова Нағима апайға сөз беріледі.
(Музыка әуенімен сыйлықтар, дипломдар табыс етіледі.)
1-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
(11-сыныптардың мерекелік бағдарламасы: Өтенов Ернар — құттықтау сөз; Ән «Ұстаздарға»-Ибраев Аңсар; Арнау — Хаппар Даражат; Қоштасу вальсі — түлектер)
2-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, — деп,
білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, «Алтын белгі» үміткері Жұман Мейіржан
10-сынып оқушысы, оқу озаты .......................................тапсырады.
(Музыка әуенімен)
1-жүргізуші: Соңғы қоңырау.
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
2-жүргізуші:
Достарыңызбен бөлісу: |